54
Халық /тұрғындар/ – қандай да бір аумақта
тұрақты дамыған немесе
бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы [115]. «Халық» дегеніміз
–
жалпы бір елдің бүкіл тұрғын жұрты, қоғамдық дамудың әртүрлі сатыларында
таптық құрамы түрліше болып келетін, тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік
топтардың бірлігі [116]. Ағартушылық
–
XVIII-XIX ғғ. дамыған идеялық ағым.
Ағартушылық
–
қоғамдық-саяси ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік
идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам
кемшіліктерін түзетуге,
оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын
өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарына шетелдік және отандық
ғалымдар мен ақын-жазушы, дангой-пәлшапылар енеді. Олар өз уағыздарын
қоғамның барлық топтары мен жіктеріне, әсіресе билік иелеріне бағыштады.
Қоғамдағы кертартпа көріністердің бәрі адамдардың надандығынан, олардың
өздерін бағалай білмеуінен деп түсіндірді. Ағартушылық шіркеулік идеология
ықпалына, діни наным-сенімдерге қарсы болды. Ағартушылар сол қоғамда
әлеуметтік көзқарастардың қайта қалыптасуына ықпал жасады. Ағартушылар
қоғам дамуындағы сананың айқындаушы рөлі туралы түсініктерге ден қойды.
Ағартушылық 18 ғасырда әлеуметтік көзқарастардың
қалыптасуына едәуір
ықпал етті. Шығыс елдеріндегі ағартушылықтың өзіндік сипаты бар [115].
«Халық ағарту» ұғымы
–
қоғам және мемлекет мүддесі мен қажетіне
сәйкес халыққа білім беру, тәрбие мәселелерін жүзеге асыратын іс-
шараларының жүйесі. Халық ағарту жүйесін қамтитын білім беру орындарына
мыналарды жатқызамыз: мектепке
дейінгі тәрбие мекемелері; жалпы білім
беретін мектептердің барлық түрлерін; кәсіптік-техникалық, арнаулы орта,
жоғары оқу орындары; мамандық арттыру оқулар түрлері;
мектептен тыс
мекемелер; кешкі оқу; сырттай оқу - деп беріледі [116].
Зерттеу тақырыбының қарастырып отырған кезеңінде яғни, ХХ
ғасырдың басында – патшалық Ресейдің самодержавиялық қоғамы мен
кеңестік қоғам жүйесінің орнаған алғашқы жылдарында Қазақстандағы
бастауыш мектептердің түрлері мен құрылымдық жүйесін және ондағы білім
беру бағыттары бойынша топтастырылу төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: