Жоғары мектеп
7.8.3.1 «Биология» (стандартты деңгей) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
тірі ағзалардың алуантүрлілігіне, тірі жүйелердің құрылымымен қызметіне байланысты
биологиялық қағидаттарды, деректер мен терминдерді; негізгі биологиялық үдерістерді
(қоректену, заттардың тасымалдануы, тыныс алу, бөліп шығару, қозғалыс, үйлестіру және
реттеу, өсу және даму, жасушалық цикл, эволюциялық даму, ағзалардың тұ қым қуа лау-
шы лық және өзгергіштік қасиеттерінің ерекшеліктері); қоршаған орта факторларының
экожүйелерге әсерін; биологиялық зерттеулер жүргізу кезіндегі ғылыми тәсілді; әртүрлі
пәндерді кіріктірудің практикалық қолданылуын біледі;
-
ағзалар алуантүрлілігінің ерекшеліктерін және олардың қоршаған ортаныңтүрлі жағдай-
ларына бейімделуін; молекулалық биология, жасушалық биология, микробиология мен
биотехнологияның негізгі қағидаттарын; жасушалардың/молекулалардың құрылымы мен
олардың қызметтері арасындағы өзара әрекеттесуді; биологиялық зерттеулерде қолда-
нылатын әдістерді; ағзалардың өсуі мен дамуына әсер ететін факторларды; фотосинтез
және тыныс алу кезінде үдерістерді; жасушалық цикл сипаттамаларын; өсу мен дамуды
басқаратын механизмдерді; жасушалар ішіндегі заттардың тасымалдануын, хромосомалық
және гендік мутациялардың пайда болуын; тұқым қуалайтын өзгергіштік пен эволюция
арасындағы байланысты; адам әрекетінің қоршаған ортаға әсерінің салдарын түсінеді;
-
құбылыстарды түсіндіру және тұжырым жасау үшін деректерді түсіну үшін ғылыми
білімді пайдаланады; зертханалар мен басқа жабдықтарды қолдана отырып, бақыланатын
жағдайларда да, далада да әртүрлі эксперименттерді жүргізеді; графиктер мен кестелер
сияқты көрнекі формада деректерді ұсынады; ақпаратты түрлендіреді және өңдейді;
деректерді талдауда статистикалық әдістерді қолданады; молекулалық биология мен
генетикаға байланысты мәселелерді шешу әдістері мен тәсілдерін қолданады; реактив-
термен, биологиялық үлгілермен, дәрі-дәрмектермен, улы заттармен және зертханалық
жабдықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтайды;
биологиялық тұжырымдамаларға қатысты тапсырмаларды орындайды; ғылыми дерек-
терді, биологиялық құбылыстардың сипаттамаларын және тірі ағзалардың алуантүрлілігі,
тірі жүйелердің қызметі мен құрылымы туралы деректерді; негізгі механизмдерді (қо-
ректену, заттардың тасымалдануы, тыныс алу, бөліп шығару, қозғалыс, үйлестіру және
реттеу, өсу және даму, жасушалық цикл, эволюциялық даму, тұқымқуалаушылық және
өзгергіштік); экожүйелердегі ағзалардың өзара байланысы мен бейімделуін; қалыпты
жасушалық циклді бұзуы мүмкін факторларды; тұқым қуалаудың күрделі заңдылықта-
рын және фенотиптік әртүрліліктегі генетикалық вариацияның рөлін; эволюциялық
дәлелдерді (қазба қалдықтары, салыстырмалы анатомия, молекулалық генетика және
биогеография); эксперименттік деректерді; биотехнологиялық зерттеулерге байланысты
этикалық мәселелерді талдайды;
-
қорытындыларды дәлелдеу үшін эксперименттік әдістерді, зерттеу әдістерін; биология
мен сабақтас ғылымдардағы күрделі ғылыми дәлелдерді, теориялар мен жетістіктерді;
ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әдістердің негізділігі мен сенімділігін; түр-
лі формада ұсынылған ғылыми ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын; зерттелетін
мазмұнның, эксперименттер мен жиналған деректердің дәлдігі мен сенімділігін және
практикалық аспектілерін; ЭКҰ (Экстракорпоральды немесе жасанды жолмен ұрықтан-
дыру), діңгек жасушаларды зерттеу және гендік инженерия сияқты салалардағы жа-
сушаларды манипуляциялаудың этикалық жағын; әртүрлі гипотезаларды растайтын
дәлелдерді; адам әрекетінің қоршаған ортаға әсерін бағалайды;
-
тірі ағзалардың алуантүрлілігіне, тірі жүйелердің құрылымы мен қызметіне бай ла ныс-
ты ғылыми мазмұнды синтездей отырып, биологиялық ақпаратқа ауызша, жазбаша,
49 |
көрнекі түсіндірме береді; қоректену, заттардың тасымалдануы, тыныс алу, бөліп
шығару, қозғалыс, үйлестіру және реттеу, өсу және даму, жасушалық цикл, эво лю ция-
лық даму, тұқымқуалаушылық және өзгергіштік сияқты үдерістерді түсіндіру үшін
модельдер жасайды; биологиялық білімді басқа академиялық пәндерден меңгерген
білімімен кіріктіреді; биологиялық зерттеулер саласындағы гипотезалар мен экспе-
рименттік жобаларды тұжырымдайды және тексереді; биологиялық нысандар мен
үдерістерді бейнелейтін диаграммалар мен модельдерді жасайды; нақты контекстерде
зерттеулерді жақсарту әдістерін келтіріп, идеяларын ұсынады; өңделген деректер мен
ақпараттарды жүйелейді, және оларды кестелер, графиктер, хабарламалар, есептер
және таныстырылымдар түрінде ұсынады; зерттелген экологиялық мәселелерді ше-
шудің ықтимал жолдарын ұсынады.
7.8.3.2 «Биология» (тереңдетілген деңгей) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
тірі ағзалардың алуантүрлілігі, тірі жүйелердің морфологиясы мен қызметінің ерекшелік-
тері туралы биологиялық тұжырымдарды, деректер мен терминологияны; қоректену,
заттардың тасымалдануы, тыныс алу, бөліп шығару, қозғалыс, үйлестіру және реттеу,
көбею, өсу және даму, жасушалық цикл, эволюциялық даму, тұқымқуалаушылық және
өзгергіштік үдерістерінің негізгі механизмдерін; экожүйелерге әсер ететін қоршаған орта
факторларын; биологиялық зерттеулер жүргізу кезіндегі ғылыми тәсіл қағидаттарын;
қолданбалы кіріктірілген ғылымдарды біледі;
-
тірі ағзалардың алуантүрлілігін және олардың қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына
бейімделуін; молекулалық биология, жасушалық биология, микробиология және био-
технология қағидаттарын; жасушалар мен биомолекулалардың құрылымы мен қызметі
арасындағы байланысты; экология, микробиология мен биотехнологияда қолданылатын
негізгі әдістерді; өсу мен дамуға әсер ететін факторларды (генетика, қоршаған орта
жағдайлары және гормондық реттелу; фотосинтез және тыныс алу кезінде жүретін
үдерістерді); жасушалық цикл ерекшеліктерін, өсу және даму механизмдерін, заттардың
тасымалдануын, хромосомалық және гендік мутациялардың пайда болуын; тұқым қуа-
лайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы байланысты; тұқым қуалау заңдылықта-
рын; эволюциялық үдерістердің механизмін; қоршаған ортаға антропогендік әсердің
салдарын түсінеді;
-
қорытынды жасау үшін деректерді, құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру кезінде; тірі
ағзалардың алуантүрлілігі, тірі жүйелердің морфологиясы мен қызметінің ерекшеліктері,
қоректену, заттардың тасымалдануы, тыныс алу, бөліп шығару, қозғалыс, үйлестіру және
реттеу, өсу және даму, жасушалық цикл, эволюциялық даму, тұқымқуалаушылық пен
өзгергіштік үдерістерінің негізгі механизмдері туралы білімін қолданады; бақыланатын
тәжірибелік, далалық, зертханалық, эксперименттік жұмыстарды жүргізеді; деректерді
графикалық түрде ұсынады, эксперименттік деректерді визуализациялайды; молеку-
лалық биология және генетика бойынша есептерді шығару сызбалары мен әдістерін
қолданады; экожүйелерді, белгілердің тұқым қуалауын, модификациялық өзгергіштікті,
экожүйелерді талдау үшін статистикалық әдістерді қолданады; эксперименттердің нәти-
желерін әзірлеу, жүргізу, бақылау, жазу және талдау үшін ғылыми әдістерді қолданады;
реактивтермен, биологиялық нысандармен, препараттармен, улы заттармен, зертханалық
жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін сақтайды; ғылыми зерттеу кезеңдерін
сақтайды; биологиялық мазмұндағы есептерді шығарады;
-
түрлі формада ұсынылған ғылыми деректерді; биологиялық құбылыстардың ерекшелік-
терін; тірі ағзалардың алуантүрлілігі, тірі жүйелердің морфологиясы мен қызметінің ерек-
шеліктерітуралы деректерді; қоректену, заттардың тасымалдануы, тыныс алу, бөліп шыға-
ру, қозғалыс, үйлестіру және реттеу, өсу және даму, жасушалық цикл, эволюциялық даму,
| 50
тұқымқуалаушылық және өзгергіштік үдерістерінің негізгі механизмдерін; экожүйелердегі
түрлі ағзалардың өзара байланысы мен бейімделуін; қалыпты жасушалық циклді бұзуы
мүмкін және жасушалардың бақылаусыз бөлінуіне (мутациялар мен онкогендер) себеп
болатын факторларды; тұқымқуалаудың күрделі заңдылықтарын және фенотиптік әртүр-
ліліктегі генетикалық вариацияның рөлін; эволюциялық дәлелдерді (қазба қалдықтары,
салыстырмалы анатомия, молекулалық генетика және биогеография) және осы дәлелдердің
эволюция теориясын растайтынын; молекулалық, жасушалық және микробиологиялық
қағидаттарға негізделген эксперименттік деректер мен қорытындыларды; биологиялық
деректерді, гипотезаларды және эксперименттік нәтижелерді; биотехнологиялық зерт теу-
лер дің этикалық мәселелерін; күрделі биологиялық тұжырымдамаларды, теориялар мен
эксперименттік деректерді талдайды және түсіндіреді;
-
эксперименттер, зерттеулер жүргізу тәсілдерін бағалайды және өз таңдауын негіздейді;
биология және сабақтас ғылымдар саласындағы күрделі ғылыми дәлелдерді, теориялар-
ды және/немесе эксперименттік әзірлемелерді; ғылыми зерттеулер мен эксперименттік
әдістердің негізділігі мен сенімділігін; ғылыми мақалалардағы, жарнамалар мен бұқара-
лық ақпарат құралдарындағы ғылыми ақпараттың дұрыстығы мен дәлдігін; қайталама
сынақтардың маңыздылығын; ғылыми деректердің дәлдігі мен дұрыстығын; зерттелген
мазмұнның, эксперименттің және жиналған деректердің практикалық аспектілерін;
ЭКҰ, діңгек жасушаларды зерттеу және гендік инженерия сияқты салаларда жасу-
шаларды манипуляциялауды қолдануға қатысты этикалық нормаларды; эволюциялық
құбылыстардың балама түсіндірмелерін, әртүрлі гипотезаларды растайтын дәлелдерді;
эволюциялық биология саласындағы ғылыми пікірталастар мен қайшылықтар мәнін;
адам іс-әрекетінің әртүрлі экожүйелерге экологиялық әсерін бағалайды;
-
тірі ағзалар мен олардың алуантүрлілігі туралы жан-жақты түсінік алу үшін био логия-
лық мазмұнды, түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты ғылыми тұрғыда түсіндіру
модельдерін жасайды; тірі ағзалардың алуантүрлілігі, тірі жүйелердің қызметі мен
құрылымы туралы ғылыми мазмұнды топтастырады және ұйымдастырады; қоректену,
заттардың тасымалдануы, тыныс алу, бөліп шығару, қозғалыс, үйлестіру және реттеу, өсу
және даму, жасушалық цикл, эволюциялық даму, тұқымқуалаушылық және өзгергіштік
механизмдері туралы түсіндірме модельдерді жасайды; биологиялық білімін басқа оқу
пәндері бойынша білімімен кіріктіреді; биологиялық зерттеулерде тексеру үшін гипоте-
залар мен эксперимент жобаларын кіріктіреді әрі құрастырады; биологиялық нысандар
мен үдерістердің сызбалары мен модельдерін жасайды; нақты контекстерде зерттеулерді
жетілдіру ұсыныстарын және идеяларын келтіреді; жиналған және өңделген деректерді,
ақпараттарды кестелер, графиктер, хабарламалар, баяндамалар мен таныстырылымдар
түрінде ұсыну үшін синтездейді; экологиялық мәселелерді шешудің мүмкін нұсқаларын
әзірлейді.
7.8.3.3 «Физика» (стандартты деңгей) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
негізгі және туынды физикалық шамаларды, олардың өлшем бірліктерін; физикалық
құбылыстарды зерттеудің негізгі әдістерін; физикалық эксперимент деректерін жи-
нау және өңдеу әдістерін; механиканың (кинематика (сұйықтық), динамика, сақталу
заңдары, тербелістер мен толқындар), жылу физикасының (молекулалық физика және
термодинамика), электрмагнетизмнің (айнымалы ток, магнит өрісі, электромагниттік
тербелістер, электромагниттік толқындар), оптика (геометриялық және толқындық),
атом физикасының (кванттық физика, ядролық физика, зарядталған бөлшектер) негізгі
ұғымдары мен формулаларын; физикалық шаманың орташа мәнін анықтау тәсілдерін;
физикалық өлшемдердің қателігін анықтау әдістерін; физикалық эксперимент жүргізу
кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі;
51 |
-
механиканың (кинематика, динамика, тербелістер мен толқындар, сақталу заңдары),
молекулалық физика мен термодинамиканың; электрмагнетизм (айнымалы электр
тогы, магнит өрісі), оптика (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың
негізгі заңдылықтарын, қағидаттары мен постулаттарын; ғылыми тұрғыда табиғат
пен материяның байланысын анықтайтын үдерістерді, құбылыстар мен заңдарды;
ғылыми пәндер арасындағы өзара байланысты және ғылыми әдістің кешенді сипатын;
дәлдік пен нақтылық арасындағы айырмашылықты; әлемнің қазіргі ғылыми бейнесін
қалыптастырудағы және практикалық мәселелерді шешудегі физика ғылымының рөлі
мен орнын түсінеді;
-
тәжірибелік есептерді шығару үшін негізгі физикалық ұғымдарды, заңдылықтарды,
заңдар мен білімді; тиісті контекстерде физикалық терминологияны; физикалық шама-
лардың мәндерін есептеу формулаларын; физикада қолданылатын ғылыми танымның
негізгі әдістерін (бақылау, сипаттау, өлшеу, эксперимент); өлшеу және эксперимент
нәтижелерін өңдеу әдістерін, физикалық шамалар арасындағы тәуелділікті анықтауды;
физикалық үдерістер мен құбылыстарды симуляциялайтын модельдерді; физикалық
шамалар арасындағы нақты тәуелділіктерді сипаттауға және талдауға арналған графи-
калық көріністерді қолданады;
-
әртүрлі формада ұсынылған ғылыми деректерді; физикалық үдерістердің және айныма-
лылар арасындағы қатынастар графиктерін; адамның өндірістік қызметі мен қоршаған
орта жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды талдайды және түсіндіреді;
-
қазіргі ғылымның мүмкіндіктері мен шектеулерін; деректерді, қағидаларды, құбылыстар-
ды, физикалық шамалар арасындағы қатынастарды анықтау және тексеру және/немесе
сұрақтарға өз бетінше жауап іздеу үшін зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін;
сыни ойлауды көрсететін ауызша/жазбаша/АКТ түріндегі нәтижелер мен қорытынды-
ларын; ғылыми деректердің сенімділігі мен негізділігін; физиканың басқа пәндермен
байланысын бағалайды;
-
физикалық эксперимент жүргізу жоспарын; зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау
нәтижелері бойынша қорытынды; математикалық түрлендірулерді қолдана отырып
есептерді шығару тәсілдерін; эксперимент нәтижелерін жақсарту тәсілдерін; өлшеу
құралдарының қателігін азайту тәсілдерін; кестелер, графиктер, баяндамалар, есептер
мен таныстырылымдар түрінде ақпаратты ұсынудың визуалды формасын; физикалық
үдерістерді, дене қасиеттерін, техникалық құрылғыларды және т. б. түсіндіру үшін қол-
данылатын физикалық идеялар, ұғымдар жасайды.
7.8.3.4 «Физика» (тереңдетілген деңгей) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
негізгі және туынды физикалық шамаларды және олардың өлшем бірліктерін; физикалық
құбылыстарды зерттеудің негізгі әдістерін; физикалық эксперимент деректерін жинау
және өңдеу әдістерін; механика (кинематика (сұйықтық), динамика, сақталу заңдары,
тербелістер мен толқындар), жылу физикасы (молекулалық физика және термодина-
мика), электрмагнетизм (айнымалы ток, магнит өрісі, электромагниттік тербелістер,
электромагниттік толқындар), оптика (геометриялық және толқындық), атом физика-
сының (кванттық физика, ядролық физика, зарядталған бөлшектер) негізгі ұғымдары
мен формулаларын; физикалық шаманың орташа мәнін анықтау тәсілдерін; физикалық
өлшемдердің қателігін анықтау әдістерін; физикалық эксперимент жүргізу кезіндегі
қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі;
-
физиканың академиялық тілін; механика (кинематика, динамика, тербелістер мен
толқындар, сақталу заңдары), молекулалық физика және термодинамика; электрмагне-
тизм (айнымалы электр тогы, магнит өрісі), оптика (геометриялық және толқындық),
кванттық физиканың негізгі заңдылықтарын, қағидаттары мен постулаттарын; аспаптар
| 52
мен құрылғылардың жұмыс қағидалары мен сипаттамаларын, ғылыми жаңалықтарды
пайдалану салаларын; табиғат пен материяның ғылыми байланысын анықтайтын үдеріс-
тер ді, құбылыстар мен заңдарды ғылыми негізде; ғылыми әдістің кешенді сипатын
және ғылыми пәндер арасындағы өзара байланысты; дәлдік пен нақтылық арасындағы
айырмашылықты; әлемнің қазіргі ғылыми бейнесін қалыптастырудағы және тәжірибелік
есептерді шығарудағы физика ғылымының рөлі мен орнын түсінеді;
-
тәжірибелік есептерді шығару үшін негізгі физикалық ұғымдарды, заңдылықтарды,
заңдар мен білімді; тиісті контекстерде физикалық терминологияны; физикалық шама-
лардың мәндерін есептеу формулаларын; физикалық теңдеулердің бірізділігін тексеру
мақсатында негізгі СИ бірліктерін; физикада қолданылатын ғылыми танымның негізгі
әдістерін (бақылау, сипаттау, өлшеу, эксперимент); өлшеу және эксперимент нәтижелерін
өңдеу әдістерін, физикалық шамалар арасындағы тәуелділікті анықтауды; физикалық
үдерістер мен құбылыстарды симуляциялайтын ғылыми модельдерді; физикалық шама-
лар арасындағы нақты тәуелділіктерді сипаттау және талдау үшін графикалық бейнелеуді
қолданады;
-
түрлі формада ұсынылған ғылыми деректерді; дәрежелі функция түрінде берілген
тәуелділіктерді; физикалық үдерістердің және айнымалылар арасындағы қатынастар
графиктерін; адамның өндірістік қызметі мен қоршаған орта жағдайы арасындағы се-
беп-салдарлық байланыстарды талдайды және түсіндіреді;
-
қазіргі ғылымның мүмкіндіктері мен шектеулерін; деректерді, қағидаларды, құбылыстар-
ды, физикалық шамалар арасындағы қатынастарды анықтау және тексеру және/немесе
сұрақтарға өз бетінше жауап іздеу үшін зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін;
сыни ойлауды көрсететін ауызша/жазбаша/АКТ түріндегі нәтижелер мен қорытынды-
ларын; ғылыми деректердің сенімділігі мен негізділігін; физиканың басқа пәндермен
байланысын бағалайды;
-
физикалық эксперимент жүргізу жоспарын; зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау нәти-
желері бойынша қорытынды; математикалық түрлендірулерді қолдана отырып есептерді
шешу тәсілдерін; эксперимент нәтижелерін жақсарту тәсілдерін; өлшеу құралдарының
қателігін азайту тәсілдерін; кестелер, графиктер, баяндамалар, есептер мен танысты-
рылымдар түрінде ақпаратты ұсынудың визуалды формасын; физикалық үдерістерді,
дене қасиеттерін, техникалық құрылғыларды және т. б. түсіндіру үшін қолданылатын
физикалық идеяларды, ұғымдарды және т. б. жасайды.
7.8.3.5 «Химия» (стандартты деңгей) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
органикалық қосылыстардың геометриялық изомериясын; термодинамиканың негізгі
идеялары мен ұғымдарын; аммиактың өнеркәсіптік синтезінің ғылыми қағидаттарын;
жасыл химияның негізгі қағидаттарын біледі;
-
электрондық орбитальдарды толтыру үшін минималды энергия қағидасын, Паули қағи-
да сын, Хунд ережесін; химияның экологиялық аспектілерін: химияның экологиядағы
рөлін, қоршаған ортаның ластану проблемасын және оның алдын алу әдістерін түсінеді;
-
тиісті эксперименттік шараларды, жабдықтар мен материалдарды таңдай отырып, зерттеу
жүргізу және тиісті есептеу; реакция энтальпиясын эксперименттік түрде өзгерту және
оны анықтамалық деректер негізінде есептеу; органикалық реакциялардағы өнімнің
шығымы мен тазалығын есептеу дағдыларын қолданады;
-
зерттеулердің эксперименттік деректерін; пластиктерді өндіру тәсілдерінің және қол-
данудың қоршаған ортаға әсерін; галоалкандардың әсеріне байланысты қоршаған орта
мәселелерін; балқу нүктелерінің, атом радиустарының, бастапқы иондану энергиясы-
ның, электртерістіліктің өзгеру тенденцияларын талдайды, жүйелейді, түсіндіреді және
ұсынады;
53 |
-
суды тазартуда хлорды пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін; өнеркәсіптік
өндірістердің қоршаған ортаға экологиялық әсерін; синтетикалық полимерлерді пайда-
ланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін; жаһандық мәселелерді шешу жолдарын
бағалайды;
-
экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және этикалық факторларды ескере отырып,
мәселелерді шешу үшін ғылыми жобалар жасайды.
7.8.3.6 «Химия» (тереңдетілген деңгей) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
оптикалық изомерияны және оның сызықтық поляризациясы бар жарыққа әсерін;
қышқылдар мен негіздердің Бренстед-Лоури теориясын; термодинамиканың негізгі идея-
лары мен түсініктерін; гетерогенді катализ механизмін; аммиак пен күкірт қышқылының
химия өнеркәсібіндегі ғылыми қағидаттарды; Фридель-Крафтс ацилдеу әдісі және оның
синтетикалық дәрілік препараттарды өндіру мәселесін синтездеу үшін маңызын; жасыл
химияның негізгі қағидаттарын біледі;
-
органикалық синтез реакциясы механизмдерінің негізгі қағидаттарын; бос радикалдар-
дың түзілуі жағдайындағы катализдік және термиялық крекинг үдерістерін; тепе-теңдік
жағдайындағы қышқылдық және негіздік буферлік ерітінділер әсерінің сапалық сипат-
тамасын; заманауи химиядағы аналитикалық әдістердің маңыздылығын және газ-сұйық
хроматография, масс-спектрометрия, инфрақызыл спектроскопия, ЯМР-спектроскопия
жұмысының қағидаттарын; сутектік-оттектік отын элементтерін өндіру және пайдалану
мәнін; химияның экологиялық аспектілерін: химияның экологиядағы рөлін, қоршаған
ортаның ластану мәселелерін және олардың алдын алу әдістерін біледі;
-
эквиваленттік нүктені анықтау тәсілі ретінде индикаторларды қолданады және титрлеу
үшін тиісті индикаторды таңдайды; тиісті эксперименттік шараларды, жабдықтар мен
материалдарды таңдап, зерттеу жүргізу және тиісті есептеу дағдыларын қолданады;
гидролиз деректері бойынша полипептидтің құрылымын анықтайды; металдардың
электрохимиялық қатарын жасау үшін электродтық потенциалдарды қолданады; орга-
никалық реакцияларда өнімнің шығымы мен тазалығын есептейді;
-
зерттеулердің эксперименттік деректерін; нәруыздардың құрылымы мен қызметін-
де өзгерістер тудыратын өзгерген негіздер тізбегі жағдайында аурудың генетикалық
негіздерін; балқу нүктелерінің, атом радиустарының, бастапқы иондану энергиясы-
ның, электр теріс ті лік тің өзгеру тенденцияларын; бүкіл курсты оқып-білу барысында
меңгерген органикалық химия бойынша білімін қолдана отырып, органикалық синтез
мәселелерін талдайды, жүйелейді, түсіндіреді және ұсынады;
-
суды тазартуда хлорды пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін; өнеркәсіптік
өндірістердің қоршаған ортаға экологиялық әсерін; синтетикалық полимерлерді пайда-
ланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін; дәрі-дәрмек өндірісіндегі құрылымды
анықтаудың заманауи әдістерінің маңыздылығын бағалайды;
-
экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және этикалық факторларды ескере отырып,
мәселелерді шешу үшін ғылыми жобалар жасайды.
7.8.3.6 «География» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
бедер түрлерін, эндогендік және экзогендік факторларды; метеорологияның қазіргі
заманғы зерттеулерін; Қазақстан Республикасының климаттық жағдайлары мен ерек-
шеліктерін; су ресурстары ұғымын және су ресурстарын құқықтық қорғау жолдарын;
жерүсті және жерасты суларының түрлерін, көздерін, ластану параметрлерін; халықара-
лық туризм түрлерін, оны дамытудың негізгі факторлары мен жағдайларын; Қазақстан
Республикасында туризмді дамытудың негізгі орталықтары мен бағыттарын; Қазақстан
Республикасының туризм саласындағы заңнамасын; халық санының өзгеруі, халықа-
| 54
ралық көші-қон түрлерін, Қазақстандағы көші-қон үдерісін; жаһандану ұғымын және
жаһандық мәселелерді біледі;
-
жер бедерін өзгертетін эндогендік, экзогендік үдерістерді; антропогендік факторлар-
дың әсерін; жер бедерінің ерекшеліктерін; метеорологиялық аспаптарды қолдануды;
су ресурстарының ерекшеліктері мен пайдаланылуын; туризмнің артықшылықтары
мен кемшіліктерін, осы саланы дамытудың қоршаған ортаға, жергілікті халыққа әсерін;
ұлттық валюталар жүйесін, халықаралық резервтік қор валюталарын түсінеді;
-
метеорологиялық аспаптарды; әртүрлі көрсеткіштерді есептеу кезінде формулаларды;
ресми көздерден алынған статистикалық материалдар мен интернет-ресурстарын;
географиялық карталарды, графиктер мен кестелерді; карталарды, карта-сызбаларды,
графикалық материалдарды әзірлеу кезінде компьютерлік бағдарламаларды қолда-
нады;
-
жер бедерінің қалыптасуына эндогендік және экзогендік үдерістердің әсерін, жер бе-
дерінің адам өмірі мен шаруашылығына әсерін; Қазақстан Республикасының климат-
тық жағдайлары мен ерекшеліктерін; климаттың адам денсаулығына әсерін; қолайлы
және қолайсыз метеорологиялық құбылыстардың адамзаттың шаруашылығына әсерін,
себептері мен салдарын; елдегі және дүниежүзіндегі ауызсу мәселесін; су ресурста-
рының ластану салдарын; су ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін;
халықаралық және қазақстандық туризмді дамыту мәселелері мен перспективаларын;
жергілікті аймақта туризмді дамытудың бизнес мүмкіндіктерін; халықты қазіргі за-
манғы қоныстандыру ерекшеліктерін; көші-қонның оң және теріс әсерлерін; халықа-
ралық көші-қонның бағытын және еңбек көші-қонын реттеу шараларын; заманауи ур-
бандалу үдерісін; халықаралық валюталық және несиелік қатынастардың тетіктерін;
ин ве стиция лық операцияларды және елдер мен өңірлердегі инвестициялық ахуалды;
халықаралық экономикалық ұйымдардың жаһандық экономикалық мәселелерді шешу
іс-әрекеттерін; геосаяси байланыстардың қазіргі экономикалық қатынастарға әсерін;
Қазақстан Республика сына әсер ететін жаһандық проблемалардың сипатын, себептері
мен салдарын талдайды;
-
жер бедерінің өзгеруіне себеп болатын антропогендік әсерді, аймақтың климаттық
параметрлерін; адам іс-әрекетінің өзендер мен жерасты суларына әсерін; жергілікті
халықтың шетелдік туристерге қарым-қатынасын; елдің туристік әлеуетін; әлемнің
еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамын бағалайды;
-
өзеннің бойлық және көлденең кескінін; туристік орындарды дамытудың бизнес-жоспа-
рын; халықаралық туризм орталықтары бар электрондық картаны және Қазақстан
Республика сында шетелдік туристерді қызықтыратын маршрут (бағытжол) көрсетілген
картаны; жаһандық мәселелерді шешу жолдарын; су көздерінің ластану салдарын жою
жолдарын және оларды тиімді пайдалану жолдарын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |