Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет19/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Бақылау сұрақтары



  1. Астық массасының сусымалылығы дегеніміз не?

  2. Астықтың өздігінен сұрыпталуы дегеніміз не?

  3. Астық массасының қуыстылығына қойылатын талаптар қандай?

  4. Астық массасының сорбциялық қасиеттеріне қойылатын талаптар

қандай?

  1. Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбасталу қасиеттерінің ерекшеліктері қандай?

  2. Ұн мен жарманың физикалық қасиеттеріне қойылатын талаптар қандай?



Дәріс № 4

Тақырып: Сақтаудағы астық массасында жүретін физиологиялық


процесстер
Сабақтың мақсаты: Сақтаудағы астық массасында жүретін физиологиялық
процесстермен танысу.
Жоспар:

  1. Сақтаудағы астық пен тұқымың ұзақ өміршеңдігі

  2. Тыныс алу

  3. Ауаның астыққа енуі.

  4. Сақтаудағы ұнда, жармада болатын физиологиялық процестер

Астық массасы- күрделі биологиялық жүйе, биоценоз, басқаша айтқанда, белгілі бір тіршілік жағдайлары бар тірі организмдердің жиынтығы. Астық массасында оған кіретін тірі компоненттердің (астық, тұқым, арамшөптер тұқымдары, микроорганизмдер, жәндіктер т.б.) тіршілік әрекетінің нәтижесінде жүретін процестерді физиологиялық деп атайды.
Сақтаудағы астық массасының тіршілік әрекеті тыныс алу, егін жинағаннан кейінгі пісіп- жетілуі, өну түрінде байқалады. Бұл процестердің практикалық маңызы зор, өйткені олардың жүрісін реттей білу астықты сақтап, сақтау кезіндегі құрғақ заттардың шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Дәннің болашақ тіршілігіне әсер ететін қоймада сақталатын топты дән массасы дейміз.
Сақтаудағы астық пен тұқымың ұзақ өміршеңдігі
Халық шаруашылығында астық пен тұқымның әрбір тобын сақтау және тиімді пайдалану іссанасында /практикасында/ әртүрлі дақылдарды астық массасының сақтау мерзімінің ұзақтығын білу айтарлықтай мәні бар мәселе.
Астық пен тұқымның тұтыну қасиеттерін /тұқымдық, азық-түліктік, технологиялық/ сақтау кезеңін олардың ұзақ өміршеңдігі деп атайды.
Дән массасының ұзақ өміршеңдігі (тіршілігі) 3 топқа бөлінеді:

  1. Биологиялық ұзақ өміршеңдік. деп - зерттеуге алынған дәндердің арасынан бір немесе бірнеше дәннің тіршілік қабілетін сақтап қала алатын уақыт аралығы.

  2. Шаруашылық үзақөміршеңдігі –мемлекеттік стандарт талаптарына сай,

тұқымдық материал бойынша шаруашылықтың талабын қанағаттандыратын сапалық белгілердің сақталып қалатын уақыт аралығын айтады.
Технологиялық ұзақ өміршеңдік деп азық-түліктікке, мал азықтық және технологиялық мақсаттарға пайдалану үшін астық массасының толыққұнды қасиеттерін сақтайтын кезеңі.
Биологиялық ұзақөміршеңдігі бойынша барлық өсімдіктердің тұқымдары 3 топқа бөлінеді: микробиотиктер, мезобиотиктер және макробиотиктер.
Микробиотиктер тобының ұзақөміршеңдігі бірнеше күннен 3 жылға дейін, мезобиотиктердікі 3 жылдан 15 жылға, макробиотиктер 15 жылдан 100 жылға дейін созылады. Ауыл шаруашылық дақылдарының көбі мезобиотиктер тобына жатады және олар қолайлы жағдайда өнгіштігін 5-10 жыл бойы сақтайды. Мысалы, жаздық дәнді дақылдардың тұқымдары 8-9 ай, күздік дәнді дақылдардың тұқымдары 0-2, мемлекеттік тұқым қоры 5-6 ай сақталады. Жабай өсімдіктердің тұқымының ұзақ тіршілігі әр түрлі болады.
Құрғақ заттың кемуіне тыныс алудың қарқындылығы әсер етеді. Тыныс алған кезде пайда болатын су дән массасында көпке дейін сақталатын болса, бұл жағдай газ алмастырудың қарқынын күшейтеді де микроорганизмдердің дамуына себеп болады.
Дәннің өздігінен қызуына микроорганизмдердің да тыныс алуы әсер етеді. Астық массасының тыныс алу қарқындылығы көбінесе 24 сағат ішінде 100 г және 1000 г құрғақ затының көмірсутегінің диоксидін бөлінуі мөлшерімен сипатталынады. Бұршақ тұқымдастардың /бадана, мал азықтық шөптер ж.б. тұқымдары, сұлы, шәй жүгері /сорго/, бидай тұқымдары барынша ұзақ өміршеңді, арпа, жүгері тұқымдары орташа ұзақ өміршеңді, ал төменгі ұзақ өміршеңдік қара бидай, тары, т.б. дақылдардың тұқымдарына тән.Ұзақ уақыт сақтағанда тұқым тіршілігінің төмендеуі жасуша ядросындағы хроматиннің бірте-бірте дегенерацияға ұшырауына байланысты және осының салдарынан жасушаның бөліну процесі бұзылады. Алайда сақтағанда тұқымның опат болуы және әртүрлі ұзақөміршеңдіктің табиғатын зерттеу әлі жалғасуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет