Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»


Паприн алу өндірісінің технологиясы



бет36/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
Лекциялар жинағы

Паприн алу өндірісінің технологиясы
Паприн өндірісінің үрдісіне микробиологиялық технологияның барлық негізгі сатылары енгізіледі (сызба нұсқа):
1.Егіс материалын алу;
2.Қоректік ортаны дайындау;
3.Ферментация;
4.Ашытқы суспензиясын концентрлеу;
5.Биомассаны термоөңдеу (плазмолиз);
6.Кептіру;
7.Буып, түю.
Паприн алудың технологиялық үрдісі өсімдік шикізатының гидролизатында азықтық ашытқы алу өндірісінен айырмашылығы жоқ.
Бірақ технологиялық үрдісінің кейбір сатыларында айырмашылығы болады.
Шикізатты дайындау сатысы болмайды, яғни паприн шығаратын биохимиялық зауыттар биосинтезге берер алдында мұнай өңдеу зауыттарынан алынатын негізгі шикізат–сұйық Н–парафин ешқандай қосымша дайындауды қажет етпейді. Паприн өндірісінде ашытқыны концентрлеу сатысында флотирлеу үрдісі жоқ ашытқының суспензиясы сепарирлеу және булау жолымен қоюланады.


Егіс материалын алу
Витаминді-ақуыз концентратын алу үшін Н-парафиннің 10-нан 30-ға дейін көмірсу атомын сіңіретін Candida ашытқысы қолданылады.
Ашытқының Candida туысы Н-парафинді ассимиляциялайтын ең жақсы түрлері мыналар: C.tropikalis, C. lipolytica, C. intermedia, C. Geillermondii және т.б.
Технологиялық және физиологиялық көрсеткіштерімен ашытқы Candida guillermondii меңгеріледі, олар негізгі өндіріс культуралары болып қолданылады. Кейбір зауыттарда Candida ашытқыларының мутантты штамдары алынған, олар сол өндіріс жағдайларына бейімделген. Егіс материалдарын алу биохимиялық зауыттарда үздіксіз үрдісте жүргізіледі. Егіс материалы өндіріс іске қосылған кезде қажет, инфекция болған кезде ферментерде қажетті бастапқы культура санын ұстап тұруда жаңа культураға өткен кезде және т. б. қолданылады.



Ферментация

Су

Н-Пара-фин

Ауа

Егіс
материалы

Аммиак-ты су

Микро-элементр

Макро-элемент



Сепарирлеу

Су


Жуу




Сепарирлеу
Культуралды
сұйықтықты
биотазарту

Плазмолиз
Бу


Булау


Бу Су


Кептіру

Жылу тасмалдағыш Су

Паприн

24 cурет. Паприн алу өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет