Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


«Өнер» білім беру саласы музыка, бейнелеу өнері және көркем еңбек сияқты салалардың  кіріктірілген зерделеуін ұсынатын  «Өнер»



Pdf көрінісі
бет46/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

«Өнер» білім беру саласы музыка, бейнелеу өнері және көркем еңбек сияқты салалардың 
кіріктірілген зерделеуін ұсынатын 
«Өнер» пәнін қамтиды. Бұл пән эстетикалық және мәдени 
тәрбиені қалыптастыруға бағытталған біртұтас көзқарасқа негізделген.
Оқыту ән айту, аспаптарда ойнау, дыбыс жазу, табиғи және жасанды дыбыстарды тыңдау 
және өңдеу, сурет салу, үлгілеу, безендіру, мүсіндеу және т. б. сияқты жеке және топтық жұмыстар 
арқылы жүзеге асырылады. Бұл осы оқу пәнінің көркемдік-эстетикалық сипаттағы қосымша 
сабақтарымен (би, театр, клубтар және т. б.) тығыз байланыста екенін білдіреді.
«Дене шынықтыру» білім беру саласы денсаулықты сақтау мен нығайту дағдыларын да-
мытуға бағытталған «Дене шынықтыру» пәні арқылы жүзеге асырылады.
8.9. Негізгі мектептегі білім беру мазмұны
Негізгі мектептегі білім беру мазмұны барлық білім беру салалары бойынша пәндердің 
жүйелі курсын аяқтау қажеттілігін ескере отырып айқындалады. Пәндердің мазмұны бірлесе 
отырып, оқушылардың қоғамда өмір сүруі үшін қажетті негіз қалыптастырады, атап айтқанда, 
бұл оқушылардың көзқарастар жүйесі, қағидаттары, мінез-құлық нормалары.
«Тіл және әдебиет»
 білім беру саласына «Қазақ тілі» (Т1) / «Орыс тілі» (Т1), «Қазақ 
әдебиеті» / «Орыс әдебиеті», «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т2) / «Орыс тілі және әдебиеті» (Т2), 
«Ағылшын тілі» секілді оқу пәндері кіреді.
Қазақ және орыс тілдеріндегі білім берудің мазмұны ана тілінде оқытылатын оқу пәндері 
ретінде оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын, әртүрлі жағдайларда сөйлеу әрекетінің түр-
лерін қолдану дағдыларын дамытуға, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруға, академиялық 
сөйлеуді дамытуға бағытталған.
Бірінші тілдің әдебиеті дербес пән ретінде ұсынылады. «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдеби-
еті» пәндері (мектептегі оқыту тіліне байланысты) оқылым дағдысын дамытуға, әлемдік әдебиет 
пен мәдениетті зерттеу тәжірибесі негізінде жеңіл әлеуметтік бейімделуге ықпал ететін білім, білік 
пен дағдылар алуға; ғылым мен мәдениеттің қазіргі дамуына сәйкес келетін әлем жайлы біртұтас 
көзқарасты дамыту; қоршаған ортаны танымдық құрал ретінде әдеби мұраның құндылығын және 
әлемдік мәдени мұраның бір бөлігі ретінде ұлттық әдебиеттің құндылығын сезінуге бағытталған.
Қазақ/орыс тіліндегі білім беру мазмұны қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағыт-
талған. Бұл оқу пәндерінің мазмұны әдебиетпен кіріктірілген. Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін 
оқушылар оқуда және болашақ кәсіби қызметте жағдаяттық-сөйлеу мінез-құлқын басқара алады. 
Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, оларды негіздеу үшін әртүрлі дереккөздері мен заманауи ақпа-
раттық технологияларды пайдалануға дайын.
«Ағылшын тілі» пәнінің білім беру мазмұны оқушыларға ауызша және жазбаша презента-
цияларды пайдалана отырып, ресми және бейресми қарым-қатынас құруға көмектесетін интерак-
тивті тапсырмалар арқылы ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беруге; жаһандық 
және білім беру тақырыптарындағы күрделі мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіне алуға; еркін әрі 
сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға, өз пікірін айта алуға бағытталған. Негізгі мектепте 
ағылшын тілін оқыту жоғары мектепте одан әрі оқуын жалғастыруға мүмкіндік беретін тиісті 
ағылшын тілін меңгеру деңгейіне жетуді және ағылшын тілін білім алу құралы ретінде пайдала-
нуды көздеуі керек.
Негізгі мектептегі «Математика және информатика» білім беру саласы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет