Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет38/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Бақылау сұрақтары:



  1. Сорбенттер мен сіңірілетін заттардың қасиеттері.

  2. Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау қасиеттері

  3. Әр түрлі дақыл дәндерінің тепе-теңдік ылғалдылығы

Дәріс № 22


Тақырып: Астық дайындаудағы сапа көрсеткіштері.


Дәрістің жоспары:

  1. Астық сапаның дәрежесі көрсеткіштері

  2. Сапа көрсеткіштерінің негізінде маңыздылығы және міндеттілігіне байланысты топқа бөлінуі.

Астық сапаның дәрежесі көрсеткіштері. Астықтың сапасы деп, оны белгілі бір мақсатқа пайдалануға және ұзақ уақыт сақтауға мүмкіншіліктің бар жоғын анықтайтын белгілі бір қасиеттердің жиынтығын айтады.
Қазіргі кезде сапаның үш дәрежесі қарастырылады.
Бірінші дәрежедегі сапа – бұл абсолюттік сапа. Мұндай сапа ғарышты игеруге пайдаланылатын құралдарда, қондырғыларда болуы керек, ол мол шығынды талап етеді.
Екініші дәрежедегі сапа техникалық қауіпсіздендірудің талабымен анықталады. Бұл техникалық көрсеткіштер экономикалық көрсеткіштерден маңыздырақ бұйымдарға тән. Мысалы, ұшақтық техника, көптеген транспорттық қондырғылар және т.б.
Үшінші дәрежедегі сапаны ең қолайлы сапа деп атау келісілген, яғни техникалық және экономикалық дәрежедегі ең тиімді сапа. Астық тобын және әр түрлі дақылдардың тұқымдарын әр алуан пайдалануына байланысты, халық шаруашылығының талабын ескере отырып, олардың мүмкіншіліктерін анықтауға тура келеді. Бұл астық пен тұқымның сапасын анықтайтын көптеген көрсеткіштері мен әдістерін дайындауды талап етеді. Әр көрсеткіштердің маңыздылығы бірдей емес. Олардың көбі өте ерекше және қатаң бір мақсатқа пайдаланылатын дақылдардың астық тобы үшін анықтау өте қажет.
Бірақ әмбебап көрсеткіштер де бар, олар арқылы кез-келген астық тобының азықтық және техникалық сапалылығы жөнінде түсінік алуға болады.
Сапа көрсеткіштерінің негізінде маңыздылығы және міндеттілігіне байланысты топқа бөлінуі. Сапаның осы көрсеткіштерінің негізінде маңыздылығы және міндеттілігіне байланысты, әр түрлі астық тобын бағалаған кезде оларды үш топқа бөлуге болады:
1. Кез - келген мақсатқа пайдаланатын астық және тұқым тобы үшін міндетті көрсеткіштер. Бұл топтың көрсеткіштері астық айналымының барлық кезеңдерінде, астықты жинау, оны жеке-жеке топтастырған кездерде анықталынады. Бұл көрсеткіштер мыналар: егіннің жаңа өнімі, толық пісіп жетілуі (сыртқы түрі, иісі, дәмі) астық қоры зиянкестермен залалдануы, ылғалдылығы және қоспаның мөлшері. Мемлекеттік стандартқа, дайындау (базистік және шектеу) кондициясына енгізілген. Менеджер-технолог, агроном бұл топтың көрсеткіштерін және олардың табиғатын толық біліп, астық тобын мемлекетке сатқан кезде соны ескере отырып дайындауы керек. Кейбір дақылдардың астық тобын белгілі бір мақсатқа дайындағанда міндетті сапа көрсеткіштері белгіленеді.
2. Астық немесе кейбір дақылдардың тұқымдарының көрсеткіштерін мөлшерлеу, мысал ретінде бидайдың, қара бидайдың, арпаның, сұлының натуралық салмағын келтіруге болады. Жарма өндірілетін жармалық дақылдардың дәнінің ірілігін, қауыздылығын, тұқым ядросының мөлшерін анықтайды.
3. Сапаның қосымша көрсеткіштері. Оларды астық айналымы кезінде кездескен жағдайға байланысты анықтайды: айталық, кейде дәннің толық химиялық құрамын немесе ондағы кейбір заттарды (белок, аминқышқылдарын, майды) анықтайды, микрофлоралық түр ерекшеліктері (және құрамының мөлшерін) мысалы, гельминтоспориоз бен фузариозбен залалданғандығы, астықты дезинфекциялағанда пайдаланған фумиганттардың қалдығын және т.б. көптеген анықтамаларды зерттейді.
Астық тобының сапасын сол топтан сұрыпталған орташа үлгіні талдаудың нәтижесінде анықтайды.
Астық өнімдерінен орташа үлгісін алуда МЕМСТ стандарт талабында келесідей негізгі түсініктерге: астық тобы, нүктелік үлгі, біріктірілген үлгі, шөкім және үлгілерді қалыптастырудың әдістемесі берілген.
Топ – сапасы бойынша (иісі, дәмі, түсі) бір мезгілде қабылдауға, сатуға, жөнелтуге немесе бір жерде, қоймада, қамбада сақтауға арналған астықтың кез-келген мөлшері.
Нүктелік үлгі – біріктірілген үлгіні құрастыру үшін астық тобынан бір қимылмен алынған астықтың шағын бөлігі.
Біріктірілген үлгі – астық тобынан сұрыптап алынған барлық нүктелік үлгілердің жиынтығы.
Орташа үлгі – зертханада (лабораторияда) зерттеу үшін біріктірілген үлгіден немесе тәуліктік орташа үлгіден бөлініп алынған бір бөлігі. Шамалы астық тобынан сұрыпталған біріктірілген үлгі, бір мезгілде орташа үлгі болып табылады.
Шөкім – астық сапасының жекелеген көрсеткіштерін анықтауға арналған орташа үлгінің бір бөлігі.
Нүктелік үлгіні сұрыптау үшін әртүрлі жүйедегі бұрғылар-цилиндрлі, конусты, қаптық және пневматикалық механикалық үлгі сұрыптағыштар қолданылады. Астықтың нүктелік үлгісі жүк көлігі қорабының ұзындығы 3,5 метрге дейін болатын 4 нүктеден, 3,5 метрден 4,5 м аралығында 6 нүктеден 4,5 м-ден жоғары болғанда 8 нүктеден алынады.
Қоймада сақталатын 1,5 м дейін биіктіктегі астықтан үлгіні вагондық қуыс бұрғымен, ал биіктігі одан биік болса конустық бұрғымен алады. Нүктелік үлгілерді аларда астықтың үстін жуықтап 100 шаршы метрлік секцияларға бөледі. Әр секциядан нүктелік үлгілерді үйіндінің 5 нүктесінен (4 бұрышынан және ортасынан) және олардың әрқайсысының 3 қабатынан алады. Әр секциядан алынған нүктелік үлгілердің массасы 2 кг болғаны жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет