«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»



Pdf көрінісі
бет19/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
бастауыш1

Бірінші шарты: Орыстандыру саясаты мен ескі мұсылмандық білім 
берудің ұстанған мектептегі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің тұрғылықты 
халықтың бала оқытудағы сұранысын қанағаттандыра алмауының 
себептерінен «жаңаша оқыту әдісінің» - «жадизм» орын алуы – бар 
педагогикалық жүйенің өзгеріске түсуіне ықпал жасады, жаңашыл 
педагогикалық жүйе орын ала бастады
Екінші шарты: Жергілікті халықты күштеп орыстандыру мен қатар 
білім беру мен оқыту жұмыстарында тұрғылықты халықтың мүддесін 
ескермеді, отаршылдық саяси биліктің жүйесімен жүзеге асырылды  
қазақтарды ассимилизацияға түсірудегі әрекеттер мектеп жүйесінде ерекше 
қолға алынды. 1915 жылға дейінгі патшалық Ресейдің отаршылдық 


70 
саясатының негізінде құрылған миссионерлік педагогикалық жүйеге қазақ 
қоғамындағы әлеуметтік ортаның келіспеушілігі мен қарсылығының негізінде 
қазақ ұлттық бастауыш мектебінің негізі құрылды. Араб жазу таңбаларының 
қазақ тілінің ғылыми заңдылығына бағандырылуы негізінде қазақтың «төл 
жазу қарпінің» өмірлік тәжірибеге енуі мен педагогикалық үдерісті 
ұйымдастырудағы басты құралға айналып, бекуі.
Үшінші шарты: Қазан төңкерісінен кейінгі құрылған жаңа қоғам- 
социалистік жүйедегі білім беру мен оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын іске 
асырудағы әрекеттері мектептің құрылымы мен мазмұнын өзгеріске түсірді, 
оқу-ағарту жүйесі жаңа бағытты ұстанған саяси-иедеологиялық бағытқа 
бағындырылды. Ескі жүйедегі педагогикалық үдерістерге жаңа сипат беру 
қолға алынды, ескіден жаңаға көшу барыстары орын алды. 
Төртінші шарты: Кеңес қоғамында бастауыш білім беретін мектептерді 
құру мен халықты жаппай сауаттандыру жұмыстарының жүзеге асыру 
мемлекет тарапынан іске асырылды /қаулы, қарарлар, ереже, шешімдер
нұсқаулар т.б. ресми құжаттар негізінде/. 
Бесінші шарты: Қазақ зиялылары мен оқымысты, білімпаздарының 
топтасуылары орын алды /оқулық, оқу құралдары, оқу бағдарламалары, 
тәрбие бағыты, оқу тілі т.б./, жаңа педагогикалық идеялардың мектеп өмірінің 
тәжірибесіне ендіріліп, қазақ балаларының ана тілінде білім алу мүмкіндіктері 
артты. Қазақ оқымыстыларының оқу-ағарту саладағы педагогикалық ой-
пікірлеріндегі қазақ балаларын ұлтжандылыққа тәрбиелеу және жастардың 
ұлттық дүниетанымын кеңейту бағытындағы оқыту жұмыстарын жүзеге 
асырулары кең орын ала бастады. 
Алтыншы шарты: Білім беру жүйесінде діни бағыттағы оқулар мен 
дүниетанымдық тәрбие мен оқыту тоқтатылды. Дін мектептерден 
ажыратылды. 
Жетінші шарты: Мектеп құрылысын социалистік қоғам жүйесіне 
бейімдеу және педагогикалық үдерістегі тәрбие мен оқытуды кеңестік оқу-
ағарту және мәдени-саяси құрылысы мен мемлекеттік өмір тәжірибесіндегі 
бүкіл рухани сала сталиндік түсініктегі марксизм-ленинизм иедеологиясына 
бағындырылу жүзеге асырылды. Мәдени-саяси идеологиялық бағыттағы 
жұмыстардың мазмұны өзгеріске ұшырап, соның негізінде оқу-ағарту 
саласындағы мектептегі оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарының түрі мен оны 
жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері де жаңаша сипатта құрылды. 
Сегізінші шарты: Қазақтың төлтума жазу таңбаларының ендірілуінің 
басты себебі ұлттық сананың оянуы мен қазақи әлеуметтік ортаның осы 
бағыттағы ықпалы және кеңестік қоғамдық құрылымдағы саяси иедологиялық 
бағыттың күштеп жасау ықпалының әсерінен латын қарпіне көшу, қолдан 
жасалған саутсыздықтың орын алуы, ұлттық аймақтармен санаспай білім 
беруді бір орталыққа бағындыру жүзеге асырылды. 
Зерттеу аумағына енетін кезеңде орын алған педагогикалық жүйенің 
негізі болған 

қазан төңкерісіне дейінгі қоғамда орын алған оқу-ағарту 
жүйесіндегі ескі әдісті (кадими) мектептер мен медреселер, орыс және орыс-
қазақ және т.б. патшалық Ресейдің орыстандыру бағытындағы идеологиялық 


71 
саясатының негізінде құрылған миссионерлік педагогикасы. Сондай-ақ, жаңа 
әдісті (жадид) мұсылман мектептері және оның негізінде құрылған ұлттық 
қазақ бастауыш мектебінің ұлттық дүниетанымға негізделген оқу-тәрбие 
жұмыстарының жүйесі мен қазақ білімпаздарың бала оқыту жайындағы озық 
ойлы пікірлері. Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі социалистік құрылысты 
дамытуға құрылған бастауыш мектептер жайында мазмұндық талдаулар 
жасап, оларға ықпал етуші жағдаяттардың түрі мен мәнін ашып, түрлі 
қоғамдық құрылыстағы қазақ жеріндегі бастауыш мектептердің құрылуына, 
қалыптасып және дамуындағы орын алған педагогикалық жүйені негіздейтін 
алғы шарттары мазмұндық жүйесін ашып беруге тырыстық.
Қорытындылай келе, Қазақ жеріндегі 1915-1940 жылдар аралығындағы
уақытта оқу-ағарту саласы бойынша халыққа білім берудің түрлі кезеңдерге 
орай жаңа жүйесі қалыптасып, дамып, түрленіп заман сұранысы лайықты 
құрылып отырғандығына көз жеткіздік.


72 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет