Білім беру бағдарламасындағы «Педагогика»


Эмпирикалық зерттеу әдістері



бет5/8
Дата17.10.2023
өлшемі47.77 Kb.
#480900
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
№ 2 лекция

Эмпирикалық зерттеу әдістері.Эмпирикалық зерттеу әдістерінің құрылымы өте күрделі, ол грек сөзі Empeіrіa – тәжірибе деген ұғымды береді.
Алғашқы тобына бақылай отырып зерттеуді жатқызуұа болады. Бұл мақсатқа сай заттар мен қөбылыстарды зерттеу, мағлҰматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді санамен қабылдау және ақпараттарұа өзіндік төрұыдан талдау жасау; зерттеу нысанасының сыртқы көрінісі мен қасиеттері, белгілері туралы мәліметтер жинақтау дегенді білдіреді. Бақылай отырып зерттеуге, алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу нысанасы, бақылай отырып зерттеудің шарттары, сондай-ақ бақылай отырып зерттеудің құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар, қажетті құралғылар және өлшеу құрал-жабдықтары жатады.
Бақылаушы бақылау көзін, сондай-ақ қандай құбылыстарұа кӨңіл бӨлу керектігін анықтап алуы керек. Зерттеу барысында бақылай отырып зерттеу түрлерінің төмендегідей жіктемесін беруге болады:
- тікелей бақылай отырып зерттеудің, педагог-зерттеуші оқу-тәрбие жҰмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер болұанымен бейтарап адам; педагог зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кіргізілуі. Оның роліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалады;
- жанама бақылай отырып зерттеу, тікелей бақылай отырып зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның баұдарламасы бойынша жҰмысқа қатынасушылар арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу немесе бір нәрсе туралы жанама деректер жинақтайды;
- жасырын немесе елеусіз бақылай отырып зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде іске асырылады. Жасырын бақылай отырып зерттеу зерттеушіге қҰнды мәліметтер береді, егер оқушылар Өздерін бақылап отырұанын білер болса, онда олар Өздерінің іс-әрекетін қадаұалап, басқаша бейне көрсетуге тырысады.
- үздіксіз бақылай отырып зерттеу оқыту процесін, екі-үш оқушының сабақтаұы, ойындаұы, сыныптан және мектептен тыс – оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттаұы мінез-қҰлқын зерттеу барысында іске асырылады;
- монографиялық бақылай отырып зерттеу бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады;
-дискретті (үзік-үзік) бақылай отырып зерттеу нысананы Ұзақ уақыт бақылау барысында пайдаланылады.
- бақылай отырып зерттеу ұзақ уақытты қамтуы мүмкін, атап айтқанда, жарты жыл немесе бір жыл. Бақылай отырып зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейіннен қайтадан жалұастырылады;
- бір баұытты бақылай отырып зерттеу жалпы тұтастықтан зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
- бақылай отырып зерттеу , іздеу көп деректер арасынан зерттеуші Өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады және мөндай зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет. Бақылай отырып зерттеудің негізін- педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапалық суреттемесі мен өлшемдерінің тәртібі құрайды. Мұндағы өлшем – зерттеу нысанасын сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаұа қатынасын анықтау процесі. Сандық бақылай отырып зерттеулер мен Өлшемдер оларды математикалық Өңдеуге жол ашып, теориялық болжамдардың эксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруұа мүмкіндік туұызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет