Дәріс 5. Мектепке дейінгі жастағы баланың психикалық даму ерекшеліктері
Дәріс жоспары:
Мектепке дейінгі жастағы балалардың (3-7 жасқа дейін) психикалық дамуы.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың когнитивтік дамуы.
3. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың оқуға психологиялық дайындығы.
1. Мектепке дейінгі жастағы балаларлың (3-7 жасқа дейін) психикалық дамуы.
Мектепке дейінгі кезеңде бала тез өсіп, салмағы тез артады. 3-тен 7 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді. Өсу қарқыны осы кезде біркелкі емес. Жоғары жүйке жүйесінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10см өседі.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың когнитивтік дамуы.
Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлы дамуының қарқындылығымен ерекшеленеді. Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлық дамуы 2 өзара байланысты жақты болады. Заттар мен құбылыстардың түрлі қасиеттерімен байланыстары жайлы ұғымның болуы және қабылдаудың жаңа әрекеттерін меңгеруі болып табылады.
5 жастан бала негізгі түстерді біледі және ажырата алады, ал осы жастың аяғында түс реңктерін ажыратады. Музыканы қабылдауда, мелодияны қабылдауға, дыбыстарды жоғарылығына қарай ажырата алады.
Баланың қабылдауы өткен тәжірибеге байланысты. Мектепке дейінгі кезеңде ойлау мен сөйлеуі қарқынды дамиды. Осы кезеңде ойлау әрекетін игеру сыртқы заттық әрекеттерді интериоризациялаудың жалпы заңы арқылы жүзеге асады. Осы кезеңде тар отбасылық қарым-қатынастардан кең шеңберге ауысады, яғни өз құрбыларымен араласуы.
«Баланың есі – оның қызығуы», - деді А.Р.Лурия. Мектепке дейінгі жаста еріксіз есте сақтау және еріксіз қайта жаңғырту ерекше дамиды. Бала бірте-бірте қайталауға үйренеді. Балалар ойыны олардың есте сақтауын өте белсенді ететін әрекет болып саналады. Олар маңызды күндерді (туған күн, бала-бақшадағы мереке, дүкен аралау) дәл және толық қайта жаңғырта алады. Балалар қарым-қатынаста жеке тұлғалық дамуды молайтып, кеңейтуі. Балалық шақ – құрбыға деген қызығу туындайтын шақ және ол бірнеше қарым-қатынас типтерін бастан өткереді:
1. Пассивті – жағымды қарым-қатынас құрбыға деген;
2. Эгоистік қарым-қатынас;
3. Конкуренттік қарым-қатынас;
4. Жеке дербестік қарым-қатынас;
5. Тұрақсыз қарым-қатынас.
Осы мектепке дейінгі кезең аяғына қарай ұл мен қыз қарым-қатынасы орнай бастайды. Әйел, ер мінез-құлқының стереотиптері бала психологиясына ене бастайды, яғни ересектерді бақылаудан әрбір ата-ана өз жынысының құндылық бағдарларын балаға береді: әйелге тән сезімталдық, эмоционалдылық, еркекке тән ерлік, шешімге келгіштік, өзін-өзі меңгеру т.б.
Ересек барда өзін дұрыс ұстау – баланың моральдық дамуының 1-кезеңі.
Ж.Пиаже пікірінше, баланың моральдық сезімі ойлау құрылымдарымен дамып отыратынын әлеуметтік тәжірибеге байланысты пайда болады – дейді. Моральдық сезімдері 2 кезеңде жүзеге асады:
1. Адамгершілік шындық;
2. Адамгершілік релятивизмі.
Достарыңызбен бөлісу: |