Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет39/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

7.11. «Дене шынықтыру» білім саласы бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Оқушы:
-
жалпы гигиена мен дене шынықтыру негізі ретінде сауықтыру және спорттық жаттығу-
лардың сан алуан түрлері мен формаларын қолданады;
-
дене даярлығын арттыру үшін сауықтыру әдістерін таңдайды және оларды қолдана 
алады;
-
сауықтыру бойынша түрлі дереккөздерден алынған қажетті ақпаратты жүйелейді, оны 
объективті түрде талдайды және салауатты өмір салтын сақтау үшін пайдаланады;
-
командалық ойындарға қатысу барысында топта (командада) өзара әрекеттесу ережелері 
мен әдістерін қолдана алады.
7.11.1. 
Бастауыш мектеп
7.11.1.1 «Дене шынықтыру» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Бастауыш мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
белгілі бір қимыл әрекеттерді орындау барысында туындаған қиындықтар мен тәуе-
келдерді; дене жаттығуларындағы негізгі қимыл әрекеттер жайлы; жаттығу барысын-
дағы әрекеттердің реттілігі жайлы; ойындағы ойыншыларға берілетін рөлдер жайлы; 
денсаулықты нығайту үшін физикалық белсенділіктің маңызы жайлы; әртүрлі қимыл 
әрекеттер барысындағы бұлшықеттердің жұмысы жайлы білетін болады;


63 |
-
қимыл белсенділігі кезінде туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді; бой қыздыру 
жаттығулары мен қалпына келтіру әдістерінің ағзаға әсерін; бірлесіп жұмыс орын дау-
да көшбасшылық дағдылардың маңыздылығын; ойындардағы рухани-адамгершілік 
құндылықтар мен ынтымақтастықты көрсететін мінез-құлықтарды; жаттығу барысын-
дағы бұлшықеттердің жұмысын; денсаулықты нығайту үшін физикалық белсенділіктің 
маңыздылығын түсінеді;
-
негізгі қимыл әрекеттерді; дененің дамуына ықпал ететін жаттығулар кешенін; бірлесіп 
жұмыс орындау барысында қажетті көшбасшылық қасиеттерді; денсаулықты нығайту 
үшін қимыл дағдыларын; ағзадағы өзгерістерге әсер ететін физикалық жаттығулар 
кешенін қолданады;
-
негізгі қимыл әрекеттерге; қимыл белсенділігінің әртүрлі формаларындағы қиындықтар 
мен тәуекелдерге; бірлескен жұмыс барысында қажетті көшбасшылық қасиеттерге; 
әділ ойындағы адамгершілік құндылықтарға; денсаулықты нығайту үшін физикалық 
белсенділіктің маңыздылығына; ағзадағы өзгерістерге әсер ететін физикалық жаттығулар 
кешеніне; әртүрлі физикалық жаттығулар барысындағы бұлшықеттердің жұмысына 
талдау жасайды;
-
негізгі қимыл әрекеттерді; жаттығу кешені және оларды орындау реттілігін; физи-
калық қасиеттерді дамытатын жаттығуларды; ойындардағы тактикалық әрекеттерді; 
денсаулықты нығайтуға қажетті физикалық белсенділікті; әлеуметтік дағдыларды 
дамыту үшін ойын барысындағы ойыншылардың рөлдерін; командалық жұмысқа 
қажетті көшбасшылық дағдыларды; бой қыздыру жаттығуларын және қалпына 
келтіру әдістерін; денсаулықты нығайтуға қажетті физикалық белсенділікті баға-
лайды;
-
жаттығулар кешенін және оларды орындау реттілігін; физикалық қасиеттерді дамыта-
тын жаттығулар кешенін; бой қыздыру жаттығуларын және қалпына келтіру әдістерін; 
денсаулықты нығайтуға арналған жаттығуларды; ағзада өзгерістер туындататын фи-
зикалық жаттығулар кешенін; денсаулықты нығайтуға арналған жаттығулар кешенін 
құрастырады.
7.11.2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет