Білім беру ұйым атауы «Қарғалы №3 орта мектеп»


Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына – 145 жыл



бет5/10
Дата30.05.2024
өлшемі320.13 Kb.
#502073
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
сынып сағаты 24.05 7 А(1)

Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына – 145 жыл
Мұхамеджан Тынышбаев – теміржолшы, ағартушы-ғалым, саяси-қоғам қайраткері, Алашорда қозғалысын құрушылардың бірі және Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары, Түркістан автономиясының премьер-министрі.
Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда бұрынғы Жетісу облысы Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысындағы Жыланды тауының баурайында Әлдекеұлы Тынышбайдың отбасында дүниеге келген. 1890 жылы 14 тамызда Верный қаласындағы Ерлер гимназиясына оқуға қабылданған.
1900 жылы гимназияны үздік аяқтап, император І Александр атындағы Жол қатынасы инженерлері корпусы институтының студенті атанады. 1900-1906 жж. Санкт-Петербургтағы Жол қатынасы инженерлері корпусы институтының студентi болып жүрген кезінде түрлi тарихи жағдайлардың куәсi болды. Бұл жылдарда (1900-1906 жж.) монархиялық билiкке қарсы саяси, әлеуметтiк-экономикалық талаптағы наразылықтардың, халық толқуларының жандануымен ерекшеленедi. Осы көрiнiстердiң барлығы жас студентке өз дәрежесiнде әсер етiп, оны толғандырған қалың ойдың жауабының табылуына, бiртiндеп қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптаса бастауына жол ашты. 
Студент шағында баспасөз беттерiнде отарлық билiктi аяусыз сынайтын уытты мақалалар жазып, ел iшiнде үкiметке қарсы үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзумен айналысты. Сонымен бiрге патша билiгiне оппозициядағы орыстың түрлi партияларына (конституциялық-демократиялық және социалист-революционерлер партиялары), түрiкшiл және мұсылмандық қозғалыстарға да қатысады. Оның осы кезде жазылған атақты «Қырғыздар және азаттық қозғалыс» деген баяндама-мақаласы империя жандармериясының соңына тыңшы қоюына әкелді. 1907 жылы Жетісу облысының мұсылман халқы атынан ІІ Мемлекеттік Думаға сайлануы, оның сол кезеңде-ақ халық алдындағы беделі мен сенімге ие болғанын көрсетеді.
Кенен Әзірбаевтың туғанына  140 жыл
Кенен Әзірбаев 1884 жылы қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылында туған. Өзінің тырнақалды туындылары «Ри, қойым», «Бозторғай», «Көкшолақ» әндері осы жерде туған. Кенен 10 жасында қолына домбыра алып, ән салған. 11 жасқа келгенде тұңғыш әні «Ри, қойым», 13 жасында «Бозторғай» әнін шығарған. Содан кейін Кенен есімі халық арасында кең тарай бастайды. Бала Кенен қазақ пен қырғызға танылып, «Боздаланың бозторғайы» атанған. Кенен Әзірбаев – 200-ге жуық лирикалық, дидактикалық арнау мен толғаудың авторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет