Стресстік жағдайдың көрсеткіштері (Сурет – 19)
АГ-ның жиі кездесетін қаупі факторы ретінде стресс 22 (55%) науқаста анықталып, «Денсаулық мектебіне» қатысқаннан кейін кейін 98% науқас «Ия» деп жауап берсе, 1% науқас «Жоқ», 1% науқас «Жауап беруге қиналамын» деп жауап берді (Сурет – 19).
Мектепке дейін «Сіз өзіңіздің дене салмағыңызды білесіз бе?» деген сауалға 22 (85%) науқас «Жоқ» деп жауап берген болатын, мектептен соң барлығы жиі дене салмағын өлшеп жүретінін айтты.
Науқастардың ішінде тамақтану ерекшеліктеріне мән бермейтін 25 (62,5%) науқас айқындалды. Олардың барлығы мектептен кейін дұрыс тамақтану қағидаларын ұстануға шешім қабылдады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Шымкент қалалық №3 емханасындағы «Д» есепте тұрған науқастар арасында АГ-ға алып келетін қауіп факторлары ретінде артық салмақ 68% науқаста, темекі шегу факторы 67,5% науқаста, стресстік жағдайға жиі түсу 55% науқаста анықталса, асқыну қаупін азайту үшін қан қысымының деңгейін ғана емес, қауіп факторларын да бақылау қажеттігін білмейтін 45% науқас анықталды.
«Денсаулық сақтау» мектебінде жүргізілген 8 сабақтан кейін науқастардың арасында мектеп 90 адамда (98%) тиімді, 2 адамда (2%) тиімсіз болғандығы анықталды. Мектепке қатысқаннан соң науқастардың барлығы «қан қысымының жоғарылауы 140/90 мм.с.б.» екенін және «Гипертониялық криз кезінде не істеу керектігін» меңгеріп шықты, сонымен қатар физикалық белсенділікті жоғарылатуға, дұрыс тамақтануға және стресстік жағдайларға деген көзқарастарын өзгертті.
АГ-мен ауыратын науқастарға «Денсаулық» мектебін ұйымдастыруда мейіргер маңызды рөл атқарады. Мектепті ұйымдастырудағы мейіргердің негізгі мақсаты және рөлі науқастарды қан қысымын өлшеуге және өзін-өзі бақылауға үйрету, артық салмақ пен семіздікті бағалау критерийлері туралы науқастарды хабардар ету, дұрыс тамақтанудың негізгі принциптері туралы ақпараттандыру, дене белсенділігінің қарқындылығын бақылау әдістеріне үйрету, саналы, жеке бағытталған ақпарат арқылы науқастар мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын жақсартуға және темекіні тастауға мотивация қалыптастыру, стресстің деңгейін бағалау және стрессті басқару бойынша оқыту, гипертензиямен ауыратын науқастардың дәрі-дәрмектермен емдеу негіздері туралы білімдерін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |