Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет37/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Негізгі мектеп
7.10.2.1 «Өнер» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
көркем материалдармен және аспаптармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін, му-
зыкалық сауаттылық негіздерін; өнердегі жанрлардың, стильдер мен бағыттардың 
ерекшеліктерін; бейнелеу өнері мен музыканың мәнерлі құралдарын; қазақ халқының 
және әлемдегі басқа да халықтардың музыкасындағы сәндік-қолданбалы өнердің 
ерекшеліктері мен фольклорлық дәстүрлерді; әртүрлі материалдардың қасиеттерін 
және оларды өңдеудің негізгі әдістерін; функционалдық, эстетикалық, жобаланатын 
нысандарға қойылатын экологиялық және эргономикалық талаптарды; әнші дауыс-
тары ның, музыкалық аспаптардың, ансамбльдердің, хорлардың және оркестрлердің 
түрлері мен жіктемесін; цифрлық технологиялар мен бұқаралық ақпарат құралдары
бейнелеу өнері және музыка саласындағы авторлық құқықтың ерекшеліктерін; жаб-
дықпен және аспаптармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін 
білетін болады;
-
бейнелеу өнерінің, музыканың, техника мен технологияның адам және қоғам өмірін-
дегі маңызы мен маңыздылығын; өнер мен музыканың қоршаған ортаны қорғаудағы 
рөлін; музыкалық шығармалардың және бейнелеу өнері туындыларының эстетикалық 
және көркемдік құндылығын; бейнелеу өнері мен музыка жанрларының, стильдері мен 
бағыттарының халықтардың тарихымен, дәстүрімен және мәдениетімен байланысын; 


61 |
қоршаған ортаның музыкалық дыбыстары мен көрнекі нысандарының ерекшеліктерін; 
табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерінің бұйымдардың функционалдық 
және эстетикалық сапасына әсерін; шешім қабылдау, идеяларды іздестіру және шығар-
машылық дүниелерді жасау үшін топтық жұмыстағы әлеуметтік және эмоционалдық 
дағдылардың маңыздылығы мен құндылығын түсінеді;
-
идеяларды іздестіру мен жұмысты жоспарлауда, сезімдер мен эмоцияларды жеткізу 
үшін бейнелеу өнері мен музыка саласындағы білімі мен дағдыларын, сонымен қатар 
компьютерлік бағдарламалар мен қосымшаларды, жасанды интеллект (бұдан әрі – ЖИ) 
қызметтерін, сондай-ақ шығармашылық және жобалау-зерттеу жұмыстарын жасауға 
арналған музыкалық аспаптарды; өнер мен музыка саласында зерттеулер мен экспе-
рименттер жүргізуге қажетті ақпараттардың бастапқы және қосымша дереккөздерін; 
авторлық құқыққа сәйкес шығармашылық жұмыстарды іске асырудың және оларды 
дамытудың әртүрлі тәсілдерін; өз еңбегін және шығармашылық жобасын жоспарлау 
мен ұйымдастырудың тәсілдері мен амалдарын; бейнелеу өнері мен музыканың көр-
некі құралдарымен қоршаған ортаның әлеуметтік, экологиялық және басқа да өзекті 
мәселелерін жеткізу тәсілдерін; қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтай отырып, 
көркемдік, қажетті және басқа да материалдарды қолданады;
-
бейнелеу өнері туындылары мен музыкалық шығармалардағы алуан түрлі шығар-
машылық идеялар мен көрнекі құралдарын, оның ішінде компьютерлік бағдарламалар 
мен қосымшалар, ЖИ қызметтерінің көмегімен жасалған жұмыстарды талдайды; әртүрлі 
факторлардың (тарих, мәдениет, уақыт, орын) шығармашылық жұмыстың түріне, функ-
циясына, эстетикалық қасиетіне және/немесе өнімге әсерін; пайдаланылған материал-
дарды, көркемдік және музыкалық жұмыстарды жасау әдіс-тәсілдерін, техникасын; өнер 
мен музыканың, техника мен технологиялардың қоршаған ортаға және адам өміріне 
әсерін талдайды;
-
өнер және музыка саласы қайраткерлерінің өнер туындыларындағы, музыкалық 
шығармаларындағы және өздері жасаған шығармашылық жұмыстарындағы, оның 
ішінде компьютерлік бағдарламалар мен қосымшаларды, ЖИ қызметтерін пайдалана 
отырып орындалған жұмыстардың негізгі ойын, бейнелер мен идеяларын; ұлттық 
және әлемдік өнер туындылары және музыкалық шығармалардың көркемдік және 
эстетикалық құндылығын; дербес/ұжымдық орындалған көркем, музыкалық жұ мыс-
тар мен жобаларды; шығармашылық жұмыстардың эстетика, функционалдылық, 
эргономика және тиімділік тұрғысынан мүмкіндіктерін; еңбектің жемісінің тұты-
нушылық қасиеттерін және технологиялық операцияларды орындаудың қызметтік 
мүмкіндіктерін бағалайды.
-
материалдардың технологиялық және пайдалануға қатысты қасиеттерін ескере отырып, 
өнер және музыка, гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша білімі 
мен дағдыларының негізінде шығармашылық жұмыстар мен жобаларды; өнер және 
музыка саласындағы, оның ішінде АКТ құралдары мен ЖИ-ді қолдану арқылы авторлық 
құқық объектілерін жасайды.
7.10.3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет