тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі мен котангенсі анықтамаларын біледі және оларды берілген үшбұрыш үшін таба алады;
негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қорытып шығарады және қолданады;
тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсін олардың біреуінің мәні арқылы таба біледі;
300, 450, 600 бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі мәндерін біледі және қолданады;
Пифагор теоремасын біледі, дәлелдейді және қолданады.
тікбұрышты үшбұрыш биіктігінің қасиеттерін дәлелдейді және қолданады.
|
Оқушылар:
-тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табуды түсіндіреді;
- есептерді шешуде қандай да бір формуланың (теореманың) қолданысын негіздейді;
- дәлелді пайымдау қадамдарын сипаттайды;
- берілген бөлімнің пәндік лексикасын, символикасын және терминологиясын
сауатты қолданады.
|
- тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі;
- бұрышқа іргелес жатқан катет;
- бұрышқа қарсы жатқан катет;
-катеттердің квадраттарының қосындысы;
- Египет үшбұрышы;
- негізгі тригонометриялық тепе-теңдік;
- перпендикуляр, проекция және көлбеу;
- катеттердің гипотенузаға проекциялары;
- геометриялық орта.
|
тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;
тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең;
тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;
Пифагор теоремасын қолданып, ... табамыз;
негізгі тригонометриялық тепе-теңдік негізінде ...;
катеттің квадраты ... тең.
|