Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет41/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Бақылау сұрақтары



  1. Стандарттардың ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі.

  2. Астық сапасын бағалау әдістері.

  3. Өлшемдер жүйелерінің негіздері.

  4. Өлшегенде кететін қателіктер.

  5. Астық өнімдерінде қолданылатын өлшем үлгілері.


Дәріс № 25


Тақырып: Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерімен
химиялық күрес шаралары.


Дәрістің жоспары:

  1. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау шаралары. Механикалық күрес шаралары. Физикалық күрес шаралары

  2. Өсімдік карантині. Интегралды күрес шаралары.

Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау шаралары. Қазіргі кезде ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау шараларының комплексінде басты орынды химиялық тәсіл алады. Оны қолдануда әртүрлі химиялық заттар – пестицидтер енгізген зиянкестер үшін у пайдаланылады. Химиялық тәсілдің тиімділігі өте жоғары және ауылшаруашылық дақылдардың барлығында дерлік оларды зақымдайтын зиянкестердің көпшілігіне қарсы қолдануға болады. Сонымен қатар бұл тәсіл өте жоғары өнімді келеді. Себебі оны жүзеге асыру үшін әртүрлі машиналар мен механизмдер комплексі бүрккіштер, тозаңдатқыштар, аэрозоль генераторлары, тұқым дәрілегіштер және т.б. пайдаланылады. Көпшілік жағдайда егінді пестицидтермен баптау үшін авиацияны қолданады. Күрестің химиялық тәсілінің ең бір артықшылығы – өте көбейіп кеткен зиянкестерді құрту қажеттілігі туған жағдайда оны жылдам және тиімді түрде ұйымдастыруға болады. Осы айтылғандардың бәрі өсімдік қорғаудың бұл тәсілінің тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де өте кең тарауына себеп болады.
Химиялық күрес тәсілінің елеулі кемшіліктері де аз емес. Мысалы, оны жүзеге асыру үшін пестицидтерді, машиналарды, аппаратураларды қолдану белгілі бір қаражатты керек етеді. Көптеген пестицидтер тек зиянкестер үшін ғана емес, сонымен қоса пайдалы организмдер этномофагтар, жылы қанды жануарлар және адам үшін де улы болады. Сондықтан зиянкестермен химиялық күресті жүргізгенде қауіпсіздік ережесінің талаптарын бұлжытпай орындау керек. Көпшілік пестицидтердің қолдану мерзіміне белгілі бір дәрежеде шек қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет