Карпова
Елена
Григорьевна.
Якутияның білім беру және ағарту мекемелерінің
тарихи-педагогикалық тұжырымдамасы (1917-1945
жж.) дәуірдің
10
Культурно-
просветительные
учреждения
Якутии:
история,
теория,
педагогическая
деятельность: 1917-1945
гг.: дисс. док. пед. наук:
13.00.01. 2007. С-381.
Москва.
Моск.
гос.
гуманитар. ун-т им. М.А.
Шолохова.
мәдени-тарихи контекстіне енгізілген педагогикалық
құбылыс ретінде қарастырып, ХХ ғасырдың бірінші
жартысында
Якутия
МАМ-ның
/мәдени-
ағартушылық мекемелерінің/ аймақтық қызмет
жүйесін құру мен дамытуды, әлеуметтік бағдар,
әлеуметтік-мәдени қызметті жүзеге асырудағы
жұмыстары мен білім беру мен оқыту мекемелері
жүйесінің қалыптасуы мен дамуын қарастырған
ғылыми-зерттеу жұмыстардың бірі болып табылады.
1917-1945 жылдардағы оқу жұмыс жоспарлары, оқу
бағдарламалары және тәрбие үдерісінің бағыттарына
арналған әдістемелік құжаттама мен ережелерді
Якутия халқының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерін
мәдени-ағартушылық
мекемелерінің
қызметіне
негіздей отырып жалған жолмен жақсарту әрекеттері
талданады.
[15,16,17,18,19,20,21,22,23]
Яғни, педагогика ғылымындағы білім беру тарихының тұтастық өзек
бірлігі мен жүйелік сипатын ашатын мәнге ие болу. Қай кезең де, не қандай
қоғамдық құрылым болмасын ұрпаққа берілетін тәрбие мен білім мазмұнын
анықтау, педагогикалық жүйе құру басты міндеттердің бірі ретінде
қарастырады және оның өзегі
–
бастауыш білім беру болып табылады.
Бастауышта оқыту мен ондағы білім мазмұны қоғам құрылысындағы
әлеуметтік ортаның сұраныс талабына, қоғамдық құрылымның бет алудағы
даму бағытдағы саяси-идеялогиялық, әлеуметтік-мәдени тағы басқа да
салаларының қатынастық жүйесіне өзара байланысына тәуелді болады.
Қоғамдық құрылымның идеологиялық бағытты дамуына орай білім берудің
мазмұны және оны оқытудың әдіс-тәсілдері жетілдіріліп, жаңаша міндеттер
ғылым мен техниканың дамуына орай анықталып, оны ұйымдастыру
жолындағы формалары да заманауи сұранысқа лайықты шығармашылықпен
жетілдіре отырып, сол кезеңде туындағын міндеттерді шешудің жаңа
жолдары айқындалып отырған. Сондықтан да біз қарастырып отырған
кезеңдегі мектеп жүйесінің жаңа қоғамдық құрылымның бағыттық
идеологиясының аясында өзгеріске түсе отырып, дамуындағы заңдылықтар
деп қарастырамыз.
42
Әрине, озық үлгілері мен сол тарихи кезеңдегі орын алған қоғамдық
және әлеуметтік т.б. мәселелердің кері зардаптарының орын алғандығын және
олардың ұлттық болмыстың сақталып қалуы мен дамуына келтірген
залалында да жоққа шығара аламаймыз. Себебі, 1915-1941 жылдардағы
қоғамдағы
саяси-идеологиялық,
құқықтық,
қаржылық-экономикалық,
әлеуметтік-мәдени т.б. саладағы өзгерістер оқу-ағарту жүйесін қайта құру
жұмыстарымен негізделеді. Яғни, мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарының
мазмұны,
әсіресе,
бастауыштағы
педагогикалық
үдерістердің
ұйымдастырылуы мен өткізілуі сол кезеңде жаңаша құрылған қоғамдық
құрылымының ықпалының аясынды жүргізілді.
Бүгінгі мемлекетіміздің даму бағытына орай халқымыздың басынан
өткізген қоғамдық өміріндегі тарихи тәжірибелеріне қазіргі түсініктегі тұнық
оймен қарап, жаңа көзқарастық тұрғыдағы пікір қалыптастыратын іздену мен
зерттеушілік жұмыстарын жүргізу және оларды объективті түрде зерделеу
заманауи қажеттілік. Өйткені, жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі оқыту
жұмыстаранда орын алатын бүгінгі және келешектегі туындайтын көкейкесті
мәселелердің оң шешімін табуда
–
өткеннің оқу-ағарту салаласындағы тарихи
тәжірибелерін жетік білу талап етеді. Тәлім-тәрбиеге қатысты барлық
мәселелерді жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
Біздің қарастырып отырған 1915-1941 жылдар аралығындағы оқу-ағарту
жұмыстарындағы
бастауыш
мектептердің
даму
кезеңдерін
және
педагогикалық жүйе негіздерін үшке бөліп қарастыруға болады.
1 кезең 1915-1917 жылдар қазақ жеріндегі бастауыш мектептердің
орыстандыру пиғылдағы миссионерлік саясат аясындағы педагогикалық
жүйеден алшақтау барысы және ұлттық жазу таңбасының /төте оқу/ түзілу
негізінде ұлттық бастауыш мектептердің құрылу, оқушылардың ана тілінде
білім алуының басты жылдары.
3 кезең 1918-1929 жылдар аралығы – ұлттық бастауыш мектептердің
дамуы және ыдырауы. Қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту міндеттеу, оқу
жоспарлары мен бағдарламаларды, оқулықтарды жазу және мазмұндық
құрылымының жүйелік сипатын бір орталықтан басқарылатын кеңестік қоғам
құрлысындағы идеологиялыққа бағындырудың жүзеге асырылуы.
4 кезең
1930-1941
жылдар
аралығы
кеңестік
қоғамдағы
орталықтандырылған білім беру жүйесінің дамуы және қазақ жазу таңбаларын
/латынға көшу/ өзерту, жасынды саутсыздықты жою жұмыстары мен орыстың
қолданыстығы жазу /кирилицаға/ таңбасына өту кезеңі.
Жоғарыда
баяндалып
берілгендей
Қазақстандағы
1915-1941
жылдардағы бастауыш мектептердің тарихын қарастырғанда сол кезеңдегі
оқу-ағарту жұмыстарының құрылымдық жүйесі мен деңгейлері өзіндік
ерекшелік сипатқа ие және оларды кезеңдер бойынша жүйелеп, талдаулар
жасап, мазмұндық құрылымын ашып беруге ұмтылыстар жасаймыз. Білім
беру тарихындағы қазақ жеріндегі бастауыш мектептердің тарихын
толықтыру және сол кезеңде жүргізілген оқу-ағарту жұмыстарының
педагогикалық жүйесінің дамуын анықтау мен оған негіз болған алғы
шарттарын қарастыруға, анықтауға мүмкіндік жасайды. 1917 жылғы қазан
43
төңкерісіне дейін патшалық Ресейдің орыстандыру-отарлау саясатының
құрбаны болып, кейінгі жаңа қоғамдық құрлыстағы орын алған кеңестік
жүйенің саяси-идеологиялық шырмауына ілігіп қазақ ұлтының өзіндік даму
жолында жас ұрпаққа берілетін рухани құнды тәлім-тәрбиелік мұраларының
өзіндік жүйесі жойылуы оырын ала бастады. Мәселен, бастауыш білім
берудегі жадидтік, ұлттық, т.б. мектептер мен медреселер негізіндегі орта
арнаулы және жоғары оқу орындарының мазмұндық құрылымы бұрмалауға
ұшырады. Біз осы жағдайды ескере отырып, өз жұмысымызда Қазақстандағы
1915-1941 жылдар аралығындағы оқу-ағарту саласындағы бастауыш
мектептердің құрылымдық жүйесіне және оның дамуы жайындағы
мәселелерге тарихи-педагогикалық тұрғыдан объективті факторлерге сүйене
отырып мазмұнын ашпақпыз.
Патшалық Ресей қазақ жерін толық өз қарамағына қаратып, жеке билігін
күшейту негізінде ХІХ-ғасырдың 60 жылдарынан 1917 жылға дейін түрлі
әкімшілік-саяси реформалар жасап, жүргізді. Патша үкіметі қазақ жерін
бағындыру, отарлау саясаты ерте заманнан-ақ жоспарланып іске асырылып
келді. Қарамғына енген қазақ және Орта Азиядағы халықтарды «тарихи емес»
екінші санаттағы елдер қатарына жатқызып, өздерін олардан «артықшыл»
идеиясында ұстады. Қазақтардың көшпенді мәдениет пен тұрмыс тіршілігін
«Алғашқы қауымдық», «жабайылылық», «артта қалғандық» т.б. тұрғыдағы
түсінік ойлар қалыптастырып, төмен санады. Отарлаушылық саясаттағы
патшалық Ресей үкіметінің басқару әкімшілігіне қазақ халқының бағынышты
және тәуелді болуының себептері оларды езгіге алу заңды деп қарастырылды.
«Қазақтарды орыс билеушілері адам қатарына қоспай, оларды өмір сүруге
құқы жоқ, жағымсыз тіршілік иесі ретінде қарады, сондықтан да түрлі зорлық
пен зомбылықты бастан кешіруге тура келді», - бұл сол кездегі отарлау
саясатының мазмұнын ашып береді [86].
Қазақ жерін жерін бағындыру арқылы жалпы Орта Азияға ықпал
жасаудың саяси жүйесін жүзеге асырып отырды. Бұнда түркі тілдес
халықтардың арасына ала ауыздық туғызу жоспарларын жүргізіп, оларды бір-
біріне қарсы қойып, арандатып отырды, іштей іріткі салу арқылы түбірі бір
туыс халықтардың бірлігін бұзу, жауластыру арқылы оларды тоздыру үкімет
саясатының басты міндеті болды. Яғни, бөлшектеу арқылы билік жүргізу
тәсілін басшылыққа алып отырды. Онда, жанашыр және қолдау ниетін
білдіруші ретінде кейіп жасап, жасырын, астыртын арандатулар жүргізу.
«Бұратаналарды орыстандырудағы отандық қарым-қатынас жасау орыс
мемлекетінің міндеті және тағы бір міндет оларды орыс құрамына ендіру, яғни
кіріктіру бір бүтін мемлекеттік саяси организмге айналдыру» - деп саяси-
идеологиялық мақсаттағы миссионерлік пікірін ашық білдірген [87].
Яғни, қазақ халқына және Орта Азиядағы түркі тектес өзгеде халықтарға
ұстанған мемлекеттік жүйеннің саяси идедологиялық бағыты анық көрінеді.
Патшалық ресей кезеңіндегі Ресейдің шет аймақтарында орналасқан
халықтарды орыстандыру барысында ағарту минстрлігінің білім беру
жүйесіндегі миссионерлік-педагогикалық жүйесі қолдау тауып, мемлекеттік
саяси иделогияны жүзеге асыру шараларында орыс, кейіннен ашылған орыс-
44
қазақ, ал кейбір еңбектерде аралас мектеп атауымен берілген типтегі
мектептер құрылды. Бұнда орыс мектебінің педагогикалық қызметтегі
атқаратын жұмыстарының мазмұны анық. Ал, орыс-қазақ немесе аралас
мектептердің басты мақсаты мен ондағы педагогикалық қызметтің мазмұны
миссиорнерлік болып, отарлаушы мемлекеттің мүделік саяси идеологиясы
орындаушы және оны жүзеге асыратын құрал ретінде жұмыс жасады. Бұндағы
айтылған миссионерлік-педагогикалық жүйені іске асырушы деп түйіндеген
ойларымызға сол кездегі патшалық Ресей үкіметінің оқу-ағарту саласын
басқарушы министірлігінің арнайы нұсқаулық ережелері мен құпия белгісі бар
құжаттары мен жылдық берген есептерінің мазмұнында ашық жазылған.
Мысалы, «Орыс державасының шет аймақтарында білім беру жұмыстары
өзіндік сипатта миссионерлік бұл өзіндік сипатындағы рухани соғыс,
соғысушы екі жақ өз жоспарларын жария етпейді», - дей келе, «Орыс
мектебінің көмегімен Түркістан өлкесінде орыстандыру саясаты ұстанылды»,
- деп түсіндірмелер береді [88]. Бұл саяси идеологиялық бағыттың
миссионерлік жұмыс қырларын отарлаушы елдің мүддесі аясында
тамырлатуды мектептер жүйесімен жүзеге асырып отырғандықтарының
дәлелі ретінде айтуға болады. Білім беру жұмыстарын басшылыққа ала
отырып, онымен бүркемеленіп, миссионерлік педагогиканы жасырын
тәсілмен астарлап іске асырып отырды. Қазақтың және өзге де түркі тектес
халықтың беделді және оқымысты, білімпаз адамдарына білдірмеуге
тырысқаны анық байқалады. «Мекемелердің мақсаты Семей облысы мен Сібір
қазақтары арасындағы қабілеті бар адамдарды сұлтандық хатшылық және
тілмаштық қызметке даярлау болды», - деген болатын [89].
Мектептегі педагогикалық үдерісте жергілікті халықтың балаларын
орысша сауаттандырып, озық ғылым-білімге үйрету мақсатын көздемеді, тек
күнделікті өмірде өзерінің саяси идеологиялық бағыттағы жұмыстарын іске
асырушы, көмекші, орындаушылық қызметте жұмыс жасайтын төменгі
сатылы мамандар даярлауды іске асырды. Бұған, «Қазақтардан нұсқауларды
мүлтіксіз орындайтын пайдалы чиновниктер даярлау» - деп айтылған пікірлер
дәлел бола алады [90].
Патшалық Ресей үкіметінің бұл бағыттағы жұмыстары 1917 жылға дейін
жүйелі түрді іске асырылып келгені анық. 1917 жылғы ақпан төңкерісі қазақ
ұлт зиялыларына өз ықпалын тигізді. Сол кездегі қазақтың оқымысты,
білімпаздарына ұлттыққа тән білім беру жүйесін қалыптастыру жолында
жұмыстар жасауға кірісті. Ұлттың жоғын жоқтаушы қазақ зиялылары бір
мүддеге – қазаққа-ұлтқа қызмет жасау жайында топтасып, түрлі салалық
бағытқа ортақтасты. Әсіресе, ұлттық мәдениетті көтеру жолында оқу-тәрбие
жұмыстарын жетілдіру, жаңаша құру мәселесіне ерекше мән беріп, оны
қазақтың жаратылыстық, танымдық, өмір сүру тәжірибесіне үйлесімді, ұлттың
болмысқа тән мазмұнда іске асыру бағытында ғылыми ізденістік жұмыстарын
үлкен ынталылықпен жасады. М. Жұмабаев бұл жайында: «1917 жылғы үлкен
толқын қалғып отырған қазақ азаматтарын да қағып оятты. Саясат һәм
шаруашылық жағынан елінің қолын жеткіземін деп ұмтылған азамат қазақ
мектебін де жаңа, жайлы, таза негізде құрмақшы болды. Қала сайын дерлік
45
курстар ашылды. Көздерінде, көкіректерінде ұшқындары бар мұғалімдер
шығарылды. Мектеп пен тірі дүние арасындағы Қытай қорғанын бұзып,
мектепті білім беріп, тұрмысқа даярлайтын келешекте ел ісінің иесі болатын
азаматтар шығаратын жер жасауға бет алды», - деп айтқан болатын [91].
Қазақ білімпаздары мен оқымыстылары топтасқан зиялылар билеуші
елдің білім беру жүйесіндегі миссионерлік бағытынан айырылу үшін қазақ
балаларының табиғи болмысына үйлесімді болатын педагогикалық жүйені
қалыптастыру мен дамытуға кірісті. Бұнда қазақтың ұлттық жаратылысының
негізігі болып табылатын тәрбие беру арқылы берілетін білім мазмұнын
жүйелеуді басты қағаидалық ұстанымдар ретінде алып отырды деуге болады.
Бұл тұрғыдағы озық ойлы пікірлер қазақтың ғұлама ұстазыдарының бірі -
Ы. Алтынсариннің өз кезеңінде қазақ балаларына арналған мектептердің
жүйесі жайлы пікірлерімен үндесіп жатқаны анық. Ы. Алтынсарин: «Мектеп-
қазақтарға білім берудің басты құралы…, біздің барлық үмітіміз, қазақ
халқының келешегі, осы, тек осы мектептерде» - деген ғылыми
тұжырымдамалық озық ойы негізге алынды. Мектепте қазақ ұлтының тілі мен
әдебиетін негізге ала отырып ана тіліде оқыту халықтың рухын көтеру, оның
даму тарихы, географиясы мен әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты, қалыптасқан
дәстүлері жайында жүйелі білім беретін ошаққа айналып, халықтың қаны мен
жанына жақын педагогикалық жүйенің қалыптасуына басты құрал болып
табылатынын рухани құндылықтарды басшылыққа ала отырып құруды жүзеге
асыру жүргілді деуге болады [92].
Қазақ жанына жақын педагогикалық жүйені жүзеге асырудың ошағы
әрине, мектеп болып табылады. Сондықтан құрылатын мектептердің жаңа
мазмұндық құрылымына қатысты озық ойлы пікірлер айтылып, соның
аясында
жастарды
тәрбиелеудегі
ұстанған
бағыттары
негізінде,
педагогикалық жүйе жасалынды. «…Қазақтың тағдыры-келешекте ел болуы
мектебінің қандай негізде құрылуына барып тірелді. Мектебімізді таза, сау,
берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз
үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» - деп М. Жұмабаев, сол кездегі
мектептің құрылымы мен мазмұны жайында айтқан болатын [91].
А. Байтұрсынов ұлт мектептерінің педагогикалық жүйесінің қалай болуы
керек және ондағы ұйымдастырылытын оқу-тәрбие жұмыстарының қазақ
балаларына жағымды, жандүние табиғатымен үйлесімді болудың басты
шартының бірі ретінде оқытудың ана тілінде екендігін негіздеді. Мысалы,
«Қазаққа керек оқу екі түрлі, бірі мұсылманша оқу, бірі русша оқу. Осы күні
алты-жеті жыл русша оқығандарымыз дұрыстап русша сөйлей алмайды һәм
жаза алмайды. Русша жақсы білуге он-он бес жыл керек. Ондай уақыт оқуға
жалпақ жұрттың бәрінің қолы жете алмайды… Мұсылманша оқуға
«мұсылманша болғанда қазақша оқуға, оншама көп жыл керек емес. Не үшін
десеңіз, русша оқығанда уақыттың көбі тіл үйренуге кетеді. Қазақша оқығанда
тіл үйренуге кететұғын уақыттар басқа нәрселерді үйренуге керек уақытқа
ауысады. Сондықтан 6-7 жыл оқып білетұғын білімдерді қазақша үш жыл
оқып білуге болады. Русша оқып дұрыстап хат жаза білуге аз болса 8-9 жыл
керек. Қазақша дұрыстап хат жаза білуге бір-екі ақ жыл керек. Қазақша оқу
46
дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолымен оқуды айтпаймын,
қазақтың тіліменен оқуды (төте оқу) айтамын», - деп жоғарыда айтылғандарға
түсініктеме береді [93]. Сонымен бірге, қазақ бастауыш мектебінің оқу мерзімі
5-жылдық болу керек деген болатын: « ...3 жыл қазақтар ана тілінде, ал 2 жыл
орыс тілінде оқу. Қазақ мектептерінің 3-жылында балалардың үйреніп
оқитыны: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрафия, шаруа кәсіп,
жаратылыс жайлы ғылымдардың негізі. Енеді, 2-жылдық орысша гимназия
немесе жалпы орыс мектептерінің бағыты. Бұдан әрі, қазақтардың қыстаулары
жиі орналасқан жерлерге келіп оқитын мектеп керек» - деген пікіріне Қ.Т.
Ыбыраимжанов төмендегідей түсінік береді. Сол кездегі қазақ бастауыш
мектебінің алдыңғы 3-жылында қазақ балаларын ана тілінде оқыту, білім
негіздерін оқушының туған тілінде қалыптастырып, беру деген құнды ойды
айтып, өмірлік тәжірибеде жүзеге асырды ал, кейінгі 2-жылда орыс мектептері
үлгілерімен оқыту дегені, қазақ балаларына Европа білім негіздерін
меңгеруіне жол ашу деген пікірі тұрды деп негіздейді [94].
Мектептің мазмұндық құрылымының халықтың жанына жақын болуы
керектігі жайындағы оң түсініктер сол кездегі айтылған ғылыми
тұжырымдамалық пікірдегі көзқарастар газет, журнал беттерінде жариялынып
отырды. Мәселен, сол замандағы орыстандыру саясатының жүйесімен
құрылған мектептерден білім алған шәкірттер мен орта қол мамандардың
даярлығы жайында: «Бұлардың 5-6 жыл оқып білгені шала-шарпы орыс тілі,
шала-шарпы орыс жазуы. Білгендері шала шарпы мұсылманша хат біледі,
білмегендері ол да жоқ… Санға саңлау түскендей я мұсылманша, я орысша
жете оқыған жоқ… «аз білгенін көпсініп, көп қазаққа мінсініп», переводчик я
хатшы болса пысықтап тікектейтіндер осылардан шығады» - деп «Қазақ»
газетінде жарияланған болатын [95]. Бұл сол уақыттағы қазақ арасындағы
орыс мектептерінің /ауылдық, болыстық, екі сыныпты мектептерде/ білім беру
ісіндегі жұмыстары жергілікті халық үшін тиімсіз, жүйесіз, мазмұндық
жағынан халықтың сұранысын қанағатандыра алмай отырғандығын және оны
бітіруші қазақ балалары білімдерін жетілдіре алмайтындығын, бұндай
мектептің пайдасы аз және орыстардың миссионерлік пиғылының аясында
ғана жұмыс жүргізетіндігі жайында түсінікті нақты береді. Сондай-ақ, қазақ
бастауыш мектептерінің құрылымдық және мазмұндық жүйесі жайлы
педагогикалық бағыттағы көзқарастар мен жеке пікірлерде миссионерлік
бағыттан алшақ кетіп, балалар сауатын ана тілінде ашуға толық жағдай жасап,
оқуға керек құралдар, оқылатын пәндер тізбегі мен жоспарларын, оқу
бағдарламаларын түзуде, жасауда ұлттық болмысқа бағындыра отырып, халық
мүддесіне қызмет жасайтын міндеттерді атқару керектігін басшылыққа алып
отырда. Сонымен бірге, алыс-шалғай жердегі тұрғындары аз елді мекенді
жерлердегі балаларды топтастырып, оларға арнайы жатып оқитын интернат
үйлерін, жатақханаларын салу жайындада ұсыныстар айтылған болатын.
Қазақ бастауыш мектебінің қалыптасуы мен даму тарихи жолына
қатысты және үлкен ықпалдары бар ұлт зилыларының еңбектеріне мән беріп,
өзіндік орнымен тануымыздың себебі, олардың оқу-ағарту саласына ат салыса
отырып қалыптастырған педагогикалық ой-пікірлері, екіншіден, бастауыш
47
мектепте арналған оқу кітаптары мен оқулықтар және осы бағыттағы
жұмыстарды жандандырудағы ғылыми-әдістемелік еңбектер жазуы,
үшіншіден, 1920 жылы қазан айында Қазақ АССР-ның Халық ағарту
комиссиаратына төраға ретінде А. Байтұрсыновтың тағайындалуы. Халық
ағарту комиссариаты және жергілікті атқару бөлімдердің міндеттері
айқындалды. Оқу-ағарту саласындағы өзекті мәселелердің шешілуін
басшылыққа алып, мұғалімдер съезі, мектеп және білім берудің
көкейкестілігіне арналған конференциялар ұйымдастырылып, қазақ
ғалымдарының съезі шақырылып, оқу-ағарту жұмыстарын жандандыру мен
баспа ісін дұрыс жолға қоюға мемлекет қазынасынан қаржылардың бөлінуін
ұйымдастырып жүзеге асырып жатты. Бастауыш мектептерге арналған оқу
бағдарламалары мен оқу құралдары жасалып, оларды басып шығару ісімен
айналысатын арнайы мекемелер (Академиялық орталық), түрлі қоғамдар
(«Талап» т.б) баспа орындарын құрды [96, 97].
Қазақстандағы халыққа білім беру жүйесіндегі түбірлі өзгерістерді
барлық жастағы жұртшылықты қамтыған ағартушылық және мәдени-тәрбие
жұмысының жаңа түрлері құрылды. Жер-жерде ликбездер, курстар, кешкі
мектептер, өз бетімен білім алу үйірмелері ұйымдастырылды. Барлық
деңгейдегі және ведомстволардағы мектептер оқуға тілек білдірушілерді
жасына, ұлтына, дініне қарамастан қарсы алды, оқуға деген талпыныс жоғары
болды. Ал 1915-1916 жылдар аралығындағы білім берудегі реформа үш оқыту
бағытына бөлінуді жобалады, ол жаңагуманитарлық, гуманитарлық және
нақты білім беру болып табылды. 1918 жылдың 23 қаңтарындағы «Шіркеуді
мемлекеттен және мектептерді шіркеуден бөлу туралы» деректер
мектептердің еркін дамуының бастауы болды. Халыққа білім берудегі қайта
құрулармен қатар басқа да шаралар аса үлкен маңызға ие болды [98].
Кеңестік
идеология аясында Қазақстанға кәсіби даярлығы жоғары мамандар ана тілінде
оқытатын мұғалімдер, дәрігерлер, механик, агроном, басқа да мамандық
иелері керек болды. Бүкіл республикада ұлттық мамандарды даярлау, үш
кезеңде жүрді: бірінші кезеңде 1918-1920 жылдары мамандар даярлау үшін
қысқа мерзімді курстарда өткізілді. Бұнда негізінен мұғалімдер мен мәдени-
ағарту қызметкерлері даярланды. Екінші кезең, 1920 жылдың басы мен соңы
мамандарды даярлау орта арнаулы оқу орындары арқылы жүргізілді, арнаулы
орта білімі бар жергілікті жастардан алғашқы мамандар тобы қалыптасты.
Үшінші кезең, 1930 жылдардан Қазақстанда қалыптаса бастаған жоғары оқу
орындар жүйесі ұлттық интеллигенция даярлаудың жаңа кезеңін бастады [99].
Яғни, қазақ зиялыларының бастауыш мектеп жайлы тұжырымды ой-
пікірлерінде мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмысын ұлттық негізге жүйелеп
құру, рухани жаңарту, жаңа белеске көтеру, оқушы жастардың сана сезімін
ұлттық таным тәрбиелік құндылықтар мен қазақи дәстүрлі дүниетанымдар
негізінде дамыту мәселелерін қарастырып, қамтитын педагогикалық жүйе
ретінде орын ала басты.
Бұл қазіргі педагогика ғылымындағы білім тарихына қатысты өткеннің
бай теориялық және тәжірибелік мұрасын түсіну қажеттігіне алып келеді.
Оларды бүгінгі білім беру мен оқыту және тәрбиелеу жұмыстарына өзек ете
48
отырып оңтайлы пайдалану жолдарын іздеумен, осы салады өткеннің
жіберген кемшіліктері мен қателіктерін қайламауға негіз болатындығымен
сипатталады. Бұл біріншіден, жинақтаған ғылыми теория мен тәжірибе,
екіншіден,
ұлттық
сана-сезімнің
дамуы,
ұлттық
болмыс
пен
дүниетанымдықты беретін білімдердің тарихына деген қызығушылықты
арттыру және қоғамдық сананың қалыптасуы мен дамуына білім берудің
ықпал жасауының өлшемін анықтауға деген таным-түсінікті, қызғушылықты
күшейтеді [100].
Қазақ жеріндегі халыққа білім беруді ұйымдастырудың жолдары жаңа
қоғамдық жүйеде өзіндік сипаттары мен көріністер тапқанымен де, бұл
саладағы басқару қызметіндегі бөлімдердің, мекемелердің сауатсыз және
ойластырылмай жасаған қадамдарының арқасында оң нәтижелер бермей
отырды. Солардың бірі ретінде, қазақтың төл жазу таңбасын /төте жазуды/
латын жазу таңбасына ауыстыру арқылы жасанды сауатсыздықты тудырып,
соны халық болып шешуге жұмылдыру ісі болды. Бұл да ұзаққа бармады ол
1940 жылдың аяғында қазіргі біздің және орыстың пайлаланыста жүрген
керилица жазу таңбасына өту болды және бұл саяси идеологиялық бағыттағы
жұмыстар ретінде орын алғаны да тарихтан анық болып отыр. Кеңестік жүйеде
жазу таңбаларын саясиландыру қазақ зиялыларының арасында өзара
алауыздық пен түсінбеушілік және ортақ мәмілеге келмейтін талас-
тартыстардың тударған құралы ретінде орын алды. Бұл кеңестік жүйенің
басқару және халықтық қадағалау мен бақылау комитеттерінің большевиктік
партиялық идеологиялық бағытты басқару қарамағына алуына мүмкіндіктер
туғызды және қазақ зиялылары солардың құрбанына айналды [101]. Мысалы,
1924 жылы Қазақстанда латын жазу таңбасы негізіндегі әліпбиіне көшу және
латын графикасын жақтаушылар мен араб жазу таңбасы негізінде жасалған
қазақтың төлтума /төте жазу/ әлипбилерін қолдаушылар арасында ғылыми
бағыттағы пікір таластар жүрді. 1926 жылы желтоқсан айының 10 шы
жұлдызында өткізілген кеңесте орын алған пікір-таласта С. Садвакасов:
«...Мәскеуде мен бұл мәселенің көптеген білгірлерін, профессорлар Жирков,
Яковлевті және басқаларды көрдім, олар араб алфавиті жазудың және
сауаттылықты игерудің оңай тәсілі мағынасында әртүрлі нүктелерінің
көптігімен бүкіл әлемде бірінші орынға ие деп мәлімдеді» - деген өз ойында
білдірген болаты [102].
Кеңес үкіметінің құрылған алғашқы кезеңдерінде Қазақстандағы халық-
ағарту жұмыстарының басы-қасында қазақтың зиялы қауым өкілдері
–
А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Т. Шонанов, Х. Досмұхамбетов,
Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ә. Бөкейханов, т.б. білімпаз, педагог-ғалымдар
топтасып жұмыстар жасады. Қазақ ұлтының өркендеп дамуына, жастардың
білім алып, оқымысты, білімпаз, ғалым болуларына өнеге көрсететін мәдени-
рухани орта қалыптастырып, дамытты. Бұл тұрғыдағы рухани орта қазақ
халқы жастарының оқу-білімге деген құлшыныс, ұмтылысын арттырып, оқу-
ағарту жұмысын жаңа заман талабына сай жүзеге асыруға оң ықпалын тигізді.
Мектеп құрылымы, ондағы білім беру мен оқыту мазмұны, пәндер-оқулықтар
жүйесі және олардың ғылыми негіздемесі, білім берудің бағдарламасы,
49
оқытудың әдіс-тәсілдері, оқуды ана тілінде ұйымдастыру мен бастауыш білім
берудің өзіндік ерекшеліктері мен ғылыми-әдістемелік құрылымына мән
беріліп, көңіл аударылып отырды. Бастауыш мектептерге оқулықтар мен оқу
құралдарын жазу, оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету мәселелері мен
мектептегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда қажетті ғылыми-
техникалық базамен, дидактикалық материалдармен толықтыру, жабдықтау
және заманауи талапқа сай мұғалім мамандарын дайындау мен оларды
оқытатын арнайы оқу орындарын құру жұмыстарына тікелей ат салысып
отырды. Сонымен бірге орын алып отырған сауаттсыздықта жою жұмыстарын
жүйелі және сапалы орындауға мән беріліп, оларды шешуде өз үлестерін
қосып отырды.
1926 жылы қабылданған «Қазақ АССР бірыңғай еңбек мектебінің
жарғысында» оқу жылының ұзақтығы 8 ай болып бекітілді және бұл
мектептерде оқу-тәрбие жұмысының жүйелі жүруіне негіз болды.
Дегенмен, оқу-ағарту саласындағы қол жеткізген жетістіктермен бірге
бірқатар олқылықтар орын алғандығы шындық – бұны сол кезеңдерге тән
құбылыстар ретінде түсінуге болады:
1. Мектептегі оқу қарашада басталғандықтан бірінші жарты жылдықтың
оқу жоспары орындалмаған;
2. Мектептерде жазу-оқуға қиындық туған себеп
–
ескі орфографиямен
жазылған оқулықтардың пайдалану болды, ол өз кезегінде оқушылардың білім
деңгейі төмендеуіне себепші болды /оқу техникасы мен көркем жазуға/;
3. Мұғалімдер педагогикалық үдерісте оқытудың әдіс-тәсілдерін жетік
пайдаланбады /сахналық әдіс, саяхат, лабораториялық, бақылау, тәжірибелік,
қоғамдық-пайдалы жұмыс т.б./;
4. Клубтық-үйірме жұмыстар сапалы ұйымдастырылмады, өткізілмеді;
5. Мектептерде дене тәрбиесі мен әскери-патриоттық іс-шаралар
жұмыстары нашар жүргізілді;
6. Оқушылардың ата-аналармен жүргілетін жұмыстар мектептің
материалдық-техникалық жағынан жабдықталу мәселесі аясында ғана
жүргізілді.
Бұндай кемшіліктер қай уақытта болмасын қоғамның даму мен заман
талабына сай ғылым мен техниканың дамуына байланысты орын алып
отыратын мәселе екендігі анық. Осыған орай Қазақстанның түрлі
аймақтарында оқу-ағарту саласы мен мәдени өмірінің көрсеткіштері әртүрлі
деңгейде болғаны анық. Жаңа қоғамдық құрылымның саяси-идеологиялық
бағыты мен мазмұнына үйлесімді келетін, жаңа жүйе тұрғысында тұрақты
ұстанымы бар көзқарастағы адамдар қажет болды. Өйткені, жасанды жолмен
жасалынған сауатсыздықта жоюға ат салысатын, сол тарихи кезеңде жазу-
оқуға және хат тануға үйретумен қатар, әрбір жеке адамды саяси-
идеологиялық
тұрғыдан
қайта
тәрбиелеу,
жаңаша
көзқарасын
қалыптастыруды жүзеге асырып, қоғамның кез келген мүшесін социалистік
идеологияның жаршысы болуы керек екендігін іске асыру.
Жаппай сауатсыздықты жою жұмысын қарқынды жүргізудің басты
міндеті жалпыға бірдей бастауыш оқуды жүзеге асыру еді. 1930 жылдың
50
тамыз айының 27-ші жұлдызында Орталық Атқару комитеті мен Қазақ АССР-
нің «Қазақ АССР-да жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді енгізу»
қаулысы шықты [103, 104].
Бастауыш білім беру мен сауатсыздықты жою жұмыстары барлық жерде
ауқымды өріс алады. Зерттеуші Ә.І. Сембаев 1930 жылдың жазы мен күзінде
орындалған жұмыстар жайында өз ойын: «Әрбір ауданда жалпыға бірдей
оқудың жұмыс жоспары жасалды, әрбір колхозда, жұмысшы поселкесінде,
қалада, совхозда, басқа да елді мекендерде 8-11 жастағы балалар мен 12-15
жастағы жасөспірімдер саны анықталды, ұлты көрсетілді, қазақ халқы
отырықшы болып қоныстанған аудандарға ерекше көңіл бөлінді, бұл
аудандардағы халықтың келешекте қаншалықты өсіп, көбейетіні есепке
алынды. Бұған 1926 жылғы халық санағының мәліметтері пайдаланылды.
Мектеп жасындағы балаларды есепке алу материалдары негізінде барлық
аудандық атқару комитеттері мен қалалық кеңестер 1930-1931 оқу жылына
қарай 1-ші бастауыш мектептер санын бекіткенде, сегіз жастағы балалардың
бәрін барлық жерде тегіс оқуға тарта алатындай етіп бекітті.
1-ші бастауыш мектеп жоғары-төменді төрт бөлімі бар төрт кешенді
мектеп болды. Оқушылардың санына қарай екі кешенді және бір кешенді де
бола алатын еді. Сынып-кешендердің саны бір мұғалімге 42 оқушы есебімен
белгіленді. Қазақстанда тұратын аз ұлттар мектептерінің ойдағыдай дамуына
көңіл бөлінді.
Бастауыш мектепті бітірмеген ересектерді барлық жерде міндетті түрде
оқуға тарту үшін 1930-1931 оқу жылына қарай бастауыш жаңа мектептер ашу
жоспары жасалды. Бұл мектептер ерекше оқу жоспары бойынша, оқытудың
тездетілген формалары негізінде оқыта бастады. Ересектер мектептер аз
кездегі жалпы мектеп үйлеріне орналастырылып, оларды толықтырды, дербес
ауыл болып оқытылды. Кейбір көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың
жағдайына сәйкес, бір мектептің қамтитын жерінің аумағы 3 шақырымға дейін
кеңейтуге рұқсат етілді, бірақ мұнда да балаларды көлікпен апару, көлікпен
алып қайту немесе интернат, жақсы жатақхана ашу, әлеуметтік жағдайы төмен
отбасының балаларын тамақтандыру міндет етілді. Басқа мекемелер
орналасқан мектеп үйлері босатылды. Әміршіл-әкімшіл жүйе күш қолдану,
адам құқын аяқ асты ету әдісін де қолдана берді. Жергілікті Кеңестер мен
халық ағарту бөлімдері байлардың тәлкіленген үйлерін, бұрынғы шіркеу,
мешіт үйлерін есепке алып, мектепке пайдаланды, жеке меншіктегілерге
мектеп үшін жалға алуға шарт жасасты [5, 105].
ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда бастауыш мектеп ашу мен құру
және сонымен бірге жалпы саутсыздықты жою туралы жұмыстар бірлесе
жүргізілді. Қазақстанның өңірлерінде бұл бағыттағы саяси-иделогиялық және
жалпы сауаттылық мәселесін бағытындағы жұмыстар барысы талқыланып
отырды. Қазан төңкерісінен кейінде бұл тұрғыдағы жұмыс мемлекет алдында
тұрған басты міндеттің бірі ретінде үлкен мәнділігін жоғалтпады. Дегенмен де,
өз дәрежесінде нәтижелерге жете алмағындығы да шындық. Себебі, қазақ
халқының көшіп-қону өмір салты және осыған байланысты елді мекендердегі
оқу-ағарту, жаңа қоғамдық жүйедегі мәдени ошақтармен байланыстардың
51
тығыз болмауы әрі, мұғалім мамандардың тапшылығы, мектептердің
материалдық техникалық базасының жабдықталуының төмен деңгейде
болуыда өзіндік кері ықпалын тигізіп отырды. «1920 жылғы санақ мәліметі
бойынша жеке /Шығыс Қазақстан/ облыстағы бүкіл халықтың тек 12 пайызы,
яғни 1565 адам ғана сауатты болды. Хат танымайтын ер адамдар – 84 пайыз,
әйелдер – 92 пайызды құрады» [106]. Дегенмен, бұндай мәліметтердің
кездесетіні анық, бірақ, бұндағы сауттылықты орыс тіліндегі ме, жоқ әлде
қазақ тіліндегі сауттылық па және оның ішіндегі жеке ұлттар жайындада
нақты ашып келтірілген деректер айтылмағандығы орын алып отыр. 1920
жылы желтоқсан айында осы жылдың қыркүйек айының 17 жұлдызында
қарастырған: «8 бен 40 жас арасындағы тұрғындардың сауатсыздығын жою»
туралы декреттің жүзеге асыруға бағыттаған Түркістан Республикасы халық
комиссарлар кеңесі сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссиясының
ережесі бекітілді [107]. 1924-1925 оқу жылында бастауыш білім беру мен
сауатсыздықты жою жұмыстары оң нәтиже бере бастады. Оған себеп, қолдан
жасалған аштықтың аяқталуы және ауыл шаруашылық саласының жүйелі
жұмысқа арнасына түсуі болды. Сондай-ақ, қазан төңкерісінің 10 жылдығына
дейін Қазақстанда «Сауатсыздықты жою» мен мектеп және бастауыш білім
беру жұмыстарын жүйелеу мақсатында 1924 жылдың басында құрылған
Бүкілодақтық қоғамының қазақ бөлімшесі ұйтқы болды деуге болады [108].
Бұл 1924 жылы Орта Азия республикаларын ұлттық – территориялық
ауқымын анықтау нәтижесінде ғана мемлекеттік құрылымдар қазақтар мол
қоныстанған Сырдария және Жетісу облыстары мен Түркістан облыстары
біріктіріліп Қазақ республикасы болып құрылуы еді [109].
Алайда, мектепке арналған ғимараттардың жоқтығы оқу-ағарту
жұмыстарының басты қиыншылықтары ретінде орын алып отырды. Бар – деп
саналған мектеп ғимараттары өте тар, мектептегі педагогикалық үдерісті
ұйымдастыру мен өткізуге сәйкес келмейтін. Осындай себептен сан мың бала
оқуға тартылмай қалды, мектепке бара алмады. 1929 жылдың аяғында
жекедеген өлкедегі 1 басқыш мектептеріндегі оқушылар санының пайыздық
көрсеткіші 40-қа жетті [110].
Сол кезеңдегі жаңа құрылымдағы қоғам мүшелері мен қазақтың зиялы
қауым топтары білім беру мәселесі, соның ішінде бастауыш мектептерді
дұрыс жолға қою жайында қаншама жұмыстар жасағанымен де бастауыш
білім беру кезеңіне арналған күрделі мәселені түбегейлі шеше алмады,
мектептер жетіспеушілігін әрдайым орын алып отырды. Ал, жаңа құрылған
үкіметтің басқару орталығы мен өңірлік бөлім басшылары жаппай бастауыш
білімді енгізу жайлы ережелер мен нұсқау және қаулы, шешімдерін жиі
қабылдады. Бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру барысындағы орын
алған түрлі кемшіліктер мен туындағын қыйындықтарды жоққа шығара
алмаймыз және бұлар бастауыш білім беруді жүзеге асырудағы әрекеттер
екендігін түсінеміз. Өкінішке орай, ұлт оқымыстылары мен білімпаздарының,
яғни, ғалымдардардың бірлесе күш салысып құрған қазақ ұлттық бастауыш
мектебінің жойылуына алып келді, сонымен бірге қазақтың жазу таңбасын
латын қарпінің жазу таңбасына ауыстыру іске асырылды. Бұл сол кездегі
52
кеңестік қоғам билігінің қазақ ұлтына арнайы жасаған тағы бір рухани
соққысы болды деуге болады.
Оқу-ағарту саласындағы жұмыстарында – мектеп ашу, бастауыш білім
беру мен сауаттылықты арттырулар – ұлттық мәдениет пен жеке адамға ықпал
жасау барыстары саяси-идеологиялық үстемдікті жүзеге асыру аясында
жүзеге асырылды. Халықтың мүддесіне емес, қоғамдағы билікті іске асыру
бағытындағы ойластырып жасалған жазу таңбаларын /алфавит/ реформалауды
жүзеге асыру осы саладағы жұмыстарды қиындатып, сауатсыздар санын
көбейтті, мәселен, ХХ ғасырдың бас кезімен 40-жылдар аралығында бір
адамның өзі үш рет сауат ашуына тура келді. Сол кезеңдегі 1915 жылдан араб
әріптері
негізіндегі
қазақтың
төлтума
қарпінің
/А. Байтұрсынов түзген/ жасалуы, 1930 жылдан латын таңбасына көшіру, 1940
жылдан орыстың жазу-оқуындағы кириллицалық әріп табасының енгізілуі.
Оқу-ағарту саласындағы бұндай әрекеттер қазақтарға бір ортадан әкімшілідік
басқару жүйесін орнату және о бастан патшалық Ресей кезіндегі саяси-
идеологиялық бағытты қоғам құрылымының атау мен сыртқы бейнесі
өзгерген мен ішкі саяси билік бұрынғы қағиданы ұстанды. Ол қазақтарды
орыстандыру, ассимиляцияға ұшырату, ұлттық болмыс пен дүниетанымына
айыру, бір мемлекеттің құрамында бір тілде сөйлеу, бір идеологиялық саяси
түсінік құрығанда ұстау, интернационализмді бетке ұстап еркіндігінен айыру,
білім алуда тек қарапайым сауаттылықты іске асырып қазақтарды орындаушы
және атқарушылық қызметтерге дайындау т.б. әрекеттерін іске асыру, асырды
да. Қазақ халқына қолдан жасалған аштық оқу-ағарту саласы мен мәдени
бағыттағы жұмыстардың дамуына тежеу болды. Мәселен, оңтүстік өңірге
қарасты бір аймақтағы мәліметке сүйенсек, 1932 жылы есептегі тіркелген
174736 адамның толық сауатсыз 110682-сі, ал оның ішіндегі 51964 шала
сауаты бар адамдардың 23801-і ғана оқуға тартылса, оқуды аяқтағандар саны
төмендеп 55057 және 11336 адам болды. Оның 47640 – қазақтар, 6268
–
өзбектер, 10309
–
орыстар, 2176-сы басқа ұлт өкілдері деп көрсетілген. Ал 1933
жылы тіркелген 163753 адамдар сауатсыз және шала сауатты болып танылған,
олардың 47643-і оқумен қамтылса, оқуды аяқтағандар 22264 адам болды [111].
1933-1934 оқу жылында бастауыш білімді алғандар мен сауатсыздықты жою
жұмысының жоспарына сәйкес орындалған 33,5 пайызды көрсетсе,
сауатсыздардың тек 58 пайызы оқуға тартылғандығы жөнінде мәліметте
берілген. Бастауыш білім мен сауатсыздықты жоюға арналып жасалған
жоспарда тұрғылықты халықтың мекен-жайы мен орналасу жерлерінің
ерекшеліктері ескерілмей жасалғандығы анық байқалады. Тек бастауыш
білімге тарту мен сауатсыздықты жою мәселесінде көбінесе қағаз бетіне тіркеу
басымшылық орын алғанды. Дегенмен де бұл бағыттағы жұмыстар халықтың
оқуға деген құштарлығы мен ынтасы арқасында және кеткен кемшіліктер мен
қателіктерді түзей отырып дұрыс атқарылған іс-шаралардың арқасында жақсы
нәтижелер бере бастағыныда анық. Мысалы, 1926 жылы оңтүстік өлкедегі 9-
49 жас аралығындағы халықтың сауатты бөлігінің арасалмағы 14,4 пайыздан
1939 жылы 79,1 пайызға дейін көтеріледі. Ерлер арасында сауаттылық пайызы
1926 жылы 20,1 болса, әйелдер арасында 8,1 ғана болады [112]. Ал, 1939 жылы
53
сәйкесінше 87,3 және 69,1 пайызды құрайды [113]. Сауатсыздықты жою
міндеттерін шешуге мектеп жасындағы балаларды жаппай оқуға тарту да оң
әсерін тигізді. Жалпы алғанда Қазақстан халқының сауатсыздығын жою
кеңестік жылдардың айтулы табысы екені ақиқат. Оған мемлекеттік саясат өз
ықпалын тигізді. Әрине, бұл істің 20 жылдан астам уақытқа созылғаны
кемшіліктердің де аз болмағанын анық. Өйткені ересек адамды хат танытып
шығу үшін екі-үш ай жеткілікті. Ал, бастауыш мектептегі әліпбиді игеру
жүздеген мың адамдардың тағдырына оңтайлы әсерін тигізгені ақиқат.
Достарыңызбен бөлісу: |