«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет35/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

 
З
ерттеуге негізделген оқудың тұжырымдамасы 
Зерттеуге негізделген оқуды сыныпта қолданудың көптеген тәжірибелік модельдері бар. 
Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін осындай зерттеу модельдерінің бірі 
«Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі»(Hamston&Murdoch,1996) деп аталады. 
Модель әртүрлі жеті зерттеу кезеңін қамтиды. Зерттеу барысында болжамдарға,зерттеу 
мазмұнына, құндылықтар, көзқарастар, үдерістер мен дағдыларды бағалау нәтижелеріне 
байланысты кезеңдер қайта қарастырылады. 
Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі 
Кезеңдер 
Жаттығулардың негізгі тақырыбы 
Сұрақ түрлері 
Алғашқы 
дайындық 
Оқушыларға тақырыппен танысуға
мүмкіндік беру. Тақырып бойынша 
оқушыларды қызықтыратын мәселелерді анықтау. 
Тақырып қандай? 
Неліктен осы тақырыпты зерттеу қажет? 
Зерттеуге 
дайындық 
Оқушыларға осы тақырып бойынша
бұрыннан білетін нәрселерді анықтау. 
Оқушыларға жұмыс істеу бағыты мен нысанын 
белгілеу. Тақырып бойынша орындау керек 
жұмыстар мен жаттығуларды жоспарлауға 
көмектесу. 
Біз ілгеріден бұл тақырып туралы не 
білеміз? 
Осы тақырыпқа қатысты не ойлайсыңдар? 
Бұған тағы кім көз жеткізді? 
Сен не ойлайсың? 
Зерттеу Оқушылардың білімге қызығушылығын одан әрі 
ынталандыру. Бұған дейін қойылған сұрақтарға 
жауап беруге мүмкіндік беретін жаңа ақпарат 
ұсыну. Оқушылардың білімін, құндылықтары мен 
түсініктерін тексеру. 
Біздің нақты нені білгіміз келеді? 
Мұны істеудің ең тиімді жолы қандай? 
Ақпаратты қалай жинаймыз? 


68 
Оқушылардың алдағы уақытта орындалатын 
жаттығулар мен жүргізілетін жұмыстарды 
түсінуіне көмектесу. 
Сұрыптау Оқушыларға «зерттеу» кезеңінде анықталған 
ақпарат пен идеялардысұрыптау мен 
таныстырудың нақты тәсілдерін ұсыну. 
Оқушылардың жинақталған ақпаратты өңдеуіне 
және әртүрлі тәсілдермен таныстыруына 
мүмкіндік беру. Нәтижелердің кең ауқымды 
болуына мүмкіндік беру. 
Ақпаратты қалай сұрыптай аламыз? 
Қандай байланыс орната аламыз? 
Ақпарат нақты, құнды және пайдалануға 
тұратынына қалай көз жеткізе аламыз? 
Алға 
ілгерілеу 
Тақырып аясын кеңейтіп, оқушылардың 
тақырыпты түсінгенінтексеру. 
Оқушыларға қолжетімді түсініктер аясын кеңейту 
үшін көбірек ақпарат ұсыну. 
Біз қандай қорытындыларға келдік? 
Оларды қандай дәлелдермен негіздей 
аламыз? 
Алынған нәтижелермен не істейміз? 
Біздің келесі әрекеттеріміз қандай болу 
керек? 
Байланыс 
орнату 
Оқушылардың не үйренгені туралы қорытынды 
жасауына көмектесу. 
Оқу үдерісінің барысы туралы және не 
үйренгенітуралы рефлексия жасауына мүмкіндік 
беру. 
Біз қандай қорытындыға келдік? 
Оларды қандай дәлелдермен негіздей 
аламыз? 
Нәтижелерді қалай пайдаланамыз? 
Әрекетке 
көшу 
Оқушыларға өздерінің түсінігі мен өмірлік 
тәжірибесінің арасында байланыс орнатуға 
көмектесу. Оқушылардың таңдау жасауына және 
өзінің қоғамның табысты мүшесі бола 
алатындығына сенімін арттыруға мүмкіндіктер 
жасау. Тақырыпты одан әрі жоспарлау барысында 
оқушылардың түсінігін ескеру. 
Біз қандай әрекет жасай аламыз? 
Тақырып туралы енді не ойлайсыз? 
Кестедегі ақпарат Хэмстон мен Мердоктың еңбегінен алынды (Hamston, J. And Murdoch, K.,1996). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет