Бақылау сұрақтары
1.Микробты суспензияларды концентрлеу үшін қандай тәсілдер қолданылады?
2.Олардың кемшіліктері мен артықшылықтары.
3.Сеперацияның физико – химиялық негіздері.
4.Ортадан тепкіш сеператор құрылғысы және әрекет принципі.
5.Сеперация кезіндегі микроорганизм клеткаларының жоғалуының себептері және оларды төмендету әдістері қандай?
6.Суспензияның физико–химиялық және микробиологиялық сипаттамаларының концентрлеу процесінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне әсері.
№ 8 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Микроб суспензиясын кептіру
Жұмыстың мақсаты
Микроорганизм суспензиясын кептіру процесінің технологиясымен танысу және кептіру процесін бақылаумен, реттеумен және бұл сатыдағы ауа-газ тастандыларын тазарту технологиясымен танысу.
Теориялық негіздері
Ашытқыны концентрлеу. Ферменттерден ағатын микроб суспензиясының ылғалдылығы 75 % болатын 20-50 г/л ашытқы болады. Соңғы өнімнің ылғалдылығы тауарлы азықтық ашытқыларда 9-10%-ті құрауы керек. Ылғалды кепіру үшін ашытқыларды біртіндеп концентрлеу (қоюландыру)әдісі содан кейін кептіреді. Кеңінен қолданылатын технология: флотирлеу, сепарирлеу, буландыру, кептіру. Фильтрлеуде іс жүзінде қарқындылығы төмен болғанды қолданбайды.
Лабораториялық жағдайда орындаудың сызба нұсқасы құрал-жабдыққа байланысты болады. Сонымен қатар центрифугирлеуді де қолдануға болады. Мұндай кезде әр түрлі аумақтағы ашытқылар концентрациясынан құралады , г/л:
Ферментерден - 30-40
Флотатордан және жуудан кейін - 60-70
Сепаратордың бірінші сатысынан кейін - 300
Сепаратордың екінші сатысынан кейін - 600
Плазмолиз. Булауға суспензияны берер алдында 75-800С температурада плазмолиз жасауды жүргізеді. Бұл кезде ашытқы жасушалары және сонымен бірге қатар жүретін барлық микрофлора өледі, бұл азықтыққа қосатын қоспалар ретінде ашытқыларды қолдану өте маңызды, тірі жасушалар жануарлар ағзасында өмір сүруге үйрене алмайды, нәтижесінде кандидоз ауруын тудыруы мүмкін. Одан басқада, нәтижесінде ашытқы суспензиясының плазмолизі гомогенизденеді демек, бұл жағдай буландыру процесіне жағымды әсерін тигізеді. Буландыруды роторлы-вакуум буландырғышта 60-80°С температурада жүргізуге болады (биологиялық активті заттардың инактивациясын болдырмау үшін).
Кептіру. Лабораториялық жағдайларда кептіруді қалған ылғалдылығы 8-10% болғанша кептіргіш шкафта жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |