Теориялық зерттеу әдістері. Ғылыми-зерттеу әдістерінің бір тобы теориялық зерттеу әдістері болып табылады. Бұл әдістер зерттеушіге педагогикалық құбылысқа байланысты алғашқы мәліметтерді жинақтау мен талдауға көмектеседі.
Теориялық зерттеу әдістері:
Біріншіден: Зерттеу мақсатына сай ғылыми әдебиет көздерін жинақтау зерттеудің бастапқы құрамды бөлігін анықтайды. Ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі де осыдан бастау алады. Зерттеу жұмысымен айналысушылар ғылымның өзі қарастырып отырған саласында, қандай мәселелер зерттелгенін анықтау мақсатында, зерттеу мәселесінің бұрын және қазіргі кездегі зерттелу деңгейін, оған қатысты барлық мәліметтерді сараптап, алынған тақырып бойынша әдебиеттермен танысуы керек.
Зерттеу мәселесі туралы ғылыми әдебиеттерді білу зерттеушінің ғылыми-мәдениетінің негізін қалайды. Зерттеу көзі болып отырған ғылым саласының жағдайы және оның дамуын айқындау барысында зерттеуші әр түрлі педагогикалық көзқарастар, тұжырымдар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың ішінен өзіне керекті әдебиеттерді таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білімдендіру процесіндегі қазіргі заманға сай тенденцияларды анықтауға көмектеді.
Алынған әдебиеттерді қарастыру барысында оларға талдау жасалып, салыстыру, саралау, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты іс-әрекеттер іске асырылады.
Екінші: талдау және синтездеу. Талдау (анализ) әдісінің эмпирикалық мәліметтерді механикалық төрғыдан бөлу; элементтердің тұтас құрамдағы өзара қатынас формаларын анықтау; білім құрылымының мәнін ашу; зерттеу нысанасының сипаты мен динамикасын айқындау сипаттағы түрлері бар. Талдау қарапайым сипатта болуы мүмкін және бұл талдауда элементтердің бір біріне, тұтас сипатта бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Сонымен бірге, өзара қатынастық-логикалық сипатта да болады және бұл талдаудың барысында элементтердің бір біріне қатынасы көрініс береді. Талдау кезінде зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, жоспарлар, кестелер, жүйелер түрінде жинақталады мұндай уақытта алшақтату тәртібі қолданылады, яғни күрделі пікір айтылған соң, тиянақты жинақталған сөйлесім әрекеті іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |