Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет35/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
Лекциялар жинағы

Шикізатқа сипаттама
Мұнай көмірсуларын сіңіретін ақуыз биосинтезінің өнімділігі жоғары ашытқылардың ішіндегі Candida туысы болып табылады. Мұнай парафинінде өсіретін Candida ашытқысынан алынған микроорганизмдердің биомассасы өсімдік шикізатының гидролизатынан алынған азықтық ашытқыдан айырмашылығы ақуыз-витамин концентраты немесе паприн деп аталады.
Мұнай әр түрлі көмірсулардың қосылысынан (метандық, мұнайлық, ароматтық) оттегі, күкірт және азот қосылыстарынан тұрады. Микробиологиялық өндіріс үшін көмірсулар метан қатарының - алкандары немесе СnH2n+2 жалпы формуласы парафиндер қызығушылық тудыруда. Азықтық ашытқы өндірісі үшін құрылысы қалыпты парафиндерді қолдануға болады. Суда ерімейтін парафиндер, химиялық инертті, бірақ микроорганизмдері оларды тез арада үлкен жылдамдықпен тотықтыра алады. Микроорганизмдер 14-19 көміртегі атомы бар (С1419) тізбегінде сұйық Н-парафинін жеңіл тұтынады. Құрамында көп көміртегі атомы бар парафинді көмірсулар қалыпты температурада қатты зат болып келеді. Сондықтан микроорганизмдер оларды өте баяу тотықтырады.
Микробиологиялық синтез үшін қажетті С1027 н-парафинді (сұйық Н-парафин деп атайды). Мұнай өндіретін зауыттарда мұнай фракцияларына тиісті екі әдіс арқылы алынады: карбамид көмегімен депарафинизациялау (мочевина) немесе цеолитте адсорбция әдісі арқылы (молекулярлы торда) өндіреді.
Парафинді мұнай фракциясынан карбомид СО(NH2)2 көмегімен бөлу, оның парафинмен қосылып қатты кешен түзуі негізделген, құрылысы қалыпты парафин, мұндай кешенді изоқұрылысты парафинге қарағанда оңай түзіледі.
Алынған карбамид кешенін Н-парафинмен бірге сұйық фазадан (фильтр немесе центрифуга) бөледі, (ыстық сумен) парафиндерді бөледі, ал карбамидті қайта қолдануға жібереді. Карбамидті парафиндеу әдісі өте қарапайым, бірақ бөліп алынған парафиндердің құрамында 10%-ге дейін изопарафиндер мен ароматты көмірсулар болады.
Жоғарғы сатыда тазартылған қалыпты құрылысты парафиндердің молекулалық торлары – цеолиттерде селективті адсорбция әдісімен алынады. Бұл әдіс цеолиттің молекула мөлшері цеолит саңылауының диаметрінен кіші болатын заттарды адсорбциялау қабілеттілігіне негізделген. Н-парафиндерді алу үрдісі үш адсорберден тұратын «Парекс» құрылғысында жүзеге асырылады, әрбір адсорберде адсорбцияның үрлеу және десорбцияның сатылары тізбектеліп жүреді. Тазартылған Н – парафиндерді «Парекс» құрылғысынан қайнауы басында 2000С температурадан төмен емес және қайнаудың соңы 3200С температурасынан жоғары емес температуралары Н – парафиндердің қосынды құрамы 99%- дан кем емес, ароматты көмірсулардың құрамы – 0,05%- дан кем емес, түссіз және ашық сары сұйықтық түрде шығарылады. Ароматты көмірсулар ашытқының өсуіне ингибитор болғандықтан олардың құрамына ерекше көңіл бөлінеді.
Сұйық Н – парафиндер микроорганизмдердің тіршілік етуінің жақсы тұрақтылығын қамтамасыз ететін салыстырмалы түрде таза және стандартты шикізат болып табылады. Шикізаттың бұл түрі 100 % және қолданылған парафин массасына жақын азықтық ашытқы алуға мүмкіндік береді.
Микробиологиялық синтез үшін көміртегі көзі ретінде отынның керексіз қоспалар ретінде, ал дизель отынының Н – парафиндері болуы мүмкін, температураны төмендету кезінде тоңады және жылу жүйесінің фильтрлері толып бітеледі. Дизель отынның депарафинделуі микроорганизмдердің көмегімен жүзеге асуы мүмкін. Дизель отынында микроорганизмдерді культивирлеу кезінде бір мезгілді екі өнім алынады: азықтық ақуыз және температурасының төмендеуімен дизель отыны суытылады. Бірақта бұл процесте шешілмеген бір қатар технологиялық мәселелер бар, ашытқыдан және ашытқының көмірсу қалдықтарынан дизель отынын тазарту көп компоненті байланысқан қоспаны бөлуге негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет