Білім беру ұйым атауы «Қарғалы №3 орта мектеп»


Қазақ археологі Әлкей Марғұланның туғанына



бет8/10
Дата30.05.2024
өлшемі320.13 Kb.
#502073
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
сынып сағаты 24.05 7 А(1)

Қазақ археологі Әлкей Марғұланның туғанына – 120 жыл 
Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ ССР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Казақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961).1904 ж. 11 мамырда Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келген. Əкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы. 
Əлкейдің əкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыздарын білген, үйде халық əндері мен Абай əуендері жиі шырқалатын. Əлкей бес жасында оқып, жаза білуді үйренді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын жатқа білген. Хақанның шаңырағында белгілі ақын, ғалым Мəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ даласына белгілі басқа да адамдар жиі бас қосқан. 
Әбілхан Қастеевтің туғанына  120 жыл 
Кескіндемеші-график, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына – 120 жыл. Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеев Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылында туған. Еңбек жолын Топырақ теміржол құрылысында жұмысшы болып бастаған.
1929-1931 жылдары Қастеев Николай Хлудовтың көркемсурет студиясында оқыды. 1934-1937 жылдары білімін Мәскеу қаласында Крупская атындағы көркемсурет студиясында жалғастырды.
1942 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі болды.
Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына – 115 жыл
Ғаpифолла Қрманғалиев 1909 жылы 1 қаңтарда қазіргі БҚО, Қаратөбе ауданы, Ақкөл елді мекенінде өмірге келген. Ол жастайынан әке-шешесінен айырылып, ағайын ағаларының қолында өседі. Бала күнінен ән өнеріне жаны жақын Ғарифолла өзінің талантымен талайды тамсандырып жүрген. Ол туралы естеліктерде оның орындауындағы халық әндері асқақ та көркем әуезділігімен аспан биігіне самғап, әуелеткен сайын жан мен жүрек бітіп, ғаламат дауыс сазына дала кеңдігіне өзінің көңіл толқынысын бітістіре сыйғыза салатын. Ол аңырата, жамырата әнді төкпелеп жібергенде естушінің көз алдына арқыра шапқан арғымақтар мен қасиетті аруаналар даласының көркем келбеті оралады. Сарқырап аққан бұлақ-өзендердің, ағын сулардың дыбысы мен қырандардың көк аспанда қалықтап ұшқаны, көкті тіреген тау асқақтығы, азаткер асқақ жырдың иесі Махамбеттің өр өлеңдерінің атойы бар бояумен, жан дүниенің сырымен Ғарекеңнің терең жүрегінің түкпірінен атылып шығып жатады. Ол салып кеткен әншілік мектептері басқаша орындаушылық шеберлік пен даралықты керек ететін қасиетке ие дейді көпшілік. Ғарифолла Құрманғалиев орындаған әндер әлі де халық құлағынан кете қойған жоқ. «Айнамкөз», «Ақ кербез», «Боз жорға», «Үлкен айдай» және тағы басқа халық әндері Ғарифолладай өз әншісін іздейтіндігіне күмән жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет