«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»


– мектептегі оқушылардың жеке өмірімен танысу. Өз өмірінен  –



Pdf көрінісі
бет31/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
бастауыш1


мектептегі оқушылардың жеке өмірімен танысу. Өз өмірінен 

бастан өткізген уақиғалар мен түрлі жағдайларды баяндап беру, алған әсерінен 
бақылау, мектеп пен отбасындағы қарым-қатынастардың айырмашылығын 
және бірлігін тауып, ұйымдастырудағы жұмыс түрлерінің ерекшелігін 
оңтайлы және тиімді тұрмыстық әдіс-тәсілдерді қолдануға үйретті, оған 
баулыды. 
Бұл оқу жоспарында оқушылардың білімді ана тілінде алу мүмкіндігіне 
және оқу жұмысының негізі болып табылатын баланың туған тілінің 
құзыртеттілігін шектеу мен педагогикалық үдерістегі қызметін төмендетіп, 
баланың ұлттық болмысының негізі болып табылатын туған тілін керексіз ету, 
бағалаушылық сияқты түсініктердің орын алуына жол берген. Комиссияның 
жасаған оқу жоспарының кемшілігі, білім берудегі оқу материалдарын 
оқытуда ғана баланың ана тілін пайдалануға болатындығын және жергіліктік 
жерде ашылған бастауыш мектептерде оқу жұмыстарын жүргізгенде ана тілі 
жеке пән ретінде қарастырылмай тек, жеке пәндердің оқу материалдарын 
кіріктіру арқылы берілетін оқу материалдарын мазмұндық жүйесін кешенділік 
әдіспен оқытуда ғана қарастырылып отырған.
1924 жылы Қазақстан білімпаздарының өткен бірінші съезінде 
мектептердегі оқуды баланың ананың тілінде ұйымдастыру мәселесі ерекше 
қарастырылып, жаңа оқу жоспарына толықтырулар енгізу арқылы «ана тілі»
жеке пән ретінде оқыту керектігі қабылданды [212]. 
Съезд шешімі бойынша жаңа оқу жоспарында ана тілі жеке пән ретінде 
оқытылатын болды. Бұл балалардың өз ана тілінде сауатын ашып, оқу-жазуға 
және жүйелі білім алуына ықпалын тигізді. Бастауыш мектептерде білім


112 
беруді ұйымдастырудағы оқыту жұмыстарына А. Байтұрсыновтың жасаған 
қазақ жазуы негіздегі «Әліппе» үлкен сұранысқа ие болып, көпшіліктің 
қолдауын тапты. Осы жасалған қазақ жазу таңбалары негізге алынып, 
Қазақстан білім беру мекемелерінің ұсыныс және қолдауымен қазақ тіліндегі 
оқулықтар мен оқу құралдары көптеп шығарылды. Ұлттық мектеп жағдайына 
ойластырылып 
жасалған 
оқу 
құралдарының 
мазмұнындағы 
оқу 
материалдарының жиынтық топтамасы, жаңа оқу жоспарының талаптық 
ережелері мен қағидалық ұстанымдарына басшылыққа алды және 
бағындырылды. 
Қазақ АССР халық ағарту комиссариатының Білім орталығы 
«Республиканың халық ағарту қызметкерлеріне арналған бірінші әдістемелік 
хатын» (1924 ж) әзірлеп шығарды. 1924-25 оқу жылынан бастап мектептерде 
«Мемлекеттік ғылыми кеңес» /ГУС/ бағдарламаларына толықтырулар енгізу 
қарастырылды, осы себептен де мұғалімдерді аталған бағдарламаны жан-
жақты талқылауға қатыстырылды. Өйткені бағдарламада жеке пәндерді 

арифметика, география пәндерін жеке дара оқыту емес тұрмыстық еңбекпен 
кешенді байланыстыру яғни, бірінші кезекте орман-тоғайларды, даланы, 
базарды т.б. оқыту, үйрету болды. Оқушыны қоршаған ортасымен, табиғатпен 
салыстыра талдау арқылы сөйлеудің, есептеудің дағдыларын, ойлаудың 
негізгі тәсілдерін үйрету, дамыту болды. Бұрын «пәндер бойынша» берілетін 
ғылыми білімдерді кіріктіре-байланыстыра оқыту басты мақсат болып 
табылды. 
Мектептерде «Мемлекеттік ғылыми кеңес» бағдарламасы енгізіліп, оқу 
кешендік әдіспен жүргізіледі. Көпшілік мектептерде еңбек тәрбиесіне баулу 
жұмыстары қарқынды жүрді. Кешендік әдіс пен «Мемлекеттік ғылыми кеңес» 
бағдарламасы бойынша білім беру мен оқытуды жүргізу жұмыстары өмірлік 
тәжірибеден алынып, анықталған жоспар жүзінде жүзеге асырылды. 
Бағдарламаға жасалған толықтырулар мен өзгерістерді басшылыққа ала 
отырып, мектеп оқулықтары мен оқу құралдарының мазмұндық 
құрылымандағы оқу материалдарына да толықтырулар мен өзгерістер енгізу 
жайында мәселемен айналысатын арнайы комиссия құрылды. Комиссия 
оқулықтар мен оқулық және оқу кітаптарының соның ішінде, арифметика 
жинағының білім мазмұныны беретін оқу материалдары табиға өмір 
заңдылығымен үйлесімді болуын және өмірге бейімдейтін тұстарына 
толықтырулар енгізілуін қарастырытын болды [213]. Біз талдап, қарастырған 
оқу бағдарламасының мазмұндық құрылымы сол кезеңдегі қазақ бастауыш 
мектеп мұғалімдерінің оқушыларға ана тілі мен әдебиет пәнінен білім беру 
арқылы олардың туған тілінде ой-өрісін қалыптастыруға, ғылыми 
дүниетанымын дамытуда олардың табиғатына үйлесімділік тапқандығын 
және басқа ғылыми пәндерді меңгерудің өзегіне айналғандын білеміз.
1925-26 оқу жылында халық ағарту комиссариаты жеті жылдық 
мектептерге және оның бірінші басқышы болағын 1-сыныптарда арналған 
бағдарламаны Қазақстандағы өлкелік мектептерде үлгі-тәжірибеден 
/эксперименттен/ өткен оқу жоспарын жаппай енгізуді басшылыққа алды 
[214]. Сондай-ақ, толықтырулар мен өзгертулер енгізілген жаңа жобадағы оқу 


113 
жоспарының құрамына, қазақ тілі пән ретінде 1,2,3,4 сыныптарда толық 
оқытуы және одан әрі жоғары сыныптарда жалғасын дамуы мәелесі 
қарастырылып, бекітілді. Және бұндай қарастырлу мен бекітлу математика, 
дене шынықтыру және ән-күй пәндеріне қатысты болды, тек жеке пәндердің 
оқу материалдарының құрамы мен білімділік бағыт ерекшелігіне байланысты 
берілетін сағаттар өзгертілді. Бұған дейінгі оқу жоспары мен оқу 
бағдарламасына ендірілген кейбір пәндер бастауыш сыныптарды 
оқытылмайтын болды. Толықтырулар мен өзгертулерге ұшырағын оқу 
бағдарламасы 1928 жылдан мектеп өміріндегі педагогикалық тәжірибеге 
енгізілген болатын. Бұл жаңа толықтырылған оқу бағдарламасы қазақ кеңес 
мектептерінің қайта құрудағы білім мен тәрбие беру жұмыстарында сапалық 
деңгейінің жақсаруына ықпал жасады. 
Сонымен оқу жоспары, бағдарламасы, оқулық мазмұны заман талабына 
сай өзгеріп отырады. Оны төмендегі оқу жоспарларынан көреміз. 
РСФСР халық ағарту комиссариаты 1927-1928 оқу жылында мектептің 
екінші басқышына арналған міндетті келесі жоспарын бекітті. 
Онда 
оқулықтардың 
тізімі 
белгіленді 
және 
оны 
шығару 
ұйымдастырылды. Бірақ оқулықтардың орнына «жұмыс кітабі», «бөлшек
оқулық», «газет оқулық», «журнал оқулық» сияқты көмекші құралдар 
пайдалану керек деген қате пікір ұсынылды. Пәнге байланысты сағаттар саны 
қысқарды. Оның орнына тәжірибе көбейді, коммунистік тәрбиеге, қоғамтану 
пәніне көп көңіл бөлінді.
1929 жылы Қазақстан орталық атқару комитеті президиумы мен Қазақ 
АССР халық комиссарлары кеңесінің шешімімен қазақтың қолданысты 
жүрген жазу таңбасын латын жазу таңбасына ауыстыру және осы латын әрпі 
жазуымен жасалған қазақ әліппесін бекіті. Қазақ арасында жасанды жолмен 
жасалған сауаттандыру орын алды. Қолдан жасалған сауатсыздықта жою 
жұмыстарын жүргізу, оқу жоспары мен бағдарламаларды қайта жасау, оқыту 
мен тәрбиелеу жұмыстарын социалистік құрылымдықты терең бекіту 
барысындағы саяси идеологиялық басымдық орын алу жүзеге асырыла 
бастады. Дегенмен де, осы бағдарлама жүйесі басшылыққа алынды. Бірінші 
сынып оқушыларының сауатын ашудағы оқу жұмыстарының жүйесі 
дыбыстық әдіске негізделген болатын. Бұл жағдай латын жазу таңбасында 
анықталған 29 алфавиттік әріпті танытуға пайдаланылды. Кейінен «тұтас сөз» 
әдістерінде педагогикалық тәжірибеде қолданыла бастыды.
1930 жылғы «Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру» заңы 
БК(б)П Орталық комитетінің қаулысында жаңа жазу таңбасына көшу 
мектептің 
педагогикалық 
тәжірибесінде 
ұйымдастырылатын 
оқыту 
жұмыстарындағы орын алатын қиындықтарды шешу және жою мәселелеріне
байланысты арнайы нұсқаулар берілді. Ана тілі пәнінің мәртебесін көтеру, 
оны жеке пән ретінде оқыту және жүргізу қарастырылып, ана тілі пәнінде 
оқытылатын оқу материалдарының сапасын жақсарту жайы басшылыққа 
алынды. Онда: 
- жаңа оқу жоспарын іске асыруды қолға алу; 


114 
- 1930-1931 жылы кеңестер одағының барлық жерінде салаларға жаппай 
міндетті, тегін бастауыш білім беруді енгізу; 
- 8-10 жастағы ұл мен қыз балалар бастауыш мектеп көлемінде міндетті 
білім алуға, мектепке тартылуының тиісті болуы; 
- 1930-1931 оқу жылынан бастап 11-15 жастағы ұл-қыз балаларды бірге 
жаппай оқытуды белгілеу; 
- 1930-1931 оқу жылынан бастап өнеркәсіпті қалаларда, фабрика-завод 
аудандарында және жұмысшы поселкелерінде жеті жылдық мектеп көлемінде 
білім беру жүйесін енгізу; 
- балаларды міндетті түрде оқыту олардың ата-аналарына жүктелу 
міндеттелінді. 
1931 жылы қыркүйек айының 5-ші жұлдызында кеңестер одағы 
коммунистік партия орталық комитеті «Бастауыш және орта мектеп туралы» 
қаулысында оқудағы, оқу жоспарын орындаудағы жетістіктермен /мектеп
санының атауы, балалардың санының көбейуі/ қатар кемшіліктерін атап өтті.
Оның негізгі кемшілігі:
- оқу жоспарының дұрыс құрылмауы; 
- соның нәтижесінде оқушыларға жеткілікті түрде білім бере алмауы. 
Осы қаулыға байланысты одақтас республикаларда білімді жеке пәндер 
арқылы беру қарастырылды. Бағдарлама 1931-1932 оқу жылының екінші 
жартысынан бастап іске қосылды. Жаңа оқу жоспарларында орыс тілі мен ана 
тілі және «мематикаға уақыт көп бөлінді. Білім жеке пәндер арқылы жүйелі 
түрде берілетін болды [215].  
1932 жылы республикада бастауыш білім беруді жүзеге асыру жөнінде 
жоғарыдағы сын-ескертпелерден қорытынды шығарылды. 
Осы жылдары бастауыш мектептердегі оқушылар саны бірнеше есеге 
өсті. Мектептерде барлық ұлттардың ана тілінде оқуға көшірілу мезгілі 
аяқталды. Қазақ мектептері үшін ана тілінде оқулықтар даярлана бастады.
1932 жылы қыркүйек айының 25-ші жұлдызында «Бастауыш және орта 
мектеп оқу бағдарламалары мен режимі» атты Орталық комитетінің қаулысы 
қабылданды. Онда да атқарылған жетістіктерді атай отырып, көптеген
кемшіліктерге тоқталады. Негізгі кемшіліктер: 
- сынып аралығындағы жүйеліліктің жоқтығы; 
- оқу жоспары мен бағдарламаларының дұрыс құрылмауы; 
- бағдарламаның шамадан тыс күрделігі, оның өмірден алшақтығы; 
- оқушының сабақты толық қабылдай алмауы; 
- пәнаралық байланыстың жоқтығы; 
- кейбір пәндерді оқытуда пән ғылымилығынан ауытқудың болуы; 
- оқушылардың жас ерекшеліктерінің ескерілмеуі; 
- оқытушының оқушыға сабақты түсіндіруде қиналып қарапайым 
әңгімеге түсіп, пәннің ғылыми маңызын жоғалтып алуы; 
- қоғамның дамуына байланысты пәндерде бұрмалаушылықтың 
кездесуі; 
Аталған кемшіліктерді жою үшін оқу жоспары мен бағдарламаларын
1933 жылдың қаңтар айының 1-ші жұлдызына дейін қарап, сыныптардағы 


115 
апталық сағаттарды ретке келтіру керек болды. Және де шет тілі, еңбек 
сабақтарына да жеткілікті көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілді. 
Қаулыда сабақтың ұйымдастыру түріне де мән береді. Онда: 
- оқытудың бригадалық-лабораториялық түрінен бас тарту; 
- оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі-сабақ екенін естен 
шығармау; 
- оны белгілі кестемен, тұрақты құрамы бар сыныппен жүргізілуі; 
- оқушыларға жүйелі білім беру;
- әр оқушының білімін күнделікті, тоқсандық және жыл аяғында жеке 
бағалау;
- оқытушының еңбегін әділетті бағалау;
- оларды ынталандыру; 
- жаңа әдіс-тәсілдерді ойлап табуға көмектесу;
- ата-аналарды оқушылардың білімін, тәртібін қадағалауға шақыру т.б. 
1933 жылы ақпан айының 12-шы жұлдызында бастауыш, орта мектептерінің 
оқулықтарына байланысты БК(б)П орталық комитетінің шешімі шықты. 
Онда: 

мектеп оқулықтарының талапқа сай еместігі қатты сынға алынып, 
оған кінәлі халық ағарту комиссариаты мен мемлекеттік баспа орталығы. 
Оқулық 
баспаға 
жіберілудің 
алдында 
талқыланып, 
көпшіліктің 
сараптамасынан өтіп барып қана, баспаға ұсынылуы тиіс. Ол талап кезінде 
орындалмады. 
Баспадан шыққан оқулықтардың түрі, түсі, түптелуі, бояуы, шифты, 
суреттері, пішіні, эстетикалық безендірілуі талапқа сай емес. Келешекте халық 
ағарту комиссариаты, мемлекеттік баспахана осы аталған кемшіліктерден 
қорытынды шығаруы керек екені айтылған. 
Қаулыда бірнеше жылдарға арналған тұрақты оқулықтар даярлау
қажеттігі де атап көрсетіледі [215].
Қаулыға сәйкес, 1933 жылғы оқу бағдарламалары бойынша, оқулықтар 
даярлаудың жоспары бекітілді. 
Бұл жұмысқа әр мамандықтан ғалымдар мен әдіскерлер қарастырылды. 
Осының нәтижесінде 1933 жылы тек РСФСР да әр пәннен жүзден аса 
/жалпы тиражы 50 миллионнан астам/ оқулықтар шығарылды. Оның 10 
пайызы Қазақстандықтардың үлесінде болды.
Ғалым-педагог-ұстаздар 1934-1935 және одан кейінгі жылдарында
мектептің оқу жоспары мен оқу бағдарламаларды жетілдіре түсті. Осыған
орай тұрақты оқулықтар жасалды. Сыныптық сабақ дамып, кабинеттік сабақ 
пайда болды. 
Жасалған оқу жоспарын өңдеп, жетілдіру үшін және жаңа оқу 
құралдарын жасауға негіз болды. Оқу бағдарламаларына ішінара өзгерістер 
енгізіліп, жаңа оқу бағдарламасы жасалып, толықтырулар мен талаптар жүйесі 
анықталды. Онда: 
1. 
Айшықты, салыстыра қарағанда өзгелерден үлкенірек көрінетін 
қысқа сөздерді, қысқа сөйлемдерді, қысқа мақалаларды ежіктемей
буындамай, бір сөзді екі не үш рет қайталамай оқи алуға үйрету. 


116 
2. 
Айшықты, салыстыра қарағанда өзгелерден үлкенірек көрінетін 
сөйлем ішінен сөз қалдырмай, сөз ішінен әріп қалдырмай жол тастамай оқуға 
үйрену. 
3. 
Өзінің жазу дәптеріндегі қолжазба нұсқасында да дәл осылай оқи 
алуға үйрету. 
4. 
Тыныс белгілерін ажырату, оқу барысында оларды басты назарға 
ұстау және ерекшелігін ескеріп, мән беріп оқу. 
5. 
Әуелі мұғалім, кейіннен өздері оқып танысқан қысқа өлеңдерді 
жаттап алу. 
6. 
Дауыстап оқуға бейімделу, дауыстап оқудың жыл аяғындағы
нәтижесінің көрсеткіші минутына 20-25 сөз, іштей оқығанда 30-35 сөз оқи 
алуға жеткізу. Орындалуы міндетті талап. 
7. 
Мұғалімнің сұрағына толық жауап беруге үйрету, оқығанының
мазмұнын толық сөйлемдермен анықтап айтып бере алу. 
8. 
Мектептегі сабақ кестесінен келесі күнгі болатын сабақтар қай 
пәндерден болатынынын оқып білуге үйрену. 
9. 
Мектеп шеберханасындағы, жұмыс бөлімдеріндегі, мектептегі
заттардың, жазбасы бар ілінген көрнекіліктердің, сыныптағы және жалпы 
мектептегі балалардың тізімін оқып, түгендей алу [216]. Оқу 
бағдарламасының жүйесінде бірінші сынып оқушыларына қойылған білім 
берудің 
деңгейлік 
талаптары 
екінші 
сыныпта 
оқытылатын 
оқу 
материалдарының жалғасы ретінде жүйелілік тауып, ана тілі пәні негізінде 
мәнерлеп оқуға үйретуді дамыту басшылыққа алынған болатын. Үшінші 
сынып оқушыларына қазақ тілінің емлесі негізінде «тыныс белгілер» арқылы 
сөйлеу және сөйлемдерді нақышына келтіріп, оқыту және сөйлемнің көңіл күй 
туғызадығы әсерлік ықпалы мен сөйлем түрлерін тыныс белгілер арқылы 
ажырату мен сөйлем мәтінінің суреттеп, бейнелейтін уақиға желісіне ене 
отырып, айтуға немесе оқуға, сөйлеуге үйрету мен дағдыландыру төртінші 
сыныпта жалғасын табатындығы қарастырылған. Оқушыларға саяси-идеялық 
тәрбие беруге тікелей қатысы тарих, әдебиет сабақтарына көбірек көңіл 
бөлінді. 
Қазақстандағы оқу-ағарту саласында келешекке ұмтылыс жасау іс-
әрекеттері білім берудің оқу жоспарын мен оқу бағдарламаларын үнемі 
толықтырып, өзгерістер арқылы жетілдіріп отырды. Бұрын қабылданған оқу 
бағдарламаларындағы оқу материалдары жүйесінің мазмұны толықтыру 
жағдайы әрдайым жүргізіліп отырды. Оқу бағдарламасын толықтырулар мен 
жетілдірудегі ерекшеліктердің бірі 

ана тілі пәні мен оқулығына жүктелетін 
міндеттер анықталып, негізгі пәндердің қатарына еніп, біліми және тәрбиелік 
мәніне арнайы көңіл бөлінгендігі болып табылады. Бағдарламада ана тілі 
пәнін оқытуда басты мәселе, оқушының оқу дағдысын дамыту мен мәнерлеп 
оқуға бірінші сыныптан көңіл бөлу керектігі берілген. Екінші және үшінші 
сыныптарда оны мүмкіндігінше жетілдіре түсу, оқушылар берілген оқу 
материалдарын терең түсініп оқуға, әрі жылдам оқуға дағдалануын жетілдіре 
түсуде, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оның педагогикалық үдерісте 
пайдаланытын оқытудың әдіс-тәсілдері және мұғалім өз қызметіндегі


117 
тәжірибелік қарларын үнемі жетілдіру мен дамыту басты мәселе ретінде 
аталып өткенді. Мысалы, оқу бағдарламасының алғы сөзінде: «...оқушы
оқығанды айтып беру, оқығанға өз тарапынан шығармашылықпен, яғни ойдан 
қосымша қосу мен план жасау және өлеңдер жаттау барлық төрт сыныптың 
оқу бағдарламасында талап ететінін аңғарамыз. Ал прозалық мәтіндердің
үзінділерін оқу жұмысы 3-4 сыныптарда жүргізіледі» - айтылған [217]. 
Оқу бағдарламасында ана тілі пәнінен жүргізілетін сабаққа және оған 
қатысушы оқушыларға қойылатын талаптар жүйесін сыныптар жоғарылаған 
сайын күрделене түсіп, дидактикалық талаптағы жүйелілік пен бірізділік 
қағидалық ұстанымы қатаң сақталып отырған деуге болады. Жеке пәндер 
жүйесіндегі оқылатын оқу материалдарының жүйесі бала табиғатына жақын
тартымды оқушының оқуына, білімді игеру барысында еш қиындық 
туғызбайтын, оқу материалының баланы дамытудағы ықпал ететін, бірақ 
ұсынуға күрделі болмайтындығын ескеру керектігі айтылған. 
1941 жылдан бастап ауыл шаруашылық негіздері оқытыла бастады. 
Мектепте орыс тілін оқытуға аса көп көңіл бөлінді. Бірақ оның кемшілігі 
де болды. Ана тіліндегі оқулықтар болмай, орыс тіліндегі оқулықтар қазақ 
тіліне аударылды. 
1940-1941 оқу жылында жаңа оқу жоспары енгізілді. Бұл қала және ауыл 
мектептеріне де бірдей міндетті алғашқы жоспар еді. 
Осы жылы мектепке жаппай оқуға жататын балалардың толық есебі 
алынды. Олардың мектепте оқуына қатаң бақылау қойылып оқу жоспарын 
орындау міндеттелінді. 
Оқыту ғылыми тұрғыға көшті: 
- дидактикалық мәселелеріне арналған бірнеше жұмыстар жарық көрді; 
- кейбір дидактикалық принциптер мойындалды. 
Мәселен, саналылық, көрнекілік, жүйелілік, теорияның практикамен 
байланысы, беріктік, белсенділік принциптерін іске асыру қолға алынды. 
Осыған орай сабақтың түрлері де белгілеңді. Оқушылардың білімін 
күнделікті есепке алу, бағалау жүйесі мен білімін тексерудің және баға 
қоюдың нормасы белгіленіп, енгізілді. 
Қорытындылай келе, біз қарастырып отырған кезеңдегі оқу-ағарту 
саласындағы білім беру мен оқыту жұмыстарын жүйелі және сол уақыттағы 
қоғам мен әлеуметтік ортаның дамуы мен сұраныс талаптарына сай 
ұйымдастыруда, мектептегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда 
басшылыққа алатын оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының мазмұндық 
құрылымдарын талдау жасап, қарастырдық. Біздердің қарастарған мәселеде 
мектептердің құрылымдық жүйесінің өзгеріске түсуі және соған негізделген 
білім беру мен оқытуды ұйымдастыруда оқу жоспарлары мен оқу 
бағдарламаларының үнемі өзгеріске түсіп, толықтырылып және жетілдіріліп 
отырғандығын тарихи-педагогикалық тұрғыдан анықтап, оларға педагогика 
ғылымы мен ғылыми-әдістемелік тұрғыдан оң бағасын беріп, ақиқаттық пен 
шындық тұрғысынан сипатамма бердік. Бұл деректік мәліметтер қазақ 
мектептерінің бастауыш білім беру жүйесіндегі оқу бағдарламаларды 
келешекте дамытуға пайдалануға боларлық және болашақ бастауыш мектеп 


118 
мұғалімдерін даярлауда педагогика тарихы курсындағы бастауыш 
мектептердің мазмұндық құрылымы жайындағы білімдерді толықтыра түседі 
деген сенімдеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет