1.2. Педагогикалық зерттеулердің зерттеу әдістері: эмпирикалық және теориялық әдістер.
Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану зерттеу мақсатына, объектіге , зерттеудің пәніне және де зерттеу әрекеттеріне, ғылыми іс-әрекет пен зерттеу болжамдарын жүзеге асыруға бағытталады.
Зерттеушінің теориялық ойлауы мен зерттеу мәдениеті негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол зерттеуші педагогтың ғылыми фактілерді жинақтауға оны түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың бір жақтылығынан ажыратып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи талдау жасауға, оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын іздестіруге, таным мен болмыстағы қарама-қайшылықтарды шешудің тәсілдерін ашуға итермелейді. Объективті заңдылықтар арқылы анықталатын білім мен шынайы ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарын дамытатын ой-пікірлердің басқа да диалектикалық әдістерін терең түсінуге көмек көрсетеді.
Ғылыми-зерттеу әдістер: теориялық және эмпирикалық әдістерге бөлінеді. Яғни, зерттеу әдісі - күрделі таным ережелері және олар зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейді, сонымен қатар түрлі әдіс-тәсілдердің жиынтығын құрайды.
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері
|
Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері
|
Эксперимент
Бақылау
Әңгімелесу
Анкета
Сұхбат
Мектеп құжаттарын зерттеу
Социометрия т.б.
|
Әдебиет көздерін зерттеу
Синтез
Анализ (талдау)
Моделдеу
Дедукция
Индукция
Абстракция
|
Достарыңызбен бөлісу: |