110
мектебіне арналған алғашқы пәндік бағдарлама жасады. Аталған құжаттар
қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға енгізілді.
Бірыңғай жеті жылдық еңбек мектебінің бірінші басқыштарының
бағдарламасына талдау жасасақ, берілген пәндері жүйесі:
бірінші және екінші
сыныпта ана тілі мен әдебиеті, математика, табиғаттану және /жаратылыстану
негіздері/ қазіргі дүниетану, сурет және мүсін жасау, қол еңбегі және қол өнер,
ән сабағы.
Үшінші сыныпта орыс тілі мен әдебиет, отантану және география,
тарих, дене шынықтыру.
Төртінші сыныпта қоғамтану және саясат,жаңа шет
тілі сынды пәндер берілген болса, бастауыш сынып мұғалімдерінің жүктеме
сағатына міндетті түрде бірінші сыныптан, аптасына бір сағаттық
факультативтік пәндердің орындалуы жүктелген.
Бастауыш сынып
мұғалімінің апталық жүктемесі бірінші сыныпта-21, екінші сыныпта-21,
үшінші сыныпта –31, төртінші сыныпта-34 болып анықталған.
Оқу жоспары бойынша өткізілетін сабаққа бөлінген сағаттар пәндердің
ерекшелігіне негізделеді. Бағдарламада берілген пәндерді бес топқа
топтастырғаны байқалады. Мәселен,
бірінші топқа: Ана тілі мен әдебиеті
/орыс тілі мен әдебиеті, жаңа шет тілі/ мұнда ана тілінде сөйлеп жаттығу,
сөздік қорын дамыту, сөйлемді жазу, сөйлеу бағдарламасында
сөздерді дұрыс
айту т.б. ал екінші басқыш яғни, 5-6-7 сыныптарда әдебиет пәнін оқу;
Екінші
топқа: Математика (төрт амалды орындау, 100-ге дейін тура және кері санау,
1000-тар мен есеп шығаруға үйрену, 1000000 санын танып білу) бірінші,
екінші сыныпта аптасына 5 сағаттан, ал үшінші, төртінші сыныпта аптасына 4
сағаттан сабақ өткізілді. Алған білімдерін толықтыру /5-6-7 сыныптар/
денгейінде, арифметика, геометрия, алгебра пәндерінен сабақтар енгізілген.
Үшінші топқа: Табиғаттану /қазіргі жаратылыстану/ бастауыш 1-4
сыныптарда айналамен таныстыру, өсімдік,
жан-жануар, насекомдар, ауа
райының өзгеруі, физикалық құбылыстар жайында білім берілді. Бұл
пәндерден берілген білімдерді толықтыру /5-6-7 сыныптарда/ физика, химия,
астрономия, зоология, ботаника, метрология пәндерінен сабақтар өтілген.
Төртінші топқа: Қоғамтану /қазіргі дүниетану/, саясат, /4 сыныпта/ отантану
және география /қазіргі жаратылыстану/ /3 сыныпта/, тарих /қазіргі
дүниетану/, /3 сыныпта/ пәндері оқылатын, онда қоғам ұстанған принциптер
негізге алынып, саяси-идеологиялық тұстар басшылыққа алынып оқытылды,
бұл пәндерден /5-6-7 сыныптарда/ дамыта оқыту орын алып,
сағат саны
көбейтілген.
Бесінші топқа: Бірыңғай еңбек мектебінде әсемдік пен сұлулық
/эстетикалық/ тәрбие қалыптастыратын пәндер қатарына сурет және мүсін
жасау, қол еңбегі мен қол өнері, дене шынықтыру сабақтары өткізу қамтылған.
Бұл пәндердің кейбіреуіне бірінші басқышта /1-4 сыныптарда/ сағат саны
жетерлік болғанымен, 5-6-7 сыныптарда яғни, екінші басқышта сағат саны
кемітіліп берілген. Ал, сызу оқу жоспарында
дербес пән ретінде енгізіліп,
оның сағат саны бірінші және екінші басқышта да еш өзгеріссіз оқытылған.
Қабылданған бағдарламада пәндер жүйесі беріліп, тізбегі мен оқылудың
жылдық /сыныптар арқылы бөліну/ мерзімдері және сабақ сағаты анықталса
да, оқуда ғылыми негіздерінен берілетін материалдар жүйеленбегенін
байқауға болады. Мәселен, бірінші басқыш мектептерінің оқу барысын
111
ұйымдастыру мен өткізуде көрсетілген көпшілік пәндер ортақ «Денсаулық
сақтау», «Қысқа әзірлік», «Қысты күнгі өмір», «Мектеп, бала, отбасы», «күзгі
күнгі өмір» т.б. тақырыптар төңірегіне шоғырландыра оқыту жеке пәндердің
ғылымилық жүйесінен алыстап кетіп, пәндердің оқу материалдары ғылымдар
саласынан берілетін біліми мағлұматтарды қамтылмауы төмен болды. Бұл
нақты ғылымдар саласын оқыту және меңгертуден шет қалып, оларды
жалпылама
қарастырып, өмірдің әр алуан құбылыстарын қамтыған болатын.
Қазақстанның халық ағарту комиссариатының әлеуметтік тәрбие
басқармасы жанында еңбек мектебінің үлгі бағдарламасын әзірлейтін қазақ
мұғалімдерінің қатысуымен комиссия /1922 ж маусым/ құрылды. Комиссия
мынандай ережені басшылыққа алды:
1) бағдарлама өндіріс саласына қатысы бар жергілікті материал негізінде
жасалды;
2) Мұғалімнің атқарған жұмысы кешенді әдіске негізделді [211].
Осыған байланысты қазақ мектептерінің бірінші басқышында /1, 2, 3, 4
сыныптарда/ үш бағыттық кешенді оқыту жүзеге асырылды. Олар: «Алғашқы
қадамдар», «Біздің қала», «Қала және ауыл», «Біздің аймақ». Негізгі мақсаты
–
табиғи байлықтар, кен орындары. Әрбір
өлкенің тұрмыс-тіршілігінің
ерекшелігіне қарай сауда-саттық және оның әлеуметтік-экономикалық
саласының дамуына бере оқыту бастапқы ұстаным ретінде орын алды. Оқу
және жазу әдісі пайдаланылды. Мысалы, «Алғашқы қадамдар» кешенінің
мақсаты
Достарыңызбен бөлісу: