Білім беру ұйым атауы «Қарғалы №3 орта мектеп»


Қорытынды: Өміршеңдік ережелер



бет4/10
Дата30.05.2024
өлшемі320.13 Kb.
#502073
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
сынып сағаты 24.05 7 А(1)

Қорытынды: Өміршеңдік ережелер.


Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:

  • Жігер деген  Мен.

  • Күш деген  Мен.




  • Махаббат деген  Мен.

  • Кешірім деген  Мен.

  • Құдірет деген  Мен.

  • Жасөспірім деген  Мен.




  • Даналық деген  Мен.




  • Денсаулық деген  Мен.

  • Жарқындық деген  Мен.

  • Бар ғажайып деген  Мен.

  • Бәрі маған байланысты.

  • Бәрі менің қолымда!!!  деп өзіңізді сендіріңіз.

Александр Затаевичтің туғанына – 155 жыл
Қазақстанның халық әртісі, этнограф, музыка зерттеушісі, композитор Александр Затаевич 1869 жылы Ресейдің Орел облысында дүниеге келген. Ол алғашқы музыкалық білімін сол Орёл қаласындағы әскери гимназиядан алған. Біраз жыл бойы Варшава консерваториясы жанынан шығатын «Варшава күнделігі» аталатын газетте музыка рецензенті қызметін атқарып, орыс, батыс классиктерінің шығармаларын, сондай-ақ халық музыкасын насихаттаумен айналысқан. 
Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 1920 жылдың басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А.Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. Ол жатақханаларды, мектептерді, құрылыстарды, орта дәрежелі оқу орындарын, казармаларды аралайды, съезге, конференцияға, кеңестерге келген қазақтардан ән жазады. Базар, театр, концерт орындарының фойелерінде кездескендердің бәрінен де жазып алады. Бала жасынан кіршіксіз еститін құлағы жасы 50-ден асқанша көрмеген елдің музыкасын жаза баспай нотаға түсіруге мүмкіндік береді. 
Бірақ өмірін музыкаға бағыштаған А.В.Затаевич әнді қалада отырып тек кездейсоқ келгендерден жазып отыруды жөн көрмеді, елге шығады, Жайықтың бойын, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы далаларын аралайды. Замандар бойы жабылып жатқан қазақтың ән қазынасын көтереді. Қазақтың көл-көсір мұрасын жинақтауды өзіне парыз санаған жанның бірі. Ұлты басқа болса да, жер орта жасқа келгеніне қарамастан, 1920 жылы қиын-қысталаң кездерінде кездескен көлік атаулымен, болмаса, жаяу-жалпы аралап, халқымыздың ән-күйлерін музыка белгілерімен (нотамен) хатқа түсірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет