110
Мұнда бағалау мен оқуды ажырату мүмкін емес, олар білім сапасын арттыруда бірін бірі
толықтырып отырады. Демек оқушылардың бірігіп талдау мәдениеті қалыптасады; сыни және
шығармашылық ойлауы дамиды; сұрақтарды қолдайтын орта қалыптасады; өздерінің жеткен
жетістіктерін көру арқылы
оны жақсарту сенімі нығаяды; күтілетін нәтижелері алдын ала
анықталады.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып
табылады және тоқсан бойында үздіксіз жүргізіледі. Бұл бағалаудың
нәтижесінде алынған
ақпараттың негізінде
оқушылар оқу барысында өздерінің тапсырманы қаншалықты дұрыс
орындағанын біле алады.
Ал мұғалімдер оқушының қаншалықты ілгерілегені туралы мәлімет
алып, соған сүйене отырып оқыту үдерісіне өзгеріс енгізіп, түзетіп отырады. Қалыптастырушы
бағалау кезінде оқушы оқу үдерісіне белсене араласып, одан қандай нәтиже күтілетінін
түсінеді. Сонымен бірге, өз жұмыстарына
өзі баға берумен қатар, сыныптастарын бағалау
арқылы өзінің оқуын жетілдіреді.
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін
жеке, жұптық, топтық жұмыс
түрлерімен қатар, оқушыларға ауысып отыратын топ құрамында жұмыс істеу ұсынылады.
Сабақ жоспарында қалыптастырушы бағалауды жоспарлаған кезде оның төмендегі
қағидаттарын ескерген жөн: барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу
мақсаттары барлық
сыныптарда пәндер бойынша оқу бағдарламаларында көрсетілген); бағалау белгіленбейді
(таңба қойылмайды); бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылады;
әр оқушының
ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі; бағалау нәтижелері оқыту мен оқу сапасын жақсарту
үшін қолданылады. Сабақты өткізуге дейін сабақтың әрбір кезеңін қалыптастырушы бағалау
тәсілдерін қолдану арқылы мұқият жоспарлау және әріптестерімен талқылау мұғалімдердің
қызметіндегі жақсы тәжірибе болып саналады. Сабақтан кейін сабақ жоспары бойынша
қысқаша түсініктеме жазып, сабақты талдау, рефлексия жасау мұғалімнің жұмысын жетілдіре
түседі. Бұл мұғалімге келесі сабақты жақсартып, онда
қолданылатын әдіс-тәсілдерді,
жаттығуларды, ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: