Білім беру бағдарламасы тобының білім алушылары үшін «автоматтандырылған учаскені мен цехтерді жобалау»



бет16/17
Дата02.10.2023
өлшемі281.5 Kb.
#479509
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Дж Автомат жүйе

Дәріс № 15
Қауіпсіздік техникасы. Негізгі жабдықтарда жұмыс істеген уақытындағы қауіпсіздік техникасы.
Дәріс жоспары:
15.1 Қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігінің ережелері.
15.2 Қосымша жабдықта жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы.
15.3 Көмекші жабдықта жұмыс істеген кезде қауіпс іздік техникасы.

15.1 Қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігінің ережелері.


Қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігінің ережелері цехтың инструкцияларында келтірілген.
Пештердің конструкциясында отынның қолдануын және пештің қолдануын сыртқы изоляциясы жақсы болуы тиіс. Бөлме ман пештің сыртқы қабатыны, температурасы айырымы 30-40 С0аспау керек. пештердің қолдануы және оның механизмдері ыңғайлы орналасуы керек және жұмысшыны жоғары температуралардан, зиянды газдардан сақтау крек. Пештердің есіктері тығыз жабылуы үшін ол еңіс болуы керек. Жоғары температуралық пештердің жылуы сайлеленуін азайту үшін олардың алдында азбесті экрандар орналастырады. Пеш - ванналарда вентиляциялық аралықты азбест пердесімен жабу керек.
Газ өткізгіштерді цехтың қабырғасында еденнен бірнеше метр жоғарырақ орналастырады. Кейде газ өткізгішті туннельде немесе каналда орналастырады. Канал штукатурымен өнделеді, алынатын плиталармен жабылады, газөткізбен жеңіл байланысуы керек. Газдың ағып кетуін тексермейді. Ағып кетуін сабынды сумен тексереді. Ағып кеткен газ сабынды суда көпіршіктенеді. Газды цехқа кіруінде қысымды бақылаушысын орналастырады және газды өшіріп беру вентилін орналастырады.
Пештер мен жұмыс істейтін жұмысшылар горелканың қолдануын инструкциясын білу қажет. Газды пешті қосу үшін алдымен пешті тазалап үрлейді, содан кейін пештің аузын ашып бірнеше минут горелкамен ауа жібереді. Содан кейін газды запальникті жағады да горелкаға жақындатып газды ағырындап қосады. От жақсы жану үшін ауа мен газдың клапандарын бақылап отырады.
Пешті жағу кезінде көзайнектерді қолданады және горелкамен пештің есігінен ары туруы керек. Горелкалар жанып болғаннан кейін пеш келесі жағудың алдында ауа мен үрленеді.Кейде жалын горелканың ішіне кіріп кетуі мүмкін, сонда горелкаларды өшіреді. Қайта жағу ұшін горелкаларды әбден суытады. Пештерді мазутпен жаққан жағдайда оларды алдымен ауамен үрлейді. Пеш жанып тұрған отпен тұтатылады, және оны да бақылап отырады.
Цехтарда от қауіпсіздігін қадағалау керек. Егер цехта өрт қаупі болған жағдауда тез барлық горелкаларды фарсункаларды өшіреді, яғни газ келетін вентилдар өшірілуі қажет. Сонымен қатар цехта құрғақ құмдары бар жәшіктер болуы тиіс және өрт сөндіргіштер.
Электр пештермен жұмыс істеген уақытта олардың қауіпсіздік инструкциялары да орындау қажет. Электр пештердің есіктері ашылып жабылаған кезде ток автомат түрінде сөну қажет. Пештерге ток өткізгіштердің изоляциясы жақсы болуы қажет және олар жерленулі болу керек.
Пеш - ванналардың қауіпсіздіғында сақтау қажет. Оған салынатын бұйымдар құрғақ болу керек. Бұйымдарды салу кезінде арнайы құрал - саймандар, жабдықтар қолдану қажет.
Селитр ванналарында қауіпсіздік техникасы қолдану керек. Ол азот қышқылынан және азот тотығынан, калий мен натрийтің тұзынан тұратын өте жарылғаш қаупі бар. Сондықтан бұл ванналар 550С0 жоғары қыздырылмау қажет, ол үшін бұйымдар қыздырылғаннан кейін келеді. Селитр ванналар ды жылу автоматикамен қамтамасыз етіледі және сигналды жабдықтармен. Ванналарда шамот кірпішпен жасайды. Селитраны құйған кезде ванна құрғақ болу тиіс. Селитр жанған жағдайда оны тек құрғақ құммен өшіреді, көпіргіш от сөндіргіштермен өшіруге боламайды.
Циан ванналармен жұмыс жасаған жағдайда қауіпсіздік техникасы өте жақсы қадағалау керек. Оларды бөлек бөлмелерде ұстайды. Осы бөлмелерде вентиляциясы жақсы болу керек. едендер су өтпейтін материалмен жасау керек. Әр жұмыс сменасынан кейін едендер ыстық содалық ерітіндімен жуылады немесе бір гратусты темір купоросымен.
Осы қоймаларда істейтін жұмысшылар халатпен қамтамасыз етіледі, зезенке алжапқыштары, перчаткалары, сақтау көзәйнектері, противагаздар болуы керек.
Циан тұздарын салған кезде сору шкафтарында өтеді, осы шкафтың ауа жылдамдылығы 0,8 м / с болу керек. бұл бөлме сақтау бөлмесінен бөлек орналасады. Салу столдары қуыссыз болады және өлшейтін құралдар басқаларға қолдануы тиіс.
Циан сақтайтын бөлмелерде сигнализациясы болады, ол улы заттарды қадағалайды.
Циан ванналарда жұмыс істеген кезде арнайы киімдер болады. Осы бөлмелерден шығатын кезде осы арнайы киімдермен шықпайды.
Жұмыс біткеннен кейін ванналар жабылады және пломбаларды іледі. Бұйымдар циандаудан кейін ыстық сумен жуылады. Циандау бөлмелерінде тамақ ішуге, темекі шегуге болмайды және су ішетін бочкаларын орналастырмайды. Шынықтыру және жуу бақтарынан суын канализацияға жіберу алдында оларды неатрилизациялайды. Ол үшін темір купорасын және сооданы қосады. Содан кейін осы суды канализацияға ағызады.
Қолданылған циан тұздарында канализацияға жіберу алдында неатрилизациялайды. Ол үшін купорасын және содан қосып 3-4 сағат ұстайды, содан кейін канализацияға ығызып жібереді.
Бұйымдардың сырт қабатын шынықтару кезінде арнайы қауіпсіз техникалар сақталу қажет. Мысалы газжыланды шынықтару кезінде орынды вентиляциялары орналасады. Жоғары жиілігі тоқпен шынықтыру кезінде қондырғылар қоршалады және механикалық немесе электр блокировкалары қамтамасыз етіледі.
Лампалы генераторлармен жұмыс істеген кезде арнайы санитарлы- гигиеналық ережелері сақталу қажет. әр қондырғыда жасыл және қызыл сигналды лампалар қойылады, жасыл лампа қондырғының жұмысқа дайын екенін көрсетеді. Электромагнитті саулелену өтпеу үшін қондырғылар экрандармен қамтамасыз етіледі. Экран болат бетінен дайындалады.
Пресспен жұмыс істеген кезде жұмыс істеген кезде оның арнайы қауіпсіздік техникалары сақталуы қажет.
Майлар мен жұмыс істеген кезде олардың температурасын қадағалап отыру қажет. Майдың температурасы 80-85С0 аспау керек. Температураны қадағалу үшін термометрді орналастырады. Май тұратын бактардың азбест немесе киіз беттері болады. Олар от қауіпсіздігінен сақтайды.

15.2 Қосымша жабдықта жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы.


Бұйымдарды улау кезінде қышқылдармен жұмыс істеу қауіпсіздік техникасы қолдану қажет. Химиялық улау кезінде қышқылдардың ерітінділерін қолданады. Жұмысшылар қышқылдармен жұмыс істеуін білу қажет. Мысалы, ерітіндіні жасау кезінде суды қышқылға құймайды, өйткені қышқыл атқылайды, сондықтан қышқылды суға құйяды. Жұмыс арнайы киімде өтеді: резенке перчаткада, ажыратқышта және етікте. Қышқыл бетке, қолға тиген жағдайда тері күйеді, сондықтан қауіпсіздік техникасы сақталу қажет. Улау ванналардың бөлмелетінде вентияция орналастырылады. Қышқылдардың көлігі электртельферлар, кран балкалар.
Электрикалық улау кезінде ванналар тағыда борттық сорғыштар орныластырылады немесе ванналардың үстінде бір жағынан буларды үрлеу екінші жағынан сору жабдықтарды орныластырады. Бұйымдарды жуған кезде жуу ерітіндінің температусы 90 С0 екенін ұмытпау керек.
Бұйымдарды тазалау әдісінде ультрадыбыс қолданған жағдайда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет. Жұмысшының қолы ултрадыбыстың әсеріне түспу керек. Жұмысшылар жабдықтармен жұмыс істеуді білу керек.
Ұсатқыш аппараттардын жұмысы жоғары қысыммен жасалады.
Жоғары қысыммен жұмыс істейтін аппараттардың қолдануының қауіпсіздік ережелері сақталуы керек. Жұмысшылар олардың ережелерімен таныс болу керек. Арнайы киімдер болу керек.
Ұсатқыш аппараттардың жұмысында шу көп болады және көп шаң шығады, сондықтан бұл қондырғылар бөлек бөлмеде орналасу қажет және вентиляциясы жақсы болу керек. кейде механизмдендірілген аппараттарды цехта орналастырады.
Престермен жұмыс істеген кезде эр пресс метал торымен қоршалу керек. ыстық престеу кезінде жұмысшылар асбест перчаткаларысен қамтамасыз етіледі.

15.3 Көмекші жабдықта жұмыс істеген кезде қауіпс іздік техникасы.


Жұмысшылар термиялық цехтардың көмекші құралдарында жұмыс істеу кезінде бекітілген «өнеркәсіп кәсіпорындатырының электр қондырғыларына қызмет көрсетудің техника қауіпсізідіг және пайдалану ережілірімен» және «газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелері мен» таныс болу қажет.
Май салқындату құрылғылатырында жұмыс істеу техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды талап етеді.
Жұмысшылар соргымен, сүзгішпен және электр двиготельдарымен жұмыс істеу ережелерімен таныс болу керек. Өртке қарсы қауіпсіздік
ережелерін сақтау қажет. Майды қайта құюға жол берілмейді. Винтельдің барлығы дұрыс, ақаусыз болу керек. ғимараттың ішінде көбікті өрт сөндіргіш, құрғақ құм, киіз және жайма азбест боукерек. Май салқындату жүйесі орналасқан падвалды жерде автоматты химиялық өрт сөндіру құрылғысы болған дұрыс.
Көтеру көлік құралдырының барлығын пайдаланған кезде жұмысшыларды электрдвигательдерімен, тоқ өткізетін шлангалармен және де басқа механизмдермен жұмыс істеу білу ережелерімен таныстыру қажет.
Пневматикалық және гидравликалық қондырғылармен жұмыс істеген кезде белгіленген арнаулы нұсұаулықтан асып кетпеуі үшін жүйедегі қысымды қадағалап отыру керек.
Детальдарды тасу кезінде жұмысшы жүк ілініп тұрған кранның немесе жүк көтергіштің астында тұрмау керек.
Бақыланатын атмосфераны дайындау жұмысшыларға арнауыл білім беріп, оларға тиісті куәлік беруді талап етеді.
Жанғыш газдармен жұмыс істеген кездегі негізі қауіпсіздік ережелерінің бірі, олардың ауамен араласуына жол бермеу болып табылады, өйткені мұндай кезде жарылғыш қоспа пайда болады. Жарылысқа қауіпті атмосфера деп құрамындағы компоненттері жануға жеткілікті атмосфераны айтады, яғни егер мұндай атмосфера ауада жанатын болса, онда ол жарылғыш қоспа жасай алады. Егер атмосферада жанғыш компоненттер аз ғана 55% мөлшерінде болса, онда мұндай атмосфера жанбайды және ауамен жарылғаш қоспа құрмайды. Кестеде кейбір жанғыш газдардың ауа газ қоспасында тұтану шегі көрсетілген.
Құрамында 40% Н2 және 20% СО бар сутекпен эндотермялық газ анағұрлым жарылысқауіпті бар атмосфера болып табылатындығы кестеде көрініп тұр.
Атмосфераны пешке енгізбес бұрын қандай да бір инертті (жанбайтын) газдың көмегімен ауаны алып тастау керек. егер пештік жұмыс кемістігін жанбайтын газды бес еселеген көлемде пеште 1% тен аз оттек қалғанға дейін үллесе, оған қол жеткізуге болатынын практика көрсетіп отыр. Төрт еселенген алмастыру пештегі оттегін 3% дейін төмендетеді, бұл атмосфераның қауіпсіз енгізуге жетекілікті.
Пешті үрлеу үшін инертті газ ретінде баллоннан немесе оттегі станцияларынан шыққан техникалық азот, сондай ақ а = 0,9 -1,0 жұтқан экзотермялық газ пайдаланылуы мүмкін.
Ғимараттың ішінде кейбір газдардың болуы улануға алып келуі мүмкін. Жекелеген газдардың ғимараттарда болуға тиіс шекті мөлшері мынады, мг/ л.
Көміртек тотығы 0,02-0,03
Аммиак 0,02
Күкіртті газ 0,02-0,04
Күкіртті сутек 0,01
Бензол 0,1
Көмірсутектері 0,3
Уланып қалмас үшін құбырлар мен аппартарда сенімді қосылыстар мен төсемдер болу керек.
Құрырдың қосылған жерін ауық ауық қарап тұру қажет.

Бақылау сұрақтары:


Негізгі жабдықтарда жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы?
Қосымша жабдықта жұмыс істеген кезде қауіпсізідік техникасы?
Көмекші жабдықта жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы?
Селитр ванналар мен жұмыс істеген кездегі ерекшеліктері?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет