129
дұрыстығы дәлелденді. Зерттеу жұмыстың нәтижелері Қазақстандаға білім
тарихына қатысты білімдер қорын толықтырады және оны педагогика
тарихына қатысты зерттеулер мен ізденушілік жұмыстарды кеңінен пайлануға
болатындығы анықталды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстың нәтижелеріне сүйене отырып, бастауыш
білім беру кезеңіндегі педагогикалық тәжірибелердің дамуына ықпал жасау
және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда немесе олардың
кәсіби білімдерін жетілдіру мен арттыру бағытында төмендегідей ұсыныстар
жасаймыз:
1. Қазақстандағы бастауыш мектептердің даму тарихын 5В010200 -
«Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығының оқу
жоспарына элективті курс ретінде оқытылуы тиімді деп санаймыз.
2.
Бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
біліктігін
жетілдіру
институттарында бастауыш білім берудің тәжірибесі,
тарихы және
теориясының қалыптасуы жөнінде арнайы дәрістер мен тәжірибелік оқыту
жұмыстарын жүргізуге болады.
3. Бастауыш сыныптардағы педагогикалық үдерісті ана тілде
ұйымдастыру, шет тілін қосымша оқыту барыстарында осы тарихи-
педагогикалық
зерттеудегі
бастауыш
мектептердің
педагогикалық
тәжірибесіне мән беру, ескеру.
4. 1915-1941 жылдар аралығындағы Қазақстандағы бастауыш
мектептерінде тәрбие беру жұмысының
тәжірибелерін негізге алып, қазіргі
бастауыш білім кезеңіндегі ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарына өңдеп,
икемдеп қолдану - Қазақстандық патротизмге, елжандылыққа және тәуелсіз
қоғамдық сананы берік қалыптастыру мен дамытуға өз нәтижесі беретіні анық.
Қазақстандағы оқу-ағарту жүйесіндегі бастауыш мектептердің типтері
мен олардың өзіндік мазмұндық
ерекшеліктерін зерттеп, тәжірибелерін
талдауда, педагогикалық мұралар мен білім тарихи саласы бойынша болашақ
ізденушілерге, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғалымдарға төмендегідей
тақырыптардың жобасын ұсынамыз.
1.Бастауыш мектептердегі білім беру мазмұны 1941-1990 жж
арлығындағы кезеңді зерттеу қажеттілігі.
2.Егеменді Қазақстанның бастауыш білім беру мазмұнының тарихын
зерттеу /1991 ден бүгінге дейінгі уақыт/.