Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет33/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

7.9. «Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Оқушы:
-
қоғам дамуының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, тарихи үдерістердің мәні мен 
тарихи фактілердің мәні туралы мәліметтерді өзекті әлеуметтік оқиғалар мен құ бы лыс-
тар ды түсіндіру үшін қолдана алады;
-
қажетті ақпаратты іріктей алады және оны белгілі бір әлеуметтік жағдайды бағалау, 
мәселенің мәнін ашу және негізделген қорытынды жасау үшін қолдана алады;
-
қоғамның күнделікті жағдайларын талдай және сыни тұрғыдан бағалай алады, жағдайды 
сыни бағалау және ойды негіздеу үшін, адамгершілік нормаларымен салыстыра отырып, 
талдай алады;
-
өзекті қоғамдық оқиғалардың мәнін түсінеді, «белсенді патриотизмді» көрсете алады, 
белсенді азаматтық ұстанымын білдіре алады.


55 |
7.9.1. 
Бастауыш мектеп
7.9.1.1 «Дүниетану» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Бастауыш мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
отбасы мүшелері арасындағы туыстық қатынастарды; өз әулетінің құндылықтарын; тауар-ақ-
ша қатынастарының қарапайым түрлерін; өз шығындарын жоспарлауды; тұтыну заттарының 
қайдан келетінін; мектептің адам өміріндегі маңызын; қоғамдағы өзін-өзі басқару ережелері 
мен нормаларын; күн тәртібін сақтау маңызын; көшпелі және отырықшы өмір салтының 
ерекшеліктерін; түрлі жағдайларда алғашқы көмек көрсету әдістерін біледі;
-
қала мен ауыл байланысының маңыздылығын; тамақтану режимін сақтау маңызын; 
тұрмыстық техниканы пайдалану ережелерін және табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін 
сақтау маңызын; қоғамға қызмет ету маңызын; ұлттық және мемлекеттік мерекелердің 
маңызын; ауа райының адам өмірі мен шаруашылығына әсерін; тарих және мәдениет 
ескерткіштерін сақтау маңызын түсінеді;
-
практикалық тапсырмаларды орындау кезінде басқалардың ниетін, уәжі мен тілегін 
түсінеді; елді мекендерді белгілі бір белгілері бойынша ажыратады; әртүрлі көздер 
негізінде пайдалы және зиянды тағамдарды бөліп көрсетеді; астрономиялық белгілер 
бойынша көкжиек тұстарын анықтайды; глобустар мен карталарды пайдаланады; көрнекі 
материалдарды зерттеу арқылы ғұндардың өмір салтын сипаттайды; әртүрлі жағдайларда 
алғашқы көмек көрсету әдістерін қолданады;
-
өзінің және отбасының қоғамның дамуына қосқан үлесін талдайды; әртүрлі дереккөз-
дер негізінде әлем елдерін салыстырады; қауіпсіз және салауатты өмір салты идеясы-
ның маңыздылығын талдайды; Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен 
бостандықтарының кепілін талдайды; климаттың жаһандық өзгерістерін талдайды; 
табиғи жағдайларды (жер бедері, климат, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі, су 
нысандары) талдайды; өз тәжірибесі мысалында адамдар арасындағы достықтың маңыз-
ды лы ғын дәлелдейді; Қазақстанның ХХ–ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, 
ғылым, білім, экономика) талдайды; тарихи мысалдар негізінде қазақ халқын азат ету 
үшін күрескен адамдардың рөлін талдайды;
-
түрлі өмірлік жағдайларда өз бетінше шешім қабылдау тәсілдерін; Конституцияның 
қоғам өміріндегі маңызын бағалайды; қазақ халқының және елімізде тұратын басқа 
да ұлттардың салт-дәстүрлерін салыстырады; адамның табиғи жағдайларға тәуелділі-
гін төмендету идеяларын талдайды; Қазақстан Республикасының тартымды туристік 
нысандарын салыстырады; белгілі тарихи ескерткіштер мен көне жәдігерлерді (үйсін, 
қаңлы, ғұндар дәуірі) бағалайды;
-
өз әулетінің шежіресін құрастырады; шығындарын жоспарлайды; шығындарын оңтай-
ландыру тәсілдерін жасайды; елді мекендердің географиялық орындары мен көрікті 
жерлерін сипаттайды; жер бедерін суреттейді; тұрмыстық техниканы пайдалану ере-
желерін графикалық түрде сипаттайды; масштабта шартты белгілерді қолдана отырып, 
жер бедерінің кескінін салады; ежелгі жазбаша белгілерді қолданады; қолайсыз ауарайы 
және климат жағдайларында іс-әрекет ережелерін құрастырады; әулет шежіресінің 
құрылымдарын сипаттайды; өзін-өзі басқару ережелерін ұсынады.
7.9.2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет