Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


«Математика және информатика»



Pdf көрінісі
бет45/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

«Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны 
«Математика» және 
«Ақпараттық‑коммуникациялық технологиялар» пәндерін қамтиды.
Бастауыш сыныптағы «Математика» пәнінің мазмұны оқушылардың математика тілінің және 
кеңістіктік ойлау негіздері туралы білімін қалыптастыруға, арифметикалық амалдарды орындауға, 
ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін меңгеруге, сандық өрнектерді есептеуге, мәтіндік 
есептерді шығаруға, есептерді шешу әдістері, өлшеу және есептеу дағдыларына негізделген 
қисынды пайымдаулар жасай білу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бастауыш сыныптарда «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқытудың 
негізгі мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарапайым құралдарын пай-
далану дағдыларын дамыту, сонымен қатар ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу және қисынды ойлау 
дағдыларын қалыптастыру.
«Жаратылыстану» білім беру саласы 
«Ғылымға кіріспе» пәнін қамтиды.
Зияткерлік мектептер жаратылыстану ғылымдары циклінің пәндерін тереңдетіп оқытуға 
бағыт алуына байланысты бастауыш мектепте «Ғылымға кіріспе» атты жаңа дербес оқу пәнін 
оқыту қарастырылған. Бұл кіріктірілген пән болып табылады және «Адам – Табиғат» жүйесі 
аясында ғылыми білімнің қарапайым деңгейін қамтамасыз етуі тиіс. Пәннің мазмұны оқушылар-
дың табиғи ізденімпаздығын, зерттеу дағдыларын дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, қоршаған әлем 
туралы ғылыми түсінік пен көзқарасын дамытуға бағытталған. «Ғылымға кіріспе» пәні негізгі 
мектепте оқытылатын «Биология», «Физика» және «Химия» дербес оқу пәндерін меңгеруге 
арналған пропедевтикалық курс болып табылады.


69 |
«Адам және қоғам» білім беру саласы 
«Дүниетану» пәнін қамтиды.
«Дүниетану» кіріктірілген пән ретінде «Адам – Қоғам» жүйесі аясында пропедевтикалық 
білім беруге бағытталған. Бұл пән гуманитарлық ғылымдардың негіздерін қамтиды. Пәннің 
мазмұны адамзат тарихы, өткеннің бүгінгі күнге әсері, адамдардың отбасы мен қоғамдағы өзара 
қарым-қатынасы туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Бұл пән негізгі 
мектепте «Адам және қоғам» білім беру саласының дербес пәндерін оқытуға бірқалыпты өтуге 
жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет