«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»


Бастауышта білім беруді ұйымдастырудағы қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет23/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
бастауыш1

 
2.2 Бастауышта білім беруді ұйымдастырудағы қазақ жазу 
таңбаларының өзгеріске түсуі 
Мемлекеттегі қоғамдық құрылымның түрлі даму кезеңіне байланысты 
әлеуметтік орта қалыптастады. Саяси-әлеуметтік түсініктегі көзқарас және 
ғылымның дамуына байланысты біліми тұжырымдар, заңнамалық құжаттар 
өмірге еніп, қоғамдық дамудың бағытына орай танымдық әрі руханилылықты
қалыптастыру қайта жаңғырып, жаңа бағыттағы таным түсініктерін адамдар 
бойында бекиді. Мемлекетіміздегі саяси-экономикалық, ғылым мен техника 
және білім, әлеуметтік-мәдени бағытымыздың дамуы да күрделі өзгерістерге 


83 
ұшырауда. Бұндай өзгерістерге ұшыраудың бағыт-бағдары қоғамдағы жаңа 
саяси және әлеуметтік қатынастарды ұлттық мәдениет пен руханилылық 
қасиеттерді жастарды тәрбиелеудегі жеке тұлғалық болмысын дамыту 
барысындағы жұмыстарда өзек етіп алуға алып келді. Ұлттық жаратылыстың 
ерекшелігін беретін салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, саналық болмысқа негізделген 
руханилылыққа құрмет білдіру және дәріптеу 

ұлттық тәлім-тәрбиелік 
мұраға, ғылымға баулу және білім мен тәрбие бағытындағы жұмыстарды 
бүгінгі көзқарас тұрғысында ұйымдастыру қажеттілігін туындатады. 
Мемлекетіміздің даму болашағын бағдарлаудағы рухани жаңғыру негізі 

этникалық-мәдени білім мен тәрбиені, ұлттық болмыстағы рухани 
құндылықтарды жаңғырта отырып, жетілдіру, тарихи шындық негізін арқау 
ете отырып, ұлттық сананы қайта өрістету мен дамыту, ұлт мәселесіне 
қатысты ғылыми, танымдық білімдерді терең талдап, жүйелеп, ақиқаттық 
шындық тұрғысынан анықтап және дәлелдеп ғылыми айналымға түсіріп, 
ғалымдар мен көпшілік қауымға ұсыну қазіргі қоғамдағы, әлеуметтік ортадағы 
ұлтқа қатысты басты міндеттердің шешімін табуға ықпалын тигізетіні анық.
Мемлекетіміздің қазіргі рухани-мәдени даму барыстары қазақ жеріндегі 
бастауыш білім беру жүйесі және ондағы жазу таңбалары мен әліп-билерінің 
тарихына ерекше мән беріп зерттелуі 

білім философиясының әдіснамасының 
жетекші идеясы негізінде білім тарихының тұтастық тұғырнамасының бірлігі 
мен жүйелік сипатына бағытталған маңызға ие болуы. Қандай қоғамдық-
экономикалық және әлеуметтік-саяси құрылым болмасын басты міндеттердің 
бірі болып табылатын мәселе – бастауыш білім беру және оның мазмұны 
тарихи дамуындағы қоғам құрылысының сипатына, бағыты мен 
идеологиялық, саяси-әлеуметтік және басқа да қатынастардың бірлігіне 
тәуелді болып келеді. Қоғамдық даму заңдылықтарына орай білім берудің 
мазмұны, міндеттері және оны ұйымдастыру жолындағы формалары мен 
әдістері өзгеріске ұшырап отырады. Қоғамдық дамудың бағытына байланысты 
ұрпақ тәрбиесі жөніндегі идеялар сол тарихи кезеңдер мен жағдайларға 
негізделіп, бастауыштағы оқыту мен тәрбиелеу мазмұнының жүйесі 
шығармашылықпен дамып, тарихи-педагогикалық міндеттері жаңаша 
белгіленеді. 
Бұнда бастапқы білім, сауат ашу, дыбыстар ақылы әріп таныту, жазуға 
үйрету және оқыту мен тәрбиелеу мәселесі, жалпы айтқанда бастауышта 
оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің құрылымдары мүлдем жойылмайды, жаңа 
қоғамдық құрылыстағы әлеуметтік ортаға үйлесімді болып, өзіндік жаңашыл 
бағытта дамуға түседі. Кез келген қоғамдық құрылымда немесе мемлекеттік 
жүйеде өзіндік саяси-идеологиялық бағытта оқу-ағарту жүйесін анықтап соған 
сәйкес жастарға тәрбие беріп, оқыту табиғи заңды құбылыс болып табылады. 
Қазақстанда орын алған білім берудің тарихында қазақтардың 
қолданысында болған жазу таңбалары мен әліпбилердің түрі мен мазмұндық 
құрылымдарын мүмкіндігінше анықтаудағы басшылыққа алып, оларды білім 
философиясының әдіснамалық ұстанымдары негізінен тарихи-педагогикалық, 
ақиқат пен шындық, жинақтылық және жүйелілік болып табылатын негізден 


84 
және орын алған педагогикалық тәжірибелерді ғылыми тұрғыдан толық 
талдануына негіз болады.
Сондықтан білім мен тәрбие беру ісінің өткенін саралап, болашақты 
болжай алуға мүмкіндік алу үшін тәрбие мен білім берудің тарихи мұраларын 
жаңа көзқарас тұрғысынан қайта қарау күн тәртібіндегі өзекті мәселе. 
Қазақстандағы 1915-1940 жылдар аралығын зерттеу жұмысымыздың аясында 
қазақтар арасында қолданыста болған жазу таңбалары мен әліп-билерінің 
тарихын, білім берудегі бастауыш мектептердің құрылымдық жүйесі жөнінде 
ғылыми зерттеушілік, тарихи сараптаушылық пен талдаулық жұмыстарды 
жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Бірақ, біздің зерттеушілік тақырыбымызда 
көрсетілген 
бұрынғы 
кезеңдерде 
қазақтардың 
өткен 
қоғамдық 
құрылымдарында болған жазу таңбаларының орын алғандығын жоққа 
шығармаймыз, тек тақырыптық зерттеушілік жұмысымызға енетін кезеңдерді 
қарастырмақпыз. 
Қазақтардың бастауыштағы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарының 
тарихи педагогикалық тәжірибесін тану – сол кезеңдегі жастарды тәрбиелеуде, 
дүниетанымдық түсінігін қалыптастыру жүйесінде орнын алған тарихи даму 
жолының бүгінгі күнменен сабақтастығын анықтау, түрлі қоғамдық 
құрылымда орын алған алғашқы білім беру жүйесі және ондағы сауат ашу мен 
жазу таңбаларының өмірлік тәжірибе мен оқу-тәрбие үдерістерінде 
қолданылуы және реформалануына ұшырауларының себептерін анықтау 

бастауыш білім берудің тарихының алдында тұрған міндет.
Біз қарастырып отырған мәселеге қатысты зерттеу тақырыбымыздың 
аясына шыға отырып, бізге дейінгі жазу таңбаларына қатысты зерттеулерге 
шолу жасап кеткенді дұрыс деп ойлаймыз. Мәселен, қазақ жеріндегі бастауыш 
білім берудің даму жолына және оның алғашқы белгілік негіздеріне патшалық 
Ресей және Кеңес үкіметі кезінде қалыптасқан индетерминизмдік 
/себептіліктің жалпыға ортақ сипатын теріске шығару/ көзқарасына қарсы 
детерминизм және обьективтілік даму принципін басшылыққа алып 
қарастыруға алып келеді. Ғасырлар бойы қазақ жеріндегі бастауыш білім 
берудің тарихы тереңнен тарихи шындық тұрғысынан қарастырылмады. 
Қазақтардың жазу таңбаларының жүйесімен алғашқы оқулық 

әліпби 
төңірегіндегі айтылған пікірлер араб, латын, кириллица деп қазақтардың 
алғашқы білім алу жолында үш-ақ әліпбидің түрі болған деген әдейі әрі 
шындыққа жанаспайтын, жалған ғылыми пікірлер басымдық алып келді. 
Бұндай пікірлерді жоққа шығаруда түркі дүниесінің бесігі болып табылатын, 
қазақ даласын мекендеген түркі халықтарының көне заманынан деректік 
мәліметтер беретін тарихи, археологиялық және тіл ғылымы мен қазақ 
әдебиеті тарихының зерттеулерін басшылыққа ала отырып, көне, алғашқы 
жазулар сыртқы нұсқасына қарай, «руникалық» деп аталған. «Руна /құпия/ 
немесе қазақтың ойма жазуы 

бұл дыбыстық жазу, оның жазылу барысында 
түрленбейтін /өрнектеліп бір-бірімен жалғасуы/, яғни жеке таңбалар бірімен-
бірі байланыспай жазылады. Тіл ғылымының фонетикалық саласынан алғанда 
руна жазуы түркі тайпаларының ерекшелігін дәл бере алады деп түйіндейді. 
Руна әліпбиінің жазылу стилін тақта жазу сипатына жатқызамыз да, оқылуын 


85 
оңнан солға қарай деп дәл баса айта аламыз. Тақталы жазу әліпбилерінің 
табылу аймағымен оның хронологиялық нұсқалық үлгілерін басшылыққа 
алғанда 40-тан аса жазу тақтасының түрі анықталған» [163].
Тақта жазуының таралу аймағы / Талас, Сыр бойы, Ертіс, Іле, Орхон-
Енесей т.б./ қамтиды. Түркітанушы А. Аманжолов өз зерттеулерінде 
төмендегідей ғылыми қорытынды жасайды: 
1. Түркі тілдес тайпалар бұдан 2500 жыл бұрын әліпбиі бар жазуды 
білген және кеңінен пайдаланған; 
2. Көне түркі таңбалы құпия (руникалық) жазуы арғы ата-
бабаларымыздың 1500 жыл бойы Х ғасырына дейін қолданған төл жазуы 
[164].
Бүкіл түркі дүниесінің бесігі болған қазақ жерін мекендеген көне 
тайпалардың алғашқы білімі мен сауаттылығы жөнінде ақиқаттық ғылыми 
түйіндер жасалаған. Көне түркі тайпалары таңбалы жазу мен сызуды 
қолданып оқи алатындығы /Д.Д. Васильев/, Орхон-Енесейді жеріндегі көне 
тайпалардың сауаттылығы жоғары болған /В.В. Бартольд/ және жазу 
таңбалары ешбір сырттан келген «кезбе миссионер – ағартушылардың» 
көмегінсіз жергілікті халықтың өздері жасаған төлтума жазу таңбалары болған 
және жазу мен оқуды жетік білген /С.Е. Малов/, бұл халықтарда 
сауаттылықтың негізі болатын алғашқы білімді меңгеру тек ақсүйектерге ғана 
емес, жалпы халықтық ортақ болған /С.В. Киселев/, мәселен, күнделікті 
тұрмыста пайдаланылатын қарапайым заттардағы жазулардың болуы, қазақ 
даласында өмір сүрген көне тайпалардың жоғары сауатты болғанына дәлел 
бола алады /А.Н. Бернтам/ десе, /Л.Н. Гумилев/ қазақ даласында өмір сүрген 
көне түріктерде дамыған қоғамдық дәуір болған және озық пікірлерді 
білдіретін даналық сөздер жайында ғылыми тұжырым жасайды.
Сауаттылық негіз болатын көне таңбалы жазулары мен көне түрік 
жазбасының негізінде жасалған әріп жүйесіндегі кітаптарды оқуға қазақ 
түркітанушы ғалымдар; А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, Ә. Қоңыратбаев,
М. Жолдасбеков, Н. Келімбетов, Ә. Қайдаров, Ә. Марғұлан, М. Оразов,
Х. Сүйіншәлиев, Қ. Өмірәлиев, Е. Мұсабаев, Қ. Мырзалиев т.б. көне жазбалар 
мәтінінің мазмұндық жүйесін, тілі, әліппе іспеттес оқу кітабы құрылымын 
ғылыми негіздеулері Қазақстандағы түрлі ғылым бағыттарының ақиқаттық 
шынайылығымен бағытта дамуына әсерін тигізді. Түрлі ғылым саласындағы 
дәлелдемелік деректерді басшылыққа ала отырып, біздің зерттеу 
жұмысымыздың мазмұндық құрылымындағы бастауышта білім беруді 
ұйымдастырудағы алғашқы білім мен сауаттылықты игеруге негізделген қазақ 
жазу таңбаларының бұрын болғандығына негіз бола алады [164]. Әлемге 
танымал Орхон-Енесей жазба ескерткіштеріндегі түркі халықтарының әліппе 
соғды жазуы негізі. Дания ғалымы В. Томсен мен орыс ғалымы Е. Поливанов 
түркі әліпбиіне арамей әліпбиінің жанамасы жоқ идеограммалардың негізінде 
пайда болған десе, Н. Аристов түркі әліпбиіне ешбір бөгде әліпбидің әсерінсіз, 
түркі таңбалары негізінде туған төл жазу деп түйіндейді [165]. Қараханиттер 
мемлекеті, Алтын Орда, Қазақ хандығы дәуірінен 1915 жылға дейін қазақ 
халқы /6-7ғ./ Ж. Баласағұнның «Құтадғу білік», М. Қашқаридың «Диуани 


86 
лұғат ат-түрік», Қ.А. Ясауидің «Даналық кітабы» /ХІғ./ және де ортағасырлық 
«Мухаббатнама», «Оғызнама» /ХІVғ./ еңбектеріндегі жазба ескерткіштер 
қазақ жазу тілінің негізі ретінде орын алады [167]. Көне түркі жазуы дыбыстық 
жазудың ең көне түрі. Қазақ халқының жазу тарихы көне түркі жазуынан 
басталады 
/Н. 
Оралбаева,
А. Мамиева/. Түркі жазуында дауысты, дауыссыз дыбыстардың әрпі болған, 
кейбір әріптер екі дауыссыз дыбысты берген. Әріптер жуан, жіңішке 
дыбыстарды ажыратқан. Жазу таңбалары белгілі жүйеде қолданылған. Түркі 
халықтары кейіннен араб әліпбиін қолданған, бұл жазу мұсылман дінінің 
таралуымен бірге келген [168].
ХІІ-ХІІІ ғасырларда араб халифаты Орта Азия мен Қазақстанға, Шығыс 
түркі халықтарына ислам дінін тарату бағытында жергілікті халықтардың 
тілін, нанымдық сенім болмысын және дүниетанымы мен әдет-ғұрпын, 
жазуын, ата-бабадан келе жатқан тарихи мұра 

ескерткіштерін мүлдем жоюға 
тырысты [169]. 
Арабтардың ислам дінін тарату жорықтары кезеңінде түркі 
халықтарының ойма жазу таңбасын халықтың қолданысынан шығару арқылы 
араб тілі мен жазу таңбаларын /28 әріп таңбасын/ қолданысқа енгізуге мүдделі 
болды. Өйткені, исламдық дінінің негізіндегі мұсылмандық дүниетанымды 
өздерінің басқаруындағы елдерге және өзге халықтарға жеке ықпалдарын 
жасаудағы негізгі құрал ретінде қолданды. Осының бағытында арабтандыру 
шараларын жүзеге асыруды жүргізді. Арабтардың ықпалымен түркі 
халықтарының ойма жазуы жойылып, төлтума жазу таңбасынан айырылып, 
орнына арабтардың жазу таңбасы қазақ тілінің ерекшелігіне икемдемей 
арабтарда қалай жазылып, оқылса сол күйінде қабылданған болатын. Араб 
әліпбиі қазақтың сөйлеу және жазу тіл ерекшелігіне сәйкес келмеді, тілдік 
ерекшелік мүмкіндігін толық сипаттап, ашып бере алмады. Қазақ тілінде 
кездесетін кейбір дыбыстарға қойылатын әріп таңбасының болмауы 

жазу 
мен оқуға кері әсерін тигізді. Араб әріптерімен қазақ халқының сөздерін 
жазуда сәйкессіздік туғызды. Арабша жазу таңбаларын қазақтың тілі 
табиғатынына жақын етіп икемдеу мәселесі орын алды және бұл жөнінде тіл 
және бастауыш білім беру саласындағы оқымысты, біліпаздар арасында түрлі 
ғылыми пікір-таластар туғызды. Дегенмен де, араб жазу таңбасын түркі 
халықтарының тілдік заңдылықтарына икемдеп, жаңа әліпбилер ұсынылған 
кезеңдерде болған, бірақ бұларды халифат өкілдерінің келіспеуінен 
қолданысқа ендірілмеді. Араб әліпбиімен білім алу шәкірттерге қиын болды. 
Мысалы, «...Әліпбисіз ешкім ғылым, білімді болмайды. Осы күнгі білімді 
халықтардың бәрі әліпбиі болғаны үшін ғылым, білімді болды. Қайсыбір 
халықтарда әліпбиі бар да, бірақ қиын шатағы көп. Сол себепті ғылым, білім 
түгіл хат жазуды үйренуге аса бай адамдардың, яки үлкен ұлықтардың 
балаларының ғана шамасы келеді,» - дей келе, «...Әліпби шықпай тұрып 
ғылым, білім жоқ. Онсыз бола алмаған. Әліпби шыққаннан кейін ғылым, білім 
де шықты. Әліпби бар болғанымен қиын шатағы көп болса, ғылым, білімге де 
көп бөгет қылады», - деп бастауыш білім берудегі алғашқы оқулық «Әліппе» 
жөнінде педагогикалық ойлар түйінделген [170].


87 
19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басында қазақ жерінде «жәдидтік» 
мектептер ашыла бастады. Жәдидшілер ұлт жанашырлары ретінде қоғамды 
басты құрметке ие болды. Арабтың «усули-жадид» 

«жаңа әдіс» деген сөзінен 
шыққан жадизм қоғамдық дамудың алғы шарттарының бірі халыққа білім 
беру деп есептеп, оның өкілдері осы мақсатта оқыту жүйесінде реформа 
жасауға кірісті. Ғылым мен мәдениетті дамытудың бірден бір жолы мектептер 
мен медреселерде жаңа әдіспен оқыту деп қарап, бағдарламаларын жасауды 
ұсынды. Себебі, бұрынғы оқыту жүйесіндегі бағдарламалар жаңа заманның, 
дамып келе жатқан капиталистік өмірдегі өндірістік, қоғамдық, рухани 
қатынастардың талабына сай келмеді.
Қазақ зиялылары халықты білім алуға ынталандырып, оқу арқылы 
ұлттық сананы ояту, қазақ жеріндегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-
саяси және рухани-діни мәселелерді реформалау қажеттігін қолға алды. Онда 
әрбір ұлт өзін балаларын ұлттық болмыстағы рухани тәлімдік мұралармен
тәрбиелеуді жүзеге асыру. Мектеп, медреселерде оқуды жәдидтік жүйемен 
ұйымдастыру, іске асыру. Оқудағы дәстүрлі араб жазу таңбасын қазақ тіліне 
жүйелеп, дыбыстық естілу мен таңбалану ерекшеліктерін белгілей отырып бір 
жолға түсіріп, оқу-жазу ісін жаңа «усул-жәдидке» көшірді. Бұл жол қазақ 
халқы арасындағы оқу ағарту жұмысын өмір талабына сай құру мен оны 
жүзеге асыруды ұйымдастыру болды. Сондықтан да патшалық Ресейдің оқу-
ағарту министрлігі «Діни мектептерді қайта құру туралы» заң шығарып, өмір 
тәжірибесіне енгізуге мәжбүр болды [171].
Отарлау саясаты Ресейдің орталығынан шет жатқан халықтарға 

бұратаналарға орыс тілін үйрету, орыс тілінде сауат ашу бағдарламасы 
жасалынып, осы бағытта орыстандыру жұмыстарының жүргізуіне қарамастан 
19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың бас кезінде қазақ жеріндегі оқу-ағарту 
саласындағы бала оқыту мен тәрбиелеу ғылымында жаңашыл өзгерістер алып 
жатты. Мектеп оқушыларына арналған оқулықтар жадидтік оқу жүйесімен 
жасау мәселесі қолға алынды. Ұлт мектептеріне арналған ана тілін оқытуға 
бағытталған әліппе, оқу кітаптары мен хрестоматиялық құралдар жазу қолға 
алынды. Мұғалім, әліппе, төте оқу жүйесінің мәні жөнінде жаңашыл 
бағыттағы педагогикалық пікірлер бала оқыту жұмыстарына жаңа 
көзқарастағы ой-пікірлер мен келуге ықпал етті. Қазақ тіліне негізделген 
әліппе жасау жүзеге асырылып, алғашқы қазақ авторларының еңбектері жарық 
көре бастады. Бастауыш мектептердегі алғашқы оқулық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет