Билингвизм жјне интерференция



бет2/20
Дата19.07.2022
өлшемі319 Kb.
#459737
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференция көріністері

Жұмыстың өзектілігі – Қазақстан Республикасының халықтары мемлекеттік тілді білуге міндетті болғандықтан қазіргі таңда қазақ тілі өзінің мәртебесіне бірте-бірте қол жеткізіп келеді. Қазақ тілін тек қана меңгеру емес, сонымен қатар тілде қатесіз сөйлеу де міндет болып табылады. Зерттеудің міндеті – сол қателерді тауып, оларды болдырмау жолдарын табу. Жұмыстың өзектілігі тақырыптың тың болуымен түсіндіріледі. Өйткені, аталған проблема қазірде өте актуалды болып табылады.
Жұмыстың пәні: Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тілі.
Жұмыстың нысаны: Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференция.
Жұмыстың мақсаты – билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференция көріністеріне талдау жасау.
Жұмыстың міндеті:

  1. Билингвизм және интерференцияның теориялық мәселелерінің қарастыруы.

  2. Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі фонетикалық интенференция көріністерін анықтау.

  3. Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі қазақ грамматикасының интерференциялық қателеріне талдау.

Жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдер: Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференцияны анықтау үшін тыңдалым, сөйдеу, жазу дағдыларына байланысты эксперимент жүргізілді. сондай-ақ, сипаттау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.
Қойылған тапсырма орындалу мақсатында студенттер және оқушылардын сұрау жолымен алынған ауызша және жазбаша түрдегі материал негізінде талдау жүргізілді. Сауалнама әдісімен Алматы қаласының №123 қазақ-орыс гимназия-мектебінің 7 және 10 орыс сынып оқушылары мен ҚазҰУ-ң филология факультеті орыс бөлімінің 1 және 3 курс студенттерінің арасынан екі тілді информанттар таңдап алынды.
Информанттардың басым тілі сауалнама мәліметі бойынша анықталды. Интерференция көріністерін талдау үшін информанттардың ауызша және жазбаша жұмыстары мен психолингвистикалық эксперименттердің нәтижелері пайдаланылды.
Жұмыстың жаңашылдығы: Орыс тілді үйренуші қазақтардың ғана емес, қазақ тілді үйренуші орыстардың екінші тілді меңгерудегі өз тіліне және екінші тілге әкелетін өзгешіліктер мен құбылыстардың оң және теріс жақтары фонетикалық , морфологиялық, синтаксистік деңгейлерде анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет