Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет32/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
Лаб

Ашытқы биомассасының көтерілуі
Ашытқының нан ашытқанда биомассаның көбейіп көтерілу әдіс 280г ІІ сорт бидай ұнын 350С температураға термостатқа 2 сағаттан кем емес орналастырамыз.Сосын 160мл 2,5% ас тұзының ертіндісін (350С дейін қыздырылады) 0,01г дәлдікке дейін өлшенгенді 5г анализделген престелген ашытқыны техникалық таразыда фарфор табақшаға ас тұзының түіршіктері езілгенше 15-20мл дайындалғанмен араластырады.Қамырды ашытатын лабораториялық машинкада айлану жылдамдығы 135 айн/ мин араластырылған ашытқыны құяды.
Тұзды еріткен және ашытқыны араластырған табақшаны шайып машинаға құяды. Сосын 280 г қыздырылған ұнды қосып және қамырды илейтін машинаға қосады. 5 минут өткен соң оны тоқтатып қамырды алып батонның формасын келтіретін термостатқа 350С температураға қыздырады және өсімдік майын қосып бетіне жағады.
Формасы ұзыннан көлденеңнен кесілген болуы керек,(см): жоғарғы 14,3 және 9,2 төменгі -12,6 және 8,5 биіктігі 8,5. Бортының ұзындығына көлденең метал бөлгішті іледі,форманы термосттатқа 350С температураға қойып және уақыты фиксирленеді. Қамыр бөлгіштің төменгі жағына тигелде тағыда уақытысын белгілейді. Айырмашылығы қамырдың көтерілу жылдамдығымен сипатталады немесе көтерілу күшімен 1 минуттағы машина жоқ керек кезде жоғарыда көрсетілгендей қолмен иленеді .


Жұмысты орындау әдістемесі
Ақуыздың сандық мөлшерін анықтау
Фотоэлекроколориметрде ақуыздың сандық мөлшерін бюурет реакциясы бойынша анықтау. Бюурет реакциясымен ерітіндідегі ақуыздың мөлшері көп болса ғана (1мм-де бірнеше мг. ақуыз болса) оның жуық мәнін табуға болады. Таза, біртекті заттардың сандық мөлшерін анықтау үшін әртүрлі құралдар қолданылады. ФЭК – М стабилизатор арқылы жұмыс істерден алдын 20-25 минут бұрын тоқ көзіне қосады да сәуле жолына қажет түсті фильтрін қояды. Үш кюветаның біреуіне зерттелетін, қалған екеуіне салыстыратын ерітінді құйылады. Сәуле сіңіру шамасы 2 әдіспен орындылады: ФЭК доңғалағының сол және оң жағындағы шкалалары арқылы есептеуге болады.

10 сурет. Фотоэлектрокалориметр (ФЭК-М)

Доңғалақтың сол шкаласы 0-2-ге дейін, оң шкаласы 0 - 0,52-ге дейін өте қысқа кесінділерге сызықшалармен бөлінген. Ерітінділердің сәуле сіңіруін дәлірек есептеу керек болған жағдайда доңғалақтың оң шкаласымен, ал сәуле сіңіруі үлкен аралықтарда болса, доңғалақтың сол шкаласымен өлшенген дұрыс. Химиялық ерітіндіні дайындау үшін алдымен қайнатылған дисстилденген суда 75% NaOH ерітіндісі жасалып, содан соң барып, осы ерітіндіні сұйықту арқылы алады.


10% NaCI, бюрет реактиві (0,375 гр CuSO · 5Н2О мен 1,5 гр сегнет тұзын 150 мл дисстилденген суда ерітіп алып, оған жәймен, араластыра отырып 75 мл 10% NaOH құяды), кристалл альбумин ақуыз. Кристалл альбуминнен 1мм-ге 10 мг. болатын ерітінді дайындалады .
Осы ерітіндіден 1мл-де 1 мг-нан 10мг-ға дейін ақуызы бар бірнеше ерітіндіні 1 % NaCI мөлшерін қоса отырып дайындайды. Осы пробиркалардың әрқайсысына 8 мл-ден бюурет реакциясы құйылып жақсылап араластырады. 30 минут өткен соң ені 1 см кюветаға ерітіндіні құйып, толқын ұзындығы 540 нм болатын сәулені сіңіру қабілетін фотоэлектроколориметрде өлшеп алады. Салыстыратын ерітінді етіп ақукыздың орнына 1мл. су алынады. Әрмен қарай жасалатын жұмыс талап бойынша ақуыз ерітіндісімен жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет