Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет44/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Адам және қоғам
«Дүниетану»
«Қазақстан тарихы»,
«Дүниежүзі тарихы»,
«Құқық негіздері»
«Қазақстан тарихы»,
«Экономика»
Өнер
«Өнер»
«Өнер»
«Графика және жобалау»
Дене шынықтыру
«Дене шынықтыру»
«Дене шынықтыру»
«Дене шынықтыру»,
«Алғашқы әскери және 
технологиялық дайындық»
Білім беру саласынан 
тыс
-
-
«Жаһандық 
перспективалар және 
жобалық жұмыс»


| 68
8.7. Зияткерлік мектептерде білім берудің барлық деңгейлері үшін міндетті пәндер, жобалық 
жұмыстар, элективті курстар, сыныптан тыс жұмыстар бекітілген. Міндетті жобалық 
жұмысты енгізу оқушылардың зерттеу және ынтымақтастық дағдыларын, таныстыру және сыни 
ойлау дағдыларын дамытады. Жоғары мектептерде таңдау бойынша пәндер қарастырылған, бұл 
пәндерді оқыту қалыпты және тереңдетілген деңгейлерде жүзеге асырылады.
8.8. Бастауыш мектептегі білім беру мазмұны
Бастауыш сыныптардағы білім беру мазмұны бастауыш мектептің негізгі миссиясына 
сәйкес бекітіледі, бұл миссия тек білім беруді ғана емес, сонымен қатар баланы рухани жағынан 
байытуды және әлеуметтік маңызды дағдылардың негізін қалыптастыруды көздеуі қажет. Баста-
уыш сыныптардағы білім берудің мазмұндық негізі білім берудің функционалдық дағдыларын 
дамытуға бағытталған: оқу, жазу, есептеу, өз ойын қисынды түрде баяндау, себеп-салдарлық бай-
ланыстар орнату, сонымен қатар зерттеу дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды 
да қамтиды.
«Тіл және әдебиет» білім беру саласына 
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) / «Орыс тілі 
және әдебиеті» (Т1), «Қазақ тілі» (Т2) / «Орыс тілі» (Т2), «Ағылшын тілі» пәндері кіреді.
Ана тілінде (мектептегі оқыту тіліне байланысты қазақ/орыс) білім беру оқушылардың 
қазақ/орыс тілінің грамматикалық құрылымдарын оқытатын дәстүрлі білім беруден оқушы-
лардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға дейін өтуді қамтамасыз етеді. Қазақ\орыс тілі 
мен әдебиетінің кіріктірілуі оқушылардың барлық төрт сөйлеу дағдысын (тыңдалым, айтылым, 
жазылым, оқылым) дамыту үшін әдеби мәтіндерді пайдалануға негізделген. Бастауыш мектепті 
бітіргеннен кейін оқушылар ауызша сөйлеуді, бастапқы жазу дағдыларын, оқу дағдыларын 
меңгеріп шығады.
Екінші және үшінші тілдерді оқыту (мектептегі оқу тіліне байланысты қазақ/орыс тілі 
және ағылшын тілі) тілді деңгейлік меңгеруді ұйымдастыруға бағытталған. Бұл пәндердің білім 
беру мазмұны ойын және танымдық іс-әрекеттер арқылы оқушылардың тіл үйренуге деген 
қызығушылығын және оң көзқарасын арттыруға, сонымен қатар ақпарат алмасудың бастапқы 
қарым-қатынас дағдыларын, сөз тіркестері мен сөйлемдердің мағынасын және оларды нақты 
жағдаяттарда қолдану әдістерін түсіне отырып, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптасты-
руға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет