Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет33/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Сабақтың мақсаты: Картоп, көкөніс, жемістерді сақтау режимдері және оларды
орналастыру мен сақтау тәсілдерін оқып үйрену.
Жоспар:

  1. Салқындатылған күйде сақтау режимі.

  2. Өнімді реттелетін газдық ортада РГО сақтау режимі.

  3. Өнімді сақтаудың өзіндік ерекшеліктері.

  4. Өнімді орналастыру және сақтау тәсілдері.

Картопты, көкөністі және жемісті тұрақты және далалық қоймаларда ойдағыдай сақтау үшін мынандай факторларын ескереді: қоршаған орта мен өнімнің температурасы; қоршаған орта ауасының дымқылдылығы; ауаның өнімге жеткіліктілігі және өнім массасы мен қоршаған ортадағы ауаның газдық құрамы. Өнімдірді сақтаудың негізінен екі режимі қолданылады: салқындатылган күйде және реттелетін газдық орта /РГО/.
Салқындатылған куйде сақтау режимі. 0ОС таяу төмен температураларда өнім үйіндісінің құрамына кіретін барлық компоненттердің тіршілік әрекеті баяулайды немесе басылады. Мұндай жағдайда тірі жасушалардың /жемістер мен көкөніс тканьдеры, микроорганизмдер, жұмыр құрттар, кенелер, жәндіктердің/ тыныс алу қарқыны бәсеңдейді; микроорганизмдердің даму белсенділігі тежеледі; жұмыр құрттардың, кенелер мен жәндіктердің даму циклының ұзақтығы артады немесе баяулайды.
Өнімді реттелетін газдық ортада РГО сақтау режимі. РГО -ның салқындатқыш камераларына салынған көкөністер мен жемістер өздерінің тауарлы сапасын, биологиялық және витаминдік құндылығын, консистенциясы мен хош иісін ұзақ сақтайды. Бұл ең алдымен қоршаған ортадағы оттегі концентрациясының төмендеуінен көкөністегі, жемістегі және картоптағы тірі компоненттердің тіршілік әрекетінің басылуымен түсіндіріледі. болады.
Әрбір өнім түрін сақтаудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Картоп. Картопты сақтау тәртібі көп жағдайларға, оның ішінде түйнектердің сапасына, ауаның температурасы мен ылғалдылығына және басқа факторларға байланысты. Картоп қоймаға сақталуға салынғаннан кейін алғашқы 15-18 күн ішінде ауаның температурасы +15­180С, ылғалдылығы 98 пайыз болуы шарт. Тәулігіне 5-6 рет 30-35 минут бойы әрбір 1,5-2 сағаттан кейін картоп түйнегі желдетіліп тұруы керек. Көрсетілген уақыт өткеннен кейін қоймадағы ауа температурасы +2-40С-ға дейін төмендейді. Температураны төмендету жылдамдығы картоптың түйнегінің сапасына байланысты.
Картопты сақтау режимі 4 кезеңге бөлінеді: сауықтыру, салқындату, негізгі және көктемгі. Сауықтыру кезеңінде кез келген мақсатта пайдаланылатын түйнектер 12...18температурада, ауаның 90-95 пайыз салыстырмалы ылғалдылығында және ауаның еркін енуімен 8-10 тәулік бойы сақталады. Сақтау режимін бұл кезеңде белсенді желдетудің күшімен ұстайды. Картопты жылы ауамен тәулігіне 5-6 рет әрбір 3-4 сағат сайын 30 минут желдетеді. Осылай желдетілген түйнектер тез кебеді.
Асханалық, малазықтық, аналық тамыр жемістер. Тамыржемістердің сақтау режимі картоптағыдай 4-ке бөлінеді: сауықтыру, салқындату, негізгі және көктемгі. Барлық тамыр жемістер мен аналықтардың жарақаттық реакцияларын тездету үшін алғашқы 10 тәулік бойы 10-120С температурада және ауаның 90-95 пайыз салыстырмалы ылғалдығында сақтайды. Тамыр жемістердің сақтау режимін дұрыс ұстау үшін белсенді желдетуде үйіндіге берілетін ауа ағыны 50-70 м3/сағ. тәулігіне болғаны дұрыс.
Қырыққабат. Азық-түлікке арналған ақ және қызыл қауданды қырыққабатты сақтаудың екі режимі екі кезеңге бөлінеді: салқындату және негізгі. Қырыққабатты ұзақ мерзімде сақтау үшін 4-6 тығыз жабысқан жасыл жапырақтарымен жинайды да, оны қоймада тез салқындатады. Салқындатудың жылдамдығы тәулігіне 0,5-10С, ал берілетін меншікті ауа ағыны 100-150 м3/сағ. тәулігіне. Негізгі сақтау кезеңінде ауаның салыстырмалы дымқылдылығы 90-98 пайыз және температура -1-00С-да ұсталады. Орташа мерзімде пісетін және нашар сақталатын кеш пісетін ақ қауданды қырыққабат мұндай режимде 2-4 ай сақталады.
Басты пияз. Сақтау режимін 4 кезеңге бөледі: дайындық, салқындату, негізгі және көктемгі. Егер басты пиязды өсірілген аудандарда сақтаса және тікелей тұтынушыға сататын болса, онда өнімді тоңазытқыштармен жабдықталған қоймаларда сақтайды. Ауаның 80-90 пайызы салыстырмалы ылғалдылығында пияздың ащы сорттарын 1-20С, жартылай ащы және тәтті сорттарын 0-10С-да сақтайды.
Сарымсақ. Азық-түліктік және аналық сарымсақ басты пияз сияқты сақталады: кептіреді, жылытады, салқындатады азық-түліктік сарымсақты теріс температураға дейін, ал аналықтарын төмен оң температураға дейін. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 пайыз деңгейінде ұсталады.
Қызанақ. Пісіп жетілуіне қарай қызанақтың сақтау мерзімі әртүрлі. Піскен /қызыл/ жемістер 1-20 С-да бір ай қызғылт және қоңырлары 4-50С-да екі айға дейін сақталады. Қызғылт қызанақтар 40С-дан төмен температурада сақтағанда түссізденеді, жұмсарады және сақтау мерзімін қысқарады.
Тәтті бүрыш пен баклажан. Салыстырмалы ылғалдылығы 85-90 пайыз ауада 8-10-да 1-2 ай сақтайды. Оларды жәшікке салып қатарлап үйеді. Осылай бұрыштың ащы сорттарын да сақтайды.
Қияр. Ауаның 85-90 пайыз салыстырмалы ылғалдылығында және 6-80С жылылықта екі аптаға дейін қанағаттанарлық деңгейде сақталады. Жылы жайда өсірілген қиярларды сақтағанда мынадай температура режимдерін ұстану қажет/0С/: ашық ыдыстарды /жәшік/ пайдаланғанда 8-10, полиэтилен қапшықтарында, РГО және төменгі қысымды атмосфера 12­14.
Асқабақ. Қабықты тканьдарының қалыңдығы, жұмсағының тығыздығы және биохимиялық ерекшеліктеріне байланысты басқа да дақылдарға қарағанда жақсы сақталады. Сақтау кезінде жемістерінде крахмал гидролизі жүреді, қанттың мөлшері артады, дәмдік және қоректілік қасиеттері жақсарады. Ауаның 70-75 пайызы салыстырмалы ылғалдылығында және 6-8 жылылықта жемістері сақталады.
Туқымды жемістер. Бұл сақтау объектілеріне алма, алмұрт, айвалар жатады.
Алмалар. Кеш пісетін қысқы сорттары 0+0,50С температурада жақсы сақталады. Жазғы сорттарының жемістері 0-0,50С-да және ауаның 90-95 пайыз ылғалдылығында небары бір ай, ал күзгі сорттары 2-3 ай сақталады. Қысқы сорттарының сақтау ұзақтығы 6-8 ай және одан да ұзақ.
Алмурттар. Алма сияқты сақтау кезеңінде оң төмен температурада пісіп жетіледі. Толық пісіп жетілген алмұрттарды 0-10С-да сақтайды. Оңтайлы сақтау температурасы -1-20С, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 85-95 пайыз.
Суйекті жемістер. Ағаштарда тұрып тұтыну деңгейіне дейін пісіп жетіледі. Шала піскен жемістер сақтағанда пісіп жетілмейді және ағаштарда тұрып піскендей жоғары сапалыққа жете алмайды. Алайда пісіп жетілген жемістердің сапасы жоғары болғанымен тасымалдау мен ұзақ сақтауды көтере алмайды.
Қара өрік. Венгерка тобы сорттарының жемістері қалыңдығы 40-60 мкм /полиэтилен пакеттерінде 1-2кг -нан 3 айға дейін сақталады. Қара өрікті күні бұрын салқындатады да 15­20 сағат бойы O0C температурада ұстайды. Пакеттерді 2-3 қабаттан жәшікке салып, оларды тығындарға қойып камераларға ертелелеп орналастырады. Жемістердің күйі мен сақтау жағдайларына тұрақты бақылау жүргізеді. Сатудың алдында камераларда бірте-бірте температураны жоғарлатып 4-50С-ға жеткізеді де 1-2 тәулік ұстайды. Қараөрікті пакеттермен сатады. Пакетсіз жемістер комната температурасында 3-5 тәуліктен артық сақталмайды.
Жидектер. Қара қарақат, қызыл қарақат, қарылған/ крыжовник/ 4-6 аптадай ғана сақтауға көнеді, ал таңқурай /малина/ мен қой бүлдірген /земляника/ оңтайлы жағдайларда тек бірнеше тәулік қана. Жидектердің оңтайлы сақтау температурасы 0-0,50С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90-95 пайыз, қой бүлдірген 3-5 тәулік сақталады., ал РГО /CO2- 5-8 пайыз, О2-3, N-89-92 пайыз/ тоңазытқышты камераларда 0-10С температура мен ауаның 90-95 пайыз салыстырмалы ылғалдылығында -15 тәулік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет