Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет27/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
Лаб

Бақылау сұрақтары
1. Микроб концентратын кептіруге арналған қондырғы
2.Микроорганизм суспензиясын кептіру процесінің технологиясы
3.Кептіру процесін бақылау
4.Биомассасын және ылғалдылығын кептіргені бойынша материалдық
баланс құру

9 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС




Азықтық биомассадан микробтық липидті экстракциялап бөліп алу


Жұмыстың мақсаты

Еріткіштердің көмегімен азықтық биомассадан майларды экстракциялап бөліп алу және олардың дайын өніміндегі мөлшерін анықтау және лабораториялық жаңалықтарды меңгеріп экстракция жүргізу




Теориялық негіздері
Микроорганизмдер жасушасындағы майлар аса маңызды функцияны атқарады және әдетте майлардың мөлшері және құрамы микроорганизмдер тобы үшін ерекше болып табылады.
Микробтық майлардың жалпы саны жасушаның құрғақ затында 1-50 % массаға дейін ауытқиды, азотқа кедей коректік ортада немесе көмірсулы ортада культивирлегенде жоғары мәнге жетеді. Бұдан басқада культивирлеу шарты және синтезделетін майлардың құрамына едәуір дәрежеде әсер етеді.
Әртүрлі субстраттарда микроорганизмдерді культивирлеу процесі кезінде майлардың барлық кластарын алуға болады.
-жай майлар ( бейтарап майлар, балауыз)
-күрделі майлар (фосфолипидтер, гликолипидтер)
- майлардың туындылары (май қышқылдары, спирттер, көмертегі (сутегі, К,Е, витаминдері).
Микроорганизмдердің майларын бөліп алғаннан кейін және өндеуден кейін қолдану сәтті болады, доңғалақ, бояу, лак, химико-фармацевтикалық, медициналық, металлургиялық және тағы басқада өнеркәсіптің салаларында азықтық үшін қолданылады.
Өндірісте микробтық майларды ашытқының жасуша қабырғасынан экстракциялау әдісімен бөліп алады, өсімдік шикізаты гидролизатынан немесе мұнай көмірсуынан культивирлеумен алады. Экстракция бөлімінің ішінде экстракциялау процесін жүргізуге арналған қондырғы және ертіндіні регенерациялау сатылары да кіреді. Экстракциялау процесі кезінде параллель екі бағалы өнім алынады: майсызданған микробтық биомасса (биошрот) және майлар (биомай). Құрлысы әртүрлі экстракторда жоғарғы температурада ашытқы жасушаларынан майларды бөліп алу, селективті еріткіштердің көмегімен жүргізіледі. Биошрот экстрактордан десольвенторға келіп түседі, сол жерде өткір будың және (90°С) жоғары температураның әсерінен майсызданған биомассадан еріткіштің қалдықтары бөлінеді. Десольвентордан шығарылған биошрот дайын өнім болып табылады және содан соң буып түю сатыларына жіберіледі. Еріткіштегі биомайдың концентрлі ерітіндісі дистилляцияға беріледі 2-3 колонна қосылады. Дайын биомай қоймаға немесе қосымша компоненттерден бөліп алу мақсатында, әрмен қарай өндеуге жіберіледі. Десольвенторда және дистилляторда бөлінген еріткіш регенерациядан кейін экстракторға қайта жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет