Зерттеу жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан құралған: негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 БИЛИНГВИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Билингвизм және интерференция
Билингвизмді меңгеруде бірнеше ғылымдар қатар қолданылады.
Біріншіден, билингвизм психологиялық зерттеу нысаны болып табылады. Бүл орайда ол индивидтің сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді қарастылады.
Екіншіден, билингвизм әлеуметтанудың құралы болып табылады. Мұнда қостілділердің қоғамдағы орны немесе мінез-құлығына қатысты мәселелер қарастырылады.
Үшіншіден, билингвизм лингвистикада қарастырылады. Мұнда билингвтің тудырған мәтініне қатысты зерттеледі.
Үш негізгі ғылымның арасында анық байланыс бар.
Психолингвистика билингвизмді сөйлеу механизмі мен мәтін арақатынасы жағынан қарастырады;
Әлеуметтік лингвистика билингвизмді мәтін мен билингвтің мінез-құлығына байланысты қарастырады.
Қостілділіктің бірнеше анықтамасы бар. Әлеуметтік лингвистика терминдер сөздігінде: «Қостілділік ағыл. bilingualism – Билингвизм ұғымымен бірдей; жеке адамның немесе қоғамның екі немесе біргеше тілді меңгеруі // қолдануы. Қостілділіктің бірнеше түрі бар» деген анықтама берілген. [1, 152]
В.А.Аврорин қостілділіктің екі типін көрсетеді: толық және бөлшектік. Толық қостілділік – екі тілде бірдей еркін және актив қолдану. [2, 125]
Психологтар қостілділікті координативті және субординативті деп бөледі. Координативті қостілділік дегеніміз билингвтің екі тілді бірдей дәрежеде игеруі және қатынастыааң жағдаятына қарай бір тілден екіншві тілге ауысуы, ал субординативті қостілділік дегеніміз – билингвтің тек бір тілді, ана тілін еркін қолдануы және екінші тілдің санада ана тіліне бағынуы.
Тілдік қатынас теориясына қатысты субординативті қостілділік интерференциямен қиындатылған сөйлеу процесіндегі тілдердің өзара құралуы.
Координативті қостілділік аудармашыларға тән – олар бір тілден екінші тілге оңой ауысады. Қостілділіктің бұл типі теориясының нысаны болып табылады.
Қостілділіктің көптеген мәселелерінің ішінде интерференция ерекше орын алады.
Бір тілді екіншісіне қарағанда артық меңгеруі, яғни тілдік байланыс нәтижесінде қостілді адамдар тілінде кездесетін екі тілдің де нормасынан ауытқу интерференция деп аталады.[3, 178]
Физикада (акустикада және оптикада) кеңінен тараған бұл термин (лат. inter – аралық, ferens – таратушы), алғаш рет Прага лингвистикалық үйірмесінде лингвистикалық мәнге ие болған. Алайда, румындық тіл маманы А.Граурдың пайымдауынша интерференция мәселесі лингвистика мәселесі секілді өте ертеден бастау алады [4, 47]. Бәлкім, бұл жерде тіларалық байланыс жағдайларындағы мнтерферегция құбылысы мен оның Г.Шухарт, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Л.В.Щерба, У.Вайнрайх және басқа да ғалымдардың еңбектерінде ғылыми саралануына дейін белгілі бір дәрежеде зерттелуі ескерілген болар.
Қалай болғанмен де, дүниеге келу және даму барысында басқа тілдің (немесе басқа тілдердің) ықпалына ұшырамаған бірде-бір тілдің жоқтығы туралы И.А. Бодуэн де Куртенэ әлдеқашан атап көрсеткен. [5,316]
Интерференция проблемаларын зерттеу, У.Вайнрайхтың «Тілдік байланыстар» атты монографиясы жарық көргеннен кейін қарқынды дами бастады. У.Вайнрайх интерференцияны басқа тіл элементтерінің енуі салдарынан тіл модельдерінің құрылымдық өзгеруі деп түсінеді. Ол интерференцияны сөйлеу интеерференциясы және тіл интерференциясы жем ажыратады. «Сөйлеуде интерференцияы су ағынымен жылжитын құм секілді; тіл де көл түбіне тұнған құм» [6, 179].
У.Вайнрайх айтқандай сөйлеуде интерференция «алғаш қостілді адамның басқа тілмен таныстығының нәтижесі ретінде сөйлеген сөзінен байқалады. Тілде қостілді адамның сөйлеуіндегі жиі қолданыстан кейін дағдылы әрі көпшілік мақұлдаған интерференцияны көреміз». [6, 181]
Қазіргі кезде интерференцияның негізінен екі түсініктемесі бар. Біріншісі, Прага лингвистикалық үйірмесінің көзқарасынан келіп шығады: интерференция байланысқа түсуші тілдердің нормадан ауытқуы ретінде түсіндіріледі (мұнда, байланысқа түсу деп тілдердің өзара әсер етуі мен жақындасуының барлық түрлері мен типтері: өзара ықпал етуі, тұтасуы, араласуы және т.б. түсіндіріледі).
Келесі көзқарасқа сәйкес, интерференция – ана тіл нормаларының сөфлеу кезінде басқа тілге ауыстырылуы ғана. О.М.Ким: «Интерференция деп бинарлы бетпе-бет келген тілдердің принципалды айырмашылықтары нәтижесінде ана тіл дағдыларынан «арылмауы» салдарынан туындайтын «бөтен» тілдегі сөйлеу құбылысы» – деп жазады. [7, 5]
В.Ю.Розенцвейг: «Байланыс алғашқы сатысында интерференция деп аталатын екі тілдің де нормасынан ауытқуына апарып соқтырады» - деп жазады [8, 64]. Осы ой желісімен автор интерференцияының екі түрін ажыратады. Біріншісі – ана тілдің ережелерін екінші тілге лингвистикалық ауыстыру, екіншісі – ана тіл мен жат тілдіің сәйкеспкйтін ережелерін алып тастау. Автор бірінші түрді тікелей, екіншісін жанама интерференция деп атайды. [8, 59]
Бірқатар басқаша позицияны ұстанатын Г.П. Ильященко интерференцияға анықтама беру кезінде жоғарыда келтірілген У.Вайнрайхтың: «Интерференцияның алғашқы сатысы... – әдетте қандай да бір жазушының жеке стиліндегі ауызекі тілінде көрініс тапқан қандай да бір нормадан ауытқушылық. Мұндай ауытқушылық «ауытқушылық» болып қала беруі де мүмкін, кейде оның таралуы, әдеби білде тұрақтануы, тұтыну өрісінің кеңеюі мүмкін, мұндай жағдайда бұл интерференцияның тіл тініне жаңа элементтердің ену құбылысы болып табылады» [деген көзқарасына сүйенеді. [4, 47]
Э.М. Ахунзянов байланысқа түсуші тілдердің құрылымдық элементтерінің өзара әсерін сараптай келіп, екі ұғымды ажыратуды орынды санайды:1) интерфернция 2) трансференция. Бұл жерде интерфернцияы байланысқа түсуші тілдердің бірін-бірі байытуына ықпалын тигізетін оң құбылыс петінде, ал трансференцияы тежелуге ықпал ететін келеңсіз құбылыс ретінде қарастырылады: «Трансференция, оң құбылс ретіндегі интерференцияға қарағанда шектен тыс сөйлеуді тудыратын, екінші тілді меңгеру жолында едәуір кедергі келтіретін келеңсіз құбылыс ретінде қарастырылуы тиіс» [9, 85]. Ал Ершова болса, «интерференцияның жекелеген жағдайлардағы оң рөлін жоққа шығармауымыз керек» деген тұжырым жасайды». [10, 131]
Интерференцияны барлық (фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және т.б.) деңгейлерде зерттеу кезінде, әңгіменің қостілділіктіің қай деңгейі туралы екендігің ескеру қажеттілігін айырықша атап өткен жөн. Әдетте, қостілділік координативті және субординативті болып бөлінеді. Координативті қостілділік кезінде қостілді алам екі тілді де тең жәрежеде еркін меңгерген және қатынас жағдаятына қарай бір тілдік кодтан екіншісіне еркін ауыса алады. Субординативті қостілділік кезінде қостілді адам бөтен тілді санасында бағындыратын бір ана тілін ғана еркін меңгерген болады. [11, 46-54]
Ана тіліміз екінші, яғни тіған емес тілді меңгеру кезінде оң ықпалымен бірге теріс ықпалын да тигізеді, алайда Д.Дешериев интерфернцияны екі тіл құрылымындағы типологиялық ұқсастық және типологиялық алшақтық деңгейінде ажыратуды ұсынады [12, 9]. Дегенмен А.Е. Карлинский бір еңбегінде «интерференция қостілді адамдардың сөйлеуінде көрінеді, оның тамыры тілде жатыр» десе [13, 62], екінші еңбегінде «басқа тіл жүйесіне бөтен элементтер, тек қостілді адамның интерференцияланған тілі арқылы енеді» дейді [14, 78]. Екі тілдің өзара әсерініңң сипатына қарай интерференция десичнативті (ойды жеткізу өресінің бұзылуы) және контенсивті (немесе семантикалық – мазмұн өресінің бұзылуы) деп бөлінеді, интерференцияның аталған типтері тілдің барлық деңгейлерінде көрініс береді [15. 12].
Қостілді адамның сөйлеу қызметінің ерекшелігіне қарай интерференцияны екінші тілдегі сөйлеуді түсіну заңдылығына байланысты импрессивті және қостілді адам тудырған сөйлеуден көрінетін экспрессивті болып бөлінеді. Интерференцияны көрсетілген типтерге бөлуді И.Н. Горелов ұсынған[16, 4].
Кез келген тіл нормасының бір мазмұнды сипаттауды біргеше нұсқасының болатыны белгілі, алайда оның бірі ғана жиі қолданылады. Жүйенің немесе норманың бұзылуына, яғни «айтушы мен тыңдаушының ойды жеткізу, сондай-ақ мазмұн тұрғысынан ана тіл менмеңгерілетін тіл бірліктері арасында шындығында болмайтын өзара бір мағыналы сәйкестілік орнатуына» байланысты айқын интерференциядан жүйенің ең жиі қолданылуы мүмкін нұсқасын білмеумен, сондай-ақ екінші тілде ойды жеткізуді түрлі жеңілдетулермен ерекшеленетін интерференция «жасырын» деп аталады.
Жасырын интерференция кезінде «ана тілінде сөйлеуші түсіндіру мақсатында басқа тілде тікелей баламасы жоқ сөздік бірліктерді және грамматикалық формаларды қолданбай, байланысқа түсуші тілдерге құрылымы жағынан ортақ, синонимдес бірліктермен және формалармен ауыстыратын» кері құбылыс орын алады.
Сондай-ақ лингвистикалық әдебиеттерде ғалымдар түрліше атайтын интерференцияның бір түрі бар. Бұл – осы мәдениетке тән экстролингвистикалық жағдаят пен белгілі бір сөйлеу қалыбы арасындағы тұрақты байланыс деп түсінілетін тілдік практика нормасынан ауытқу. Болгарлық ғалым К.Бабов, сондай-ақ Е.М. Верещагин және В.Г.Костомаров тұндай интерференцияны «лингвоелтанымдық», ад А.Е.Карлинский – «жағдаятты» деп атайды.
Интерференция құбылысы тілшілердің бірқатар маңызды еңбектерінің, оның ішінде қазақ-орыс, қазақ-неміс, қазақ-ағылшын, орыс-ағылшын интерференцпясының материалдары арқылы жазылған еңбектердің объектісі бола тұра, орыс-қазақ интерференциясы жөніндегі зерттеулер саусақпен санарлық.
Десек дағы, қостілділік пен бірінші тілдің екінші тілдегі сөйлеу қызметіне әсер ету мәселелері ерте кезеңдегі тілшілердің еңбектерінде, мысалы, чуваштардың орысша сөйлеуіндегі қателерге арналған В.А.Богородицкийдің еңбегінде, қостілділік жайлы Л.В. Щербаның еңбегінде сөз болған. Заерттеу белсенділігінің шыңы 70-80-ші жылдарға сәйкес келеді. Бұл кезеңде қостілділік пен интерференция мәселелері айырықша жемісті зерттелген. Бүкілодақтық конференциялар өткізіліп, интерференцияя мәселелеріне түрлі: фонатикалық (М.В.Никитин, К.З.Закирьянов, Р.Х.Субаева, А.Е.Карлинский, С.А. Абдигалиев, Э.М.Ахунзянов, М.Т.Тезекбаев, С.М.Эрвин және т.б.) деңгейлерде зерттеу жасалған кқптеген монографиялар, жинақтар жарық көреді. Қостілділік мен интерференция лингвистикалық (Ю.А.Жлуктенко, В.Ю.Рознцвейг, В.А. Виноградов, А.Е.Карлинский және т.б.) әдістемелік (Е.М.Верещагин, М.К. Назарова, А.Е.Карлинский, Е.Н.Ершова және т.б.), социолингвистикалық (Б.Х. Хасанов, У.Вайнрайх, М.М.Михайлов, Ф.П.Филин) тұрғыдан талданады.
Тілдік қарым-қатынаста орыс және қазақ тіліне бәсекелес ағылшын тілінің белсенділігі күннен-күнге арта түсуде. Ағылшын тілін қаржы, экономика және спяси саладағы қалаулылардың өте жоғары деңгейде меңгергенін Ж.С. Смағұлова атап көрсетеді. [17, 235]
Қостілділіктің орысша-қазақша типін Г.А.Досмухамбетова социолингвистикалық тұрғыдан зерттеді. Ол Астана қаласындағы студенттер тілінің материалдары арқылы студенттік микроәлеуметтік қауымдастықтағы қостілділікті сарапқа салады.
Г.А.Досмұхамбетова студенттік микроәлеуметтік қостілді қауымдастық шеңберінде қостілділіктің бірқатар ерекшеліктерінің ішінен салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі қазақ-орыс және орыс-қазақ қостілділігін, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінің ауызекі тілімен (32%) салыстырғанда кодификацияланған форма (40%) рөлінің артпағанын атап көрсетеді және мұны жуық арада осы тілдердің қызметтерін бөлуге ықпал ете алатын оң фактор деп бағалайды.
Қазір интерференцияны оқыту дербес бағыт ретінде қалыптасты, құбылыстың тілдік байланыстар жүйесіндегі орны белгіленді. Қазір интерференцияны зерттеу негізінен екі бағытта жүргізіледі: бірінші тілдердің өзара ықпалының қырлары сарапталады, екінші интерференция мәселелері оқыту әдістемесіне байланысты зерттеледі. Екінші бағыт арнасында интерференция қостілділердің бөтен (шетелдік) тілдерді нашар білуін анықтаушы факторлардың бірі ретінде қарастырылады.
Екі тілдің иегерлері бір-бірімен басқа тілде өз ана тіллінің ережелері бойынша хабарлама алмасады. Бір тілден екінші тілге кейбір мазмұнның бірліктерін, ережелерін ауыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |