«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»


І. Діни білім беретін бастауыш мектептер



Pdf көрінісі
бет17/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
бастауыш1

І. Діни білім беретін бастауыш мектептер: 
1. Мұсылмандық ескі жүйедегі мектеп (кадими). Ибтида – араб тілі
бастауыш, алғашқы білім беру сатысы, оқу орны. 
2. Қарыхана – соқырлар мектебі. Діннің қарапайым негіздерін (дұға, 
құран оқу, т.б.) рететін оқу орны. 
3. Орыстардың шіркеулік діни мектебі.
4. Приходтық мектеп. 
ІІ. Азаматтық білім беретін мектептер: 
1. Прогимназия, гимназияның бастауыш білім беру сатысы. 
2. Реалдық училищелер. 
3. Орыс мектебі, қалалық училище. 
4. Орыс-қазақ (аралас) мектеп. 
5. Болыстық және ауылдық мектептер. 
6. Жадидтік мектептер. 
7. Қазақ ұлттық бастауыш мектебі. 


55 
8. Кеңестік жүйедегі білім беретін мектептер [117].
Арабтардың Орта Азия мен Қазақстанға ислам дінін тарату барысы 
жорықтарында біріншіден, жергілікті халықтың дүниетанымын мұсылмандық 
таным ережелерді сіңіру болғандықтан өздерінің оқу-ағарту жұмыстарын 
жүргізу шарасындағы мектеп, медреселерді салып, тұрғылықты халықтың 
қолданысына енгізді.
Арабтардың ислам дінін тарату, енгізу кезеңінде түркілік танымдағы 
тәңірлік түсінік негіздегі дүниетанымды беретін ойма жазу таңбалары 
жойылып, араб тілін халықтар арасында қарым-қатынас жасайтын құрал және 
мұсылмандыққа оқытып, тәрбилеудің өзегі ретінде пайдалану үшін араб әрпі 
таңбасының 28 қарпін бұзбай қоланысқа енгізу шараларын іске асырған. 
Осының негізінде мұсылмандық ескі жүйедегі 

кадими мектеп, ол ибтида – 
араб тілі, бастауыш, алғашқы білім беру сатысы және Қарыхана – соқырлар 
мектебі 

діннің қарапайым ережелерін (құранның басты сүрелерін жаттау, 
дұға оқу, т.б.) оқытатын. 
Қадими мектептерде білім берудегі пәндер үш топқа бөлінген: 
Біріншісі, улум-ул-арабия-араб филологиясы  таджив-фонетика, наху-
синтақсис, аруз-просодия-өлең буындарының өзара сәйкестігі туралы білім. 
Екіншісі, улум-аш-шария-шарият  исламдық дін құқықтықтары, заңға 
кіріспе, мұрагерлік құқықтық, аңыз, құранды түсіну және оқу ережесі.
Үшіншісі, улум-ул-хикмия 

философиялық және эстетикалық білім мен 
тәрбие беру 

логика, метафизика, эстетикалық білім, астрономия пәндері 
[118].
Арабтардың салған мектептеріндегі оқу мен жазуы алғашқыда «қадым», 
кейіннен арабтың жазу таңбаларын түркі халықтарының тілдік қарым-қатынас 
сөйлеудегі әріптерді дыбыстау ерекшеліктері негізінде реформалау арқылы 
«жадидтік» оқу жүйесі енгізілді бұл 

«төте» жазу мен оқу деп түсіндірілді 
және қазақ ұлттық бастауыш мектебінің қалыптасуы мен дамуына өзек болды. 
Бұл тұрғыдағы жазу-оқу үлгісін басшылыққа алған мектептер Қазақстанда 
1929 жылға дейін болды [119].
ХІХ-ғасырдың 60-90 жылдарынан бастап патшалық Ресей үкіметі қазақ 
өлкесін билеудегі өз үстемдігін арттырып, әкімшілік-басқару және саяси 
реформалар жасап, енгізді. Қазақстан және Орталық Азиядағы мемлекеттерді 
тұтастай бағындыру және жергілікті тұрғындар этникалық құрамы әр түрлі, 
қоғамдық құрылымы мен экономикасы, дүниетанымдық әлеуметтік ортасы 
өзіндік ерекшеліктері бар патшалық Ресейдің жеке ұлттық шет аймақтарын 
басқаруды жаңаша қарауға алып келді. Бұл жайында этнографтар
В.П. Алексеев, Ю.В. Бромлей төмендегідей жүйе бойынша іске 
асырылғандығы жайында талдаулар жасаған: 1. Қарсыласудағы жеңіс; 2. 
Келімсектердің саяси билігін орнату, олардың тілдерінің билігін орнату деген 
сөз; 3. Билік аппараты деңгейінде әрбір аралас отбасындағы екі тілділік; 4. 
Автохтондардың тілін қолданыстан шығару, ресейдің шетаймағындағы 
халықтарға орыс тілін және орыстық дүниетанымды түрлі әдіс-тәсілдермен 
енгізу арқылы ассимилизациялық үдерісті жүзеге асыру және аяқтау [120]. 


56 
Автохтонный – автохтон, байырғы /бір орынды ежелден мекендеп келе 
жатқан тұрғындар немесе белгілі елдің ең ежелгі халықтары/ [121].
Патшалық Ресей билігінің түрлі әкімшілік бөлімдерінің отаршылдық 
пыйғылдағы саяси-идеологияны ұстанған ортақ мүддесі 

қоғамдық салалар 
жүйесімен басқару арқылы қазақ жеріне жіберілген келімсектердің көмегімен 
қазақтарды ассимилизацияға күштеп түсіру, орыстандыру болды. Келімсектер 
арқылы жеңіске жету. Бұл тұрғыдағы саяси-идеологиялық жұмыстар кезең-
кезеңмен жүзеге асырылды. Мәселен, бірінші кезең 

ХVІІІ ғасырдан 
басталған бағындыру жергілікті халықтың толқулары мен қарсылық бас 
көтеру қозғалысын басу, жаңа өлкені мешіктеу қазақ және орыс халықының 
өзара байланысты конфронтациясымен сипатталады, қазақ халқының даму 
тарихын, өмір салтын түсіну және сол кезеңдегі жағдайынмен терең таныс 
болу. Екінші кезең 

ХІХ ғасырдың екінші жартысы Ресей патшалығының 
қазақ халқының саяси тәуелсіздігінің қалдықтарын жою; Әскери бекіністер 
салу арқылы басқару әкімшілік реформасын іске асыру, қазақтардың саяси 
құқықтарын шектеу және эконмикалық тұрғыдан шикізатпен қамтамасыз 
етуші – аграрлық және малшарушылық аймаққа айналдыруды жүзеге 
асыруымен үш бағытпен сипатталады. Үшінші кезеңі 

ХІХ ғасырдың екінші 
жартысы 1917 жылдар аралығын қамтиды. Бұнда екі этностардың 
проссмәдени контактісінде өтпелі кезең болды. Бірінші және екінші кезеңдегі 
отаршылыдықты басшылыққа алған саяси-идеологиялық, басқару әкімшілідік 
бағыттағы жұмыстар жалғасын тапты. Келімсектердің ықпалымен 
орыстандыру мақсатын жүзеге асырып, христиандық ағартушылық саясатын 
енгізу арқылы екі ұлттың өзара байланысын басты факторға айналдыру. 
Пашалық Ресей әкімшілігі қазақтардың өмір сүру салтын құрметтемеді, 
мәдениеті мен салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын саналы түрде төмендетіп, бұратана 
халық ретінде қарады, оларға орыстық дүниетаным мен мәдениетті дәріптеп, 
жергілікті халыққа сіңіртуді жүзеге асырып отырды. Отарлаушылық миссия 
«өркениетті» идеясын ұсынып, қазақтарды жаңа өркениетті дамыған 
еуропалық мәдениет өмірге бейімдеуді іске асырушымыз: «Шығыстағы үлесті 
жерге европалық өркениетті тасымалдап, тарқатушылық жүктеледі», - деп 
жазған болатын. Бұндай пікірлер шындықтан, ақиқаттан алшақ екендігін 
тарих дәлеледеп отырғандығы анық. Келімсектердің келуімен қазақтардың 
және түркі дүниесіне енетін халықтардың ғасырлық өмір сүру салтына жат 
келетін және рухани-адамгершілік тұрғысандағы құндылықтардын жұрдай, 
әрі тексіздігі басым: маскүнемдік, дөрекілік, үлкен-кішіге деген сыйласымды 
қарым-қатынастық тәртіптен жұрдай, мәдениет пен дүниетанымдық 
болмыстардың орын алғандығы анық болып отыр. Бұл жөнінде тарих 
ғылымдары 
бағыты 
бойынша 
зерттеушілік 
еңбектерде 
анықтап, 
айшылықталыпта жазылып жүр. Дегенмен де, сол кездегі отарлаушы үкімет 
әкімшілігінің әрекеттерін «...Ресей христиандық мемлекет ретінде бұратана 
халықтарға шын дінді ендіріп, білімділік пен азаматтықты орындатады», - деп 
айтқан болатын [122].
Бұл қазақ жеріндегі халық ағарту саласында отарлаушы елдің саясаты 
барысында қызмет көрсеткен әр типтегі мектептер жүйесіндегі білім беруді 


57 
ұйымдастыру қандай бағытта болғандығын көрсететіні анық. Қазақ жерінде 
христиандық дінді тарқату бағытында ашылған түрлі аймақтарда орыстық 
дүниетанымды тарқатушы мектептер қызмет атқарды. Осы бағыттағы 
ашылған оқу-тәрбие мекемелері сол кездегі патшалық Ресей қоғамының 
идеологиялық бағыттың ағымына орай ең бірінші құдай заңы оқытылды. 
Оның мазмұнына, алғашқы діни ұғымдарды түсіндіру, икон туралы, кеудедегі 
крест туралы болса, күнделікті құдайға сыйынуды түсіндіру және үйрету 
жалпы өзіндік ерекшелігін сақтап жүргізілді. Сонымен бірге орыс және 
христиан дінінің тарихы мен христиан діни сенімдеріне қарай оқитын 
мектептегі балаларға діни ерекшелікті сақтай отырып катехизие оқытылды. 
Орыс идеологтары қазақ жерін отарлаудың «қажеттігін» дәлелі 
«артықшылық» идеясын ұстанды. Орыстарды қазақтардан жоғары қойып, бір 
ұлттың екінші ұлттан артықшылығын дәлелдеу самодержавияның басты 
идеологиясы болды. Бұл өтірікке толы жалған идея болса да, орыстық 
дүниетанымды басқа ұлттарғы сіңіру үшін «орыстық идеяның» құралы болды. 
Мысалы, «...Ресейдің христиандықты бағалауы және тарқатуы орыстың бүкіл 
тарихында жатыр», - жазған болатын [123].
Отарлаушы үкіметтің басқару жүйесіне жасаған реформалары қазақ 
өлкесін басқаруда толық билікке ие болып, миссионерлік саясатының 
асясында 

қазақ халқын орыстандырып, орыс мәдениетін санаға сіңдіру 
жұмыстарын жүргізді. Себебі, мемлекет құрамына енген түрлі ұлттар орыс 
тілінде қарым-қатынас жасап, орыс мәдениетін бойына сіңірсе онда оларды 
басқаруға ыңғайлы болады және мемлекеттің біртұтастығын күшейте түсетіні 
анық. Бұл бағыттағы жұмыстарға түрлі типтегі мектептер өз үлестерін қосты. 
Приходтық мектеп. Приходтық мектептер 

губерниялық, уездік 
қалаларда және приходтық шіркеуге қарасты мекендерден ашуға мүмкіндіктер 
алды және уездік училищелерді аяқталған типтегі мектептер болып саналды. 
Мемлекеттік шаруалар өздерінің қаражат жинау есебінен училищелер құрып 
алуға құқылы болды. Бұл тұрғыдағы мектептердің өздерінің атқаратын 
қызметтері, материалдық базасы, оқу бағдарламаларында өзгешеліктері 
болған. Басқару бір орталықтан және халық ағарту министрлігі жанынан 
атқарылды. 
Приходтық мектеп 

1917 жылға дейін діни қызметкерлер басқарған 
бастауыш мектептер болды. Епископтар үйлерінде /епископтар мектептері/ 
және монастырларда барлық сословиелік мектептер. Бұл мектептердің 
көпшілігінің курсы грамматикамен, праймер оқумен, арифметикамен 
шектелді. Және приходттық мектептерге ұқсас діни семинарларда типтік 
бастауыш мектептер құрылды. Бұлар коммуналдық бастауыш «сауат ашу 
мектептері» және ересектерге арналған жексенбілік мектептер де шіркеу 
бөліміне бағынышты болды. Оқу мерзімі 2 және 4 жыл болатын бір сыныптық 
және екі сыныптық мектептер. Оқу бағдарламасында Құдай заңы, шіркеу әні, 
шіркеу славяндық оқу, орыс тілі, арифметика және каллиграфия болды. Орыс 
және шіркеу тарихының басталуы екі жылдық мектептерде де оқытылды. 
Арифметикадан басқа барлық пәндер Құдай заңының дамуы және қосымшасы 
ретінде қарастырылды. Діни қызметкер оқытуды басқарды.


58 
Шіркеу мектептеріндегі оқыту сапасы мен мұғалімдердің білім деңгейі 
зайырлы мектептермен салыстырғанда төмен болды. 1917 жылдан кейін 
шіркеу мектебі Халық Комиссарлар Кеңесінің 1917 жылғы 24 желтоқсандағы 
«Тәрбие мен білімді рухани бөлімнен Халық ағарту комиссариатының 
қарамағына беру туралы» қаулысымен приходтық мектеп таратылды [124].
Сондай-ақ, өзін-өзі басқаратын тәуелсіз земстволалық мектептерде 
болды. Бұл типтегі мектептер үкіметтен көмек алмады. Земстволық мектептер 
қаражатты өздері тапты. Олар оқу жоспары мен бағдарламаларының 
мазмұндық құрылымын кеңейтуге, оқу-әдістемелік кешендерінің жетілдіруге 
мүмкіндіктер алды. Земстволық мектептердегі оқыту жұмыстарының 
ерекшелігі діни мазммұндағы пәндермен қатар географиядан, тарихтан, 
жаратылыстану бағыттағы ғылыми білімдерінің мөлшері кемітілген. 
Жоғарыдағы 
тарихи 
деректерге 
сүйене 
отырып, 
біздің 
қарастыратынымыз християндық діни таным мен орыстық дүниетанымды 
қазақтарға сіңіру жолында оқу-ағарту жұмыстары арқылы да жүзеге асырды. 
Бұған сол кезеңде қазақ жерінде пайда болған 

орыстардың шіркеулік діни 
мектебі, приходтық мектептері еді. Бұндай мектептердің түрлері жаңа 
қоғамдық құрылды, ұстанған кеңес үкіметінің 1918 жылғы «Шіркеуді 
мемлекеттен және мектепті шіркеуден айыру туралы» арнайы шығарған 
декретіне дейін өздерінің қызметтерімен айналысып келген анық. Ал, кейбір 
өлкелерде Азамат соғысы аяқталғанға дейін жұмыс жасады, яғни Кеңес 
үкіметі толық орныққанша.
Сол кезеңдегі мектептердің тағы бір түрі 

гимназиялық мектептер 
болды. Бұндай гимназиялық мектептер дворяндар мен чиновниктердің 
балалары білім алды, ал шарулар мен жұмысшылардың және т.б. төменгі 
сословиялардың балаларының оқуына тиым салынды және ақылы негіздеде 
қабылдамады. Бұл жоғары шенділердің ақсүйектік, мұралық заңдылықтарын 
сақтау мен тектілік жайындағы көзқарастық түсінік ұстанымдарына 
байланысты болды. Гимназиялық мектепті аяқтағандар жоғары оқу орнына 
түсуге мүмкіндік алатын. Білім беру мазмұны шет тілдерді, латын тілі, 
математика, география, жалпы тарих, Ресей тарихы, жаратылыс тарихы, 
философия, саяси, экономика, әсемдік өнер, технология және коммерция 
оқытылады. Сонымен бірге, көне және жаңа тілдерді, математиканы оқыту 
күшейтіліп және кеңейтілді, Құдай заңы пәні кіргізілді. Бұл жүйе барлық 
гимназияларда бірдей болды.
Гимназиялық мектептер классикалық және реалдық болып екіге 
бағытты ұстанды. Классикалық гимназиялар оқушыларды университеттерге 
және басқа оқу орындарына даярлады сондықтан көне тілдер, орыстың 
шешендік өнері, жаңа шет тілдер мен тарихты оқытуға мән берді.
Реалдық гимназияларда азаматтық және әскери қызметке дайындап, 
көне тілдердің орнына математиканың төрт амалын оқыту басшылыққа 
алынды және заң негіздерінде білім берді. Реалдық гимназияны бітіргендер 
үшін жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндіктер берілмеді.
Прогимназия 

гимназияның бастауыш сатысы болып табылады. 
гимназияның төрт сыныбына сәйкес келетін ұлдарға немесе қыздарға арналған 


59 
толық емес орта жалпы білім беретін оқу орны /түлектер гимназияда оқуын 
жалғастыра алады/. Гимназиядағы педагогикалық оқыту бағдарламаларын 
бекітуге, оқулықтарды таңдауға бағытталған құқық берілген. Гимназиялар мен 
прогимназиялар барлық сословилер үшін ақылы болды. Бастауыш пен орта 
мектеп аралығында ешқандай сабақтастық болмады. Бұл тұрғыдағы оқу 
мекемелері 1918 жылы жалпы еңбек мектептері болып қайта құрылды 
[125,126]. Кеңес мемлекетінің құрылуына байланысты мектептер жүйесін 
және оның ішкі мазмұнына қайта құру бағыттары қолға алынып, оқыту 
мен тәрбиелеу жұмыстарын социалистік қоғамның сипатына икемдеу 
жолындағы жұмыстарды іске асыру 1918 жылдың қазан айының 16-шы 
жұлдызында БОАК /Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті 

(ВЦИК)/деректерімен бекітілген еңбек мектебі туралы Декларацияда 
айтылған. /БОАК РСФСР-дің 1917-1937 жылдар аралығында кеңестік 
мемлекеттік билігінің жоғарғы заң шығарушы, әкімшілік және бақылау 
органы/. Мектеп типтері анықталып; бастауыш, гимназия, реалды училище 
және т.б. бөлу қарастырылды: екі сатылы біртұтас еңбек мектебі енгізілді: 
біріншісі 
-
8 жастан 13 жасқа дейін балалар үшін 5 жыл оқу және екіншісі 
-
13 жаспен 17жасар асындағы балалар үшін 4 жылдық оқу. 
Орыс-қазақ /орыс-түзем немесе аралас мектептер/ мектебі. Орыстан өзге 
халықтарға орыс тілін үйрету және оның қолдану аясын кеңейту бағытында 
орыстандырудағы миссионерлік педагогика жүйесін басшылыққа ұстанған 
мектептер болды. Бұл тұрғыдағы мектептер келімсек орыстар орналасқан 
жерлерден алшақ жатқан жергілікті халықтар үшін ашылған болатын, бірақ 
бұл типтегі мектептердің көпшілігі өзіне жүктелген қызметтерін толық 
орындай алмады, тиімсіз болды. Себебі, бұндай мектептерде педагогикалық 
қызметті атқаратын мұғалімдердің жетіспеушілігі және оқитын балалар 
санының аздығы ықпал етті деуге болады. Бұл жөнінде: «орыс-түзем 
мектептеріндегі материалдық базамен қамтамасыз ету жеткіліксіз, сондықтан 
ондай мектептерге ешкім оқуға бармайды» - деп жазылған мәліметтерді 
мұрағаттық дерек көздерінен кездердік [127]. Отарлаушы мемлекеттің құрған 
орыс-қазақ мектептері айтарлықтай оң нәтиже бере алмағандығы жайында: 
«Бұл мектептер орыстың үкіметтік мүддесіне қарай құрылды. Бұл жерде олар 
білім беру арқылы қазақтарды орыстармен жақындатуды, қазақтарды 
орыстандыруды меңзейді. Бірақ шындығын айтқанда, мұндай күрделі 
мақсатқа осындай әлсіз оқытумен жету мүмкін емес» - деп келтірілген [128].
Бұл тұрғыдаға орыс-қазақ немесе аралас мектептер өзіне жүктелген 
міндеттерді толық орындай алмағандықтан олардың орына шығын шағынан 
арзан болып келетін ауылдық мектептерді құруды қарастырған болатын, бірақ, 
жергілікті халық қарсы наразылығын білдірді. Яғни, келесі кезекте 
орыстандыруға бағытталған жұмыстарды жаңа атаумен құрылған болыстық 
түземдік мектептер арқылы жүзеге асыруға күш салды. Бұл мектептердің 
атаулары бөлек болғаны мен де оның мазмұн жағынан сол миссионерлік 
саясатты ұсанын халық жақсы түсінді. Мәселен, орыс-қазақ мектептерінде екі 
паралель оқу курсы жұмыс жасады. Бірі 

қазақ тілінде, екіншісі 

орыс тілінде. 
Әр курсқа сабақ жүргізетін жеке мұғалімдер болы, бірақ, өтілетін сабақ 


60 
сағаттарының саны бірдей. Сабақты жүргізу әдістері әртүрлі. Мұғалімдердің 
басты міндеті оқу мен жазуға үйрету арқылы қарапайым хат тану арқылы 
идеологиялық тұрғыдан сананы өзгерту болды. Онда мұғалім орыс тілін 
оқытудан бастап, жазу мен гимнастика пәндерінен сабақ өткізді. Сонымен 
бірге, орыс тілін жергілікті халықтың ересек адамдарына үйрететін 
сыныптарда ашылған болатын [128]. Мұғалім сабақ барысында оқушыларға 
патшалық Ресейдің күштілігі жайында және орыстық мәдениет пен 
дүниетанымды сіңірту мәселесімен шұғылдануға мүмкіндік берді. Ол қазақ 
балаларына орыс тілін үйретіп, орыс мәдениетінің өркендеуі, дүниетанымы 
туралы мәлімет беруді жүзеге асырды [129].
Бұл кезеңде патшалық Ресейдің отарындағы орыстан өзге халықтардың 
ұлттық сананың оянуы бастылды. Оқу-ағарту мәселесінде әрбір жеке ұлт ана 
тілінді бала оқыту, жеке мектептерін құру. Бала оқытуда заманауи білімдер 
мен діни дүниетанымдық сенімене қарай оқу-тәрбие жұмыстарын 
ұйымдастыру мен жүзеге асыру жайында жаңа ойдағы педагогикалық 
бағыттар орын ала бастады. Бұлар жәдидтік бағыттағы мектептер ретінде 
тарихтан өз орнын ала бастады және жаңа әдістегі мектептер деп танылды. Бас 
кезеңінде бұндай мектептер Қазақстанда жадидтік деп аталғанымен 1915 
жылдан бастап қазақ ұлттық бастауыш мектептері ретінде орын алды. Оған 
негіз болған араб жазу таңбаларын қазақтың тілдік заңдылықтарының 
ерекшеліктеріне сәйкес реформа жасау арқылы қазақтың төлтума жазу 
таңбасын А. Байтұрсыновтың жасауы еді. Қазақ балаларын ана тілінде 
оқытуды жүзеге асырды және бұндай жаңа әдісті мектептерде берілетін 
білімдер 

шариғат, ислам тарихы, қасиетті тарих діни танымдық пәндермен 
қатар ана тілі /қазақ тілі мен әдебиеті/ және араб тілі, тарих, география, 
арифметика, т.б. пәндері жүргізіліп заманауи білім беруді жүзеге асырды. 
Бұл жаңа әдісті мектептер жайында «1884 жылы эксперименттік 
жәдидтік мектепте-кадимистік мектептер 5 жылда берілетін білімді 2 жылда 
беріп-тамаша жетістікке жетті» - деп А.М. Худайкулов өз зеттеуінде айтып 
өткен [130].
Оқу-ағарту саласындағы «жәдидтік» оқу жүйесінің орын алу әлеуметтік 
ортада және жалпы қоғамда түрлі пікірлердің орын алуына себеп болды. 
Олардың бір тобы 

«усул-и жадид» 

жаңа әдісті оқу жүйесін қолдаса, екінші 
бір тобы – «усул-и кадими» 

ескі әдісті оқу жүйесін қолдады. Ескі оқыту әдісті 
қолдаушы кадимшілер замануи біліми пәндер мен жаңалық енгізуге қарсы 
болды. Олардың түсінігінде халықты хирестиандыққа апаратын яғни, 
шоқындыруға итермелейді деп ұғынды. Бірақ бұл пікірдегі топтардың 
әрекеттеріне еш нәтиже шықпады олар жеңіліске ұшырады. 
Қазақ жеріндегі жаңа әдісті «жадизмнің» оқу жүйесінің кең қолдау 
табуы отарлаушы елдің оқу-ағарту саласындағы өкілдерінің миссионерлік 
бағыттағы педагогикалық жүйесіне қатты соққы беруі болып табылды. 
Отарлаушы елдің миссионерлік педагогика жүйесін іске асырушы өкілдерінің 
жаңа әдісті оқытудың мазмұндық ішкі құрылымдарын жете таныс 
болмағандықтан бұндай мектептер орыс және орыс-қазақ мектептерінің 
дамуына оншалықты кері әсер ете қоймады дегендей пікірлер ұстанды. Бірақ 


61 
жадидттік мектептердің көптеп ашылуы орыстандыру бағытындағы оқу ісі 
жұмысын жүргізушілердің жұмыстарын тығырыққа тіреді. 
Қазақ зиялылары отарлаушы елдің оқу-ағарту жүйесіндегі ұстанған 
миссионерлік педагогикаға қарсы, қазақ халқының ұлттық ерекшелігін ескере 
отырып, қазақ халқына тән, оның өмір тарихына, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына 
жақын, жанасымды болуын ескеріп, халыққа білім беріп, сауатын ашуда, сол 
халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұстанған бағыттары негізінде, 
педагогикалық жүйе құрылу керектігін басшылыққа алды, бұл педагогикалық
жүйенің қазаққа тән болуын қарастырды. Бұл қазақ ұлттық бастауыш 
мектебінің қалыптасуының бастау бұлағы болды да 

1930 жылдарға дейін 
қазақ халқының оқу-ағарту саласында өз қызметін жасап, үлкен үлесін қосты.
1917 жылға патшалық Ресейдің орталығында орын алған төңкеріс жаңа 
идеологиялық қоғамдық құрылымның яғни, большевиктер бастаған Кеңестік 
өкіметтік пайда болуына алып келді. Қоғамдық құрылымның өзгеруіне 
байланысты түрлі салалар мен бағыттарда да қайта құру үдерістері орын алды. 
Оларды жаңа жүйеге бейімдеуге байланысты декрет, ереже, қаулы, қарар, 
заңды құқылық ережелермен негізделіп бекітілді. Жаңа құрылған өкіметтің 
алғашқы күнінен оқу-ағарту саласын мазмұндық жағынан жаңаша құруға 
негізделген іс-шараларды атқару үшін білімпаздардың арнайы шақырылған 
сеъездері ұйымдастырып, өткізілген болатын. Бұдан қазақ даласындағы 
оқымыстылар мен білімпаздарды да шет қалған жоқ. Мысалы, Мәскеу 
қаласында 1917 жылы мамыр айында «Бүкіл Ресейлік мұсылмандар съезін» 
өткізді. Съезі өтіп, онда төмендегідей мәселелер қарастырылды:
1. Ресейдің шет аймағы болып табылатын өзге ұлт тұратын қоныстарға 
орыстарды қоныс аударушылықпен орналастыру тоқтатылсын;
2. Ұлт аймақтарында оқу-ағарту жұмысы дұрыс жолға қойылып, 
мектептерде оқу әр ұлттың ана тілінде жүргізілсін; 
3. Дін істері үкіметтен бөлінсін; 
4. Ресей көп ұлттық федеративтік негіздегі демократиялық республика 
болсын деген мәселелерді қарастырды.
Бұл кезең біздердің осыған дейін айтып өткен Қазақстандағы 
мұсылмандық дінді негізге ала отырып оқытатын ескі әдісті мектептер мен 
отаршылдық саясат аясында орыстандыруды жүзеге асырушы орыс, орыс-
қазақ немесе аралас мектептер және жаңашыл педагогикалық идеяны 
ұстанушы және енді ғана ұлттық бағыттағы тәрбие мен дүниетаным негізінде 
білім беруді жүзеге асырушы жаңа әдісті «жадидтік» мектептер қалыптасып, 
олардың арасында оқу-ағарту саласында өзара бәсекелестіктер орын алған 
уақыт болатын.
Кеңес үкіметінің орнығу барысында қоғамдық құрылымың түрлі 
салаларын қалпына келтіріп, дамыту және халықтың әлеуметтік жағдайын 
арттыру, экономика мен мәдениетті алға өркендетудің басты міндеттерінің 
бірі – жалпы сауатсыздықтпен күрес, жалпыға бірдей білім беруді жүзеге 
асыру. Бұнда мәдени-ағарту, білім беру мен оқыту жұмыстары түрлі 
аймақтардың өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асырылды. 1917 
жылы Қазақстанда халық ағарту ісінің тұңғыш Мемлекеттік комиссиясы 


62 
құрылып, оқу ісінің аймақтық халық ағарту комиссариатына басшы 
нұсқаушылары болып – С.Ж. Арғыншиев тағайындалса, өлкелік ағарту 
комиссариатының басшысы болып С.М. Меңдешов тағайындалып жұмыс 
жасады. Бұл салада жұмыс жасайтын комиссия құрамында П.Э. Лодэ,
Г.И. Тарасевич, И. Әлімбеков, Т. Өтепов, М. Молдыбаев болды.
1917 жылдың желтоқсан айының 5-13 жұлдызы аралығында Орынборда 
«Алаш» ұлттық территориялық автономиясын құрған жалпы қазақ құрылтайы 
өтті. Бұнда қазақ елінің қоғамдық құрылымның барлық саласында өзін-өзі 
басқару, ұлттық сананы ояту т.б. өзекті мәселелерді көтере отырып 
басымдықта халықтың сауаттылығын арттыру арқылы көздеген мақсатқа 
жеруді керектігі басымдық орын алды. «Алаш» партиясының қоғам мен 
мемлекеттің барлық саласында байланысы нақты айқындамасы бойынша 9-
бапта мына талаптар ұсынылған:
1. Ғылым, білім, үйрету;
2. Оқу орындарындағы білім ақысыз болу;  
3. Жалпы жұртқа оқу тарату;  
4. Бастауыш мектептерде оқуды ана тілінде оқу;  
5. Ана тілінде орта мектеп, университет ашу;  
6. Оқу жылы өз алды автономия түрінде болу;  
7. Үкімет оқу ісіне кіріспеу т.б.с.с.[131]. 
Құрылтайда қаралаған мәселе 

жастарды ұлттық болмыста тәрбиелеу 
мен заманауи ғылымдар негізінен білім беріп, оқытуға байланысты болды. 
Жаңа мектеп оқулықтарын жасайтын ғалымдардан, оқымысты білімпаздардан 
авторлық ұжымдық топ құрылды, оған А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, 
Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды [132]. 
Қазақтың ұлттық тұтастығын сақтап қалудың басты кепілі – қазақ 
балалары үшін ұлттық мектептерді ашу болды. Бұл өз кезегінде болашық қазақ 
қоғамына ұлттық зиялы қауым өкілдерін дайындау барыс ретінде 
түсінгендіктері деп тұжырымдаймыз. Жақсы игілі бастама ретінде бұл 
бағыттағы жұмыстарды жергілікті халық қолдағанмен де оның тез арада 
жүзеге асыруға кедергілер орын алып жатты. Мысалы, сол кезеңдегі көпшілік 
оқырманның қоданысында болған «Абай» журналында: «Бірінші, бастауыш 
мектептердің бәрінде мұғалімнің жоқтығы, екінші, оқу құралдарының 
болмауы; үшінші, ілгері оқитын мектептердің жоқтығы және жақын арада 
бола алмайтындығы» - деген қиындықтардың орын алғандығын жайында 
ашылып жазылған болатын [133].
Жаңа қоғамдық құрылымды дамыту барысында халыққа білім беру ісін 
жолға қойып, сауатсыздықпен күрес жайындағы қоғамдық бастаманы 
әлеуметтік ортада қолдап кетті. Қазақстанда халық ағарту ісін жолға қоюмен 
бұл бағыттағы міндеттерді іске асыру қазақ бөлімі 1918 жылы қыркүйек 
айының мұғалімдерінің бірінші съезін өткізді.
Мектеп ісін жаңа қоғам талабына сай қайта құру бағытында мектептерді 
діни мекемелерден /шіркеуден, мешіттен/ бөлу шаралары іске асырылды. 1918 
жылғы «Шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлу туралы» декрет: 
«Мектеп шіркеуден ажыратылды. Жалпы білім беретін пәндер оқытылатын 


63 
барлық мемлекеттік және қоғамдық мектептерде сондай-ақ, жекеменшік оқу 
орындарында діни сенімдерді оқытуға жол берілмейді» - деп негізделді.
Қазақ балалары үшін ұлттық мектептер құрылып, оқу-тәрбие 
жұмыстарын ана тілінде жүргізу іске асырыла бастады. Кеңестік жүйенің бас 
кезіндегі қазақ ұлттық мектептер ауылдық және болыстық мектептердің 
орнына жаңа жүйе негізінде жүзеге асырылды. Мысалы, 1918-1919 оқу 
жылында Семей аймағында 154 орыс мектеп, 125 ауыл және орыс-қазақ 
мектебі – барлығы 279 болған. Ал, олардың көпшілігі кеңестік жүйедегі қазақ 
ұлттық мектептері болып құрылуына байланысты 1919-1920 оқу жылының 
басында 89 мектеп қалды [134]. 1919 жылдың қаңтар айында өткен 
мұғалімдердің екінші съезінде оқу- ағарту саласын мен мектептегі 
педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастыру мен өткізу үшін материалдық 
техникалық базаны толықтыру және жаңарту мен мамандардың мүмкіндігін, 
әлеуметін 
нығайтуға 
ғылыми-әдістемелік 
жұмыстарды 
жетілдіру, 
сауатсыздықпен күресті күшейту мәселелері қарастырылды. Съезінде: 
«...Қазақ балалары үшін оқулықтар мен оқу құралдарын жазу, осы жұмысқа 
комиссиясын жасақтау. Қазақ даласында жылжымалы 30 кітапхана – оқу 
залын ашу. ... Мектептердегі балаларды көрнекі құралмен қамтамасыз ету 
үшін 2 кинемотограф алу және оларды оқытуға пайдалануда ауыстырып, 
жылжымалы түрде пайдалану. ...Мұғалімдер үшін журнал шығарылсын» - 
деген нақты міндеттемелер айқындалды [135].
Қазақ жеріндегі оқу-ағарту ісінің дамуы барыстарында мәселен, 1919 
жылдан бастап 1929 жылдардағы мектеп жүйесі екі сатыдан тұрды: 
- бірінші саты бастауыш мектеп (4 сынып 8-12 жастағы балалар үшін) 
- екінші саты орталау, орта мектеп, яғни: 
- жеті жылдық мектеп (7 класс 8-15 жастағы балалар үшін); 
- тоғыз жылдық мектеп (9 сынып 8-17 жастағы балалар үшін). 
1923 жылдың күзінен бастап ауыл, селолық жерлерде жастарға арналған 
мектептер ашылды. Бұл олардың орта білім алуына негіз болды. [136].
Қазақстанда 1931 жылы БК(б) Партияның Орталық Комитеті және 
Халық Комиссарлар қаулысымен «Бастауыш, орта мектеп құрылымы туралы» 
мектептің бірыңғай жүйесі белгіленіп, енгізілді:
- төрт жылдық бастауыш мектеп (1-4 сынып); 
- жеті жылдық (орталау) мектеп (1-7 сынып); 
- он жылдық орта мектеп (1-10 сынып) [137].
Осы қаулының негізінде мектептер бастауыш, орталау, орта мектеп 
болып, сыныптың жүйемен сатыларға бөлініп, 1 сыныптан 10-шы сыныпқа 
дейін анықталып, оқушылардың жас ерекшелік кезеңдері басшылыққа 
алынды. Ал, мектеп алды дайындық сыныбына қабылданған балаларды 0-ші 
сынып деп атады. 1 мен 7-ші сынып аралығында білім алған оқушыларды 
училещеге ал, 10-сыныптық білім бар оқушыларды жоғары оқу орындарын 
қабылдауға және оқытуға болатын болды. Мектептің басшылық жұмысына 
мұғалімдік мамандықты бітірген және педагогикалық жұмыс өтілімі кемінде 
3 жыл болған педагогтар тағайындалатын болды [138]. 


64 
1935 жылдың қыркүйек айының 3-ші жұлдызында БК(б) Партия 
Орталық комитетімен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі «Оқу ісін 
ұйымдастыру: бастауыш, орталау, орта мектептің ішкі тәртібі» 

тәртіпке 
келтіру мен реттеу үшін қаулы қабылданды. Онда: 
- 1 қыркүйек оқу жылының басы болып анықталды; 
- оқу жылы төрт тоқсанға бөлінді; 
- оқу жылының аяқталу мерзімі белгіленді. 
Сондай-ақ, оқу-ағарту жұмыстарының барысындағы мектептегі 
оқытуды ұйымдастырудағы орын алған кемшіліктер мен олқылықтар жайында 
да сын-пікірлер айтылды. Мысалы, оқушыларға берілетін білім мазмұнының 
сапасы заманауи талаптарға сай келмеуі; осыдан оқушылар білімінің 
төмендігі, үйге берілетін тапсырмалардың оқушылардың жас ерекшеліктері 
мен мүмкіндіктерінен ескерілмеу және тапсырмаларды өздігінен орындау 
үшін түсіндіру жұмыстардың талаптық деңгейде жүргізілмеуі, көмектің 
берілмеуі; апта күніндегі өтілетін сабақтардың шамадын тым көп болуы 
/күніне 6-7 сабықтың өтілуі/; мектептің ішкі ережелерінің сақталмауы яғни, 
тәртіп бұзушылықтың орын алулары; мектептегі оқу жоспарының жиі 
өзгеріске түсуі т.б. Қабылданған қаулы екі бөлімнен тұрды. Біріншісі, «Оқу 
жылын ұйымдастыру және мектеп режимі», екіншісі, «Мектеп уставы және 
оқушылардың тәртібі туралы» деп аталды. Онда: Мектепті бітірушілерді 
арнайы оқу орындары /училще, техникумдарға/ және жоғары оқу орнына 
қабылдау мәселелері қарастырылып, мектеп басшысы мен мұғалімдерді ата-
аналармен жұмыс жасауда тығыз қырым-қатынастық байланысты орнатуды 
басшылыққа алу керектігі айтылып және оқушылардың білімін бағалаудың 
деңгейлік көрсеткішін анықтап белгіленді. Мәселен оқушылардың үлгерімдік 
көрсеткіштерін - «өте жаман», «жаман», «орта», «жақсы», «өте жақсы» депе 
бағалауды анықтады [139]. 
Қабылданған қаулының негізінде 1935 жылы Қазақстанда оқу-ағарту 
саласын дамыту жұмыстары үшін «Мектеп құрылымдарын ретке келтіру және 
қазақ орта мектептерін өсіру туралы» басты шешімдер қабылданды. Қаулы 
аясында орындалатын іс-шаралардың жоспарлары дайындалып, іске асырыла 
бастады. Мәселен, 9-12 оқушыдан саны аспайтын сыныбы бар шағын 
жинақталған мектептердің саны өсті. Ауылшаруашылығанда жұмыс 
жасайтын отбасының балаларын мектеп қасындағы интернаттарға 
орналастырулар жиі орын алды. Халық ағарту комиссариатының деректік 
мәліметтерінде 

1934 жылы 24,259 оқушы мектеп жанындағы интернатқа 
орналыстырылған болса, ол 1937 жылғы жалпыға бірдей міндетті бастауыш
оқуды жүзеге асыруда мектеп жасына кірген балалардың 96 пайызы қамтылды 
деп беріледі. Ана тілінде оқытатын қазақ төрт сыныптық мектептердің саны 
537 ден 1190-ға көбейген, ал, орталау мектеп 143-тен 237-ге, орта мектеп 11-
ден 48-ге жеткен. Дегенмен де, қазақ тілді мектептердің және онда білім 
алушы оқушылардың саны орыс тілді мектептерден төмен болды. 1939 жылы 
Қазақстандағы халық сауаттылығының деңгейі 79,3 пайызды құрады, бұл 
бірақ оқушыларды бірге қосқандығы мәліметтер. Ал, елімізде 1940-1941 
жылғы оқу жылының басында 1 145 993 оқушы мектепке барса, қазақ 


65 
мектептеріне 441 бала қабылданды. Бұл жалпы балалар санының 38,4 пайызын 
көрсетті [140]. 
Түйіндей келе, 1915 жылдан 1918 жылға дейінгі Патшалық Ресейдің 
орыстандыру саясаты аясындағы миссионерлік педагогикалық жүйені 
ұстанған мектептер жүйесінің қызметі мен құрылысы өз алдына білім беру 
жүйесінде қызметтерін атқарды. Кеңестік жүйенің орнауы мен оның дамуы 
барысында, мысалы 1918 жылғы қабылданған міндетті, жалпыға бірдей тегін 
орта білім беруді іске асыруда «Бірыңғай еңбек мектебінің негіздері» құру 
құжатынан бастау алған жұмыстар арнайы «Ереже» бекітіліп,
мектептің екі 
басқыштық жүйесі анықталып бекітілді. Бірінші басқышта 

оқу мерзімі бес 
жыл, 8-13 жастағы балаларды қамтыса, екінші басқышта 
– 
оқу мерзімі төрт
жыл болып 13-17 жастағы балаларды қамтыды. 1935 жылы БК(б) Партияның
Орталық комитет пен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі «Оқу ісін 
ұйымдастыру: бастауыш, орталау, орта мектептің ішкі тәртібі» байланысты 
қаулыларды қабылдауы және осы жылы Қазақстанда «Мектеп құрылымдарын 
ретке келтіру және қазақ орта мектептерін өсіру туралы» шешімнің шығуы 

оқу-ағарту саласындағы жұмыстардың күрделілігін және түрлі қиындықтарды 
жеңу шарасына байланысты мәселелерді жүзеге асыра отырып мектептердің 
құрылуы және олардың түрлі кезеңдерге байланысты мазмұндық 
құрылымдарын қайта қарастыру шаралары ретінде орын алады. Осындай 
әрекеттің нәтижесінде де 1937 жылға жалпыға бірдей міндеті бастауыш 
оқумен мектеп жасындағы барлық балалар толық қамтылуға тиіс болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет