Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет30/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

7.8. «Жаратылыстану» білім саласы бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Оқушы:
-
ғылыми ұғымдарды, органикалық дүниенің даму заңдылықтарын қолдана алады; қор-
шаған әлемді тану және ондағы өзінің орнын сезіну үшін жанды табиғаттағы үдеріс-
тер дің себеп-салдарлық байланысын анықтай алады;
-
табиғи құбылыстар мен үдерістердің, заңдар мен заңдылықтардың мәнін ашып, оларды 
түсіну үшін тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын жүргізе алады;
-
жаратылыстану-ғылыми білім негізін құрайтын ақпараттық ұғымдарды ажыратып, 
оларды әлем туралы түсініктерін кеңейту мақсатында қолданады;
-
сындарлы шешім қабылдау үшін қоршаған ортадағы өзгерістер арасындағы өзара бай-
ланысты ажыратады, адам әрекеттерінің экожүйеге ықпалын анықтайды, сонымен қатар 
табиғатты қорғау қажеттілігін дәлелдеп, аргумент келтіре алады;
-
экологиялық, техногендік факторлар мен адамгершілік нормаларды ескере отырып, 
қоршаған ортамен өзара әрекеттесу үшін жаратылыстану-ғылыми білімін өмірдегі 
тәжірибесімен байланыстыра алады.


43 |
7.8.1.
 Бастауыш мектеп
7.8.1.1. «Ғылымға кіріспе» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Бастауыш мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
Жер және табиғат, Ғалам туралы негізгі жаратылыстану-ғылыми ұғымдарын; адам, 
өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік циклдерін; адам, өсімдіктер мен жануарлардың 
негізгі мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері мен орналасуын және олардың қыз-
метін; өсімдіктердің, жануарлардың жіктелуін; фотосинтез үдерісінің негіздерін; Жерде 
едәуір кең таралған заттардың құрамы мен қасиеттерін; әртүрлі денелердің қасиеттерін 
және олар қолданылатын кейбір салаларды; пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін және 
олардың маңызын, Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалардың негізгі кен 
орындарын; Күн жүйесіндегі ғаламшарларды және олардың ерекшеліктерін; энергия-
ның кейбір түрлерін; кейбір физикалық күштерді және олардың пайда болу себептерін; 
жарықтың, дыбыстың жеке қасиеттерін біледі;
-
қоршаған ортаны қорғау және Жердегі биоалуантүрлілікті сақтау маңыздылығын; жеке 
бас гигиенасын сақтау қажеттілігін; ағзаның қорғаныс қызметін; табиғат компонент-
терінің тірі ағзалар үшін маңызын; ағзалардың ерекшеліктерін қоршаған ортаға бейім-
делу құралы ретінде; табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттілігін; өсімдіктер 
мен жануарлардың қарапайым айырмашылықтарын түсінеді;
-
табиғи нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды зерттеу үшін жеке зерттеу әдістерін; 
табиғи нысандар, құбылыстар мен үдерістердің стандартты және стандартты емес өлшем 
бірліктерін; табиғи нысандар, үдерістер мен құбылыстардың кейбір сипаттамаларын 
өлшеу үшін қарапайым аспаптарды; жүргізілген зерттеуді түсіндіру үшін тиісті ғылы-
ми терминологияны; өз өлкесіндегі өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің қарапайым 
белгілері туралы білімін оларды жіктеу үшін қолданады;
-
табиғат компоненттері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; материалдарды 
қолдану мүмкіндіктерін анықтау үшін олардың қасиеттерін; белгілі бір аумақтың жа-
нуарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемін; әртүрлі тіршілік ортасының ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын; өз зерттеулерінің деректерін және әртүрлі дереккөздерден алынған 
материалдарды талдайды; әртүрлі формада берілген ғылыми деректерді түсіндіреді 
және ажыратады; зерттеуден тиісті қорытынды шығарады; зерттеу нәтижелерін әртүрлі 
формада ұсынады; зерттеу әдісін (бақылау немесе эксперимент) таңдауды негіздейді;
-
табиғи нысандар, құбылыстар мен үдерістердің даму факторлары мен жағдайын; адам-
ның әрекетін және ғылыми-техникалық прогрестің қоршаған орта жағдайына әсерін; 
өз зерттеулерінде алынған нәтижелердің жасалған болжамға сәйкестігін бағалайды; 
зерттеу барысын болжайды; өз жұмысын бағалайды;
-
зерттеу сұрағына сәйкес дәйекті, логикалық, дәлелді тұжырымдар жасайды; сурет-
тер, сызбалар, графиктер, диаграммалар, кестелер түрінде ақпараттық материалдарды; 
қоршаған әлем нысандарының, құбылыстары мен үдерістерінің имитациялық және 
графикалық модельдерін жасайды; қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты өз 
ойларын тұжырымдайды.
7.8.2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет