Релаксациялық жаттығу: «Менің қолымнан барлығы келеді»
Мақсаты: Ғажайып баққа саяхат жасау арқылы дүниенің бірлігін, біртұтастығын, әр адамның қайталанбас тұлға екенін сезінуін қамтамасыз ету, өзін бағалай білуге жетелеу. Қазір мен мәтіндерді оқимын сіздер оны естіп, елестеп, сезінулерің керек. Ыңғайлы отырып, терең дем аламыз. Көзімізді жұмамыз. Көз алдыңыз қараңғыланып кетті. Қараңғылық ішінен әдемі өрнекті түрлі-түсті қақпа пайда болды да, жарқ етіп ашылып кетті. Әрі қарай өтіңіз. Сіз тамаша бақтың ішіңдесіз. Алуан түрлі гүлдер тобы сізге қарап,сүйіспеншілікпен иіліп, тербеліп сәлем бергендей болды. Кенет гүлдер тез көбейе бастады, жүздеген мыңдаған қызылды жасылды гүлдер жер бетін жауып кетті. Шеті мен шегі жоқ… Самал жел таза ауа мен гүлдердің иісін жеткізеді. Сізді жеңілдік пен еркіндік, қуаныш сезімі билейді. «Әр гүлдің өзінше бір исі бар, өзіне тән сұлулығы бар екенің ұмытпаңыз!» Өзіңізді бағалай біліңіз. Өзіңізді де, айналаңдағылардың бәріне де сүйіспеншілікпен қарауға тырысыңыз! Сіз өзгелерге қалай қарасаңыз, сізге де өзгелер солай қарайды. Сіз өзіңізді қалай сыйласаңыз, сізді де өзгелер солай сыйлайды. Маған іштей қосылып қайталаңыз: «Мен – ол — мен» бүкіл әлемде маған ұқсайтын жан жоқ. Менің барлық жеңісім мен табысым тек маған ғана тиесілі. Менің барлық жеңілісім мен қателігім өзімдікі. Менде бәрі жеткілікті. Мен өте тамаша адаммын. Мен өмірдегі ең бақытты адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді!
Талдау:
Елестеу кезінде қиындықтар болды ма? қандай сезімде болдыңыздар?
«Ойланып көрейік» жаттығуы.
Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.
Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап таңдап алып, дәлелдеңдер. Адам не үшін өмір сүреді?
Үлгілі отбасын құру үшін.
Білім алу үшін.
Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.
Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.
Өзін өзгелерге таныту үшін.
Адал достар көп болу.
Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.
Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
Еңбекқор, адал, әділ болу
Қабілетті, дарынды болу.
Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу.
Адамдармен тіл табыса білу.
Достарыңызбен бөлісу: |