Білім беру бағдарламасындағы «Педагогика»


Үшінші: абстракциялау (дерексіздендіру)



бет4/8
Дата17.10.2023
өлшемі47.77 Kb.
#480900
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
№ 2 лекция

Үшінші: абстракциялау (дерексіздендіру). Оның екі түрі бар: талдау барысында қорытындыға келу және жекеге бөлу. Талдау барысында қорытындыға келу – көптеген бірдей заттар мен құбылыстардың жалпы, ұқсас белгілерін анықтауды білдіреді. Жекеге бөлу – белгілі бір құбылысты зерттеу және талдау үшін зерттеуші өзіне қажетті қасиеттерді бөліп алып қарастыру процесі.
Дәріптеушілік- абстракциялаудың (дерексіздендірудің)– бір түрі және ол ғылыми танымның жеке әдіс-тәсілі ретінде қарастырылады. Дәріптеушілік үрдісі кезінде зерттеуші ойлау арқылы заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін болмайтын жаңа түсінік, белгі ендіреді.
Төртінші: тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдіс арқылы эмпирикалық деректерге қортынды жасалады, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай логикалы салдар айқындалып, жүйеленеді.
Бесінші: ұқсастыру әдісі. Бұл әдіс заттар мен құбылыстардың жалпыға бірдей, ортақ екендігін айқындау барысында іске асырылады.
Алтыншы: теория жүзінде мүмкін жағдайдың, педагогикалық құбылыстың немесе заттың моделдеу (үлгісін) жасау әдісі. Моделдеу – зерттеу нысанасына ұқсастық қатынастағы басқа бір нысанамен алмастырылатын зерттеу әдісінің түрі. Яғни, бірінші нысана түпнұсқа ал, екіншісі оның үлгісі болады. Зерттеуші үлгіні зерттеу барысында, алұан нәтижелерін ұқсастық және үйлесімділік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Үлгі және үлгілендіру әдісі түпнұсқаны зерттеу барысында қиын немесе мүмкін емес болұанда, немесе түпнұсқаны зерттеуге мол қаражат шыұынын талап еткен жаұдайда қолданылады. Үлгі мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болады. ұқсастық зерттеушінің үлгіні зерттеу кезінде алұан мәліметтерін түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әртүрлі формалары пайдаланылады. Үлгінің түпнұсқадан айырмашылыұы оны зерттеу еш қиындық туұызбайды, дегенмен оның қөрылымында үлгіге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттар, өлшемдер болуы қажеттілік. Үлгілендіру ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық бола алады. Үлгілеудің түрі зерттеу объектісінің күрделілігіне қарай таңдалып алынады.
Жетінші: болжау әдісі. Аталмыш әдіс зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің іс-әрекетін сипаттауұа баұытталады. Зерттеу жөмысының нәтижесінде алынұан нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, графиктерге, кестелерге, сызбаларға, формулаларұа, диаграммаларұа, түсініктер мен заңдарұа айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоұары деңгейі мен дәрежесін бейнелейді.
Сегізінші: математикалық және статистикалық әдіс, яғни педагогикалық қөбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындаұы сандық тәуелділікті анықтауға баұытталады. Математикалық және статистикалық әдіс арқылы нақты белгісі бар объектіні анықтап алып, оны белгісі жоқ басқа бір нысанадан ажырату барысында тіркеу әдісі қолданылады. Бұл үшін, шартты критерилер қажет, мысалы тәртіпті немесе тәртіпсіз, өзімшіл, көпшіл деп қандай белгілерге немесе критерилерге сүйенетінімізді анықтау керек. Ал тізбектеу әдісі деректердің, құбылыстардың, қасиеттердің, белгілердің жоғарылауы немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады.
Теориялық зерттеу әдістерінің аталұан түрлері эмпирикалық деректерге, олардың теориялық білім жиынтыұын құрастыруға ықпал етеді, сондай –ақ талдау жасалынып, заңдылықтардың мәні ашылып, сыртқы және ішкі факторлар анықталып, олардың мазмұнын ашуұа ықпал етеді. Эмпирикалық әдістер нысананы философиялық категория ретінде «құбылыстың деңгейінде қарастырса, теориялық әдістер оның «мәнің деңгейінде қарастырады. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері ғылыми таным деңгейлері ретінде бір бірімен диалектикалық тұрғыдан тығыз байланысты, сондықтан да жеке дамымайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет