–
әліппені жәдидтік
жаңа білім беру жүйесі негізінде жасап, «усул сотие»
–
дыбыстық оқыту
әдісімен құрастырды [172].
Қазақ жерін отарлау саясатының негізінде орыстандыру жұмыстары
оқу-ағарту саласында басым бағытқа ие болып, орыстан басқа ұлттар арасында
білім беруді жүзеге асыру арқылы жүргізілді. «... барлық қазақ ісін және қазақ
білімінің ерекшеліктерінің негізін және орыс мүддесіне бағытталған қазақ
білімінің бастапқы түп қазығы қазақ тілінің еркіндігінде. Ол үшін қазақ тілін
татар тілінің ықпал ету жолына тосқауыл қою керек. Оның дұрыс жолы – қазақ
тіліне арналған орыс алфавитін жасау. Бірақ араб әліппесі қазақтартардың
қоладанысында болғандықтан татар тілінен ажыратуы қиынға соғады. Араб
88
жазу таңбаларының жүйесі қазақ фонетикасына жақын келмеуін, қазақ
этимологиясының ерекшеліктерін жасыруын басшылыққа алып негіздеу
қазақтарды араб тілінен алшақтауына алып келеді, ....ал біздер қазақ тіліне
орыс алфавитінің икемділігін түсіндіреміз». Сондықтан орыс жазу
таңбасының жүйесін қысқа мерзімде қазақ тілінің жағдайына бейімделген
үлгісін
дайындап,
ұсыну
оқу-ағарту
саласындағы
орыстандыру
жұмыстарының ұтымды жолы болмақ деп қарастырды. Оқу-ағарту саясатын
жүргізуші миссионер ғалымдар мен әкімшіліктері арасында қазақ тіліне
негізделген жазу таңбалары /алфавит/ транскрипциясына байланысты үш
түрлі пікір орын алды.
1. Қазақтарға оқулық құрастырғанда диакритикалық белгілері бар жаңа
әріптерді транскрипциялаған орыс әліппесінің жүйесін енгізу, оның жазу
нұсқасын басшылыққа алу;
2. Транскрипциялағанда алфавитке орыс әліппесінен ғана емес, грек
және латын алфавитінің де әріптерін енгізу;
3. Транскрипциялауда тек таза орыс әліппесін алып, еш өзгеріссіз ендіру,
орыс мектептерінде орыс әліппесін қалай оқытылса, сол нұсқауында беруді
ұсынды.
«Түземдіктердің орыстармен және орыс мемлекетімен жақындасуының
жолы
–
тікелей орыс транскрипциясымен байланысты болды. Орыс алфавитін
ешқандай қысқартусыз және қосымша өзгертулерсіз алып, түбірі сақталып
қолданысқа енеді» - деп айтылды [173].
Оқу-ағарту саласындағы Ресейдің миссионер-ғалымы Н.И. Ильминский
оқу-ағарту министрімен кездесуінде орыстандыру бағытындағы саясатты
жүзеге асыру үшін, қазақ тілінің қамқоршысы ретінде көрініп, бұл жұмысқа
Ы. Алтынсаринді тартады.
Н.И.
Ильминский;
Орынбордағы
қазақ
мектебін
бітірген
Ы. Алтынсаринді білемін
–
«біз екі жыл бірге болғанбыз. Бұл өте жоғары
дәрежеде талантты, білім құмар, сүйкімді, ақ көңіл, ақыл-ойы берік, патриот
адам. Егер, Ы. Алтынсарин қазақтар арасындағы оқыту жұмыстар жандандыру
жөніндегі сақтап қалса, онда ол қазақ мектептері үшін аса жарамды болар еді»
- деген болатын. Өйткені қазақ мектептеріне жаңа оқулықтар жазу және
бұрынғы жазылған оқулықтарды жетілдіріп, қайта шығару қажеттілігін
қарастырып, әрине таза қазақ тілінде бірақ, орыс алфавиті негізінде орысша
кітаптардың
аудармасын
беруді
ұсынамыз.
Ы. Алтынсаринді Қазанға шақырып, оған қазақтарға орыс алфавитінің
қажеттілігін айтып түсіндірсек, онда ол қазақтар арасында үгіттеуші де
болады. Бұл Ы. Алтынсариннің қазақ өлкесіндегі оқу-ағарту ісіне жасаған
қызметі деп білеміз [174].
Отарлаушы елдің халыққа білім беру қызметкерлерінің қауымы тілді
оқыту мәселесі жөніндегі өзара пікір-таласта өлкедегі бастауыш мектепте ана
тілін оқытуды қолдаумен аяқталды. Бұл бағыттың орындалуына төмендегі
жағдайлар себеп болған еді. Бастауыш орыс-қазақ мектептері қазақ тілі мен
мұсылмандық дінді оқытпаған жағдайда жергілікті халық мұндай мектептерге
сенімсіздікпен және дұшпандықпен қарады, ондай мектептерді құруға тікелей
89
қарсылық
көрсетті.
Бұдан
басқа,
оқыту
әкімшілігі
қазақтарды
«татарландыруды» және «мұсылмандандыруды» тоқтатуды қарастырды, ол
үшін оларды орыс тіліне оқытуға қазақ мұғалімдерін және араб емес, орыс
шрифіндегі қазақ тілі мен қазақ тіліндегі оқулықтарды пайдаландыруды
көздеді [175].
Қазақ тілінде оқыту мен білім беру және оқулықтар мен оқу құралдарын
қазақ балаларының ана тілінде жазылуы керек жайындағы педагогикалық
пікірлері жағымдылық және жақсылық нышанын бергенмен де негізінде,
орыстандыруға бағытталған миссионерлік-педагогикалық жүйенің орын алып
тұрғандығы анық байқалады. Бұл орыс жазу таңбасын қазақ тіліне икемдеп
жасауы арқылы қазақ тілінде оқытуды жүзеге асыру негізіне, қазақтарды
ассимиляциялауға түсіру болды және ол келешекте жүзеге асқаны анық. Оның
салдары бүгінгі қоғамда орын алып келе жатыр.
«Қазаққа керек оқу екі түрлі, бірі мұсылманша оқу, бірі русша оқу.
Мұсылманша оқуға «мұсылманша болғанда қазақша оқуға, оншама көп жыл
керек емес. Не үшін десеңіз, русша оқығанда уақыттың көбі тіл үйренуге
кетеді. Қазақша оқығанда тіл үйренуге кететұғын уақыттар басқа нәрселерді
үйренуге керек уақытқа ауысады. Сондықтан 6-7 жыл оқып білетұғын
білімдерді қазақша үш жыл оқып білуге болады. Русша оқып дұрыстап хат
жаза білуге аз болса 8-9 жыл керек. Қазақша дұрыстап хат жаза білуге бір-екі-
ақ жыл керек. Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген
жолымен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды /төте оқу/ айтамын» -
деп түсініктеме береді [176]. Оқытуды баланың ана тілінде жүргізу қажеттілігі
жайындағы ой-пікірді қазақтың педагог-әдіскер, ғалымы А. Байтұрсынов:
«…Өз харпі жоқ жұрттар үшін оқу кітаптары ана тілінде өз харпімен де, орыс
харпімен да, яғни екі харіппен де басылмақ. Енді қате аңғармас үшін ашып
айтылады. Ана тілін оқытатын кітаптар әр халықтың өз тілінде һәм тұтынған
харпімен басылсын, орысша үйрететін кітаптар я орыс харпімен, я екі харппен
бірдей басылсын» - деп түсіндірген, ғалым
–
орыстандыру саясатының
астарын жете түсінген [177].
Қазақша әліппе оқулығын жасауда не себепті араб таңбаларын
алғандығы жайында: «араб әліппесінде 43-ке жететін харіф жоқ. Өзге
әліппелерді қазақ қабыл алмайды. Араб әліппесі қазақ арасына дінмен бірге
жайылған. Дінмен байланысқан әліппені тастап, қазаққа басқа әліппені
алдыру-қиын жұмыс. Бұлай болған соң, араб харіптерін қазақ дыбыстарына
жеткізу амалын табу керек. Араб харіфтерін тым бұзып жіберсек, халық тағы
қабылдамайды» - деп түсініктеме берген болатын [178].
Біздің тіліміздегі барлық дыбыстарды сақтай отырып, дыбыс
үндестігінің заңдылығы бойынша жаңа әріптер белгілеп, ана тіліміздің
синтаксисі мен этимологиясын жасап шықты. Қазақ тілінде қолданылмайтын,
мүлдем қажетсіз он екі араб әрпін әліппеден алып тастады. «Тіл табиғатына
қарай емлені ыңғайлау ма? Жоқ, емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен
ойлаймын, емле-жазу үшін шығарған нәрсе, жазу-тіл үшін шығарған нәрсе.
Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек» -
деп ғылыми тұрғыдан негізделіп берілді [179].
90
Жоғарыда аталған тарихи құжаттардың негізінде сіз жасай аласыз келесі
қорытындылар жасаңыз:
-
90-жылдардан бастап қалыптасып, кең дами бастады ХІХ ғасыр
Орта Азия мен Қазақстанда, жаңа білім беру жүйесі /жадизм/, жаңа бағытта
дамуына үлес қосты қазақ жеріндегі бастауыш білім беру. Осыған құрылған
оқыту жүйесі, бастауыш мектеп типі қозғаушы күшке айналды ұлттық
сананы ояту.
Олар дамуды жүзеге асырды білім берудегі балалардың ұлттық
ерекшелігі туралы дүниетанымы және ғылыми принципті ескере отырып,
балаларды оқыту білім, дінді академиялық пән ретінде оқыту. Себебі, бұл
жүйенің Қазақстанда кең қолданылғандығы, 1915 жылы қазақтың ұлттық
бастауыш мектебінің іргетасы қаланды.
- ұйымдастыру жүйесіндегі қазақ әрпін реформалау бастауыш
мектептегі оқу процесі ана тілі, қазақтың ұлттық жазу графикасын құру және
жаңадан құру, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жазу оқу және білім беру
саласында айтарлықтай өзгерістер енгізетін кітаптар ұлттық мәдениетті
көтеру кезінде оның дамуын анықтайтын процесс халықаралық қозғалыстар
бағыты бойынша әлемдік деңгейге және ғылыми тәжірибеде болғанының
дұрыстығын растайды педагогика саласы.
- негізінде білім беру жүйесінде өзгеріс бар Кеңес өкіметі мен
аударманың бір орталыққа бағыну саясаты латын әріптерімен жазылған
таңбалар, қайта құру Оқу-ағарту жұмыстарын жүргізуге арналған қазақтар
саяси-идеологиялық бағытқа негізделген шығармалар социалистік жүйе.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанда мәселелер бойынша білім беруді жетілдіру
және дамыту, қажеттілік туындайды оның тарихын, яғни педагогика
ғылымының даму жолын қайта қарастырыңыз. Білім беруді кеңейту және жаңа
бағыт қажет жылы бастауыш білім беру теориясы мен практикасын бөлек
зерттеу педагогика тарихы. Бүгінгі уақыт жаңасымен зерттеуді қажет етеді
педагогика тарихының әдіснамалық мәселелері мен әдістерінің көзқарасы
бастауыш білім, техникалық қызмет көрсету жүйесін реформалау,
жаңартылған бастауыш оқу бағдарламаларына негізделген білім беру және
латын әліпбиіне көшуді таяу болашақта қолға алу және қазақ әліпбиін жаңадан
құру, оларды енгізу уақыттың сұраныстары мен талаптарына сәйкес. Бұл
жағдайлар, тарихи-педагогикалық процестердегі тәжірибеге негізделген
Қазақтың өзіндік жолы бар белгілері мен әліпбілері дамыту, оларды
көшбасшылыққа алу – олардың болатынын анық білдіреді болашақта көптеген
қиындықтарға кедергі және ықпал етеді жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру
және тиімді құру түрлі кедергілердің алдын алу [180].
Ресей патшалығының отарлау саясатындағы ұстанған бағыты шет
аймақтағы халықтарға, бұратаналарға орыс тілін үйрету, орыс тілінде сауат
ашуына бағдарлама жасалынып, жүйелі жүргізіліп отырғандығына қарамастан
ХХ ғасырдың басында қазақ педагогикасы әлемінде де елеулі өзгерістер
болды. Көркем әдебиет пен жалпы мәдениеттің қол жеткен табыстары
жүйесінде мектеп оқушыларына арналған оқулықтар жасау мәселесі қолға
алынып, алдыңғы кезекке қойылды. Ұлт мектептерінде ана тілін оқытуға
91
байланысты қолтума әліппе, хрестоматия құралдарын жасауға үлкен мән
берілді. Мұғалім, әліппе, төте оқу – «жадиттік» төңірегінде, оның мәні жөнінде
пікірлер айтылды. Мұның өзі педагогикалық ой-пікірге қозғау салды. Сөйтіп,
қазақ тілінде әліппе жасау ісі қолға алынып, алғашқы қазақ авторлары шыға
бастады. Олар алғашқы әліппе-оқулықтарды (жәдид) жаңа білім беру үлгісіне
сүйеніп, усул сотие дыбыстық оқыту әдісімен құрасты [181].
Қазақ жазу таңбаларын реформалау арқылы төл тума жазуымызды
қалыптастырып, оны жәдидтік оқу жүйесімен негізделіп қалыптасқан ұлттық
бастауыш мектептердің педагогикалық тәжірибесіне ендіріп, қазақ халқының
бала
оқытудағы
жұмыстарын
ұлттық
бағытқа
бастап
берген
А. Байтұрсынұлының «Әліп-би» немесе «Оқу құралы» атты еңбегі 1912-1925
жылдарда 7 рет өңделіп, толықтырулармен шығып отырды және оқу-ағарту
жұмысында кеңінен қолданысқа ие болды. Бұл қазақтың әліппесі қазақ жазу
таңбаларының жаңа түрленген бейнесін берді және оны қазақ ұлты жанына
жақын қабылдағаны тарихта анық. «Оқу құралы» тек жазу таңбаларын
үйрететін сауат ашумен қатар оқушылар үшін ғылыми танымдық оқу
материалдарында қазақша, парсыша күн және жыл атаулары берілген. «Оқу
құралының ең ұлығы-бала оқытатұғын кітап; оның жақсы болып, балалардың
жанын қинамасына жазудың тәртібі болуы шарт. Тәртіпті жазу деп айтамыз:
тілдегі бар дыбыстың бас-басына арнаған белгісі /харфі/ бар болса. Осы күнгі
жазуымызды дыбыс басына арналған белгіміз жоқ; бір белгіменен әлденеше
түрлі дыбыстарды жазамыз», - деп айтты [182].
Жаңа жазу таңбалары негізінде әліппе оқу құралының жазылуы
еліміздегі көптеген қиыншылықтарды жойды. Қазақтың жаңа алфавиті
әліппесі біздің дамуымызға үлкен пайдалы ықпалын тигізетін құбылыс болды.
Жаңа алфавит ұлттық мектептерінің қалыптасып дамуы жолында үлкен
қадамдар жасаудың негізі болды. ХХ ғасырдың бас кезінен бастап қазақ
балаларының ана тілінде білім алуы жүзеге асыруда араб жазу таңбасын
өңдеп, қазақ жанына тартымды қылып, қазақтың төл тума алфавиттік жүйесін
жасады. Бұл «Ахмет жазу» деп аталып, қазақ балаларының ана тілінде білім
алуында ерекше орын алғаны оқу-ағарту жұмысындағы бір бағыт болса,
екіншіден тілдік, әдістемелік негізде ғылыми жол салды. Сонымен бірге, қазақ
баласының орыстануына тосқауыл болған бағыт болды.
Жәдидтік оқу жүйесі негізінде құрылған ұлттық бағыттағы жаңа
мектептер ана тілінде оқытудың дыбыстық әдісін қолданып, орыс графикасы
негізінде жасалған қазақша оқу құралдарынан бас тартты. Бұл қазақ бастауыш
мектептерінде тәрбие мен білім беру, оқу бағдарламалары мен оқулықтарын
және оқу материалдарын, оқытуды ұйымдастырудың мазмұнын жаңа
әдістемелік жүйеде жүзеге асырудағы педагогикалық озық тәжірибелік
үлгілері ретінде орын алды [183].
1920-1929 жылдары араб жазу таңбасы негізінде жасалған қазақтың
төлтума жазуын іс қағаздарына кеңінен пайдалану және қазақ тілін енгізу
көрініс алды. Дегенмен де, 1927-1940 жылдары латын әліпбиіне көшу жүзеге
асырылды, 1940 жылдан бастап
–
кирилл алфавитін енгізілді. Халықтың көп
бөлігі үшін латын әліпбиіне көшу бір уақытта оқу мен жазуды үйрету болды,
92
сонымен қатар латын алфавиті саяси жағынан социалистік қоғамның
біртұттастығы негізінде жүзеге асырылды. Бұл патшалық Ресей кезеңінен келе
жатқан орыстандыру саясатының жалғасы ретінде орын алу мен халықтар
достығы ұранды сөзбен отарлауды жалғастыру. Оның негізі жоғарыда
баяндалған кириллдік жазу таңбасын енгізудегі басты мақсат
–
орыс тілін
қарым-қатынастың басты тілі ретінде мойындату және жүзеге асыру болды.
КСРО
Орталық
Атқару
Комитетінің
хатшысы
1927
жылы
А.С. Енукидзе: «... Қазақстанның ұлттық тілі болмаса, Қазақстанды орыс
ұлтының деңгейіне көтеруге бола ма? Бұл мүмкін емес, бұл шовинизм болар
еді» деген сыңаржақ пікір білдірген болатын [184].
Мәскеуде 1924 жылы Шығыстану ғылыми орталығының құрамынан
түркі халықтарына негізделген латын жазу таңбасын құрастыру бірлестігі
(ASLAT) құрылды және түркі конгресін өткізуді ұйымдастырды. 1926 жылы
ақпанда Бакуде Кеңес үкіметінің құрамындағы түркі халықтарының -
татарлар, қазақтар, өзбектер, чуваштар, Солтүстік Кавказ, Сібір, Сақа /Якут/
зиялылар бас қосқан бірінші Бүкілодақтық түркі конгресі өтті. Конгреске
қатысушы делегаттар саны – 131 болды. Олар кеңес үкіметінің өкілдері мен
шетелдік ғалымдар болды. Онда кеңестік қоғам құрамындағы түркілерді жаңа
латын жазу таңбасындағы әліппеге көшіру басты мәселе ретінде
қарастырылды. Түркі халықтар арасында латын әрпімен жазылған әліппені
қоланудың /роминанизауиялаудың/ тиімсіз екендігін Әзербайжандағы
тәжірибенің алға тартып айтты. Әліппені романизациялауға қарсы
көзқарастағылардың пікірлерінде: «түркі халықтарын исламдық діни негіздегі
мұсылмандық дүниетанымна айыру, алшақтату болып табылады. Сондай-ақ,
кирилл алфавитін сақтаудың қажеттілігі жоқ, бұл алфавит тарихи түрде
патшалық Ресейдің орыстандыру саясатының жалғасы» - деп түсіндірілді.
Қазақстаннан және Татарстаннан келген оқымысты, білімпаздар қолданыста
жүрген араб әліпбиін реформалау керектігі айтып, латын таңбасын қабылдау
және әліппесін енгізуге қарсы болды. Дегенмен де, конгрес делегаттарының
101 латын әрпін енгізу жайындағы ұсынысқа қолдау білдіріп, жақтап дауыс
берді [185].
1927 жылы ақпан айындағы Бүкілодақтық большевиктер коммунистік
партиясы Орталық Комитетінің Ұйымдастыру бюросының «Жаңа түрік
әліпбиінің Бүкілодақтық комитеті туралы» түркі халықтарының латын
әліпбиіне көшіру комитет құрылды [186].
Қазақтардың қолданыстағы араб әліпбиі 1928 жылдың аяғында латын
әліпбиіне ауыстырылды, бұны большевиктер партиясының өкілдері кеңес
үкіметінің шығыстағы революциясы деп атады. Және социалистік жүйедегі
идеологиялық бағыт ретінде қолдау тапты. Араб таңбалары негізіндегі
қазақтың әліппесін қорғаушыларды байлар мен ислам дініндегі мұсылмандық
дүниетанымдық уағыздаушы ұлтшылдар деп айыпталды. 1928 жылдың
желтоқсанында өткен 4-ші сессиясы Қазақ АКСР-ін латын әліпбиіне
толығымен көшуді заңдастырды.
Латын таңбасындағы әліппеге көшу халықты қайта сауатсыздыққа алып
келді және бұрынғы хат танитындар қайта оқуға тура келді, оған уақыт қажет
93
болды. Түркі халықтарының жалпы сауатсыздығын жою міндеті қиындады.
Бұл жұмыстарды жоспарлы жүзеге асыру үшін сауатсыздықты жоюға жаңа
әліпбиге білім беру бағдарламасын және оған ұйымдастырушы-әдіскерлерді
даярлау қажет болды [187].
Латын әліпбиіне ресми көшуге байланысты Қазақстандағы жаңа
алфавитті қабылдауға байланысты 1927 жылы жергілікті атқару комитеттері
құрылды. Жаңа алфавитті қолдайтын қоғамдар болды және олар 1928 жылы
желтоқсанда жаңа әліпбиді қолдаушылардың бірінші жалпықазақ
конференциясын өткізді. 1929 жылдың наурыз айының 8-ші жұлдызында араб
графикасы қолданыстан шығарылды. Бірақ іс жүзінде ол сақталды. 1929 жылы
25 шілдеде Орталық Атқару Комитеті мен республика үкіметі латын әліпбиіне
негізделген жаңа қазақ алфавитін бекітті [188].
1928 жылы қаңтар айының 24-ші жұлдызында латын әліппесін,
«мемлекеттік әліппе» деп жариялап, көшудің уақыты анықталды. Ол барлық
мемлекет, кооператив мекемелері және басқа мекемелер үшін
–
1929 жылғы 1-
қыркүйек; барлық газеттер, сондай-ақ, журналдар және басқа оқу орындары
үшін – 1930 жылғы 1 қаңтар; мектептер және басқа оқу орындары үшін
–
1931/32 оқу жылдары аралығында көшірілуі анықталды [190].
1929 жылы тамызда «КСРО араб жазуы халықтарының жаңа латын
қарпіндегі алфавиті көшіру туралы» қаулы қабылдады. Латын әліпбиіне
көшудің заңдылығы негізделді. Жарлыққа сәйкес түрік-татар халықтары
латын әліпбиіне
–
екі жыл ішінде көшуге тиіс болды [191].
Әліппеге қатысты романизация үдерісінде алфавитті тілдерге
байланысты икемдеу және жетілдіруді қажет етті, «әсіресе түркі халықтардың
жазуын ғана емес, олардың тілдерін /емле, терминология және әдеби тілді
дамытуда/» және «жаңа жазу таңбалары мен терминологияларды енгізу
жұмыстарына белгілі бір жергілікті партия және кеңес ұйымдарының
басшылығының жеткіліксіздігін» аталып өтілді [192].
Кеңес үкіметінің нығайу кезіндегі Сталиндік билік интернационализм
ұранымен халықтарды біріктіру саясаты белең алды. Бұл өз кезегінде
патшалық Ресейдің орыстандыру саясаты болды.
1. Төте жазуды латыншаға көшіру арқылы кирилл жазуына алмастыру;
2. Орыстан басқа түркі тектес ұлттардың мәдениеті мен рухани құнды
мұраларын жою, социализм идеологиясына бағындыра отырып, ұлттық
болмысынан айыру;
3. Аралас мектептердің санын арттыру;
4. Орыс тілін қарым-қатынас тіл ретінде пайдалана отырып, мемлекеттік
тілге айналдыру.
5. Шағын ұлыстар мен ұлттарды ассимиляция.
6. Кеңес үкіметтерінің құрамына енген орыстан басқа ұлттарды бір
халыққа, яғни орыстанған кеңес халқына айналдыру бағытындағы астарлы
саяси мәселерді кеңестік одақтас республикалар достығын алға тарта отырып
жүзеге асырды.
Кеңес үкіметінің ұстанған саяси идеяларды біртұтас кеңестер одағын
құру бағытындағы іс-шаралар жүйесімен сталиндік қатаң билік өкілдері
94
қазақтың төлтума жазуын латын қарпінің жазу таңбасына алмастыруындағы
жүргізген реформаларының бүгінгі күнге дейінгі уақытта өзіндік кері
зардабын тигізіп келеді.
Жергілікті партиялық бөлімдері «романизациялау барысында бірқатар
кіші ұлыстар мен ұлттық этникалық топтарға алфавиттерді жасанды түрде
жасағандығын» айтып, бұл «Кеңес Одағы халықтарының өзара жақындасуға
деген ұмтылысын дамыту» - деп, Бүкілресейлік Орталық Комитетіне
мәліметтер берілді [193]. 1935 жылы КСРО халықтарының тілдерін
кириллицаға аудару туралы мәселе көтерілді. 1935 жылы ақпан айының 10-шы
жұлдызында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Төралқасының
отырысында алғаш рет Солтүстік халықтар кириллица жазу таңбасына көшу
туралы пікірлер айтылды.
1938 жылдың наурыз айының 13-ші жұлдызында КСРО Халық
Коммисарлар Кеңесі мен БКП(б) Орталық Комитеті «Ұлттық республикалар
мен облыстардың мектептерінде орыс тілін міндетті түрде оқыту туралы»
бірлескен қаулы шығарды. Ұлттық мектептер КСРО халықтарының орыс
халқымен бауырластық бірлігін бұза отырып, балаларға буржуазиялық-
ұлтшылдық және антисоветтік ықпалдың ошақтары ретінде танылды. Орыс
тілі мен орыс мәдениетін нығайтуға бет бұру орыстың басқа этностық
ерекшеліктерге қарағанда жоғарылауын білдірмеді. Биліктің орыс тіліндегі
барлық нәрсені өзімен және орыстармен отарлаушы ретінде байланыстыруды
болдырмауға деген ұмтылысы орыстар үшін этникадан тыс мекемелерде
–
әлеуметтік-таптық, халықаралық, кеңестік қоғамдық мекемелерде өзін-өзі
көрсету мүмкіндігі берілгендігіне әкелді. Мансап қызығушылықтары орыс
тілін оқуды ынталандырды. Жабық сессияларда, кездесулерде байланыс
негізінен орыс тілінде жүрді. Қазақ басшылары мен мен Ресейлік басшылар
әрқайсысы өз этникалық ортасында артықшылықты жағдайда болды. Бірақ
орыс тілінің, әсіресе қарым-қатынаста кең таралуы жағдайы кеңестік жүйенің
саяси-идеологиялық мазмұнын түсіндіру қызметтік қуатты ретінде орынға ие
болды. Жазбаша қазақ тілін міндетті түрде қолдану билік пен әкімшіліктің
жұмысында ұлттық теңдіктің белгісі болды. Бірақ жазу қызметіндегі нақты
құлдырау тілдің жазбаша және ауызша мәдениеті арасындағы алшақтыққа
біртіндеп орын ала бастады. Нәтижесінде ұлттық тілдегі сауаттылық және
оның әлеуметтік жағдайы төмендеді. Басшылар арасында қазақ жазуын білу
жеткіліксіз болды, міндетті әрі, басты болып орыс тілін білу жалпы қазақ
мәдениетінен және тілдің беделіне кері әсерін тигізді. Құжатта орыс тілін
ұлттық республикалар мен аймақтардың мектептерінде оқу пәні ретінде
оқытудың қажеттілігі «орыс тілін білу КСРО халықтары арасындағы қуатты
байланыс және байланыс құралы болуы керек, олардың келешектегі
экономикалық және мәдени өсуіне ықпал етуі керек» деп дәлелденді [194].
«Социалистік жаңа құрылыс» – жаппай ұлттық және мәдени автономия
мүмкіндіктерін күрт төмендетіп, орыстандыру негізінде бірігуді мәжбүр етті.
Ұлттық ғылыми шығармашылық және оларды жасаушы оқымысты, білімпаз
зиялы қауымдарға жабу арқылы оларды қуғын-сүргінге ұшыратты.
95
1939 жылы 8 тамызда жаңа алфавиттің жобасын «бүкілхалықтық»
талқылау басталды. 1940 жылы қараша айының 10-шы жұлдызында Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің бесінші сессиясы «Латын таңбасындағы қазақ жазуын
орыс графикасына негізделген жаңа алфавитке аудару туралы» заңды
мақұлдап осы жылдың қараша айының 13-ші жұлдызында «Қазақ жазуын
латын жазу таңбасындағы графикадан орыс графикасына негізделген жаңа
алфавитке аудару туралы» заң қабылданды [195]. Кириллдік жазу таңбасына
көшу қазақ тіліндегі емле мен айтылым арасындағы сәйкестікті бұзды.
Қазақтың зиялылары мен билік басында отырғандар өз ана тілінде сөйлеуге
және сөйлесуге басымдылық беріп отырды. Бұл кирилл жазу таңбасы
негізіндегі жазба жұмысының дамуына кедергілер жасады. Кейіннен
халықаралық термин сөздерін түп негізде қабылдау мен қазақ және орыс
тілдеріндегі атаулық ұғымдардың біртектілігін қамтамасыз ету жүзеге
асырылып, орыстың қолданысында болған кирилл алфавитін түрлендіре
отырып қолдану жүзеге асырылды. Орыс тіліндегі терминдер қазақ тіліне
аударылмады, орыс тілінде сөйлеу біріші орынға шықты.
Кирилл алфавитіне көшу 1939 жылы басталып, кейбір жерлерде шұғыл
түрде
–
үш айда уақыт ішінде жүзеге асырылды. Кирилл алфавитіне көшу
латын әліпбиіне қарағанда жылдам жүрді. Кириллдік жазу таңбасына өтуді
аяқталғаны 1941 жылдың маусымында жарияланды. Бірақ іс жүзінде
романизация 1950 жылдарға дейін созылды [196].
Кеңестік жүйедегі түркі халықына қатысты жазу таңбаларын ауыстыру
саясаты социалистік қоғамдағы әлеуметтік әділеттілігі мен өзін-өзі анықтауы
жөніндегі шаралар патшалық Ресей кезіндегі өткеннің тарихы ретінде орын
алғаны анық болды. Әсіресе қазақтарға қатысты идеологиялық саясатында
жазбаша тілі болмаған, араб жазуын қолданған деген жалған, шындыққа сай
келетін өтіріктен ойлап шығарған насихаттарын жүргізіп, тарқатты. Сонымен
бірге, қазақ зиялыларының арасында алауыздық туғызып, жалпы қазақтарды
«коммунизм елесіне сендіріп» социалистік құрлыстың бас кезінде өзіне-өзін
айдап салып, қырғанға ұшыратты.
Қазақты ұлттық мәдени мұра құндылықтарынан ажырату арқылы
тексіздік пен адами қылыққа жат әрекеттер жасауына алып келетін нанымдық
иедологиясын сіңірді. Жастардың араб жазу таңбалары негізінде жасалған
«қазақтың төлтума жазу таңбалары» алфавитімен жазылған ғылыми және
әдебиетке байланысты еңбектерден қол үздіріп, алдыңғы және келешек
ұрпақтардың мәдени сабақтастығын жойды. Сондай-ақ бұл ғылыми
шығармышылық еңбектерге саяси цензура мен жөнсіз талаптар күшейіп,
кеңестік қоғамның жасанды мифологиялық кеңістігін құрды және бағытта
адамдардың санасы мен мінез-құлықтарын шырмауықтай шатастырған
идеологияны сіңірді.
Патшалық Ресей мен кейінгі құрылған кеңестік қоғамдағы қай кезеңіне
қарамасақ та, қазақтардың мәдени мұра құндылықтарын жоюға тұрақты және
мақсаттылық түрде жүзеге асырып отырған. Оның бір бағыты ол біздің
қарастырып өткен қазақ жазу таңбаларын өзгерістерге ұшырауы. Жазу
жүйесін реформалау қазақ бастауыш мектептердің жойылуына алып келді.
96
Сондай-ақ орыстандыру саясатының жалғасы ретінде орын алып, білім беру
жүйесінің барлық деңгейлеріндегі білім мазмұны, ғылыми негіздеме, оқу
бағдарламалары мен дидактикалық құралдар және оқулықтардың барлығы
қазақтың дүниетанымынан алшақтап, табиғатына үйлеспей қызмет
атқаруының салдарынан қазақтарды рухани мұра құндылықтарынан
алшақтатты.
Достарыңызбен бөлісу: |