«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»



Pdf көрінісі
бет18/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
бастауыш1

1.4 
 1915-1941 
жылдардағы 
бастауыш 
мектептердің 
педагогикалық жүйесінің жасалуындағы алғышарттар
Зерттеу тақырыбының аумағына енетін кезеңдердегі Қазақстандағы 
бастауыш мектептердің құрылыу жүйесіндегі орын алған педагогикалық 
жүйелер және оған негіз боларлық алғы шарттарды негіздеуді біздің 
диссертациялық жұмысымызда мүмкіндігінше білім тарихы бағытыны 
бойынша ғылыми тұрғыдан ашып береміз. Білім берудің дамуы мен өтпелі 
кезеңдеріндегі педагогикалық құбылыстардың орын алуы диалектикалық 
заңдылық. Бұл түрлі қоғамдық құрылымның пайда болуы мен ондағы 
басшылыққа алынған идеологиядық бағытқа және әлеуметтік ортаның 
сұраныс-талапынан пайда болатын жайттар ретінді орын алатыны белгілі. 
Сондықтан түрлі қоғамдағы сананың қалыптасуы мен түрленуі және даму 
барысында келешек ұрпақтың тәрбиесі мен олардың оқыту жұмыстарын 
ұйымдастырудағы мектепттегі педагогикалық үдерісті рухани қажеттіліктің 
өзегі ретінде жүзеге асыру орындау болып табылады. Осы негіздегі білім 
тарихына қатысты бізге дейінгі зерттеулердің бірқатарында педагогикалық 
алғы шарттар мәселесі қарастырылып, айтылғандарда бар. Дегенмен де, біздің 
зерттеу тақырыбымызға жақын келетін білім тарихы бағытындағы ғылыми-
зерттеушілік жұмыстарда мектептер мен оқу-тәрбие мекемелерінің құрылуы 
мен өмірлік тәжірибеде орын алуының алағы шарттары жайында келтіріліп, 
берілгендерді негізге ала отырып, біздер өз зерттеу тақырыбымыздың 
ғылымилылығын негіздеу барысында бүгінгі күн көзқарас тұрғысынан 1915-


66 
1941 жылдардағы бастауыш мектептердің педагогикалық жүйесінің 
жасалуындағы алғы шарттарын ашып бермекпіз. 
1915 жылға дейін және одан кейінгі Кеңес үкіметінің орнаған уақытта 
арлығында оқу-ағарту жүйесіндегі оқыту мен тәрбие беру жұмыстарын 
жүргізу бағыты отарлаушы мемлекеттің саяси-иделогиялық ұстанымының
басты іс-шараларының бірі болғаны анық. Мәселен, «білім тек қана 
орыстардың пайда мүддесін көздеуі керек...», сондықтан мектептерде қазақ 
тілін оқытуды тоқтату туралы жайындағы пікірлердің кең өріс алуы «орыс 
тілін оқытуды күшейту» басшылыққа алынған болатын [141].  
Жергілікті халықтың наразылығы күшейіп, жаңа әдісті мектептерді ашу 
кеңінен орын ала бастады. Сондай-ақ, мектептерде оқыту пәндерін толықтыру, 
қарастырылды және әрбір мектепке жеке ережені белгілеп, жеке 
бағдарламасын енгізіп, мектепттің алғашқы жылдарында бала оқуды өзінің 
ана тілінде оқитын болды. Осы негізден Патшалық Ресейдің халық ағарту 
саласындағы комиссиясы орыстан өзге ұлт өкілдері үшін жеке мектептердің 
қажеттілігін айтты. Және онда жеке ұлт өкілі болып табылатын балалар білім 
алудың алғашқы жылдарын өздерінің ана тілінде оқыту керектігі жайында 
мәлімдеген. Өйткені, қазақ-орыс мектептері өздеріне жүктелген орыстандыру 
жұмыстарын жүзеге асыра алмады. Себебі, қазақ ауылдары үшін орыс тілінің 
сұраныстық қажеттілігі шектеулі болды, мысалы, қазақ ауылына ұлттық салт-
дәстүрді сақтау, ұстану, әдеп-ғұрыптың күнделікті өмірде кең қолданыста 
болуы және молдалардың да ықпалы әсер етті [142 ]. 
Сондықтан да, орыс-қазақ мектептері жанынан балаларға жатақханалар 
салу жүзеге асырыла бастады. Себебі, қазақтардың қазақ-орыс мектебіне деген 
сенімін 
арттыру. 
Күнделікті 
өмірдегі 
қарым-қатынаста 
орыстық 
дүниетаныммен жақындастыру, орыс тілін үренуге баулуды жүзеге асыру 
бағыттағы айла-шаралық әдістері еді. Осы тұрғыдан да, қазақ-орыс мектептері 
жанынан жатақханалар салуды басшылыққа алды және олар оқу бастығының 
қарамағында болды. «Интернаты бар қазақ-орыс мектептері өз міндеттерін 
толық атқара алды, әрі өте тиімді болады», - себебі, бұл мектептерде жергілікті 
халықтың балалары орыс мұғалімдерінің ықпалында болып, орыс тілінде 
сөйлеуге үйренеді деп түсінді [143]. 
Орыстандыру саясаты негізінде әрбі ашылған мектеп, медреселерде 
орыс сыныбын ашу және шәкірттерге орыс тілін үйрету жұмыстары жүргізілсе 
ғана жаңа әдісті мектеп, медресе ашуға рұқсат берілетін болды. Орыс 
сыныптарын ашқан жағдайда қазақ, орыс тілін жетік білетін мұғалімдердің 
тапшылығы орын алды. Қазақ тілін үйрететін арнайы педагогикалық
курстарды ашу қарастырылған. Бұл әлеуметтік сұраныс еді, өйткені, қазақ тілі 
жергілікті тұрғын халықтар арасындағы кең қолданыстағы тіл болды. 
Мектептердің педагогикалық жүйесін құруға байланысты ұсыныстар да 
болды. Мысалы: 
1. Қазақ-орыс мектептерін орыстар орналасқан жерлерде интернатпен 
бірге салу. Қаржының жоқтығынан қазақ мектебінің ғимаратын және оған 
арналған интернатын салу жүргізілмеді сондықтан, бұл мектептерді орыстың 


67 
приходтық училищелерімен қосу, сонда мектепте екі тілді жүргізетін мұғалім 
тапшылығы жойылады. 
2. Өзге ұлтқа арналған мектептер және жанынан интернаттарды салу.
3. Алыс аймақтағы мектептерді орыс ауылына көшіру және жергілікті 
халық жинаған қаржыға интернат салынса, балаларын оқытуға құқық беру. 
Егер ондай болмаған жағдайда далалық мектептерден интернат ашу қажет.  
4. Қалалық училищелерде жалпы мұсылмандарға және қазақтар үшін 
интернаты бар дайындық орыс сыныптарын құру [143]. 
Орыс-қазақ және орыс балалары үшін арнайы ашылған орыс 
мектептеріндегі педагогикалық жүйедегі басты орын орыстық әрі 
христиандық дүниетанымды қалыптастыру мен сіңіру негізгі мақсат болғаны 
анық. Сондай-ақ, таза орыс мектебі болып табылатын мектептерде қазақтың 
және де жергілікті халықтың балаларыда оқығаны анық. Дегенмен де, бұл 
мектептер жергілікті халықтың сұраныстарын толық қанағаттандыра алмады, 
дүниетанымдық болмыстарына үйлесімді болмады. 
Қазақ даласындағы оқу-ағарту жұмыстарында жергілікті халықты 
орыстандыруда орыс тіліне үйрету үшін мектеп және олардың жанынан 
интернаттар салу тұрғылықты халықтың санасын орыстандырудағы рухани 
ықпал ету шаралары еді [144].
Жергілікті халықтың діни нанымдық ерекшеліктерін ескермей, жеке ұлт 
мектептері мен медреселер оқу-ағарту саласындағы арнайы инспекторларға 
бағындырылып енгізілген ережелерді, қабылданған шешімдерді, берілген 
нұсқаулардың мазмұндарында орыстандыру мақсаты көзделгені анық 
білінеді. Мәселен, «Өзге ұлтқа арналған білім беру шаралары туралы» 
ережеде: «мұсылман қоғамы есебінен орыс тілі мұғалімдері болмаса, жаңа 
мектеп пен медереселерді ашуға рұқсат берілмеу». «Мешіт құрамындағы 
медресе және басқа жергілік халықтың ашқан мектептерінде орыс тілін 
енгізген жағдайда жаңа мектептерді ашуға рұқсат берілген және орыс тілін 
жүргізетін мұғалім орыс тілді оқу орындарын бітірген болуы керек болды». 
Бұл орыс тілін оқытуды жергілікті халықтың мектептеріне кіргізудің амалы 
болды. Осының нәтижесінде «әрбір жеке мектептердің оқу пәндері құрамында 
орыс тілі міндетті болды» [145]. 
Дегенмен жергілікті халықтың мектепке деген көзқарастарында 
сенімділік түсінік болмады. Себебі, мектептерде орыс тілі пәнін енгізу арқылы 
жергілікті халықтың өмір салтында қалыптасқан тарихи дүниетанымдық 
болмысы мен діни нанымдық түсінігіне кері әсерін тигізетін басымдықтың 
орын алатынына келіспеді. Сондай-ақ мектептерде исламлдық діни нанымның 
негіздерінде мұсылмандық дүниетанымға тәрбиелеп, оқытатын пәндерді 
қысқартуы орын алды. Оған басты себеп, мұғалімдік семинария бітірмеген деп 
мектептерде молдалардың сабақ беруіне тыйым салды. Молдалардың 
сабақтары ұзақ уақытқа созылатындықтан орыс тілін жүргізетін 
мұғалімдермен ортақ тіл табыспады, мұсылмандық дүниетанымдыққа 
негізделген пәндер сабағының сағаттары көп болғандықтан орыс тілі пәнінің 
сабтарын өткізуге жиі кедергі жасайды деп түсіндірілген болатын.


68 
Қазақтарды және жергілікті өзге халықты патшалық Ресейдің 
азаматтығына, орысша дүниетанымдық рухқа бейімдеуге, мектептердегі 
педагогикалық жүйені бағындыру тиімді құрал ретінде қарастырып, орыстық 
саяси идеологияны шығын жағынан аз және қазақтардың шоғырланған 
ауылдарында болатын ауылдық мектептерді ашып оларды өздерінің ұстанған 
бағытына бұрып отырды. Қазақтарды ассимиляциялауға түсіруде оқу-ағарту 
саласы бойынша ықпал етуді басшылыққа алды. Өйткені, қазақтарға 
молдаларының ықпалы күшейе түсуіне, өздерінің ұлттық болмысын, 
дүниетанымын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, ұлт ретінде тарихи даму 
жолындағы жетістіктерін басшылыққа алып, оқу-тәрбие жұмыстарында 
кеңінен қолдауға мүмкіндік алатын мұғалімдердің де шығуынан қорықты.
Бұндай жағдай орын алса, онда отарлаушы елдің оқу-ағарту саласы арқылы 
жүргізіліп жатқан жұмыстары оң нәтиже бермейтіндігі және мемлекеттік
көздеген мүддесінің жүзеге аспай қалмауынан сескенді [146].  
Арнайы деректік мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда талдаулар 
жасалып, баяндалып келтірілгендер қазан төңкерісінің орын алуына дейінгі 
яғни, кеңестік қоғамдық жүйенің орнағанға дейінгі уақыттағы оқу-ағарту 
саласындағы педагогикалық жүйенің басым бағыттарынан орын алған 
мәселелер ретінде қарастырамыз. Дегенмен де, қоғамның барлық саласында 
әсіресе, білім беру жүйесінде патшалық Ресейдің ұстанған саяси-
идеологиялық бағыттағы ұстанымдары мысалы, орыс ұлтын өзге ұлттардан 
жоғары қою бағыттағы идеологиясы кеңестік қоғам жүйесінде де орын алып, 
орыстан басқа ұлттар екінші орындағы деген шовинистік көзқарастың басым 
болғандығы тарихта белгілі.
1917 жылғы қазан төңкерісінен кейінгі жылдары Қазақстандағы оқу-
ағарту саласындағы оқыту мен тәрбиелеу, білім беру ісіндегі ережелер мен 
нұсқаулар т.б. ресми құқықтық-тәртіпке негізделген құжаттардың мазмұны
түрлі шешімдер мен қаулылар арқылы мектеп және ондағы педагогикалық 
жүйенің құрылуы кеңестік қоғамдық бағыттағы мемелекет құрлысымен 
тікелей байланыста болып, жүзеге асырылып отырды. Мәселен, 1918 жылы 
қазан айының 16-шы жұлдызында қабылданған екі тарихи құжаттарда 
«РСФСР-дің бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже» мен «Бірыңғай еңбек 
мектебінің 
негізгі 
принциптерінде» 
кеңес 
мектебінің 
мазмұндық 
құрылындағы негізгі бағыттары мен басшылыққа ұстанатын педагогикалық 
жүйесін анықтауға өзек болып оны ұйымдастыруға және жүзеге асыруда 
басты құжат ретінде негізге алынды. Бұл құжаттар аясында оқу-ағарту 
жұмыстарын жүргізу Қазақстандықтарға да міндеттелді және осы құжат 
аясында жұмыстар 1920 жылдан жүзеге асырыла бастады. 
1930 жылы тамыз айының 27-ші жұлдызында жаппай міндетті бастауыш 
білім беру туралы заң қабылдауына байланысты және социалистік құрылысты 
дамытудың бір бағыты халықтың сауаттылық деңгейін көтеру мәселесіне 
қатысты 1930-1931 оқу жылында 8-11 жастағы балаларды бастауыш 
мектептегі міндетті оқытуға тарту жұмыстары жүзеге асырыла бастады. 
1931 жылы қыркүйек айының 5-ші жұлдызында өткен БК(б)П Орталық 
комитетінің жиынында «Бастауыш және орта мектептердің оқу 


69 
программалары мен режимі» туралы мәселе қаралып, қаулы қабылданып, 
кеңестік қоғамдық жүйеге негізделген педагогикалық жүйесінің аясында оқу-
тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру бағытында жаңа оқу бағдарламаларын 
жасау, сынып-сабақ жүйесін социалистік құрылысты бекіту мен нығайту 
міндеттерін жүзеге асыруды жастарды тәрбиелеу арқылы бағытты 
жұмыстарды жүзеге асыру керектігі негізделді. 
БК(б)П 16 съезінің шешімі бойынша, 1930-1933 жылдан бастып Кеңес 
Одағындағы барлық жерінде, яғни құрамындағы одақтас республикаларда 
соның ішінде, Қазақстанда да білім беруді жүзеге асыру үшін мектептер 
жүйесі жаңаша құрылып, ауылдық жерлерде 4 жылдық, қалалық жерлерде 7 
жылдық оқытуды жүзеге асыруды міндеттеу жүргізілді. 
Съездің шешіміне байланысты 1934 жылға дейін 8-12 жастағы
балаларды бастауыш мектепке оқушы ретінде қабылдап 

бірінші сатыдағы /1-
4 сныптарда/ оқыту жұмыстарына тартылып кеңестік жүйеге негізделген 
педагогикалық үдерісте білім алды. 
Ал 1934 жылдан кейін уақыттарда жалпы орта білім беру жүйесі 
кеңейтіліп 3 және 17 жас аралығындағы жасөспірімдерді оқыту мен 
тәрбиелеудегі жүргізілген жұмыстар барысында 3-6 жас аралығындағы 
балаларды балабақшада тәрбиелеу, 6-7 жастағы мектепалды даярлықтан 
өткізіп, 11 жасқа дейінгі балаларды 4 жылдық бастауышта оқушы ретінде 
оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру басшылыққа алынды. Бұл кейінгі 12-14 
жас аралығындағыларды орталау және 15-17 жас аралығындағыларды орта 
мектептерде оқытуға негіз болды.
Оқу-ағарту саласын дамытудағы негізделген заң және оны жүзеге 
асырудағы ереже, қаулы, шешімдер мен нұсқаулар жүйесінде кеңестік қоғам 
құрылысының саяси-идеологиялық негізінің аясындағы тәрбие мен оқыту 
және білім беруді ұйымдастырудың бағыттары 1941 жылға дейін жалғасын 
тапты, әрі осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде қазақтардың 
қолданыстағы латын қарпін орыстардың пайдаланып жүрген керилица 
жазуына ауыстарылды. 
 
Зерттеу аясына енген уақыттағы кезеңдерде педагогикалық жүйенің 
қалыптасуына ықпал жасаған қоғамдық құрылым мен әлеуметтік ортаның 
сұраныстары негізінде орын алған алғы шарттарды төмендегі мазмұнда 
анықтау орын алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет