Целлюлозаны анаэробты ыдырату
Целлюлозаны аэробты және анаэробты жағдайда ыдыратуға көптеген микроорганизмдер бактериялар, саңырауқұлақтар, ашытқылар қабілетті. Соның ішінде бактериялардың Clostridium, Pseudomonas, Cellulomonas туыстары жатады. Оларда целлюлозаны ыдыратуға арналған фермент целлобиозаны түзеді.
Целлюлоза ыдыратушы микроорганизмдерді биотехнологияда қолдану мал шаруашылығына қажетті жемдік қорды, әсіресе жемдік белоктарды жасауда маңызы зор. Жемдік қорға жасауда кәдімгі астық жинаудан қалған сабанды айтуға болады. Осы сабаннан микроорганизмдердің деструкторлық, шіріту қабілеттіліктерін пайдалана отырып силос жасау. Силос жасау кезінде құнарын арттырушы құрамында кептірілген сүтқышқылды бактериялар бар закваскалар, қоспалар ретінде ұнды және түрлі шірітінділерді қолданады. сүтқышқылды бактерияларды қосу себебі басқа шірітуші микроорганизмдердің дамуы үшін сүтқышқылы түзіледі.
Жеміс – жидектер, көкеністерден өнім мол алуда микробтық закваскалар жасаудың маңызы зор. Солардың бірі өсімдіктердің өсетін жеріне компост салу. Оны күз кезінде арнайы бір яма қазып, сол жерге құнарлы қара шірік салынады. Қара шіріктің құрамында органикалық заттарды ыдырататын целлюлоза ыдыратушы микроорганизмдер көптеп кездеседі. Осыған жапырақ, шымтезек, көкеністердің қалдықтарын салады. Осылай көктемге дейін қалдырады. Сол кезде органикалық заттарға бай компост даяр болады. Оны кәдімгі бақшаға немесе өсімдік өсіретін топыраққа қосады.Осыған байланысты сабақтың мақсаты целлюлоза ыдыратушы микроорганизмдерді бөліп алу және зерттеу болып табылады.
Жұмыстың барысы
Қоректік орталарды дайындау. Аэробты целлюлозаны ыдырататын микроорганизмдерді зерттеуге арналған Гетчинсон ортасы – K2HPO4 -1.0г/л; СaCl2-0.1г/л; MgSO4-0.3г/л; Fe Cl3-0.01г/л; NaNO3-2.5г/л; дистилденген су -1л; рН-7,2-7,3
Құрамында қорек көзі жоқ сулы агар – 1л құбыр суы; 20г/л агар-агар
Анаэробты целлюлозаны ыдырататын микроорганизмдерді зерттеуге арналған Омелянский қоректік ортасы - K2HPO4 -1.0г/л; MgSO4-1,0г/л; Na Cl -1,0г/л; (NH4) 2SO4-2,0 г/л; СaСО3-2,0г/л; сүзгі қағазы-30 г/л; дистилденген су -1л
Достарыңызбен бөлісу: |