«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»


 «Қазақстандағы бастауыш мектептептердің тарихы» (1915-1941



Pdf көрінісі
бет32/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
бастауыш1

 
2.4 «Қазақстандағы бастауыш мектептептердің тарихы» (1915-1941 
ж.ж.) элективті курс пәнінің мазмұндық құрылымы 
Қазақстан мемлекетінің өз алдына дербестігі және қоғамдық 
құрылымдар мен салаларының, соның ішіндегі білім беру жүйесінің 
қалыптасуы мен дамуының тарихи жолындағы кейбір ақтаңдақ немесе әліде 
болса ғылыми айналымға түспеген тарихи білімдерді толықтыру, жаңа 
көзқарас тұрғысынан қарап, оң бағасын беруді жүзеге асыру басты 
міндеттердің бірі болып табылады. Біздің диссертациялық зерттеу 
жұмысымызда қол жеткізген нәтижелерімізге сүйене отырып және 
ізденушілік жұмысымызда пайдаланған деректік мәліметтерді басшылыққа 
алып және оның ғылымилығын негіздеу шаралары барысында педагогика 
тарихы курсын толықтыру үшін арнайы жасалған элективті пән – бұған дейін 
қазақ бастауыш мектебінің тарихына қалыптасқан көзқарастарды жаңа 
тұрғыдан қалыптастыру үшін жасалып, енгізілді. Мемлекет және ондағы 
қоғамдық құрылым мен әлеуметтік ортада жаңашыл көз қарастың қалыптасуы 
мен дамуына ықпал жасаушы озық ғылым мен оны негіздейтін алдыңғы 
қатарлы білімдер жүйесі екендігі анық. Озық білімдерді меңгеріп
ғылымдарды игеруге қабілетті болудың өзегі оқу-ағарту саласы арқылы 
білімдерді беретін мектептер жүйесінің атқаратын жұмыстар үлкен екендігі 
анық. Сондықтан да біздер, «Қазақстандағы бастауыш мектептердің тарихы» 
/1915-1941 ж.ж./ атты элективті курс оқытуды жүзеге асырдық. Бұл бастауыш 
мектептердің қалыптасуы мен дамуының тарихи жолын, оған негіз болған 
педагогикалық ой-пікірлердің пайда болуы мен тәжірибе орын алуын зерттеп, 
түсінуге және ақиқаттық бағасын беру 

тарихи-педагогикалық мұрадағы 
бастауыш білім беруді өз алдына жеке қарау қазіргі ұлттық мектептің 
құрылымындағы кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тарихи 
кезеңдегі бастауыш мектептердің типтерін, олардың педагогикалық 
тәржірибесінде қолданыс тапқан оқулық, оқу құралдыры мен оқу 
жоспарларының, бағдарламаларының мазмұндық құрылымдық жүйесін 
ғылыми-педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан танып, білуге, мәнін ашуға 
мүмкіндік жасайды. Қазақстандағы білім берудің тарихында орын алған 
педагогикалық тәжірибелерді жаңаша қарап зерделеуге жол ашады. Бұл 
қазіргі оқушылардың және болашақ мамандардың тарихтан және білім беру 
жүйесіндегі тарихи мәселелер бойынша жаңа көзқарастар қалыптастырып, 
қоғамдық сананың жаңаша жаңғыруына ықпалын тигізіп, ұлттық бағыттағы 
білім беру жүйесіне дамытуға негіз боларлығы анық. Бізге дейін осы бастауыш 
мектептердің қызметіне қатысты тарихи-педагогикалық зерттеулерде, сол 
кезеңдердегі орындалған педагогикалық жұмыстарға баға беруде 
сыңаржақтық орын алып, мәселен, бірін асыра мадақтау, екіншісін түкке 
тұрғысыз ғып түсіндірулер орын алғандығы негізінде сол кезеңдердегі 


119 
бастауыш мектеп түрлеріне және олардың даму тарихына байланысты 
шынайылық бағаның берілмей келгендігі орын алды. 
Заманауи талап пен сұранысқа сай ұлттық сананы ояту, білім 
философиясы мен тарихына қатысты және болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін даярлауда педагогика тарихындағы ұлттық білім беру 
мәселелерін жетік түсінуде, мектептердің құрылымы мен түрлері жайында 
ғылыми деректік мәліметтерді игеру арқылы ұлтжандылыққа, патриотизмге 
тәрбиелей білу – жалпы педагогтардың және бастауыш сынып мұғалімдерінің 
басты міндеті. Сондықтан, «Қазақстандағы бастауыш мектептердің тарихы» 
(1915-1941 ж.ж.) атты элективті курс оқылды. Бұл курстың негізі 1915-1941 
жылдардағы Қазақстандағы бастауыш мектептерге қатысты мұрағат 
деректеріне, сол кездегі баспа бетінен жарық көрген журнал, газеттер мен 
мектептердің қажеттілігін өтеудегі оқу құралы мен оқу кітаптардың, оқу 
жоспарлары мен бағдарламалардың мазмұндық құрылымына қатысты зерттеу 
жасаған ғалымдардың еңбектеріне сүйендік.
Отандық білім берудің тұрақты даму және әлем тәжірибелерін негізге 
ала отырып, оқытудың мазмұны мен құрылымын жаңартылған жүйеде 

жалпы орта білім беруге көшу, оқытуды жинақтаудың кредиттік жүйесін 
басшылыққа ала отырып, құзырлы мұғалім мамандардың даярлаудың 
біртұтас моделін жүзеге асыру міндетін орындау үшін олардың тарихи-
педагогикалық алғы шарттарын жетік түсіну қажет. 
Қолымыздағы мұрағаттық дерек көздері болып табылатын мәліметтерге 
сүйене отырып, Қазақстандағы бастауыш мектептердің даму тарихын зерттеп, 
толықтыру арқылы оқытуды алғашқы болып ғылыми айналымға берілуі 
әдіснамалық, ғылыми теориялық және тәжірибелік тұрғыда құндылығы бар 
екендігіне дәлел болады. Сондықтан, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін 
жалпы кәсіби қызметке даярлау барысында бастауыш білім беру жүйесінің 
тарихи жолына логикалық тұрғыдан дұрыс қарауға үйрету.
Қазіргі бастауыш білім беру педагогикасы мен бастауыш мектептің даму 
тарихына өзара ішкі байланысы бар жүйелілік пен сабақтастықты құрайтын 
біртұтастық тұрғыдан қарауды талап етеді. Яғни, педагогика ғылымының 
жетекші білім беру философиясының әдіснамалық және теориялық 
қағидаларын, бастауыш мектептегі білім мен тәрбие беру барысын 
ұйымдастырудағы негізгі мәселелерін қамтиды.
Сонымен, «Бастауыш білім беру педагогикасын» және «Бастауыш білім 
берудің тарихын» оқытуда студенттер педагогикалық тәжірибелердің 
мазмұнын түсінуге, осы бағытта білімдерін тереңдетуге арқылы талдауларды 
тарихи-педагогикалық тұрғыдан жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сондықтан 
да, «Педагогика тарихы» пәні курсының білім толықтыруда қосымша 
5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 
білімгерлеріне «Қазақстандағы бастауыш мектептердің тарихы» атты /1915-
1941 жж./ элективті курста жасап, бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын 
мамандықтар бойынша өткіздік. 
Элективті курстың мазмұндық құрылымы мен тарихи білім жүйесінің 
қамтылуына төмендегідей тұрғыда жалпылама сипаттама беруге болады.


120 
Элективті курсты жүргізу барысында бастауыш мектептердің 
Қазақстанда қалыптасып, дамуы барысында жинақталған педагогикалық 
тәжірибелер бойынша жинақталған білімдерді құрастырып, болашақ 
бастауыш сынып мұғалімі кәсібін меңгеретін «Бастауыш оқыту педагогикасы 
мен әдістемесі» мамандық білімгерлеріне арналған бағдарлама жасадық.
Элективті курстың мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне
Қазақстандағы әр түрлі типтегі бастауыш мектептердің даму тарихындағы 
/1915-1941 ж.ж./ педагогикалық тәжірибелер жөнінде тарихи мұрадағы 
білімдерді игерту мен өткеннің тарихи-педагогикалық мұраларына баға беруге 
және қазіргі бастауыш білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру 
мен дамыту барысының бағыттарын анықтай алуға бағдар ретінде қолдана 
білуге үйрету. Элективті курста берілетін білім мамандық білімгерлеріне 
Қазақстандағы әр типтегі бастауыш мектептердің қалыптасу тарихын және 
олардың өздеріне тән педагогикалық жүйесі жөнінде танымдық білімдерді 
игеру арқылы педагогика теориясы мен тарихын және әдістемелік жүйелер 
жайындағы тәжірибелерді толықтыруға мүмкіндік алады.
Элективті курста педагогикалық-тарихи мұра болып табылатын 
Қазақстандағы 1915-1941 жылдар аралығында бастауыш мектептердің 
тарихнамасы, бастауыш білім берудің тарихи-әдіснамалық негізі, ХХ 
ғасырдың бас кезінде оқу-ағарту жұмыстары жайында орын алған көзқарастар 
мен бастауыш мектептің оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын 
салыстырмалы талдау, даму бағытын сипаттау, миссионерлік педагогика 
жүйесі мен ескі /қадими/ мұсылмандық бағыттағы білім беру, жаңа жәдидтік 
оқыту және оның негізінде құрылған қазақ ұлттық бастауыш мектептері және 
кеңестік 
жүйедегі 
бастауыш 
мектептердің 
құрылымдық 
жүйесі 
қарастырылады. Қазақстанда бастауыш білім беруді ана тілінде ұйымдастыру 
жөнінде озық пікірлер, сауат ашудағы алфавиттік жазу таңбаларының 
өзгермелігі, бастауыш мектептегі білім беру тәжірибелерінің бүгінгі бастауыш 
білім беру мен сабақтастығы қарастырылады. Болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдеріне бағытталып жасалған элективті курстың бағдарламасында 
жоспарланған тақырыптарда оқу материалдарының мазмұнды шынай дерек 
көздерінен алынған, ақиқаттық пен шындыққа сай келеді. Бұның себептерін 
бұл тұрғыдағы элективті курстың оқылуын «алғашқы» деген түсінікті алға 
тарта отырып, педагогика тарихы курсында қамтылмаған жаңа 
материалдардың бірінші рет ғылыми айналымға түсуінде деп айтуға негіз бола 
алады. 
5В010200 

«Бастауыш оқытудың пелагогикасы және әдістемесі» 
мамандығында білім алушы білімгерлерге оқытылған «Қазақстандағы 
бастауыш мектептердің тарихы» /1915-1941 ж.ж./ атты элективті курста 
берілген білімдер жүйесі болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін 
Қазақстандағы бастауыш мектептердің өзіндік даму тарихы бар екендігі 
жайындағы білім тарихы негізіндегі ғылыми-танымдық түсініктерін кеңейтіп, 
Отандық бастауыш білімнің тарихи-педагогикалық тәжірибесін жетік түсінуге 
мүмкіндік береді. Болашақ мамандар қазақ бастауыш мектебінің өзіндік даму 


121 
жолы жайындағы білімдерді игеріп, болашық бастауыш білім беру жүйесінің 
даму бағытын анықтауға мүмкіндік беретін бағдарға ие болады.
Қазақстандағы бастауыш мектептердің даму тарихын білімгерлерге 
оқытуда бастауыш білім берудің тарихи-педагогикалық тәжірибесін және 
оның теориясының қалыптасуының табиғи заңдылығын түсініп, тарихи 
кезеңдегі бастауыш мектеп түрлерін, олардағы білім беру мен оқыту және 
тәрбие жұмыстарын жүргізудің мазмұны, ұйымдастыру формалары мен әдіс-
тәсілдерін және оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұнын талдап, 
танысу. Қазақ жеріндегі бастауыш мектептердің дамуының өзіне тән 
ерекшелігі және оған ықпал жасаған қоғамдық құрылмдардыға саяси-
идеологиялық, әлеуметтік ортадағы оқу-ағарту саласындағы жағдаяттар мен 
педагогикалық мұра болып табылатын көзқарастарға талдау жасау - қазіргі 
қоғамдық мүдде және ғылыми педагогикалық, тарихи, әдістемелік ғылымдар 
тұрғысынан ақиқаттық баға беру, бастауыш білім беру кезеңінің көкейтесті 
мәселерін шешуге мүмкіндік береді. 
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін 
қалыптастыру мен бекітудегі өз мамандығының даму жайындағы білімі мен
білігін, ой-өріс түсініктерінің ауқымдық аясын кеғейтуде элективті қурста 
ұсынылған деректік мәліметтер көзінің мазмұыны тарихи-педагогикалық 
білімдердің негізін құрайды.
Білімгерлер зерттеу тақарабы аумағына енген кезеңдердегі бастауыш 
мектептердің педагогикалық тәжірибелері жайындағы білімдерді меңгеріп, 
Қазақстандағы 1915-1941 жылдар аралығындағы оқу-ағарту саласындағы 
орын алған педагогикалық жүйелер мен түрлі бастауыш мектептердегі тәрбие 
мен білім берудегі оқыту жұмыстарының мазмұынын жайлы оқу-танымдық 
материалдармен танысады, білім тарихы жайындағы білімдерін толықтырады. 
Сондай-ақ, жүргізілетін элективті курсты педагогика тарихы пәні мен 
үйлесімді және сабақтастыра отырып өткеннің педагогикалық тәжірибелеріне 
бүгінгі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан талдауды жүзеге асырады.
Элективті курстың бағдарламасындағы тақырыптарды игертудегі 
ұйымдастырылған оқыту формасы дәріс-30, БӨЖ-45, ОБӨЖ-15 болды. Ал, 
біздің оқытып отырған элективті курстағы оқу материалдардың көпшілігі,
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты мен Өзбекстан 
Республикасы және Ресейдің орталық мемлекеттік мұрағаттарының деректері 
және сирек кездесетін мұрағат қорларынан алынған құжаттар. 
Элективті курстан білім берудегі оқыту формасында бағдарламадағы 
қамтылған 
тақырыптық 
материалдар 
төңірегінде 
білім 
беруді
ұйымдастырудың тарихи жолдары мен әлеуметтік педагогикалық құрылым 
және қоғамдық құрылыстағы мәселелер тереңнен талқыланып осы уақытқа 
дейінгі педагогика тарихынан берілген білім төңірегінде қалыптасқан ойлар 
мен бастауыш мектептердің ролі және құзырлығы атқаратын мақсат-
міндеттері жайлы мәселелерді қамти отырып, білім тарихындағы көлеңкелі 
жақтардың бетін ашудағы әңгіме, пікірталастар өткізіліп, әр білімгер қолда бар 
материалдарды іздестіру арқылы толықтыра отырып баяндамалар жасап
рефераттар жазды.


122 
Білімгерлердің элективті курста берілген білім мазмұнын игеру 
барысында танытқан ықыластық-ынталық және олардың танымдық іс-
әрекеттері мен тарихи мұраға қызығушылық көрсеткен белсенділіктері қазіргі 
таңдағы жалпы білім беретін бастауыш мектептердің даму болашағын 
анықтауға сылтау-себептер туғызады деуге болады. Жоғарыда баяндалған 
жайттарды басшылыққа ала отырып «Бастауыш оқыту педагогикасы мен 
әдістемесі» мамандығын игеруші студент жастарды жалпы педагогикалық 
даярлығы жүйесінің даму барысы жөніндегі ғылыми білімдерімен 
қаруландырудың қажеттілігін дәлелдей түседі. 
Элективті курсты оқытудағы берілетін білімдер мазмұнын қамтитын
тақырыптар және олардың апталық сағаттық мөлшерлерге бөлінуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет