«Оқушы үнін» тыңдау арқылы оқушылар нені бойына сіңіреді?
1.
Адалдықты;
2.
Ақылды болуды;
3.
Ашықтықты (мінез);
4.
Дамуды (білім, рухани);
5.
Жауапкершілікті;
6.
Жылдамдықты (ширақ);
7.
Шынайылықты;
8.
Әдептілікті;
9.
Сыйластықты;
10.
Сабырлылықты;
11.
Сенімді;
12.
Сауатты сөйлеуді, жазуды (әдеби дағды);
13.
Өзін еркін сезінуді;
14.
Өзін немесе өзгені реттеуді (білім, рухани);
15.
Мейірімділікті;
16.
Барьер\ кедергіні жоюды (танымдық немесе рухани)
«Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр,
сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы
–
өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық» демекші, осы айтылған тәлім-тәрбие мен
білімнің ұштасқан ұшын мектеп қабырғасынан ала отырып, болашақ тұлғаға айналатын
бүгінгі оқушы – ертеңгі өмір тұтқасы.
Иә, сөз соңында қорытындылай тағы айтарымыз: сабақты жақсарту мақсатында алынатын
«Оқушы үнінің» маңыздылығы оқушылардың, зерттеушілік әрекетін дамытуға да ықпал ете
алады. "Оқушы үні" оқушылардың өзін-өзі сыйлауға, мектепке және оқыту үдерісіне,
мұғалімдерге жақсы қарым-қатынас қалыптастыруға, өзін-өзі реттеуді дамытуға, шынайы
білім алуға көмектесетініне көз жеткіздік.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. «Дайк-Пресс»,17 б., Алматы, 2008 ж.
2. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%B1%D0%BB%D2%93%D0%B0
3. https://helpiks.org/6-72439.html
4.
Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог
кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016.71-бет.
5.
Абдуллаева Р.Жеке тұлғаны қалыптастырудың тиімділігін қалай арттырамыз? // Республикалық
ғылыми-әдістемелік басылым: Қазақ тілі мен әдебиеті. №10.2014. 42-52.
Достарыңызбен бөлісу: |