Көп жұрт ойлайды, достың үйіне тамақ жеу үшін ғана бару керек
Информанттан өз ойын орыс тілінде сұрағанда, берген жауабы «Многие люди думают, что к другу надо ходить ради еды». Инофон бұл ойын жеткізу мақсатында өз ана тілінің сөйлем құрылысын пайдаланған.
Келтірілген мысалдар негізінде информанттардың қазақ тілінің синтаксистік ережесін теориялық тұрғыдан білсе де, синтаксисте де өз ана тілінің ережелерін қолданатынын байқадық.
Жоғарыда талданып көрсетілген интерференциялық қателердің алдын алу үшін тілді сауатты меңгеру өте маңызды. Ол мақсатта түрлі жаттығулар орындалу қажет.
Жаттығу мәселесі – басты мәселелердің бірі: тиімді жаттығулар жүйесін таңдай білу – оқыту барысындағы табыстарыңызды айқындайды.
Жаттығулардың негізгі түрлері – сұрақ-жауап жаттығулары және көп нүктенің орныны толтыру. Жаттығулар – нағыз оқу құралы. Дидактика мен әдістемеде оқытудың оқу құралы – деп айтылып жүр. Жаттығуларға қойылатын талаптар:
Біріншіден, жаттығуда мақсат болады.
Екіншіден, жаттығу – бей-берекет жұмыс істеу емес, оны арнайы ұйымдастыру керек.
Үшіншіден, жаттығу дамытуға, жетілдіруге бағытталады. Бір ғана жаттығу оқыту барысында ешқандай нәтиже бермейді. Сондықтан жаттығулар жүйеге біріктіріледі, кешенді беріледі.
Материалдарды меңгероһтуге арналған жаттығулар және сөйлеуде пайдалануға арналған жаттығулар болады. Алғашқысын негізінен тілдік, дайындық жаттығуларына жатқызуға болады, кейінгісін жаттығулардың сөйлеу, коммуникативтік, шығармашылық түріне жатқызуға болады.
Қатысым құралы ретінегі әрбір сөйлеу әрекетінің түріне жаттығулардың екі категориясы:
а) сөйлеу дағдысын қалыптастыратын жаттығу түрлері;
ә) сөйлеу шеберлігін дамытатын жаттығу түрлері қажет.
Сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері. Тілдік және дайындық жаттығуларының басты сипаты тілдік тұлғаны табуға немесе мазмұнға бағытталады. Оқулықтардағы сөйлеу жаттығуларына қойылатын талаптарды былайша бөлге болады: а) кез-келген сөйлеу жаттығулар жауап беруге тиісті тұрақты талаптар; ә) түрлендірілген талаптар. Бұл талаптар кез-келген жаттығуға қойылмайды.
Тұрақты талаптарды талдап көрейік:
Сөйлеуге шартты себептердің болуы. Яғни тіл үйренушінің алдына лингвистикалық міндетті шешуді емес, сөйлеу міндетін ееуді қою. Жаттығу алдында «пікіріңізді білдіріңіз», «пікірді қолдаңыз», «пікірге күдіктініңіз» сияқты тапсырмалардың болуы.
Жаттығу ситуациялылығы, яғни жаттығудың әрбір элементінің қатысым ситуециясымен қатысымдылығы.
Жаттығудың әрбір элементі сөйлеуді, қатысымды елестетеді.
Сөйлеу әрекеінің үш жағының бірігуі. Бұл дегеніңіз тіл үйренуші үшін грамматикалық та, лексикалық та тапсырма болмауы керек, лексиканы, грамматиканы, фонетиканы жеке-жеке емес, сөйлеудің граматикалық , лексикалық, айтылу жақтарын кешенді түрде меңгереді.
Фразаның коммуникативтік құндылығы
Қатесіз сөйлеуді қамтамасыз ету
Жаттығудың біртілділігі
Жаттығуды қысқы уақытта орындауға мүмкіндігі
Түрлендірілген талаптар:
Жаттығу элементтерінің тақырыптық, лоникалық, мазмұндық байланыстылығы
Қарапайым, қысқалалық
Берілген сөйлеу құралдарының молдығы.
Сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған жаттығуларға қойылатын талаптар:
Сөйлеу әрекеті табиғилылықпен, шынайы әрекетпен, ситуативтілікпен байланысыт. Сөйлеу жаттығулары сөйлеу шеберлігін барлқ жағынан дамыту болып табылады. Сондықтан ол көптеген талаптарға жауап беруге тиісті:
Тұрақты талаптар
Сөйлеу жаттығулары әрқашан оқытудың табиғи ситуациялылығын қамтамасыз етуге тиісті
Әрбір сөйлеу жаттығулары жаңа сөйлеу ситуациялары болып табылады.
Сөйлеу жаттығулары сөйлеуге ынталылықты қамтамасыз етеді. Сөйлуші сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығуларда болатын арнайы берілген нұсқаулармен емес, сөйлеуге өзідігінен талаптанады.
Сөйлеу жаттығулары – тіл үйренушінің сөйлеу әрекетінің бір бөлігі
Сөйлеу жаттығулары біртілді.
Сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арналлған жаттығулардың сипаты: тілдік жаттығулар. Тілдік жаттығуларға а) грамматикалық («жақ-жағынан етістіктің тиісті тұлғасын тап», «жатыс септігіндегі зат есімді тап», «сын есімнің тиісті жалғауын тап» және т.б.); ә) лексикалық («асты сызылған сөздердің синонимімен тап», «сөздерді мақырып байынша топтастыр», және т.б.); б) фонетикалық («жіңішке буынды сөздерді топтастыр», «жуан буынды сөздерді тап», «сингармонизм сақталмаған сөздерді тап») жаттығулар жатады.
Тілдік жаттығулар ережелерге сәйкес, тілдік тұлғалард табуға құрылады. Барлық назар осы тапсырмаға аударылады, әрекеттің мақсаты, мазмұны тыс қалады. Мұндай жаттығулар сөйлеу дағдысын қалыптастырады деп айтуға келмейді.
Тілдік жаттығуларды орындау барысында тіл үйренуші қателіктерге көп ұрынуы мүмкінү себебі жауап варианттары да көп.
Тілдік жаттығулар көпшілік оқушы үшін қызық емес. Лингвистикалық манипуляция көпшілікті қызықтырмайды. Орыс әдіскері А.Г.Костомаров осы тұрғыда: «Тіл үйренушілердің көпшілігі табиғатынан лингвист емес, және олар парадикманы оқудан әсер ала алмайдығ жалғаулардың варианттылығын жаратпайды, сөздік оқуды ұнатпайды», - дейді.
Тілдік жаттығулар ситуациялылықтан мүлдем ада: сөйлеушінің алдында сөйлеу міндеті емес, тілдік формальді міндет тұр. Осылардан келіп мынадай қорытынды айтуға болады: сөйленім дағдысын қалыптасытыруға тілдік аттығулар жарамсыыз, бірақ тілдік тұлғаларды түсінуге көмектеседі, жазылымды меңгерту барысында тілдік жаттығуларды пайдалануға болады.
Аударуға арналған жаттығулар. Аударма арқылы тілдік тұлғалар мен лексикалық бірліктер туралы білімін тексеруге болады. Тіпті өте жақсы жасыланған аударма мағына сөздің ассоциациясының беріктігін тексереді.
Жазуды оқыту барысында аударма өз орынын табуы мүмкін.
Сұрақ-жауап жаттығулары. Жаттығулардың бұл түрі ең көп таралған, жиі қолданыстағы тапсырма түрі. Сұраз-жауап жаттығуларының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:
Біріншіден, олар қатысымды көз алдыңа есестетеді, өмірде де біз де жиі сұраймыз немесе жауап береміз. Бұл дегеніңіз осы жаттығу түрін орындау барысында басқа жаттығу түрлерінде жоқ сөйлеу міндеті қатысыды деген сөз.
Екіншіден, мұндай жаттығулар түрлері сипаты жағынан тек қана сөйлеу емес, грамматикалық та, лексикалық та, фонетикалық та сипаты бар, яғни белгілі бір сөйлеу жағдайында нақты бір материалды меңгеруге кеөмектеседі.
Үшіншіден, психологиялық жағынан да орындалу әдісі қарапайым: сұрау, жауап беру үйреншікті нәрсе. Оқытудың бастапқы кезеңі үшін бұл фактор аса маңызды емес.
Төртіншіден, сұрақ-жауап жаттығулары жылдам жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұл автоматизм сапасын қалыптастыру үшін маңызды.
Сұрақ-жауап жаттығулары тек қана сөйлеу дағдысын қалыптастырмайды, сондай-ақ сөйлеу шеьерлігін қалыптастырудың да шарты болып табылады. Яғни сұрақ-жауап жаттығулары жан-жақты.
Сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған жаттығулардың әдістемелік сипаты. Оқулықтады, әдістемелік әдебиеттерді сөйлу жаттығулары үш топқа бөлінеді: 1) естігеніңізді, оқығаныңызды әңгімелеу жаттығулары; 2) оқиғаны, фактыны сиааттау үшін жүзеге асырылатын жаттығулар; 3) оқиғаға, фактіге қатысатын, бағасын білдіретін жаттығулар. Бұл жаттығу түрлеріне оқу кезіндегі ақпарат іздеуге арналған жұмысты да жатқызуға болады.
Бұл бөліну де шартты десе болады. Әңгімелеуге арналған жаттығу түрлерінде репродукциялық процесс орындалады, яғни өзгенің ойын қайта айтып беру; суреттеу, сипаттауға арналған жаттығу түрінде елестетуді, ақпаратты логикалық тұрғыда ұйымдастыру қабілеті дамытылса оқуға, бағалаушылыққа арналған жаттығу түрлерінде өз бетінше ойлауға, өз бетінше сөйлеудің дамуы көрінеді.
Әңгімелеу – жаттығу. Жаттығудың бұл түрін оқытушылардың барлығы дерлік ықыласпен пайдаланады. Шындығында әңгімелеудің артықшылықтары көп.
Әңгімелеу коммуникативтілікке негізделген. Коммуникация процесінде кейде оқығаныңды, естігеніңді көргеніңді әңгімелейсің. Алайда, шын әңгімелеу ешқашан мақсат болмаған. Әңгімелеуде әңгімелесушінің реакциясын туғызу тілегі жатады. Сондықтан онда әрқашан сөйлеушінің айтылатын фактіге көзқарасының қатысы болады. Оқытуда пайдаланылатын әңгімелеулерде бұл жоқ, сондықтан оқытудағы әңгімелеулерде формальдылық басым.
Әңгімелеуде басты фактлерді таңдай, мәтінді қысқарту, кеңейту т. б. Ойлау әрекеттері болады. Бұл өз бетінше сөйлеу болып табылмайды. Турасына кеогенде олардың сипаты бірдей емес. Мәтінге сүйеніп сөйлеу мен өз бетінше сөйлеудің айырмашылықтары бар. Бұл сөйлеу материалдарын қолдану сипатын айқындайды, немесе сөзден ой туады.
Әңгімелеу белгілі бір мөлшерде сөйлеу шеберлігінің кейбір механизмдерін репродукцияны, комбинирлеуді, құрастыруды дамытады. Ал ойлау аспектісі толықтай трып қалады. Дискурсивтіік механизм де толықтай жансызданады. Сөйлеушіге баяндаудың стратегиясы мен тактикасын ойлаудың керегі болмайды.
Сипаттау, суреттеу жаттығулары. Суреттеу, сипаттау туралы түсінік кең. Бұған:
Объектіні сипаттау
Аннотация
Фильм, диафильм, картина түсніктемесі
Әр түрлі әрекеттің орныдалу инструкциялыр
Демалысты, жұмыс күнін жоспарлау
Оиғаны сипаттау
Бір ұғымның дефинициясы туралы
Репортаж т.б. жатады.
Таңдау механизмі жоспарлауда, оқиға орнын суреттуде, инструкцияда жақсы дамиды, ал объектіні суреттеуде аннотацияда әлсізірек, ал түсіндіруде, репортажда тіпті әлсіз дамиды. Бірақ сөйлеу жылдамдығы түсіндіру, репортаж жаттығуларында жақсы жамиды.
Ойлау механизміне жоспарлау жаттығуларында оңтайлы жағдай болады.
Өнімділік, нәтижелілік сапасы түсіндіру жаттығуларында, репортажда, объектіні сипаттауда дамиды.
Әрбір жаттығулар жүйесінің өзіндік мөлшері бар: жаттығулар кешені үшін мына өлшемдер:
Сөйлеу дағдысын қалыптастырып, шеберлігін дамыту үшін сәйкес жаттығулар мен біріздіілікті ескеру
Жаттығулар таңдауды айқындау барысында сөйлеу материалымен мақсатын ескеру
Әртүрлі жаттығулар арақатынасын айқындау барысында оқытудың нақты шартын ескеру
Қиындықтың біртіндеп көтерілуін ескеру
Тілдік тұлғаның көбінесе еріксіз меңгерілуін қамтамасыз ету
Тіл үйренуінің қатесіз сөйлеу әрекетімен қамтамасыз ету
Сөйлеу әрекетінің түрінің ерекшелігіне жаттығу сипатының сай келуі
Тіл үйренуші сөйлеу әрекеттерін басқаруды қамтамасыз ету (еркін сөйлеуге).
Көрсетілген жаттығулар кешені – материалды меңгеруге арналған жеке бір міндеттерді немесе автоматизацияға бағытталған жаттығулар жинағы. Егер оқытушы осы мәселердің бәрін тиянақты ескеретін болса, онда инофон қазақ тілін өте жақсы меңгеріп шығады. Әрине, нәтиже бірлен болмайды. Сол себепті мұның өзі көп уақыт пен шыдамдылықты қажет етеді. Жаңа зерттеулер көрсеткендей, екінші тіл үйренудегі тілдің әр түрлі аспектілерін игеру қиындығы әр алуан деңгейде; үйренушілердің жасы әр түрлі тілдік қабілеттерді игеру жетістігіне әрқалай әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |