Детерминация принципі зерттеу пәнінің оның өмірінің алдыңғы немесе кейінгі оқиғаларымен және қатынастарымен байланысын орнатуға, қоршаған ортаның белгілі бір әсеріне байланысты оның одан әрі мінез-құлқын болжауға мүмкіндік береді.
Жүйелілік принципі. Зерттеу пәні тәуелсіз жұмыс істеу мақсаты бар жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Білім берудегі психологиядағы кез келген жүйенің мақсаты - бұл оған қатысушыларды әртүрлі деңгейде жүзеге асырылатын тұрғыда дамыту болып саналады.
Білім берудегі психологияда қолданылатын категориялар (ұғымдар): білім беру, оқыту, тәрбие, даму, қалыптасу, меңгеру, оқу іс-әрекеті, біріккен іс-әрекет.
Категория (грек «кategoria» - пікір айту; белгі) – белгілі ақиқаттың құбылыстары туралы қатынас пен мәнді қасиеттерін беретін ғылыми ұғым. Ғылыми әдебиеттерде категориялар термин, ұғым деп те беріледі. Ғылым тілін түсіну үшін категорияларды білу міндетті.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты.
Білім беру мазмұны – «оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі». И.Я.Лернердің анықтамасы.
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі үшін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі.
Тәрбие – мәңгілік категория. Ол адами қоғамның дамуымен бірге дамып және өмір сүреді
Әлеуметтендіру - өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына белсеңді араласып, оларды терең игеруге, бойына сіңіруге әрекет ету;
Жеке даралық - тұлғаның өзіне тән, қайталанбайтын ерекшелігі, оған ғана тән жеке-психологиялык ерекшеліктер жиынтығы.
Бейімделу (адаптация) - қоршаған орта мен ағза арасындағы байланысты зерттеу кезінде қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |