Білім беру ұйым атауы «Қарғалы №3 орта мектеп»


Шәкен Аймановтың туғанына



бет9/10
Дата30.05.2024
өлшемі320.13 Kb.
#502073
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
сынып сағаты 24.05 7 А(1)

Шәкен Аймановтың туғанына  110 жыл 
Шәкен Айманов 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Айманбұлақ ауылында туған. Режиссердің өмір жолына көз салсақ, Шәкен Аймановтың кәсіби театрға жол тартуына қатысты жазушы Ғабит Мүсіреповтің есімі қатар аталады. Жазушы Шәкен Аймановты қойылымдарда ойнап жүрген кезде байқаған. Шәкен Айманов 1933 жылдан бастап қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театрында жұмыс істеп, 100-ден астам рөлді сомдайды. Олардың ішінде Петруччио («Асауға тұсау»), Хлестаков («Ревизор»), Қодар («Қозы Көрпеш – Баян Сұлу») және басқа да көптеген образ бар. Театрда бірнеше спектакль 100 реттен қойылды. Олардың қатарында Александр Островскийдің «Таланттар мен табынушылар», Ғабит Мүсіреповтің «Ақынның қасіреті» бар.
Шәкен театрда істеген алғашқы жылдары шағын эпизодтық рөлдерде ойнады. Сонымен қатар бір жағынан Михаил Насонов ұстаздық еткен театр жанындағы актерлер студиясына қатысып жүреді. Осы студияда әртістік өнерді үйреніп, Станиславский еңбектерімен, орыс театрының тарихымен жақын танысады, – деген еді халық әртісі Кәукен Кенжетаев. Шәкен Айманов ғұмырында 14 фильм түсіріп, 20-дан астам кейіпкердің рөлін сомдаған. Өзі соңғы рет түсірген «Атаманның ақыры» атты фильм көрермен қауымның жылы лебізіне ие болды. 1953-1970 жылдары аралығында Шәкен Айманов ұлттық киностудияның тұрақты жетекшісі және өзі ашқан Қазақстан кинематографистер одағының басшысы болды. 
Шәкен Айманов 1970 жылы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында 56 жасында көлік қағып қайтыс болды.
Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туғанына  100 жыл 
Әлия Молдағұлова 1925 жылдың 15 маусымында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Оның шын есімі – Ілия. Әкесі Нұрмұхамет Сарқұлов бай баласы болғаны үшін Кеңес үкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшырайды. Анасы Маржан қызы Әлия, ұлы Бағдатпен жалғыз қалады.
Әлия 1942 жылы Ленинградтағы №46 мектепті бітіріп, Рыбинск қаласындағы авация техникумына оқуға түседі. Осы жылдың 18 желтоқсанында аудандық әскери комиссариаттың жолдамасымен Мәскеудегі мерген қыздарды даярлайтын орталық мектепке қабылданады.
Әскери мектепті үздік бітірген Әлия өз өтініші бойынша 17 жасында 1943 жылдың тамыз айында майданға аттанды. Ол екінші Балтық жағалауы флотының 22 әскери тобы 54 атқыштар тобының бригадасы құрамында Отан алдындағы борышын өтейді. 
Әлия Молдағұлова 1944 жылдың 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданы Казалиха деревнясы үшін болған соғыста фашист офицерінің қолынан қаза тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет