Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет34/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57
Лекциялар жинағы

Азықтық ашытқыны буып түю
Құрғақ ашытқы күшті шаң қонатын ұнтақ болып келеді. Олар қағаз қапта сақталады және тасымалданады. Азықтық ашытқы ашытқы кептіргіш бөлімнен шнекпен немесе пневмотасымалдағышпен қабылдағыш бункерге жіберіледі.
Бункер тік бұрышты дәнекерленген болып келеді, төменгі жағында төрт саңылауы бар. Бункердің астында буып түюге арналған ВРА маркалы машина болады, оның өнімділігі 2 т/cағ. Қағаз қап қолмен металл дөңгелекке кигізіледі. Машинаны іске қосқанда 15-20 секундта белгіленген массада толтырылып автоматты түрде жабылады. Қапты қолмен алып сілкиді қағаз қаптың ішкі жағы жабылу үшін және оны ленталы тасымалдағышпен қоймаға жібереді. Салу, шығару, түсіру жұмысын тездету үшін қоймада бес қатардан ашытқысы бар қапты қойып арабада тасымалдайды.
Ескере кету керек, қаптағы азықтық ашытқыны буып түюге арналған сызба нұсқасымен азықтық ашытқы өндірісінің барлық өсуші көлемімен сәйкес келмейді. Өте аз тығыздықта (540 кг/м3) ашытқы ұнтағын буып түю үшін қымбат тұратын таралардың көп санын қажет етеді және қоймалардың үлкен аумағын қажет етеді. Мұндай өнімді тасымалдауда үлкен шығын болады. Демек, жүк тасымалдағыш 50 тонналық бір вагонға 18-20т ашытқыны орналастыруға болады екен. Сондықтан болашақта азықтық ашытқыны түйіршіктелген түрде шығарғаны қолайлы, тасымалдауға, сақтауға, тұтынуға және мөлшерлеу үшін өте қолайлы.


Тақырып 9. Паприн алу өндірісінің технологиясы


Дәріс 17. Паприн алу және шикізатқа сипаттама. Паприн алу өндірісінің негізгі сатылары. Паприн алуға егіс материалын және қоректік ортаны дайындау.
Дәріс 18. Ферментация процесі. Ашытқы суспензиясы сепарирлеу және булау, термоөңдеу. Ашытқы суспензиясын кептіру.

Микроорганизмдерді тотықтыру қабілеттілігі және мұнай көмірсуларын ассимилизациялау қабілеттілігі бұрыннан белгілі, бірақ көмірсу негізінде ақуыздық өнімдерді алудағы қарқынды зерттеулер ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана басталған. Біздің елімізде осы мәселе бойынша зерттеулер ғылымдар мен көптеген жоғарғы оқу орындарының инженерлерінің бірлескен мемлекеттік координациялық жоспарымен жүргізілген, ол қысқа мерзімде ғылыми және техникалық мақсатта жаңа перспективті шикізаттан ақуыздық ашытқы өнеркәсіптік өндірісін құруға мүмкіндік жасады. Кеңес Одағы кезінде 1968 жылы әлемде ең бірінші мұнай парафинінен азықтық ақуыз алу өндірісі негізінде өндірістік – тәжірибелік зауыт ашылды. Қазіргі кезде елімізде микробиологиялық өндіріс мұнай көмірсуларын көміртегі көзі ретінде қолдана отырып азықтық ақуыздың жүздеген мың тоннасын шығаруға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет